АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Талант - тұяқ, Абай жол. Сол жолмен
анау Жидебайға, мынау Қарауылға кемеңгер де
келеді, кеще де келеді. Мұнда үйренемін деп,
үйретемін деп келмеу керек... Мұнда тазарамын,
арыламын деп келу керек.
А.Сүлейменов
Адамның негізгі сипаты - адамгершілік.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілдік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемлекеттік) және тұлғалық мүшелердің арасалмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор 94-95
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия Бас ред. Ә.Нысанбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998. - 720 бет.
Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рақым, шапағат, махаббат атаулының шығар көзі ретінде жүректі шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған. 78
Шындығында, бұл сөз XIII ғасыр ескерткіші Мұхаддимат ал-Адаб сөздігінде Лаванмардлық түрінде ұшырасады. Мағынасы қайырымдылық, ізгілік дегенге келеді. 80
Абай өз дүниетанымын біршама аңғартатын адамның мінезі мен адамшылығының негіздері (толық адам, толық инсаният, инсанияттың кәмәләттілігі, бенделіктің кәмәләттілігі т.б.) жөніндегі сан жылғы ойларының түпкі нанымын 38-сөзінде молырақ таратуды мақсат еткенін: Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам уғлының мінездері туралы біраз сөз жазып, ядкар қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңдар, - деп, оқырманға өтініш етіп, әдейі ескертуінен де көрініп тұр. 81
М.Әуезов Абайдың дінге, адамгершілікке байланысты танымын, негізінен Алланың өзі де рас, сөзі де рас өлеңіндегі пікірлерге сүйене отырып ашқанда, Абайдағы дін, тәрбие, адамшылық, мораль философиясы жайлы ойларының желісіне 12, 13, 27, 28, 35, 36, 38, 43, 45-қарасөздеріндегі ой төркініне де үнемі сүйеніп отырады... Абай ойының таратпақ болған негізгі ой желісі мораль философиясына, ондағы негізгі тетік - нравстенная личность мәселесіне тіреледі деп танытады. 96
Абай - өзі жасаған әлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбиелеу, түзеу арқылы өзгертуге ұмтылған ағартушы-демократ. Осы себепті өз шығармаларында көп сөз болатын түбірлі, желілі негізі бар толық адам жайлы өте күрделі, тамыры ғасырлар қойнауында жатқан гуманистік танымға мейлінше мол түрде көңіл бөлген. 96-97
Адамзат қоғамы тарихында адамгершілік идеясының ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең басты мәселелерінің бірі - жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келеді. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе - адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келеді. Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір сүрген XIX ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды. Абай өзінің гуманистік танымы тұрғысынан осы қоғамдағы өмір сүруші жастардың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөле бастады. Абай өзіндегі гуманистік танымның шыңы болған үш сүю (имани гүл) жайлы мораль философиясында ұстанатын өзекті ойын Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп берілген тезистік ойлары арқылы таратады. 97
Абайдың адам болу жайлы ойларының желісі өлеңдерінде айтылғанымен, оның негізгі өзекті желілері қара сөздерінде толығырақ таратылған. Адам болу, жарым адам, толық адам, адамның адамдығы, адамшылық, адамшылығының кәмалат таппағы, бенделіктің кәмалаты, толық инсаният, инсанияттың кәмалаттылығы т.б. терең мәні бар терминдік сөздер мен күрделі ұғымдардың бәрі де шығар көзі, түп төркіні жағынан камили инсани жайлы пікірлер тарихымен сабақтас жатқан құбылыстар екенін көне дәуір деректерінен де көрерміз. 99
Мұндағы бенде (пенде) деген сөздің ұғымы құдайдың құлы мағынасында қолданылып, суфизм әдебиетінде уағыздалып келген діни моральға жатады. Ал инсан сөзі өмірдің гүлі - адам деген гуманистік мағына алған ұғымды білдіреді. 101
Абай баладағы адам болу талабы неден басталады деген сұраққа: Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады, - деп жауап беретіні бар. Абай ұсынып отырған бұл өлшем - адам болам десеңіз деген талаптың алғышарты ретінде баланың саналы түрде махаббатпен қызығуынан туатын жан құмары арқылы ғылымды меңгеруге ұмтылған талабында жатады.Ал мұның өзі 38-сөздегі Абайдың танытуынша, үш түрлі себептен - яғни нәсілінен, әлеуметтік ортасынан, алған тәрбиесінен пайда болатын аса күрделі құбылыс. Қазақ қоғамында баланың толық адам боп қалыптасуына залалын тигізетін нәрсе - бала тәрбиеленетін әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерінен қиянатшыл болады деп қаралады. Мұндай ортада өскен бала бойына жаман қылықтарды ұялатуына байланысты тәрбие процесінде оны жөндеуге қаншалықты күш жұмсалса да, толық адам боп шығуы қиынға соғатындықтан: Қиянатшыл балалар талапқа да, ғылымға да, ұстазға да ... қиянатпен болады. Бұл қиянатшылар жарым адам... Олардың адамшылығының кәмәлат таппағы қиынның қиыны боп, тәрбие ырқына көнбей, шырық бұза бермек. [59, 99-100].
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. XXX том. Мырзахметов М. Абай және Шығыс жалпы ред.басқ. Ж.Дәдебаев. - Алматы: Қазақ университеті, 2017. - 294 б.
әл-Фараби бабамыз: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz