Алматы облысының физикалық - географиялық сипаттамасы географиялық орны


Алматы облысының физикалық-географиялық сипаттамасы географиялық орны.
Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Оның аумағы 1997 жылғы 22 сәуірдегі Талдықорған облысының қосылуына байланысты есе өсті және аумағы 224 мың шаршы километрді құрады. Облыс халқы 1, 7 млн. -ды құрайды (Алматы қаласын қоспағанда) . Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 73°51 және 83°30' шығыс бойлық пен 42°15 және 47°20' ендікте жатқан облыс шығысында Қытай Халық Республикасымен оңтүстігінде Қырғызстан мен, оңтүстік-батысында - Жамбыл облысы мен және солтүстік- шығысында - Шығыс Қазақстан облысымен шектеседі. Алматы облысы шығыстан батысқа дейін 700 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке дейін 500 шақырымға созылып жатқан табиғи жағдайы әр түрлі болып келетін үлкен аймақ. Жерінің көлемі облыстар ішінде бесінші орында. Облыс аумағында 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс - Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Үйғыр, Іле аудандары және облыстық бағыныстағы үш қала (Қапшагай, Талдықорған, Текелі) және аудандық бағыныстағы жеті қала - Есік, Жаркент, Қаскелен, Сарқант, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сондай-ақ 13 кент бар. Облыс орталығы Талдықорған қаласы болып табылады.
Геологиялық құрылымы және геоморфологиялық жағдайыЖер бедері. Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын солтүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювилік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Бсым бөлігін Сарыесік-Атырау, Тауқұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың көп жерін оңтүстігінде Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, шығысында Кетмен жотасы мен жалғасын табатын Терскей алатауы, сонымен қатар, шығысында Жоңғар Алатауы алып жатыр. Ал солтүстік жағы Оңтүстік Балқаш маңының сорлар мен сортандардан, тақырлардан және құмдардан тұратын шөлді жазығымен жалғасады. Бұндай географиялық орналасу облыс жерінің жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының және өсімдік жамылғысының әр түрлілігінің дәлелі болып табы тады. Облыс аумағында мұздықтардан шөлге дейінгі ландшафтының барлық түрі кездеседі. Физикалық-географиялық орналасуының тағы бір ерекшелігі - ол облыстың солтүстік шетінде батыс бөлігінің суы) тұщы, ал шығыс бөлігінің суы ащы болып келетін Балқаш көлінің орналасуы. Алматы облысының климаты шұғыл континентті, оның себебі мұхит пен теңізден алшақ орналасқандығы. Жер беті және жер асты сулары бірқалыпты әрналаспаған. Ірі өзендерге Іле, Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең, Үкен Алматинка және Кіші Алматинка, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Тентек және тағы басқа. Ipi көл су аттары: Балхаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Үлкен Алматы көлі, Таншағай, Бартоғай, Күрті. Табиғи рекреациялық ресурстар - бұл табиғи экожүйелер, табиғи құбылыстар, рекреациялық қызметтің ыңғайлы қасиеттк және кейбір уақыттары демалыс шараларын ұйымдастыру мақсатында және де адамдардың денсаулығын нығайту мақсатында Антропогендік рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдени нысандар (мұражай, ескерткіштер, естелік орындар және тағы басқалары) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістер және тағы басқалары) тән. Геологиялық және тектоникалық құрылымы. Облыстаға таулар Тянь- Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы басқа полеозой жыныстары қердеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпаллығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзілген. Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс ауа масса тары қатты әсерін тигізеді. Іле Алатауы ежелгі шөгінді, атпа жыныстардан, құмтастан, гранит пен гнейстен түзілген. Іле Алатауының солтүстік, яғни ауданға кіретін бөлігі көлбеу көптеген өзендер мен күшті тілімденген. Тянь-Шанның басқа бөліктеріндегі сияқты Іле Алатауында да күшті жер сілкінісі болады. Өте күшті жер сілкіну 1911 жылы болды. Сонымен қатар палеозой дәуіріндегі каледон, герцин тау жасалуынан кейін кайнозой дәуірінің альпілік тау жасалу кезінде қайта көтерілген. Альпілік тау түзілісі жер қыртысында жарылу туғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтеріліп, оларда қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Бұған Тянь-Шань тауының солтүстік бөлігі 1ле Алатауы мысал бола алады. Еңбекшіқазақ ауданының территориясындағы ұзақ уақыт геологиялық өзгерістердің нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды: оған Талғар ауданына қарасты - Іле Алатауы мен Іле Балқаш жазығының біраз бөлігі кіреді. Ine Алатауының тау жасалу процесі аяқталмаған. Үштік көзіңнің аяғына қарай қуатты тектоникалық қозғалыстар жиі болып тұрады. Бұл процестің қорытындысында жергілікті полеозойлық фундамент көлденең немесе түзу бағыттағы жеке блоктар мен блоктар жүйесіне бөлінеді. Блоктар жүйесінің торы таудың әр түрлі биіктігінде болып тұрды. Тау жоталарының фронталды бөлігімен вертикальды сатылы құрылым осы процестердің нәтижесінде пайда болды. Тау жотасының ұзаққа созылған көтерілу процесі кезінде, шұғыл суытатын циклдармен алмасып келетін жылы және ылғалды кезеңдердің бірнеше рет қайталануы үштік кезеңнің аяғында басталған төрт рет болған мұз басу продесіне себепші болды. Бірінші реттік мұз басу жер бедерінің беткі қабатын ғана қамтиды. Екінші реттік мұз басу жер бедерін жартылай ғана басты. Қалған үшінші реттік пен төртінші реттік мұз басу кезеңі ұзаққа созылды. Мұз басу дәуірі аккумуляция процесінің зор көрінісімен сипатталады. Мұз басу дәуірі аралық мұз басу дәуіріне бөлінген. Аралық мұз басу кезінде мұз басу процесі тоқталып, эрозиялық процестердің үлкен масштабтағы дамуы жүрді. Бірақ мұз басудың тоқтау процесі бірқалыпты жүрмеді. Кейбір уақыттарда мұз басу процесі шұғыл тоқтады, ал басқа кезеңдерде тұрақты сақталынып тұрды. Мұз ерігеннен кейін артынан қуатты мореналар қалдырып _ отырды. Ең соңында бұл мореналар жуылып, эрозиялық процестердің арқасында түгелімен жойылды. Соңғы рет болған мұз басу дәуірінің ғана мореналары сақталды. Бұл мореналармен 2600-2700 м биіктікте орналасқан ежелгі мұз басу цирктері мен аңғарлардың табаны толды. Облыс территориясына жиі және айтарлықтай жер сілкіністерін болдыратын интенсивті неотектоникалық қозғалыстар тән. Tay жизнь өтарынын құрамы, олардың өзара әсері және жазықтардағы таралу ерекшелігі ежелгі дәуірден алуан түрлі. Жазық жерлерде негізінен құрамында сары топырақты және құмды шөгінділер басын кайнозойлық кезеңнің қалдықтары кездеседі. Тауларда тау жоталарының осьтік бөлігінің перифириялығынан оның петрографиялық фоныңың өзгерістері болып тұрады. Төменгі тау белдеулеріндегі жер бедерінің түзілуінде сары топырақтар, палеогендік, неогендік шөгінділер және метоморфтық жыныстар басты роль атқарады. Төменгі тау жоталары мен биік тау жоталарында да магмалык және метаморфтық жыныстар басты позиция алып отыр. Жарлы тау массивтерінің құлауынан тұнба жыныстардың құрамы өзгеріп тұрады. Тұнба жыныстардың әсерінен тектоникалық қозғалыстар жиі болады. Төменгі тау жоталарында сары топырақтан басқа таулы аллювий, проллювий, көшкінді жыныстар және қыратты-баурайлы шөгінділердің кен спектрі кездеседі. Төменгі тау жоталарында коллювиалды шөгінділер, ежелгі мореналық жиналған жыныстар, қар-көшкінінің тасымалдаған тас-құмдары, құлама массивтер, жиі кездеседі. Биік таулы _ жоталарда мореналар, флювиогляциалды шөгінділер, тасты глетчерлер, тас-құм жыныстары, құрымдар кең тараған. Қазаншұңқырлардың да шөгінделері кездеседі. Тау баурайларындағы шөгінділер негізінен шөгінді шлейфтерден құралған. Климаты мен жер беті және жер асты сулары. Табиғаты. Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдері мен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қос келіншек, Қызылтас, Табақкеңтатар, Қараүңгір, т. б. ) . солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы мен, Барлық Майлы таулары мен (Алакөл қазаншұңқыры мен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Облыстың оңтүстік- батысы мен батысында Шу, Іле аласа таулары және Жусандала, Қопа, Бозой, Қараой үстіртті жазықтары жайғасқан. Тарбағатай жотасы мен Жетісу Алатауы аралығын ауқымды Алакөл ойысы алып жатыр. Бұның батысындағы Балқаш көліне, оңтүстік-шығыс жағы Жетісу қақпасына жазық жағалау жалғасады, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен және Күнгей Алатауы мен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларының жол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау, т. б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік- батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді- шөлейтті өшріне ұласады. бедері. Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын солтүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Басым бө- лігін Сарыесік-атырау, Таукұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі таулы келеді. Солтүстік-шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауларының аралығында Жетісу (Жоңғар) кақпасы орналасқан. Облысаың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері көмкерген. Олар тауаралық наймандар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік шоқысы - Бесбасқан орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы аумағы 1, 3 мың км'-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқын, т. б. ) өз маңындағы жазық өңірге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Солтүстік Тянь Шань сілемдерінің Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Үзынқара) жотасынан құра Шығыстағы ірі тау массивтерінің бірі -Жетісу Алатауы. Оның ұзындығы 450 км., ені 100-200 км. Шығыс бөлігі Қытай жеріне өтеді. Көксу, Боротола (Бұратала) өзенінің аңғарлары тау жүйесін екі жотаға біледі. Солтүстік Жетісу жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді. Оның шығыс бөлігі биік әрі мұздықты келеді. Батысында аласа шағын жоталарға тармақталып барып, Балқаш маңы жазығына беткейі бірте-бірте сатыланып, аласарада тауалды жазығына айналады. Мұнда көптеген шағын тау массивтері (Күнгей, Суықтау, Тастау, Шыбынды т. б. ) жатыр. Бұлар өзара тауаралық ойыстармен бөлінеді. Оңтүстік Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынанқұралады Ең биік шыңы - Бесбақан тауы (4464 м) . Солтүстік Жетісу жотасы құрамындағы Көкжота тауында. Жетісу Алатауының солтүстік беткейінен Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, оңтүстік беткейден Көксу, Боратола (Бұратала), Қора, Үсік (Өсек), т. б. өзендердің аңғарлары басталады. Оңтүстік беткейдегі өзендердің суы тұщы, тасуы күшті. Жетісу Алатауының оңтүстік етегі Іле ойысы мен (алабы мен) шектеседі. Ойыстың батыс бөлігін Қараой және Итжон үстірттері қамтиды: бұларды Іле өзеніндегі Қапшағай шатқалы бөледі. Іле аңғарының Қазақстан жеріндегі ұзындығы шамамен 250 км, енді жері 50-55 км, негізінен қалың борпылдақ шөгінділерге толған, сол жағалауында құмды, кұм төбешікті жер бедері қалыптасқан. Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты Іле аңғарының біраз бөлігі су астында қалды. Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстанның ең биік тау жотасы Хан Тәңірі шыңы (6995) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімденген әрі өтуге қиын. Хан Тәңірі шыны бүкіл Тянь-Шандағы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған. Облыс жеріне Тянь-Шань тау жүйесінің Күнгей және Теріскей Алатау жоталарының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді. Солтүстігінде Текес және Кетпен тауаралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен (Ұзынқара) жотасы тұйықтаған. Биік жері - 3632 м (Аспантау т. ) . Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік беткейі тік құлама, солтүстігі көлбеу. Тянь-Шанның солтүстік бөлігіндегі биік тау жотасы - Іле Алатауы; ең биік жері - Талғар шыңы (4951 м) . Жота батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылады. Шығысында орографиялық біртұтастығын жоға. тып, тауаралық Жалаңаш, Сөгеті ойыстары арқылы тармақталып кетеді. Солтүстік бөлі індегі Қараш тауы Түрген өзенінің сыртында Бақай және Сөгеті, одан әрі Бұғыты тауына жалғасады. Орта сілемі Сарытау, Торайғыржоталарынан, оңтүстігінде далалық таулы үстіртінен құралған. Батысында Іле Алатауы аласа Жеті жол, Кіндіктас тауларына ұштасады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле сілемі бөлініп шығып, Балқаштың батыс жағалауына дейін созылады. Іле Алатауының оңтүстік беткейі терең шатқалдармен және каньондармен тілімденген. Мұнда сел тасқыны, қар көшкіні сияқты құбылыстар жиі болады; ірі мұзтау торабы (393 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 469. 7 км2, мұзының көлемі 27, 7 км2) орналасқан .
Климаты және гидрографиясы. ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz