Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

№ 3 Лекция. Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Лекция мазмұны:

1. Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау.

2. Іріктеу жиынтығы

Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

Жиынтық- оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы.

Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

Мысал:

“N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B- халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады.

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

Сипатты есептеу

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0, 001; мұнда V - іріктеу көлемі, N- жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0, 001-ге тең. Сонда, 65 000*0, 001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0, 002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0, 002 =130) .

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол «қайталанған» респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:

«N» қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуіқұрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

Қоғамдық пікір мониторингін іріктеу өте күрделі, екі сатылы құрылымдыбілдіреді, онда 1-ші сатысыбойынша іріктеудің аумақтық принципі есепке алынады (1-кестені қараңыз) :

1-кесте

( р/н
Облыстар атауы
Барлық халықтың саны (мың адам)
Іріктеу жиынтығы
( р/н: 1.
Облыстар атауы: Ақмола
Барлық халықтың саны (мың адам): 836, 2
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 2.
Облыстар атауы: Ақтөбе
Барлық халықтың саны (мың адам): 682, 5
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 3.
Облыстар атауы: Алматы
Барлық халықтың саны (мың адам): 1558, 5
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 4.
Облыстар атауы: Атырау
Барлық халықтың саны (мың адам): 440, 2
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 5.
Облыстар атауы: Шығыс Қазақстан
Барлық халықтың саны (мың адам): 1531, 0
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 6.
Облыстар атауы: Жамбыл
Барлық халықтың саны (мың адам): 988, 8
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 7.
Облыстар атауы: Батыс Қазақстан
Барлық халықтың саны (мың адам): 616, 8
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 8.
Облыстар атауы: Қарағанды
Барлық халықтың саны (мың адам): 1410, 2
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 9.
Облыстар атауы: Қостанай
Барлық халықтың саны (мың адам): 1017, 7
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 10.
Облыстар атауы: Қызылорда
Барлық халықтың саны (мың адам): 596, 2
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 11.
Облыстар атауы: Маңғыстау
Барлық халықтың саны (мың адам): 314, 6
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 12.
Облыстар атауы: Павлодар
Барлық халықтың саны (мың адам): 806, 9
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 13.
Облыстар атауы: Солтүстік Қазақстан
Барлық халықтың саны (мың адам): 725, 9
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 14.
Облыстар атауы: Оңтүстік Қазақстан
Барлық халықтың саны (мың адам): 1978, 3
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 15.
Облыстар атауы: Алматы қаласы
Барлық халықтың саны (мың адам): 1129, 3
Іріктеу жиынтығы:
( р/н: 16.
Облыстар атауы: Астана қаласы
Барлық халықтың саны (мың адам): 319, 3
Іріктеу жиынтығы:
( р/н:
Облыстар атауы: Барлығы
Барлық халықтың саны (мың адам):
Іріктеу жиынтығы:

2-ші сатысы бойынша - квоталық принцип, этникалық және кәсіби өлшемдер негізінде. Іріктеудің мұндай құрылымы репрезентативтіліктің аумақтық принципін, сол сияқты республиканың жалпы жиынтығының репрезентативтілігін қамтамасыз етіп, іріктеу жиынтығын орнықтыруға мүмкіндік береді.

Мысал түрінде «ұлты» деген белгі бойынша «N» қаласының социологтары жүргізген іріктеу есебін қарастырайық (2-кестені қараңыз) .

2-кесте

Негізгі этникалық топтар
Жалпы жиынтық
Іріктеу жиынтығы
Негізгі этникалық топтар: 1. қазақтар
Жалпы жиынтық: 53, 0% (34450 адам)
Іріктеу жиынтығы: 53, 0% (34 адам)
Негізгі этникалық топтар: 2. орыстар
Жалпы жиынтық: 30, 0% (19500)
Іріктеу жиынтығы: 30, 0% (20 адам)
Негізгі этникалық топтар: 3. басқалар
Жалпы жиынтық: 17% (11050)
Іріктеу жиынтығы: 17% (11 адам)
Негізгі этникалық топтар: Барлығы
Жалпы жиынтық: 100% (65000)
Іріктеу жиынтығы: 100% (65 адам)

Есеп (n*p) /100 формуласы бойынша жүргізіледі, мұнда n- іріктеу жиынтығы, p - пайызбен көрсетілген халық үлесі (статистикалық мәліметтер бойынша) . Бөлшектік мағына болған кездегі ондықтар 5-тен кіші болса - «0»-ге дейін, 5-тен үлкен болса - «1»-ге дейін жинақталады.

Осы секілді кестелер мөлшерлестік принцип негізінде құрылатын басқа да өлщемдер бойынша жасалынуы мүмкін. «N» қаласының мысалында негізгі сегіз әлеуметтік-кәсіби өлшемдер (ауыл шаруашылық жұмысшылары жоқ, өйткені сұрау қалада жүргізіледі) бойынша іріктеуді қарастырайық (3-кестені қараңыз) . Әрбір квотаның мәні белгілі (статистикалық жинақтар) және пайызбен көрсетілген. Социологтың міндеті жоғарыда берілген формула бойынша сұралуға тиісті респонденттер санын есептеу.

3-кесте

№№ р/н
Әлеуметтік-кәсіби категориялар
Жалпы жиынтық (%)
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны)
№№ р/н: 1.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Кәсіпорын, ұйым басшысы
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 2.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 3.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Бюджеттік сала қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, ғылым, деңсаулық сақтау, мәдениет, қызметкерлері)
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 4.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Кәсіпкерлер, фермерлер, сауда қызметкерлері
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 5.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: әскери қызметкерлер, полиция, сот, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 6.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Студенттер
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 7.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Зейнеткерлер
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н: 8.
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):
№№ р/н:
Әлеуметтік-кәсіби категориялар: Барлығы
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адамдар саны):

Квоталық іріктеу бойынша сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушыға респонденттерді жынысы, жасы және білім деңгейінің белгісі бойынша таңдауда біршама еркіндік беріледі. Қоғамдық пікір мониторингінің тәжірибесіне негізделе отырып, жыныстық белгі бойынша квоталардың бөлінуі келесідей: әйелдер - 53 %, ерлер - 47 %. Өзіндік зерттеулерді ұйымдастыру кезінде іріктеуді нақтылы аймақ, аудан бойынша соңғы статистикалық мәліметтер негізінде есептеу керек екенін ескеру қажет.

Кәмелетке толған халық арасында сұрау жүргізген кезде талдау және мониторинг бөлімінің мамандары пайдаланатын жас мөлшерінің деңгейін негізге алған жөн (4-кестені қараңыз) . Кестеде формула бойынша (жоғарыда көрсетілген) зерттеу үшін халықтың жас құрамы жөніндегі статистикалық мәліметтерді пайдалану арқылы «N» қаласының социологтары жүргізген іріктеудің есебі көрсетілген. Квоталарды бөлу статистикалық мәліметтерге мөлшерлес жасалынады.

4-кесте

Жастық өлшемдер
Жалпы жиынтық (%)
Іріктеу жиынтығы (адам саны)
Жастық өлшемдер: 1. 18-ден 30-ға дейін
Жалпы жиынтық (%): 26, 9
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Жастық өлшемдер: 2. 31-ден 45-ке дейін
Жалпы жиынтық (%): 40, 6
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Жастық өлшемдер: 3. 46-дан 60-қа дейін
Жалпы жиынтық (%): 20, 9
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Жастық өлшемдер: 4. 61-ден жоғары
Жалпы жиынтық (%): 11, 6
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Жастық өлшемдер: Барлығы
Жалпы жиынтық (%):
Іріктеу жиынтығы (адам саны):

Қоғамдық пікір мониторингінің іріктеуін есептеген кезде пайдаланылатын өлшемдердің бірі респонденттердің білім деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда статистикалық жинақтардан алынған материалдар да пайдаланылады. «N» қаласының социологтары жүргізген зерттеулерге сәйкес параметр бойынша іріктеудің есебін қарастырайық. Отандық социологияда пайдаланылатын классикалық градациялар бойынша жоғарыда көрсетілген стандартты формула қолданылады (5-кестені қараңыз) .

5-кесте

Білім деңгейі
Жалпы жиынтық (%-бен)
Іріктеу жиынтығы (адам саны)
Білім деңгейі: 1. толық емес орта
Жалпы жиынтық (%-бен): 4, 7
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Білім деңгейі: 2. орта
Жалпы жиынтық (%-бен): 18, 8
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Білім деңгейі: 3. арнайы орта
Жалпы жиынтық (%-бен): 31, 0
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Білім деңгейі: 4. аяқталмаған жоғары
Жалпы жиынтық (%-бен): 10, 7
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Білім деңгейі: 5. жоғары
Жалпы жиынтық (%-бен): 34, 8
Іріктеу жиынтығы (адам саны):
Білім деңгейі: барлығы
Жалпы жиынтық (%-бен):
Іріктеу жиынтығы (адам саны):

Іріктеу сақталуын қамтамасыз етіп, сұхбат алушының жұмысын жеңілдету үшін негізгі, өзара байланысты өлшемдер бойынша есептеу жүргізіледі (6-кестені қараңыз) .

6-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдемесі мен тәсілдері
Жаһанданудың негізгі теориялары
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі
Социологиялық зерттеу
Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру
Маркетингтік зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz