Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ:
:
: 1
КІРІСПЕ: «ТЕРМИНОЛОГИЯ» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: «Терминология», «термин» ұғымдары туралы
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі.
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 2
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Дипломатиялық терминдердің қазақ тілінде жасалуы мен аударылуы
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдерді семантикалық талдау.
:
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қысқарған және біріккен дипломатиялық терминдер.
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: А-ҚОСЫМША
:

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаты. Жалпы, тіл - өмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы іспетті нәрсе. Қоғамда болып жатқан неше алуан өзгеріс, жаңалық атаулының бәрі әуелі тілден орын тебеді де, содан соң халық мұрасына айналады. Ендеше, тілді зерттеу арқылы, оның түп негізін терең тексеру арқылы тұтас бір халық, ұлт өмірінің өткелдерін, тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Сонымен бірге қоғам өмірінің даму кезеңдерін зерделеу нәтижесінде тілдің де эволюциялық өсу өрісін саралай, жіктей аламыз.

Терминологиялық лексика, міне, осы халықтық тіл негізінде пайда болады. Мұның да өзіндік жасалу жолдары, қалыптасу тарихы бар. Бұл, негізінен, ғылыми ой-пікірдің өрбуіне, техника мен мәдениеттің дамуына орай туындайтын арнайы лексика.

Қазіргі таңда әлемдік жаһандану құбылысы барлық ғылым салаларында интеграциялық процестерді жеделдетіп отырғаны белгілі. Термин сөздерді қозғалысқа салып, көктемгі қызғалдақтай қаулататын тағы бір сала ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Тілдегі көптеген терминдердің пайда болуы, негізінен, ғылым мен техниканың өмірге дендеп енуіне тікелей байланысты. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған уақыттан бері оның ғылым мен өндіріс салаларында, еліміздің сыртқы және ішкі саяси өмірінде қолданылу аясының кеңейіп келе жатқандығы белгілі.

Бүгінгі таңда Қазақстаннның өзге елдермен жасайтын келісімдері мемлекеттік тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста мемлекеттік тіл өз қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер тіліміздің жан-жақты, оның ішінде терминология саласының дамуына жағдай туғызды. Осыған орай ұлттық терминологиямызды кешенді зерттеп, оның табиғатын ашу қажеттігі туындайды.

Жұмыс қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдер мен атаулардың мағынасы мен қызметін салыстыра зерттеуге арналған.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ және ағылшын халықтарында дипломатиялық терминдер ерте кездерден бастап-ақ қалыптасқан. Дегенмен, дипломатиялық терминдердің мағыналық ерекшелігі, жасалу сипаты, танымдық негізділігі салыстырмалы бағытта да, жеке теориялық мәселе ретінде де әзірге зерттеу нысанына айнала қоймаған.

Еліміздің егемендік алуымен бірге әртүрлі ғылым салалары бойынша көптеген сөздіктер жарық көріп, жаңа аталымдар жасалды. Осыған орай ғылымның әртүрлі саласында орныққан терминдердің ерекшелігін ашу мақсатында көптеген ғылыми жұмыстар жазылуда. Қазіргі таңда философиялық, заң, мұнай, психология, экономика, тіл ғылымы, т. б. салаларындағы терминдердің жүйесі зерттеледі. Дей тұрғанмен, дипломатиялық терминдерді салыстыра зерттеудің өзектілігі бар.

Диплом жұмысының нысаны- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдер мен терминдік атаулар.

Диплом жұмысының пəні салғастырмалы түрде қаралатын қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің жасалымы, олардың лингвистикалық сипаттамасы, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары және лексика-грамматикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің жасалымын, аударылу дәлдігін анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері: мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер қойылды:

  • қазақ тілінің дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарының терминологиялық өрістегі орнын айқындау;
  • қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің белсенді қолданылатын салаларын көрсетіп, халықаралық терминдер үлесін анықтау;
  • дипломатиялық терминдер жүйесін тілдік тұрғыдан талдай отырып, олардың ұғымдық белгілерінің терминденуі мен қолданылу ерекшеліктерін және жасалу жолдарын айқындау;
  • қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің негізгі лексика-грамматикалық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ашып көрсету.

Диплом жұмысының зерттеу əдістері. Зерттеу барысында сауалнама, семантикалық, салыстырмалы талдау, жүйелеу әдістері негізге алынды.

Зерттеудің дереккөздері: негізгі зерттеу материалы ретінде 500-ден астам дипломатиялық термин мен терминдік тіркестер алынды. Зерттеу барысында осы сала терминдеріне қатысты пайдаланылған лексикографиялық еңбектер (сөздіктер мен түсіндірме сөздіктер) : Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі І-Х томдар. -Алматы: Ғылым, 1974-1986; Қазақ тілінің сөздігі-Алматы, 1999. -774б. ; Громыко А. А. Дипломатический словарь в трех- томах. Москва, 1985-1986; Шах-Назарова В. С. Англо-русский дипломатический словарь. -Москва: Русский язык, 2001-855с Мақашева К. Н. Дипломатиялық сөздік. -Алматы, 2000. -248 б. Борисенко И. М., Евтушенко Л. И. Английский язык в международных документах. - Киев: Логос, 2001. -479с; Feltham R. G. Diplomatic Handbook. - London and New York: Longman, 2000. -178p. пайдаланылды.

Алынған нəтижелер:

- біріншіден, қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдер мен атаулар жинақталып, сараланып, ғылыми талдауға түсті;

- екіншіден, дипломатиялық терминдер мен атаулардың лексикалық құрамы анықталып, ондағы шетел терминдері талданып көрсетілді;

- үшіншіден, дипломатиялық терминдер мен атаулардың сөзжасамдық ерекшелігі анықталып, олардың семантикалық, синтетикалық, аналитикалық, калькалау тәсілі арқылы жасалатыны нақты тілдік деректер арқылы зерттелді;

- төртіншіден , дипломатиялық терминдер мен атаулардың қалыптасуындағы негізділік, уәжділік алғаш рет қарастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Зерттеу соңында қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі беріледі.


1. 1. «Терминология», «термин» ұғымдары туралы

Бүгінгі таңда терминология зерттеушілердің ерекше назарын аударған, тіл білімінің бір саласы болып табылады. Бұл интеграция заманындағы халықаралық ғылыми зерттеулерде тілдік кедергі болмауы үшін терминдерді бірегейлендіру мәселесімен тығыз байланысты. Н. В. Подольский, А. В. Суперанская, Г. П. Немца, Н. В. Васильева, В. Н. Даниленко, В. М. Грязнова және т. б. пікірінше қазіргі терминология - қолдан жасалатын лексикалық қабат, әрбір бірлікті қолдануда белгілі бір мағыналық шектеулер бар.

Термин ерекше лексикалық бірлік ретінде белгілі бір ғылым саласымен міндетті түрде байланысты болады, (менің зерттеуімде дипломатия саласымен) . Сонымен қатар теориялық зерттеудің басталуы терминді сипаттау объектісі ретінде қарастырумен байланысты. Терминдерді басқа бірліктерден ерекшелейтін басты ерекшелігі - ғылыми концепциялармен байланысы. «Терминдерде сөздердегі сияқты зерттеушінің байқаған фактілері, теориялық түсінік те көрініс табады. » [1, 246 ] .

Г. П. Немец, В. М. Лейчик, Л. Ю. Буянова пікірінше терминдердің қалыптасу процесі зерттеліп отырған саламен тікелей байланысты. [2, 27-47] .

Терминге қойылатын талаптар
Терминге қойылатын талаптар: Семантикалық талаптар
Терминнің тұлғасына қойылатын талаптар
Прагматикалық (функционалдық) талаптар
Терминге қойылатын талаптар: 1
2
3
Терминге қойылатын талаптар:
  1. Мағыналық қайшылықтың болмауы (терминнің ұғым мазмұнына сай келуі)
  1. Тілдік нормаға сәйкес келуі. (кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы)
  1. Қолданысқа енгізілгендігі (терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе жиі қолданылатындағы)
Терминге қойылатын талаптар:
  1. Бірмағыналылық (Бұл талап негізінен белгілі бір арнаулы терминология шеңберінде қойылады)
  1. Терминнің ықшамдылығы (қысқалығы) а) лексикалық ықшамдылық ә) тұлғалық ықшамдылық
  1. Жатық айтылуы (жағымды дыбысталуы)
Терминге қойылатын талаптар:
  1. Терминнің толық мағыналылығы (термин мағынасында ол белгілейтін ұғымды дәл беретін ең басты, мейлінше аз белгілерінің қамтылуы)

3. Сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі (Бұл талап терминнің ықшамдығымен тығыз байланысты. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда мол)

Терминге қойылатын талаптар:
  1. Синонимдердің болмауы
  1. Инварианттылық (фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы)
Терминге қойылатын талаптар:
  1. Уәжділік (термин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мәлімет беруі)

Айта кетерлігі дипломатиялық терминдер көбінесе латын, ағылшын, француз тілдерінде жасалады немесе сол тілдерден тікелей аударылады. Кез келген тілде дипломатиялық терминжүйе және саясат үнемі даму үстінде, сол себепті де адамдардың ойлау жүйесінде дипломатия саласы болсын немесе саясатқа байланысты түсініктер терминдермен бекітіледі.

Терминологиядағы теориялық зерттеулерді А. А. Реформатский, Г. О. Винокур, В. В. Виноградова, С. Г. Бархударова, О. С. Ахманова, К. А. Левкова, Б. Н. Головина, В. П. Даниленко есімдерімен байланыстыруымызға болады.

Термин деген сөзге әр ғалым өзінше анықтама беруге тырысты. Солардың ішінде көптеп қолданылатын анықтамаларға келер болсақ, Реформатский А. А. «термин» - бұл белгілі бір мақсаты бар, бір мағыналы, ғылымда, техникада, саясат пен дипломатияда қолданылатын сөздер деген тұжырымға келген. [3, 110]

В. В. Даниленконың пікірінше «термин» сөздік қордың ажырамас бөлігі және белгілі бір ғылым саласының анықатамасы. [3, 15]

Головин Б. Н. «термин» - бұл белгілі бір кәсіби мағынасы бар, сонымен қатар қайсыбір кәсіпке байланысты сөздер деген анықтама берген.

Терминдерді аударудағы ең қиындық тудыратын мәселе, оның мағынасын беру. Мысалға, салық саласындағы терминдерді аудару үшін біз жүйелі түрде екі тілдің терминологиялық жүйесіндегі лингвистикалық, семантикалық және құрылымдық байланысты салыстырып алуымыз керек.

«English lexicology» еңбегінің авторы Антрушинова Г. Б. терминологияны қалыптастырудағы негізгі үш әдісті атап көрсеткен. Олар: біріккен сөздер, жұрнақтар арқылы және сөз түрлендіру.

Терминологияны зерттеу, совет кезеңінде болсын, шет елдерде болсын ХХ ғасырдың 20-30-жылдары «термин» ұғымы қалыптасқан соң зерттеле бастады. «Термин» ұғымына қатысты анықтамалар қарама-қайшылыққа толы, себебі әр түрлі ғалым өздігінше түсіндірген. Ал мен өз зерттеуімде Г. О. Винокур, А. А. Реформатский, В. П. Даниленко, Б. Н. Головин, Р. Ю. Даниленко, Р. Ю. Кобрин, В. М. Лейчик [4, 5-6] берген мынандай анықтаманы негзіге алдым, бұл анықтамаларда «термин» белгілі бір ғылым саласындағы тұжырымдамамен тікелей байланысты. Осыған ұқсас анықтаманы М. Лейчик те берген, анықтамада «термин»-арнайы білім саласындағы ортақ-нақты немесе абстрактілі түсінік беретін, белгілі бір мақсатты білдіретін қайсыбір тілдегі лексикалық бірлік. [5, 16-17] . Терминге байланысты түсініктер уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дегенмен Д. С. Лотте ұсынған мына анықтамалар күні бүгінге дейін қолданылып келеді:

1) термин ұлттық терминологиялық жүйенің бөлігі ретінде қарастырылады;

2) термин элементі терминологиялық мағынасы бар, термин жасауда қолданылатын ең кіші бірлік болып табылады;

3) қалыптасқан терминологияда міндетті түрде қателіктер болады;

4) «абсолютті» және «салыстырмалы» бірмағыналық терминдерге тән;

5) жаңадан қабылданған терминдерді ұсыныс ретінде таныстыру керек, сол кезде сала мамандары жаңа түсінікке үйренеді;

6) ең алдымен түзетулерге назар аудару қажет, себебі олар жалпы салалық термионологияның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады;

7) құрылған термин жеке заттың атауы болуы және оның сол тілде омонимдері мен синонимдері болмауы керек;

8) қолданыстағы және жаңадан құрылған термин белгілі бір ассоциация тудыруы керек. [6, 158] .

Қазіргі таңда лингвистикада терминдерді зерттеудің екі негізгі түрі бар, оның біріншісі нормативті, екіншісі дескриптивты. Нормативті талдау кезінде термин белгілі бір семантикалық және грамматикалық құрылымында ерекшелік бар, басқа әдеби тілде қолданатын сөздерден ерекше лексикалық бірлік ретінде қарастырылады.

Бұл нормативты бағытты жақтаушылар терминге мынандай талаптарды қояды, яғни термин бірмағыналы, дәл, жүйелі, қысқа және синонимдері болмауы керек. [6, 15-16] . Бұл зерттеулерде термин өзгеріске ұшыраған элемент емес, қатып қалған ережеге бағынатын бірлік ретінде қарастырылған. Лингвистикалық әдебиеттерде «мінсіз термин» деген атауға ие болған.

Дескриптивті бағытты жақтаушылар терминді өзгермейтін бірлік деген тұжырымға күмәнмен қарады. [7, 64] . Олардың пікірінше термин ерекше сөз емес, тек ерекше қызметі бар сөздер. Бұл дегеніміз кез келген сөз термин бола ала алады немесе кез келген термин жалпыхалықтық сөзге айнала алады.

Дегенмен, термин тілдік бірлік бола тұра, сол тілге тиесілі құбылыс, яғни термин тілдегі заңдылықтарға бағынады, сол себепті де термин көп мағыналы, синонимдері, антонимдері немесе ұқсас сөз тіркестері де бола алады. Зерттеулер дескриптивті бағытты ұстанушы ғалымдардың тұжырымының дұрыс екендігін дәлелдеді.

Ал қазақ тіліндегі «термин» ұғымы бірден пайда болған жоқ. Байтұрсынұлы өз еңбектерінде «пән сөз» деп қолданып жүрді. Тіпті 1927 жылы Н. Қаратышқанұлының бастауымен жарық көрген сөздіктің де атауы «Пән сөздері» болған. Тек ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында ғана «пән сөз» атауы «термин» деген атауға алмастырылды. Тілімізде шет тілдерінен орыс тіліне енген сөздерді сол қалпында қолданып келеміз. Осы тұрғыда А. А. Реформатский «өзге тілден енген сөздер тілімізде айтуға қиын болып оқшауланып тұрса терминдерді түрлендіріп, септеп, белгілі бір өзгерістерге ұшыратуымыз керек» дейді. [8, 67]

Халықаралық терминдерді өз тілімізде өзгеріссіз қолданып жүргенімізге Қайдаров Ә. Т. мынадай пікір білдірген: «Ағылшын, латын тілдеріндегі терминдерді қолданбасақ, тілдер арасында байланыс болмайды, техника, ғылым дамуы үшін ортақ интернационализм болуы керек» деу бекер. Себебі әлемге әйгілі державалар Қытай, Жапония кез келген халықаралық терминді өз тілдеріне аударып қолданады. Демек, олардың саясатына, дамуына ешқандай нұқсан келіп жатқан жоқ. [9, 22]

Кез келген тілде кездесетін терминдердің жиынтығы - терминология болса, белгілі бір кәсіпке, ғылымға байланысты терминдер жиынтығы - салалық терминология болып табылады. Жоғарыда атап өткендей сан түрлі ғылым бар, техника, өнер бар. Сол салаға байланысты атауларды салалық терминология қарастырады. Бұл терминдер әр салаға байланысты өз атауымен қосарлана аталады. Мысалы: медицина терминологиясы, дипломатия терминологиясы, лингвистика терминологиясы. Ал әр ғылым саласына байланысты терминдерді сол сала мамандары зерттей отырып жасайды. [10, 61б]

ХХІ ғасырдың басынан бастап термин туралы жалпы түсінік өзгере бастады, себебі мағыналық тұрғыда икемделе бастады. Терминдік семантикаға зерттеулерде байқалғандай, оның мағынасының мамандандырылуы, семантикалық шекараларының дәлдігі, эмоциональды, сипатты сөздерден алшақтығы жатады. Термин ғылыми байланыстың негізгі құрамдас бөлшегі болып табылады. Термин өзінің көп қырлылығымен және ыңғайлылығымен сипатталады. [11, 21] . Сол себепті де, терминжасам белгілі бір ғылым саласындағы сұранысқа байланысты, біздің жағдайымызда дипломатияның.

1. 2. Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі

Кез келген ғылым саласының лингвистикасын немесе терминологиясын зерттемес бұрын ең алдымен жалпы нақты бір ғылым саласы туралы мәліметтерді жинау, талдау, барлық жиналған деректерді жүйелеу керек.

Мұндай әдіс арқылы жұмыс істеу кез келген зерттеу бағыты үшін неғұрлым дұрыс және нәтижелі болмақ. Біздің жағдайымызда, яғни дипломатиялық терминдерді зерттеуде аталған әдіс өте тиімді. Осы үрдіске сай, дипломатиялық терминологяны егжей-тегжейлі зерттеу және талдау үшін біріншіден, дипломатия және халықаралық қатынастар ғылымдарының тарихымен танысу шарт.

Дипломатиялық терминологояның қалыптасуы халықаралық және дипломатиялық қатынастардың үздіксіз туындауына байланысты. Ел мен елдің арасындағы бұл сипатты қатынастар мемлекеттердің тәуелсіздік алып, мемлекет болып жариялануы, соғыстар, сауда-саттық, бейбітшілік бітімге қол қою, құжаттарда, келіссөздерде пайда болып, терминдер қалыптаса бастады. Тілдің пайда болып, дамуы және лингистикалық құрамдас бөліктердің жетілуі, сөз таптарының классификациялануы, морфологиялық, синтактикалық, фонетикалық және тілдің стилистикалық заңдылықтарының дамуына байланысты адам өмірінің әртүрлі салаларындағы тержминжүйенің және ғылымның тармақтарының дамуы да жүзеге асып отырды.

Халықаралық қатынастар мен дипломатия үшін бұл лингвистикалық қағидалар орынды.

Шығыс елдеріндегі саяси қатынастардың Еуропа елдері мен Батыстан бұрын басталғанын ескерсек, хронологиялық тұрғыда дипломатиялық терминология Шығыста пайда бола бастаған.

Жоғарыда атап өткендей, қазіргі таңдағы дипломатия өте ерте кезден бар. Елшілердің өздерін «өркениетті әлемдегі» алғашқы мамандықтардың бірі екендіктерін айтуының жаны бар. Шындығында алғашқы мемлекеттер пайда бола салып, ең алғашқы кәсіп салықтарды жинау болған - tax collector - салық жинаушы, одан соң әскери істер дами бастады - military - әскери, содан кейін ғана келіссөздер жүргізу ісі өмірге келе бастады- diplomacy-дипломатия. Владимир Даль дипломатияға мынадай анықтама берген: «екі ел арасындағы тиімді байланыстар туралы ғылым» [12, 26] . Қазіргі уақытта бұл анықтамаға келіссөздер жүргізу өнері қосылды. Дипломатияның қалыптасуы ежелгі Грекияда хабаршыларға қос тақталы diploma берген кезден басталған, бұнда олардың беделін растайтын хаттар жазылған және бұл credentials - сенімділік мадақтамалары болған. Дипломатияның пайда болуы, арнайы лексиканы, сөйлеу ретін талап ететін жаңа білім саласының, қарым-қатынастың жаңа формаларының тууына алып келді. Санғасырлық дипломатиялық қатынастардың тарихы тек мемлекетаралық қатынастардағы белгілі бір қағидаларды ғана емес, сонымен қатар дипломатиялық құжаттарды жазудың ережелерін де орнықтырды. Кез келген саяси саладағыдай, дипломатияда да табысқа жету келіссөздерді дұрыс жүргізе алумен байланысты. Сол себепті де дипломатиялық өнердің ажырамас бөліктерінің бірі дипломатия тілі болып табылады. Дипломатия тілі деп отырғанымыз табысқа жету үшін, ел үшін оңтайлы, тиімді қатынастар орын алуы үшін қолданылатын арнайы тұрақты тіркестер мен терминдер.

«Дипломатия» термині алғашқы мемлекеттердің ерте ғасырларда пайда болғанына қарамастан, Еуропа елдерінде орта ғасырларда орныға бастады. Қазақ тіліндегі дипломатиялық терминология еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бастап дами бастады. Айта кетерлік жайт, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дипломатиялық келіссөздер орыс тілінде жүргізіліп отырды, себебі дипломатиялық терминологияны қалыптастыратын мамандар болмады. Дипломатиялық терминология өзінің бастауын өте ерте заманнан алды. Мысалы, Генри Никольсон өзінің «Diplomacy» атты еңбегінде дипломатия екі топ адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу құралы ретінде біздің заманымыздан бұрынғы дәуірде де болған. XVI ғасырдың теоретиктері періштелерді алғашқы елшілер деп санады, себебі олар жер мен көктің арасында игі амалдарды іске асырды. Ал қазіргі ғасыр ғалымдары бұл пікірмен келіспейді.

Дипломатиялық терминологияның басқа ғылым салалары терминологиясынан басты ерекшелігі, бұл сала терминдері ең алдымен практика жүзінде қолданылып, тек кейін ғана теориялық базасы қалыптасып, бір жүйеге келтірілген.

Бүгінгі жаһандану заманында халықаралық қатынастарды кеңейтуде және халықаралық қатынастардың дамуында, халықаралық қатынастар мен дипломатияның лингвистикалық тіліндегі ерекшеліктердің маңызы зор. Кез келген ғылым саласының лексикакасында арнайы, салалық терминологияның орны ерекше, біздің жағдаймызда халықаралық қатынастар мен дипломатияның.

Ең алдымен диплотиялық және саяси терминдерге анықтама бермес бұрын, «термин» және «терминология» туралы түсінік беріп кетсем.

«Термин» атауы латын тілінен аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді және ғылыми ұғым атауы болып табылатын белгілі бір арнайы қолданыстағы, анықтамасы бар сөз [13, 104-117] Тілдегі жалпы қолданыстағы сөздерден басты айырмашылығы эмоционалды болмауында, көп мағыналылықтың тән еместігінде.

Ал «терминология» - терминдер туралы ғылым, дегенмен соңғы кездері «терминология» ұғымын зерттеушілер қате деп санап, «терминтану» деген ұғымды пайдаланып жүр.

Дипломатия саяси ғылым болғанына қарамастан, құқықтанумен өте тығыз байланысты, дәлірек айтсақ құқықтанудың бір тармағы халықаралық құқықпен.

Дипломатиялық терминологияда да, басқа ғылымдардағыдай терминдердің екі түрі кездеседі:

1. Бір сөзді, дара терминдер

2. Күрделі (екі немесе одан да көп сөзден тұратын) терминдер

Дипломатиялық терминология көбінесе халықаралық құқық терминдерінен тұрады. Дипломатиялық терминологияны іштей екі түрге бөліп қарастыруымызға болады: 1) түсінік берілген саяси, дипломатиялық терминдер; 2) халықаралық құқық терминдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дипломатиялық терминдер
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Ғылым тілі
Дипломатиялық стиль
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Ресми, іс кағаздар тілі
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Араб саяси дискурсының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz