Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

I. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, ТҮРЛЕРІ,
ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . . . . . . . . . . 5

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары . . . . . . . . . . . . . . 6
және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9

II. ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты - екі бөлімді талдап қарастыру. Бірінші бөлімінде кәсіпкерлік мәнін, түрлерін, ұйымдық-құқықтық нысандарын зерттеу. Екінші бөлімінде Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу - басқаның стегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: "Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Буржуазиялық саяси экономияда "кәсіпкерлік" түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама береді.
Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ал меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.
Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын тандау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін тандау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т. б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек.
Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік-экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дегеніміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші - құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды.
Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жаңашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б. мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі "мүмкіндік - искусствосы". Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың туумен байланысты өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды рөл атқарады. Бұған қосарымыз Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылданған заң актілірінің бірі "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген. (2. 177-180 бет)

I КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ, НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар:шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10, 11 баптарының 1-5 тармақтарында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуының жалпы құқылық ауқымы айқындалған.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 10 бабының, 1 тармағында заңмен бектітілген: "Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады".
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- әрекет қабілеті заңды белгіленген тәртіпте шектелмеген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтықтары жоқ адамдар;
- азаматтар бірлестігі - ұжымдық кәсіпкерлер (әріптестер).

Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр - фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу кітабы.
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдарымен реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу. (№5)
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетің кезкелген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда "кәсіпкерлік қабілеттілік" ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. (9. 152-155 бет)

Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. (5. 11-17 бет )
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1) Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2) Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3) Жаңа өткізу рыногына шығу;
4) Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5) Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үилесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел - жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап б олашаққа болжау жасайды.
- эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
- есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады. (1. 84-90 бет)

1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- бизнес көлемі шектелмеген.
- қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар.
- серіктестік (жолдастық).
- корпорация (акционерлік қоғам).
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес - жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналасатын бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады.
Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл.
Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынща бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде
төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S корпорациялары (small business corporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;
- экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг (franchise - жеңілдікті) және венчурлық (venture - тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері болды.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты "күйіп кетуге" тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерде арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті талдау
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкерлік қызмет мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Азиялық өндіріс
Пәндер