Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамды дамыту үшін әр түрлі ресурстар қажет: энергетикалық, материалдық және ақпараттық. Ақпарат алу, ақпаратпен бөлісу - адамның басты қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ақпараттық ресурстар қызметтің кез келген саласында қолданылады. Ұдайы дамып жатқан әлемде ақпарат ағыны тоқтаусыз. Сол ақпаратты дәл, жедел және дұрыс жеткізу - журналистиканың басты мақсаты.

Әлемдік ақпараттық кеңістіктің пайда болуы, сондай-ақ ақпараттық үдерістің жаһандануы - журналистің жұмысына және жанрлар жүйесіне қатты әсер етті. Шыншыл, бәсекеге қабілетті журналистиканың құндылығы арта түсуде, сондықтан да бүгінгі телевизия, радио және баспасөзде репортаждың рөлі басым.

Репортаж пайда болғаннан бастап, журналистердің сүйікті жанрына айналған. Бүгін де репортаж жеделдік, өзектілік және дәлдіктің синонимі ретінде қабылданады. Осы жанр аясында журналист шындықтың ең күрделі құбылыстарын суреттеп, оқиғаны оқырманға сол қалпында көрсете алады. Бұл жанрдың тартымды жақтарының бірі болып табылады.

Әрбір журналистке публицистикадағы өзгерістерге бақылау жасап, талдауы пайдалы. Менің ойымша, ең қызықты зерттеу нысаны - репортаж. Ол - ешқашан өзектілігін жоғалтпай, үнемі дамып отыратын жанрлардың бірі.

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Журналистика саласына қатысты жасалған теориялық зерттеулерді негізге ала отырып, репортаж жанрына жалпы анықтама беріледі. Репортаждың композициясын құру шарттары, жазылу стилі мен басқа жанрлармен ұқсастық белгілері көрсетіледі. Зерттеуде жанрдың негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси басылымның репортаждары туралы тұтас түсінік жасауға әрекет етілді.

«Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан» сияқты республикалық басылымдардың репортаж жанрын жазудағы ерекшеліктері мен шеберлігі талданды. Газеттердегі репортаждарға шолу жасау арқылы, жанрға қойылатын талаптардың орындалуы тексерілді.

Зерттеудің нысаны. Дипломдық жұмыста «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан» сынды беделді басылымдардағы репортаж жанрында жазылған материалдарын саралау. Аталған басылымдардағы тың шығармашылық ізденістер және авторларды анықтау. Олардың шеберлік тәжірибесінен сабақ алу, жанрларды қолдана білу әдісін игеру. Репортаждың артықшылықтарына тоқталып, жанрдың баспасөздегі рөлін айқындау.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандағы жаңалықтар мен әлемдегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси өзгерістерді қалың бұқараға хабардар етуде журналистердің орны өте ерекше. Тележурналистер ақпаратты көгілдір экран көмегімен берсе, газет мамандары қоғамда болып жатқан құбылыстар мен өмірдегі өрнекті өзгерістерді басылым бетінде жарық көретін мақалалармен, сұхбаттармен, Репортажлармен, журналистік зерттеумен, очерк, репортажбен оқырмандарға өмір тынысын бейнелейді.

Халқымыздың оянған бүгінгі тарихи санасы, өткен жолымызды шынайы көрсетуді талап етеді. Тарих ғылымы уақыт пен заман талабына сай адамзаттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда өткен кемшіліктерінің орнын толтырып, саралап, жаңа тұрғыдан, шынайы көзқараспен қарай білумен де үнемі назарда болды. Кеңестік қатал саясат салдары кезеңінде Отан тарихының басқа салалары сияқты теледидар тарихын зерттеуде тар таптық ресми саясат бойынша жүргізу міндеттеліп отырған. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуан­дығы­мен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игі­лі­гі­мізді бөлшектеп болса да жинас­тыруы­мыз керек. Елдің дұрыс таңдап алынған бағыты арқасында біз көптеген биіктерге - бүк­песіз ашық саясат жүргізуге, Қазақстанға ға­на тән экономикалық даму жо­лына, игілікті әлеуметтік рефор­маларға - біздің мемле­ке­ті­мізді айнытпай тануға игі ықпалын тигізіп отырған табыстарға қол жеткіздік. Бі­рақ басқа бір қабат - нәзік және сонымен бірге қыртысы қалың - рухани қабат бар, Қазақ­стан - тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді осы қабат арқылы паш етеміз», [1, 27] - деп атап көрсетті. Осы орайда бүгінгідей еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік туын тұғырына берік орнықтырған тұрлаулы кезеңде ұлттық идеяларды қалың бұқара арасында кеңінен насихаттаудың мән-маңызы тіпті ерекше екендігі өз-өзінен түсінікті болса керек.

Ұлттық мемлекетіміздің қайнар көздері мен мәдениетіміздің тарихи бастаулары хақындағы мәселелердің өзектілігі жыл сайын арта түсуде. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық әдет-ғұрып салт-дәстүр тақырыбында талай талас-тартыс, ой-пікірдің өрістеуінде демократиялық талапқа сай болу ықпал етті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында болуы, адамдармен қарым-қатынас жасауы, олардың ой-арманын, іс-әрекетін, шығармашылық кызметін көрсетудегі, саяси-қоғамдық көзқарастарымен эстетикалық талап-талғамын қарастырудағы өзіндік орны ерекше. Жұмыстың өзектілігін осындай жайттар айқын көрсетеді.

Қазіргі қоғамда газет беттерінде өзекті тақырыптарға жазылған, жалпыға түсінікті ақпараттың болуы өте маңызды. Үнемі жаңарып отыратын ақпарат ағынында оқырмандарға бағыт-бағдар беру - тілшілерінің басты мақсаты болып табылады. Бүгін олар журналистиканың әр түрлі жанрлары арқылы болған оқиғаға дұрыс сипат беріп келеді. Демек, «жанрлардың патшасы» атанған репортаж арқылы да жаңалықтың қыр-сырларын ашып, дәл ақпарат таратады. Репортаждың «жауынгер жанр» деп аталып, танымал туындыға айналуына не себеп? Оның басқа жанрлардан өзгешелігі мен ұқсастығы неде? Осы сауалдарға жауап іздеп, қазақ басылым беттеріндегі репортаждың ерекшеліктері туралы зерттеу жүргізіп, жанрдың қыр-сырларын тану және тың ақпараттарға қол жеткізу мақсатында осы тақырып таңдалды. Қазіргі таңда қазақ публицистикасында репортаждың көрініс табуы, оның талаптары мен ерекшеліктеріне сай жазыла білуі - зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеуде жанрдың негізгі сипаты мен ерекшеліктерін, оған қоса қазіргі басылым беттеріндегі репортаж туралы жалпы түсінікті қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Жұмыстың ғылыми жаңалығы, репортажды дайындау барысында оқиғаға байланысты қалай өзгеріп, жанрлық талаптарына сай болу/болмауына талдау жасалғаны. Жанр өзінің ақпараттық табиғатын жоғалтты ма? Соңғы уақытта «нағыз» репортаждың жазылу ықтималдығы мен басқа жанрлардан алынған қасиеттері қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- репортаждың анықтамасын, жанрлық ерекшеліктерін, композициясы мен жазу талаптарын айқындап, қазіргі республикалық басылымдардың бетінде жауынгер жанрдың элементтерін табу;

- жанрлар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, репортажда қандай жанрлардың қасиеттері орын алатынын анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндетері:

- журналистикадағы репортаж жанрының қалыптасу тарихы мен «репортаж» ұғымының анықтамасына тоқталу;

- жанрдың негізгі ерекшеліктері мен түрлерін анықтау;

- қазіргі ақпараттық технологияларды игеру заманында репортаж жанрының жағдайы мен өзгеруін талдау;

- репортаждың басқа жанрлармен ұқсастықтарын айқындау;

- «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан» газеттеріндегі репортажға шолу жасау.

Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде жұмыс тақырыбына орай репортаж жанры және оның мерзімді баспасөзде алатын орнына барлау жасалынып, жанрға анықтама беріліп, жан-жақты талдау жүргізілді. Осының негізінде зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Осы тақырыпқа қатысты түрлі маман, ғалымдардың пікірі, толғамдары алға тартылды. Қаламгерлердің репортаж жанрындағы журналистік ілкі ізденістері арнайы сөз болды. Оларға нақты мысалдар келтірілді.

Екінші кезеңде мерзімді басылымдардағы, оның ішінде «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан» газеттеріндегі репортаж жанрының көрініс табуы, олардың өзіндік ерекшеліктері қарастырылды. Жекелеген мақалалардың тақырыбына, проблемасына, идеясына нақтылы тоқталып, жан-жақты баға берілді, ұлттық мүдде мен мемлекеттік ұстанымдарды тоғыстырудағы оң талаптарына, осы тұрғыдағы мол мұраларына шолу жасалынды. Жекелеген авторлардың мақала, материалдарының көркемдік сипаты (тіл өрнегі, стильдік оралымдары) талқыға түсті.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Мерзімді баспасөзде журналистік жауынгер жанр - репортаждың түрлі үлгіде көрініс беруіне қатысты жүйелі зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған ой-тұжырымдар, пікірлер оқушылардың, қалың бұқараның мерзімді баспасөздегі репортаж жанрының алатын орнына, олардың өміршеңдігіне қатысты білімін тереңдетуге және оны дұрыс игеруіне ықпал етеді.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі екі тараудан, бес тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Репортаж жанры және оның мерзімді баспасөзде алатын орны

1. 1 Публицистика - сөз өнерінің бір саласы

Публицистика - латынның «publicus», яғни «көпшілік, әлеумет» деген сөзінен шыққан. Публицистика - автордың азаматтық ұстанымы айқындалатын, өзекті қоғамдық-саяси фактілер мен процестерге арналған шығармашылықтың бір түрі. Яғни, қоғам өмірінің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналған және оның әр түрлі жақтары туралы нақты деректерді, автордың әлеуметтік тұрғысынан бағалауды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тәсілдері туралы түсініктерді қамтитын шығармалар. Қоғамдық пікірді, көзқарасты, мүдделерді қалыптастыруға және әлеуметтік институттардың қызметіне ықпал ете отырып, публицистика қоғам өмірінде маңызды саяси және идеологиялық рөл атқарады. Оған қоса, идеялық күрестің өткір қаруы, қоғамдық тәрбие құралы мен әлеуметтік ақпаратты тарату тәсілі болып табылады [2, 317] .

Публицистиканың функционалдық ерекшеліктері өзінің мақсаттарына негізделген, яғни қазіргі қоғамда қолайлы өмір сүру стилі мен әлеуметтік сана, қоғамдық пікірді қалыптастыру. Публицистикаға тән бірқатар белгілерді тұжырымдауға болады. Бұл - ғылыми және шығармашылық бастауларды біріктіру; қоғамда орын тапқан жағдайларды көрсету арқылы қазіргі заманның тұтас панорамасын бейнелеу; әлеуметтік құбылыстардың арасындағы терең байланыстарды айқындау.

Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде тұңғыш рет публицистикаға анықтама беріп, оны «көсем сөз» деп атаған екен. «Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырмашылығы - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсемсөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады» [3, 59] . Публицистика шын мәнінде бүгінгі көкейкесті мәселелерді көтеріп, негізгі міндеттерді аңғартып, саяси, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар тақырыптарға арналады. Ол қоғамдық маңызы бар мәселелерді тәжірибемен де өмірмен де ұштастыра баяндалады. Публицистика - өмір шежіресі, заман тарихы, дәуір тынысы. Сондықтан публицистикада қоғамға ықпал жасаудың күші бар, яғни көрерменге, оқырманға, тыңдаушыға дұрыс бағыт-бағдар сілтей алады. Халықтың ойлары мен айтқан сөздеріне де әсер етуіндегі маңызы зор.

Публицистика мен оның пішіні, мазмұны және әдісі жайында айтылған тұжырымдамалар, пікірлер сан алуан. Т. Қожакеев публицистика туралы былай деп жазған екен: «Публицистика нақтылы өмірден орын орын алып отырған мәнді оқиғалар төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды» [4, 59] . Ал орыс зерттеушісі В. Ученова осы ұғымға: «Публицистика - ақпараттық мазмұны мен эмоционалдық мәнерлік, ақпаратты берудегі дәлдік пен ойдың өткірлігі және оқиғаға қатысты авторлық пікір ұштасатын бұқаралық насихаттың түрі» [5, 147] - деп анықтама берген екен. Демек, публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.

Профессор Т. Амандосов: «Газет бетіндегі жарияланымдар қалай көп болса, жаңалыққа берілген анықтамалар да сонша көп. Жаңалық тек тың немесе елең еткізерлік емес, сондай-ақ жалпыға ортақ қызықты болғаны дұрыс» [6, 93] - деп жазады.

Публицистика - ақиқат өмірдің суреті және оның негізгі арқауы - шындық. Публицистикалық шығармада өмірлік деректер мен құбылыстардың бәрі де бірдей талғаусыз алынбайды, белгілі бір мақсатқа қызмет ететін айғақ-деректер ғана кәдеге жарайды. Қай заман публицистикасы болсын өмір құбылыстары мен оқиғаларын сол дәуірдің әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ғалым Бауыржан Жақыпов қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдарына арнаған монографиясында публицистикаға былай анықтама береді: «Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы» [7, 13] . Бұл тұрғыдан келгенде, публицистика жанрлары өмірде орын алған шынайы деректер мен құбылыстарды дәл, нақты сипаттайтын, қысқа, әрі жедел, көркем қасиеттерге ие.

Әдебиеттану ғылымында әдебиет пен публицистиканы тығыз байланыста қарап, оның көркем жанрмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап алу қажет. Бұл мәселені шешуде публицистика саласына қатысты айтылып жүрген ой-пікірлер ден қоярлықтай. Публицистика теориясын танып-білуге деген құлшыныс ғалымдардың жаңа буынын ғылымға әкеліп, бұл саладағы даулы мәселелерді шешуге талпыныс білдіруде. Публицистикалық сипаты бар жанрлар сөз болғанда, публицистиканың қисыны бар мәселелерге соқпай кетуге болмайды. Публицистика жанрының табиғаты жөніндегі пікірлер әр қилы. Әдебиет пен журналистикаға ортақ бұл жанрдың көп анықтамасы белгілі. Публицистика өмірдің көкейкесті мәселелерін көріп-біліп, қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып, замана талабына сай өзіндік үн қосады. Бұл жанр белгілі бір мәселенің шешілуіне де өз септігін тигізеді. Әдебиеттанушылардың пікірінше, жалпы қоғамдық тақырыптарға қатысты пікір-ұсыныстарды, ойларды публицистикалық туындыға жатқызуға болады. Публицистикалық шығармаларға жоғары талаптар қойылады.

Публицистикалық жанрдың табиғаты толық ашылмаса да, ондағы айтылған ойдың үнемі динамикалық қозғалыста болатыны белгілі. Қоғамдық мәні бар тақырыптарға арналған туындыларды қай жағдайда да публицистикалық шығармаларға жатқызуға болады. Орыс ғалымы Н. Кольцов бұл жөнінде былай дейді: «Публицистика - ең бір жағымды мағынадағы әдеби-қоғамдық жанр, ол публицистің өзі тапқан немесе алғаш рет мәлім ететін деректерін қорытады. Бұл ретте, жаңаша қорыта алатын және көрсете алатын мақала ғана нағыз публицистика болса керек» [8, 110] .

Публицистика теориясынан тыс қалмайтын ұғымдардың бірі - «публицисшілдік». Бұл жерде, ең алдымен, көркем әдебиеттің публицисшілдік сипаты жөнінде айтып өту керек. Өйткені, көркем шығарманың да публицисшілдік сарыны болуы мүмкін және бұл туралы әдебиеттанушылар қызықты пайымдаулар айтқан. Мысалы, очерк көркем публицистикалық жанрға жататындықтан, мұнда публицистиканың маңызды элементтерінің бірі - көркем бейнелілік кеңінен қолданылады. Кейбір зерттеушілер публицистиканың эмоциялық элементін басшылыққа ала отырып, оны таза көркем өнер саласына жатқызады. Бірақ, көркем шығармаға қатысы жоқ туындылар да эмоциялық реңкпен жазылуы мүмкін. Мысалы, шаршы топ алдында айтылған шешеннің сөзі эмоциямен, шеберлікпен айтылғанымен, біз оны көркем шығармаға жатқыза алмаймыз. Кейбір ғалымдар публицистиканы таза әдебиеттің бір түрі ретінде қарастырады. Яғни, көркем әдебиет пен публицистика арасындағы айырмашылықтардың бар екенін жоққа шығарады.

Қалай болғанда да, публицистикалық туындылар мен көркем шығармаларды бір арнаға жатқызуға болмайды. Публицистикада көркемділік пен публицистік сипаттар қатар келгендіктен, оны көркем-публицистикалық жанрға жатқызуға болады. Ол үшін, ең алдымен, көркем-публицистикалық жанрдың публицистикамен, публицистиканың көркем әдебиетпен арақатынасын анықтап алу қажет. Бұл жанрлардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін ұмытуға болмайды. Көркем өнердің шеңберіне жаңа материалдар, идеялар, көркем құндылықтар еніп отырады. Көркем өнер өмірдің өзінен күш-қуат ала отырып, шын өнерден байланысын үзілген шарттылықты тұғыр етеді. Егер өнер және «өнер еместің» арақатынасы жөніндегі қағида көркем әдебиет пен публицистиканың арақатынасын анықтаған кезде парықталар болса, онда бұл екі жанр арасына «қытай қорғанын» қоюдың қажеті жоқ. Өйткені, «өнерге жатпайтын» жанрлардың ішінен көркем өнермен тығыз байланысатын түр - осы публицистика. Алайда, көркемдігі төмен, не мүлде жоқ шығармаларды «публицистика» деп атау күні бүгінге дейін кездеседі. Публицистік сипат пен көркемділік бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бұған қарап көркем әдебиет пен публицистиканы бір жанрға жатқызуға да болмайды.

Қазақтың аса көрнекті ғалымы Ш. Уәлихановтан мол әдеби мұра қалған. Қысқа өмірінің ішінде Шоқан Азия және Қазақстан халықтарының тарихы, тілі, әдеби мұрасы, этнографиясы, жағрапиясы туралы бірсыпыра еңбектер жазып, қоғамдық-саяси тақырыпта бірталай публицистикалық туындылар бере алды. Шоқан Уәлихановтың осы еңбектерінің ішінде Ыстықкөл, Тянь-Шань, Түркістан, Қашқария сияқты елді-мекендерге арналған тарихи-географиялық шолулары - бүгінгі күнге дейін өзінің ғылыми күшін жоймаған мазмұнды дүниелер. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарына байланысты мақалаларының да маңызы орасан зор. Мысалы, «Қырғыздардың ата-тегі», «Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздағы шамандықтың қалдықтары», «Көне дәуірдегі қырғыздардың қару-жарағы және әскери жабдықтары» тағы басқа еңбектері ғалымның тек тарихшы емес, әдебиетші, публицист екенін толық танытады.

Ш. Уәлихановтың орыс жазушыларымен, ғалымдарымен жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызы бар дүниелер. Оның хаттары мен күнделіктерінен де публицистік дарынын толық аңғарамыз.

Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орта Азия зерттеушісі, орыс ғалымы Г. И. Потанин Шоқан еңбектері туралы: «Егер қырғыз халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, онда халқының кемеңгері, өз елі әдебиетінің қайта өркендеуінің басы болар еді» [9, 49], - деп дұрыс бағасын береді.

Публицистика элементтерін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының прозалық еңбектерінен де байқауға болады. Абайдың қарасөздері әрқайсысы оқшау жазылған қырық алты бөлек шығарма. Бәрі де қысқа-қысқа, мұнда өз заманының зор шындықтарын сөз еткен Абай моральдық, тәрбиелік ойларын көпшілікке ұсынған. Осы барлық қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның бөлек түрі. Мұнда сюжет, оқиға атымен жоқ, ертегі, мемуар да емес. Ақынның өзі ойлап тапқан көркем сөздің түрі. Мұнда сыншылдық, ойшылдық, адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған толғау.

Абай Құнанбаевтан қалған публицистикалық мұраның маңызы туралы профессор Б. Жақып былай дейді: «Батыс және Шығыс мәдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай шығармалары да қазақтың жазба публицистикасының көрнекті үлгілері болғандығы айқындалған. Абай өлеңдерінде сол заманның ащы шындығы, қоғам көрінісі, дала қазақтарының бүкіл тұрмыс-тіршілігі көрініс табады» [7, 18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Репортаж жанры
Репортаж жанрының ерекшелігі
Ақпарат жанры
Радиожурналистика туралы
Жанрлар
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Авторлық телебaғдaрлaмaлaрдың жaсaлу технологиясы
Көркем деректі жанр түрлері
Фото жанрлар мен баспасөз жанрлары арасындағы ұқсастық пен ерекшелік
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz