Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман - эпопеясы
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясының әлемнің 116 тіліне аударылғаны белгілі. Бар әлемнің қызығушылығын тудырып отырған шығарма қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Туған-туыс арасындағы алауыздық, байлар мен кедейлер арасындағы қарым қатынасты, алғашқы махаббатты сипаттайтын бұл шығармаға әлем халқы жоғары баға беріп, жылы қабылдады.
Абай жолы -- М.Әуезовты әлемге әйгілі еткен роман-эпопея. Абай жолы -- қазақ әдебиетінің көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне дейін көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат берген үздік туынды. Мұхтар Әуезов өз роман-эпопеясында көшпелі қазақ халқын, оның ұлттық салт- дәстүрін түрлі қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың данасы ұлы Абайдың ойшыл образын, мәңгілік ер тұлғасын сөз өнерінде өаса бір даралықпен сомдаған.
"Абай" трагедиясында шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, ұлы Абай бейнеленген. Бұл трагедияда Абай халқының қамқоршысы, халық мүддесін қорғайтын күрескер, өнер-білімді насихаттаушы ағартушы ретінде сомдалған. Бұл трагедияға дейін де Мұхтар Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 жылы жазылған "Татьянаның қырдағы әні" атты шығарма үзіндісі болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. "Татьянаның қырдағы әні" оқырман қауым тарапынан жылы қабылданды. Көп ұзамай жазушы жоспардағы ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда жазушы романға "Телғара" деген ат бермек болды. Автордың алғашқы жоспары бойынша роман үш кітаптан құралуы тиісті болатын. Алайда, жұмыс барысында шығарманың шеңбері кеңейе түсті. Мұхтар Әуезов алғашқыда екі кітаптан құралған "Абай", онан кейін осы кітаптың жалғасы болып табылатын "Абай жолы" (екі кітаптан тұратын) романын жазды. Бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы, ал үшіншісі болса 1952 жылы, төртінші томы 1956 жылы жарыққа шықты.
Алғашқы екі кітаптан тұратын "Абай" романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық Абай жолы роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абай өмір сүрген заманы, өмірі мен ақындығы, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында ауқымды көркем шығарма жазуға М.Әуезов үлкен дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне жеткен, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген сәт еді. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бүтін бір халықтың ұлттық өмір-салтын, дәстүрін толып жатқан қым-қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра бейнелеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Бұл жоспардың бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты қазіргі заманның талғам-танымына үйлестіре отырып, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ұлы ақын, ойшыл Абайды жазушы басты кейіпкер ете отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар көп) тығыз қарым-қатынас барысында жан-жақты аша түседі. Абай барлық оқиғалардың дәл ортасында жүреді. Бір қарағанда Абайға мүлде қатысы жоқ оқиға, сурет-көріністер, сол болып жатқан оқиғаға қатысты Абайдың көзқарасы, пікірі не оның тікелей араласуы арқылы жап-жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді. Сөйтіп, бас кейіпкердің тұлғасы толыға түседі де, оның мінезінің сипаттары айқындалып, ашыла түседі. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан шығарма сюжет құрылысының қарапайымдылығымен, шынайлығымен, композициясының шымырлығымен көзге түседі.
Абай жолында қазақ қоғамының сан түрлі топтары кең қамтылып, алуан қырлы тұтас галерея жасалған. Аса мол өмірлік материалды, әдеби, этнографиялық мұраларды алғырлықпен игеріп, көркемдік әр берген Абай жолы романда көшпелі қазақ халқының этнографиялық діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау үрдісі, кісі өлімі мен аза тұту, болыс сайлауы, дауға билік айту, ас беру, жұт, аң аулау мен табиғат көріністері -- бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік талас-тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мән-мағынасын, мазмұнын күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы жарым-жартылай немесе түгелдей ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдырлары өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz