Қазақ жазуының латынға келу тарихы


Қазақ жазуының латынға келу тарихы
Аннотация. Мақала ХХ ғасыр басындағы латын графикасына негізделген жазу дәстүрінің қалыптасу себептері мен алғышарттарын ашып көрсетеді. Қазақ жазуының тарихи қалыптасу кезеңі басында тұрған Алаш зиялыларының латын графикасы туралы айтқан ой-тұжырымдары мен бұл көзқарастардың бүгінгі күнгі латын графикасын негіздеу концепциясымен сабақтастығы сөз болады.
Аннотация. В статье раскрываются причины и предпосылки казахской письменной традиции, основанные на латинской графике в начала ХХ века. В начале исторического формирования казахской надписи сделаны выводы учений Алаша о латинской графике и их актуальности с концепцией обоснования современной латинской графики.
Кез келген ұлтық тіл мен әдебиеттің кемелденуі жазудың қалыптасып дамуымен тығыз байланысты екені шындық. Жазу арқылы тілдік қолданыстар, сөз саптау түрлері жаңғырып, әдеби нормалар бір ізділікке түсіп бекиді, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметі (стилі) жіктеледі, әр тараптанады, жалпыхалықтық сипат алып, қолданыс ауқымы кеңейеді.
Қазақ жазуының қалыптастыру идеясы өткен ғасырдың басына, әсіресе, пісін-жетіле түсті. Бұл мәселені алғашқылардың бірі болып көтерген А. Байтұрсынұлы «Біздің заман - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп ерекше атап өтіп, қазақтың төле жазуы - төл әліпбидің негізін қалап, графикалық реформа жасады. Оның жасаған жаңа әліпбиі тарихта «төте оқу» немесе «төте жазу» деген атпен қалып, әлі күнге дейін қолданылады.
1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың съезінен кейін 6 наурызда қазақ жазуын латын жазуына көшіру қолға алына бастады. Содан кейін латынша қазақ жазуы 1928 жылы қабылданып, 1929 жылы оның емле ережесі қолданысқа толық енді. Сөйтіп, қазақ жазуының латынша түрі өмірге келді.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, арбшадан латын жазуына көшу мәселесі оп-оңай шешіле қоймаған. 1926-1928 жылдары бұл мәселе қызу талқыланып, сол уақыттағы Алаш зиялыларының көпшілігі оған қарсы болса да, ақыр аяғында үлкен дау-дамай, пікірталастан кейін еліміз 1929 жылы латын жазуына өтті.
Алғашқы латыншаланған қазақ әліпбиі А. Байтұрсынұлының араб әріптеріне негізделген әліпбиін башылыққа алды. Онда 28 дыбысқа 28 таңба арналды.
Латынша қазақ әліпбиін қабылдауға қарсы болған Алаш зиялылары түгелге дерлік репрессияланған соң, 1937 жылдан басталған дайындықтан кейін ешқандай талдау-сараптаусыз, дау-дамайсыз 1940 жылы КСРО мемлекеттік тілдік саясатының және мемлекеттік тәртіптік күштердің ықпалымен латынша қазақ жазуы кирилл әліпбиіне көшірілді. Сөйтіп, қазақ жазуы тарихында болған Ахмет Байтұрсынұлының зор еңбегімен алғаш рет құрастырылған қазақтың арабша төл әліпбиі де, соның дыбыстық жүйесіне негізделіп дайындалып, 1938 жылға дейін кең қолданыста болған, сосын «в», «ф», «х» дыбыс-әріптері қосылған латынша қазақ әліпбиі де қолданыстан шығарылды.
1990 жылдары кирилл жазуынан қайтадан латын жазуына көшіру мәселесі өзекті тақырыпқа айналып, талқыланған еді. Осы кезеңде түркітілдес Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан латын жазуын қабылдап, оған толықтай көшкен болатын.
2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген сөзінен кейін бұл мәселе қазақ қоғамын біраз дүрліктіріп барып басылған болатын.
Араға біраз уақыт салып, бұл мәселе тағы да көтерілді. Бүгінде қазақ қоғамының өзекті де маңызды мәселелерінің бірі - осы, латынға көшу мәселесі болып отыр. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», - деп латын графикасына көшудің маңыздылығы мен нақты мерзімін белгілеп берген сөзі себеп болды. Қазіргі таңда еліміздегі ұлттық тіл мәселесі мен тағы да әліпби ауыстыру мәселесі қазақтілді қоғамды алаң күйге түсіріп отыр.
Десе де кирилге негізделген қазіргі қолданыстағы әліпбиімізді латынға сол қалпында көшіре салсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз зор болады деген ғалымдар көп. Олардың айтуынша, біздің қаупіміз сол - қазақтың латынша жаңа әліпбиін түзгісі келіп жүрген қазіргі талапкерлердің көбісі қазақ тілінің төл дыбыстарын ғана қамтитын әліпби жасауды емес, қазіргі әліибиіміздегі 42 әріпті латыншаға көшіре салуды мақсат етіп жүр [2] .
Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін Ахмет Байтұрсынұлы бұдан жүз жылдай бұрын анықтап, нақтылап, дәлелдеп кеткен. Соның негізінде латыншаланған қазақ әліпбиі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының аяғында - баяғыда-ақ жасалып қойылған болатын және ол он-он бес жылдай (1926-1940) ұлтымызға тәп-тәуір қызмет еткен еді.
Латын графикасы да мінсіз деп айтуға келмейді. Бұл графика үнді-еурпа тілдеріндегі дыбыстарды дәл бергенімен, қазақ (түркі) тіліне келмейді. А. Байтұрсынұлы араб әрпінен 14 әріпті өзгертпей алып, 5 әрпіне ереже қосып алғанын айта келіп, латын әрпі туралы былай дейді: «Латын әрпінен ең өзгертпестен алдық дегенде 15 әрпін алған. Басқаларын өзгертіп алып отыр. Сөйтіп алғанда, 7 әрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң «ң» мен «й» дыбыстарына ойдан шығарып, η мен ϳ таңбаларын алып отыр» [3, 255-256] .
1929 жылы Қызылорда қаласында ресми бекітілген латын жазуына негізделген тіліміздің әліпбиінің емле ережесі А. Байтұрсынұлының әліпбиінен алшақ кеткен жоқ. Соның дыбыстық құрылымын басшылыққа алды. Бұның себебі ұлтық болмыс пен ұлттық тілдің қадір-қасиетін жақсы түсінетін Алаш арыстарының көзі тірі еді. Олар орыс сөздерін жазып-айтуға бейімдейтін бөтен дыбыстарды латынша түр алған «төл» әліпбиге енгізуге қатты қарсылық көрсетуі мүмкін болатын.
Мәселен, қазақтың латынша әліпбиінің 1929 жылғы еміле ережесі бойынша өзге тілдік сөздерді қазақша жазу: «1. қазақ емлесінің негізі дыбыс жүйесінше болұу керек; дыбыстың өзгерүуі осы күнгі қалық тілінде айтылған, есітілген күйінде жазылұуы керек. Сөз-сөздің ішіндегі дыбыстардың бірінің біріне ұсап өзгергені де - еліктірүу, ұсамай өзгергені де ірітүу, әсіресе бір ыңғай жуан, жа бір ыңғай жіңішке болып өзгергендегі, - өзгерген күйінде жазылұуы керек. Жазудың бұл дыбыс жүйесіне келмейтін жерлеріне осы қаулыда айырықша ережелер болұуы керек. 2. шеттен кірген сөздердің емлесі дыбыс жүйесі мен жазылұуы керек те, айағы қазақтың сөз жүйесіне көнүу керек» [4. 190], - деп белгіленген.
Бұл ережеде кірме сөздердің үндестік заңына бағынып жазылуы біршама дұрыс жолға қойылғанымен, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен тіркесімі, дауысты және дауыссыз дыбыстардың үндесімі жағынан, сондай-ақ орыс тіліндегі кейбір дыбыстарды қазақ тіліндегі қандай дыбыспен беруге болады деген сұрақтарға жауап беруде көптеген кемшіліктері бар екені байқалады. Бұл өз кезегінде кірме сөздердің жазылуында ала-құлалықтар туғызды, сондықтан 1938 жылы толықтырылып қабылданған ережеде х, в, ф дыбыстары қосылып, орыс тілінен енген сөздер орыс тіліне барынша жақындатып жазылатын болды. Бұл қазақ тілінің табиғатын бұзуға жасалған алғашқы шабуыл еді. Ал тіліміздің өзіндік ерекшелігін бүлдіріп, табиғи заңдылықтарын бұзған кирилшеге негізделген қазақ жазуы 1940-жылдан бүгінге дейін кең қолданыста болып келе жатыр. 1928 жылдан басталған қазақ жазуын ауыстырудың тарихын зерделеп, оған тереңірек көз жүгіртсек, жалпы арабшадан латынға, латыншадан кирилге көшудің қоғамдық-әлеуметті қажеттілігі мен экономикалық тиімділігі т. б. уәждерінен гөрі саяси астары басым болғанын аңғарамыз. Яғни, бір мақсат - орыстандыру саясаты тұрған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz