Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындап отыр. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ”, - деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан - 2050” Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсат-тапсырмасы еді.
Тәуелсіздіктің басты тірегі - мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр.
Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамдық пікір айтылып болды, толыққанды ұсыныстар жасалды. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені тек іске асыру шараларын жоспарлау үшін бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғышарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы - біздің елімізде бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан - латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.
Тәуелсіздік алғалы 23 жыл ішінде игеріліп жатқан жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан өзгелермен терезесі тең ел болған кезде, мұндай бастама біз үшін өте маңызды. Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын бірден-бір төте жол деп есептейді. Латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қандай әліпбиді тұтынуымыз керек, ол әліпбилік жүйемізде қанша таңба болатынына дейін көптеген жобалар ұсынылды, солардың ішінен негізгі төрт жоба таңдалып алынды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшудің жобасын әзірлеп те қойған. Бұл институт мамандары ең әуелі өз еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін кириллицадан латынға көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, тағы басқа елдердің тәжірибелерін зерттеп және де осы реформаның бұл елдердегі оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерінің бәрін де зерделеп, жинақтап отыр. Осының негізінде, латын графикасының негіздерінде “Қазақ әліпбиінің тарихы, тағылымы және болашағы” деген тақырыбына үлкен кітап та шығарды.
Латын әліпбиіне көшу - өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды, мемлекеттік тіліміздің дамуы кешеуілдеп қалады, ел ішінде түсінбеушіліктер болады деген пікірлерді алға тартып, жөнсіз қауіптенетіндер де бар. “Көз - қорқақ, қол - батыр” дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ. Әліпбиді реформалаудың зиянынан гөрі пайдасының көп болатындығын бүгін көпшілік қауым аңғарған сыңайлы. Қоғамда тұрақталған пікірлерді зерделейтін болсақ, олардың көпшілігімен келісуге әбден болады.
Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы одан әрі арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді. Жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы - ортақ әліпбиде жүру. Болашақта түрік халықтарының жазудағы бірлігі сақталатын болса, негізгі мақсаттарымыздың бірі орындалған болар еді. Тіпті, өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.
Ешбір талас туғыза қоймайтын тағы бір дәлеліміз, ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік арта түседі. Бұл арада, ең бастысы - латын әліпбиі дегеніміз ағылшын әліпбиінің негізі екендігін ескергеніміз абзал. Ал ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығы белгілі. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиі Батыс Еуропа халықтарының жазуларының қалыптасуына көп ықпал еткендігі де мәлім.
Әліпби ауыстыру, бұл - ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады.
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негiзгi мақсаты қазақ мәдени өмiрiнде қолданылған фонемографиялық жазу типi түрлерінің онтогенездiк дамуын, қазақ жазуының тарихын, осыған орай қазіргi қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негiздерiн iздеу, емле ережелерiнің уәжiн көрсету, сөйтіп, қазіргi қазақ жазуының мәртебесi мен орнын анықтау болды. Осы мақсатқа жету барысында мынадай мiндеттердің шешiмiн табу көзделдi:
- жалпы жазудың даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгi таңдағы қызметін парықтау;
- қазақ графикасы мен орфографиясының негiздерiн фонологияға, әліпби теориясына табан тiрей отырып, анықтау;
- көне түркі жазуының графикалық ерекшелiгiн, латын графикасына негiзделген қазақ жазуының жүйесiн, графема-фонема қатынасын көрсету;
- орыс графикасына негiзделген қазіргi қазақ әліпбиiнің әріп-фонема-дыбыс қорын түгендей отырып, қазақ жазуының фонологиялық негiздерiн айқындау.
Диссертацияның нысаны: қазақ жазуының тарихы, жазу бiрлiктерi, категориялары, қазақ жазуының тарихындағы әліпби, графика түрлерi, қазақ орфографиясына қатысты еңбектер.
Диссертацияның дереккөздері: Зерттеу материалдары ретінде көне түркі графикасы, араб (ХIХғ. ), латын графикасына негiзделген (1929-1939) қазақ әліпбилерi, Ы. Алтынсарин, Н. Ильминский, В. В. Радлов ұсынған және пайдаланған орыс графикасына негiзделген жазу, А. Байтұрсынұлы әліпбиi, 1940ж. латын әрпiмен басылған қазақ емлесiнің алғашқы жобасы (Алматы, 1940), қазіргi қазақ әліпбиi қолданылды.
Диссертация құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Қазақ жазуының тарихы
- Көне түркі және кейінгі қазақ жазуының ерекшеліктері
Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің көрсеткіші.
Көне түркі жазулы ескерткiштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есiк, Шемонайха, Ертiс, Қырғызстан Қошқар өңiрi. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелiгiмен көрінеді дегендi бiлдiредi. Дегенмен көне түркі жазуына қатысты жоғарыдағы ғалымдар еңбектерiне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ерекшелiктердi тануға мүмкіндiк бар деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы біздің ата-бабаларымыз қолданған жазу болғандықтан, бұл кезең қазақ жазуы тарихында елеулі орны бар дәуір.
Көне түркі жазуының пайда болу уақыты туралы әр түрлі пікірлер бар. А. Аманжолов түркі алфавиті Ү ғасырда пайда болды деген пікірге өз уәжін келтіреді. Ғалым археологтардың Павлодар облысы Бобровое селосы тұсындағы қорымның барлық белгілері мен сипаттарын зерттей келе, қазба жұмысын жүргізген бейіттің біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырға, сақ дәуіріне жататындығы туралы пікір айтқандығын тілге тиек етеді. Бұл жерден әр түрлі бұйымдармен қатар жүгенге тағылған сүйек тұмар табылған. Сүйек тұмарда руникалық жазумен «Ақ сықын (суқын) » деген сөздер жазылған екен. Мұны А. Аманжолов «Ақ марал» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осы деректерге сүйене отырып, ғалым мынандай пікірге келеді: «Тұмардағы руникалық жазу ертедегі түркі тілдес көшпелі тайпалардың арғы аталары - сақтарды алфавиттәк жазуының болғандығын көрсетеді. Бұл жазу - Оңтүстік Сібір мен Қазақстандағы көшпелі тайпаларда руникалық алфавит тек Ү ғасырда ғана пайда болды деген бұрынғы болжамның күмәнді екенін, асфавиттік жазу одн мың жыл бұрын қолданылғандығын дәлелдейді» [5, 42 б. ] . Ғалымның көрсеткен бұл пікірінен көне түркі жазуының 2500 жыл бұрын пайда болғандығын пайымдауға болады.
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезi, түркі халықтарының тарихына, әдебиетiне, мәдениетiне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргi түркі тiлдерiмен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесi беймәлім жазу таңбаларын қазіргi тiл дамуының тұтынушысы бола отырып, дүдемал дыбыстық тiлге кодтау, код таңбаларының мәнiн көрсету, кодтың (әліпбидің) кiлтiн түзу қаншалықты қиын екенiн ескерсек, көне түркі жазуына ғалымдардың еңбегi өлшеусiз екенiн көремiз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тiл бiлiмiнде бірыңғай пiкiр қалыптастырған Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, Ә. Қайдар, Ғ. Мұсабаев, Ә. Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерiн жоғары бағалай келе, зерттеушiлердің көне түркі жазуының әліпбиiн құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берiлу тәсілдерiн, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерiн пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесi мен iшiнара дауыссыз дыбыстардың емлесi туралы сөз қозғағымыз келедi, себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне түркі жазуы қазақ жазуының қалыптасуының бір кезеңі емес пе?
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-i ғана дауысты фонеманы, ал 31-i дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тiркесiн бергенi бүгінде айқындалған жайт [6, 180 б. ] . Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариантымен тiлдегi 9 вариантын (а-е-ә, ы-i, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20- дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонеманы (б, д, ғ, й, ц, л, н, р, с, т ) берген түркі тiлдерiндегi үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты көне түркі жазуының графикасында а-е (э-ә) фонемасын белгiлейтiн таңба неге сөз iшiнде және сөз басында берiлмедi, керiсiнше, <о-ө> фонемасы нелiктен сөз басында және ортасында таңбаланды деген сауал төңiрегiнде ойланып көрелiк.
а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының таңбаларына қарағанда жиi түсiрiлiп отырған. Мысалы, (қазіргi графикамен жазсақ) дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ) . М сөз соңында жүйелi таңбаланады: бунча, йзқа (йазыңа), кче (кече) [7, 17 б. ] . Сонда таңбаланған дыбыс ашық езулiк (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған?
Ол, бiрiншiден, бiздің ойымызша, өзге “ш дауысты фонеманың КТЕ-нде белгiлену маркерлiгiмен өлшенедi. Өйткені <а/е> дауыстысынан басқа <о/у>, <ө/ү>, <ы/і> гиперфонемалары инициал позицияда да, Т-буында да жүйелi таңбаланып отырса, (ыдқ (ыдуқ, өлглi (өлгелі, ), учн (учун) ), <у>, <у> фонемалары барлық позицияда берiледi [8] . Сонда <о/у>, <ө/ү>, <ы/і> графемалары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктерi оқылады, ал бұл әріптер болмаған жағдайда <а/е (ә) > фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелiгiне қарай не [а’, не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А. Аманжолов көне түркі тiлiнде а графемасымен <а>, <е> фонемасы ғана белгiлендi десе, Ғ. Айдаров, С. Хасановалар <ә> фонемасы да таңбаланды дейдi.
Проф. Б. Сағындықұлы көне түркі тiлдерiндегi алғашқы дауысты фонема ретiнде а-ны атайды [9, 1576. ) . Сонда жиi дыбысталатын фонеманың таңбасын үнемдеу арқылы жазу экономиясы жасалған деймiз. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алдынан түсiрiлген дауыстыны қателесiп калпына келтiремiз дейтiн қауіптің көне түркі жазуын жазуын оқушылар үшін болмайтын себебi түркі тiлiнің дыбыстық ерекшелiгiн, лексикасын бiлуге байланысты. Айталық, брзун (барзун) - барсын, мңа (маңа) - маған, мн (мен) - мен сөздерi а, е әріптерiнен басталмайтынын тiлдi тұтынушы да, жазуды дыбыстық тiлге кодтаушы да бiлуi тиiс.
Ендi <ы/і> гиперфонемасының инициал және медиал позицияда таңбаланып, сөз iшiнде ескерiлмеуi [10, 18 б. ] жайлы. Гиперфонеманың сөз басында көрсетiлуiн жоғарыда <а/е (э) > фонемасының тұрмағанын бiлдiру үшін берiлдi дедiк. В. Томсен <ы/і> таңбасы салынса, <i> болып оқылады, болмаса <д>-ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген [11, 8 б. ] . Бұған қоса В. В. Радлов та КТТ-нің бiр буындыларында э (д) - дауыстысы ғана болғанын айтқан [11, 28 б. ] . Сонда бiр буынды сөздердің iшiндегi дауыстының өзгеруiн таңба салып ескертiп отырған. Жалпы, бiраз ғалымдар (Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, С. Хасанова) <и-і/ы> гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С. Е. Малов [12, 44 б. ], А. М. Щербак [11], М. Томанов, В. В. Радлов, М. Рясянен, И. Н. Кобещавидзе көне түркі тілі мен көне түркі жазуында <ы>, <i-и> оппозициясы күмәндi, мұндай жiктелiстi дәлелдейтiн фактi жоқ екенiн [13, 40 б. ], әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесімiне қарамай, жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берiлгенiн [12, 44 б. ] айтады: кгні кғ‘н, қз‘н. Тiл үндестiгiнің бұзылуын, -ның i-ге өтуiмен байланыстырады [11, 72 б. ] . <и-і/ы> дүдемалдығының бiр себебiн түркі тiлдерi дамуының белгiлi бiр кезеңiнде 1-буыннан басқа буындағы дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе құрай алмағанынан, сингормониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтун-алтын, балта-балто-балту-балты) [11, 74 б. ], себебi көп буынды сөздердің екiншi буынынан былай қарай дауыстылардың ерекше жүйесi (подсистема) болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен айрылатын бар-жоғы екi ғана фонема болып, олар аллофондарының көптiгi арқылы қолданыс табатынынан [14, 109-118 бб. ] iздеу керек. Негiзiнен көне түркі жазуындағы дауыссыздардың жуан жіңішке таңбаларын шартты деп және осыған сай тiл үндесімiне күмәнмен қарау [13, 40 б. ] <и-і/ы> фонемасына қатысты шыққан. көне түркі жазуындағы дауыстылардың графемасына (инвариантына) телiнген фонемалар өзара (негiзiнен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э) . Ал қазіргi фонологиядағы а-е (ә), о-ө, ұ-ү, ы-i жұптары жуан-жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, ерiндiкке (ө-ү) бiр графема, жуан ерiндiк, қысаңға (о-у) бiр графема берiлген жүйеде немесе керiсiнше мына жүйеде - жуан-жіңішке езулiк, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулiк қысаң (ы-i) - ауытқу бар.
Проф. А. Аманжолов дауыстылар жүйесiнің сақтала бермегенi жергiлiктi фонетиканы бiлдiре ме, елде емле тұрақсыздығын бере ме деп, äI/iI, jеti/jiti параллельдерiн көрсеткен [10] . Сонда, бiздің ойымызша, ь, -и (i) сына дауыстысының ашық езулiктен (а-е, е, э) толық ажырай коймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын көремiз. Оған қазіргi түркі тiлдерi тұрғысынан алсақ, түбірдегi жуан, жіңішке, ашық езулiкке қосымша жалғағанда қысаң езулiктер сәйкесетiнi дәлел. М. Томанов ұйғыр тiлiндегi е дыбысы бар сөзге аффикс жалғанғанда е-е, көпбуынды сөздердің соңғы буынында и-ге айналатынын, е дауыстысы көне түркілiк а дауыстысының көрінісi екенiн, а фонемасы о, е, и-ға сәйкескенiн айтады [15, 51] .
Ендi көне түркі жазуындағы ерiндiк графемалардың (о-у, ө-ү) таңбалануын және ерiн үндестiгiнің берiлуi туралы. Көне түркі жазуында <о/у> гиперфонемасы бір таңбамен, о/ү бiр таңбамен берілген. Ерiндiк дауыстылардың графемасы жуан-жіңішкелiкпен айрылған. Сонда од (уақыт), үч (үш), күн сөздерiн [у], [е] дыбысы арқылы да оқуға болады. Көне түркі жазуына қатысты зерттеулерде және көне түркі жазуының оқылуына қатысты еңбектерде бұл графема қандай белгiге сүйенiп <о> не <у> болын оқылатыны айтылмайды. дегенмен, мынадай ерекшелiктi байкауға болады. Ескерткiштерде ө-ү, о-у графемасы <о>, <ө > фонемасының орнына жұмсалған да сөз басында және 1 буында ғана жазылған [7, 20 б., 80 б. ], ал <ү>, <ұ> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чолг (гаоядiк, кунтуз (күндіз), iлгеру (iлгеру), й агру [8] .
Сонда 1 буындағы <ө>, <о> фонемаларының кейiнгi буынды ерiндiкке айналдыра алмауының, ал <ү>, <ұ> фонемаларынан кейiнгi буында да <ү>, <ұ> сәйкесетiнiн қалай түсiндiруге болады? Жалпы, көне түркі жазуы зерттеушiлердің барлығы жазбаларда тiл үндестiгi жаппай сақталатынын, тiптi жуан езулiк пен жуан ерiндiк қатар келе беретiнiн (алтун, азулы), ал ерiн үндестiгiнің ауытқуы көп екенiн мақұлдайды (көңүл-көңл, өтуз-отыз т. б. ) . Ерiндiк күшi де қазіргi ерiндiк фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ. Айдаров көне түркі жазуында <о> кейiнгi буында <а> <у>-ға сәйкессе, <ө> - <ү> - ге, <е>- ге сәйкесетiнiн көрсеткен [8, 506. ], яғни ерiндiк сапасының күштiлiгi ө-ү-о-ұ қатынасында. В. Томсен: буквенная письменность, в которой те или иные знаки для одного звука чередуются в зависимости от того, какой знак за ним следует или стоит впереди” [16, 140 б. ] деген. И. Н. Кобешавидзе: алфавит замечателен тем, что он в большой мере отражает систему дифференциальных признаков фонем, нежели самых фонетических единиц” дей отырып, морфонологиялық негiзге құрылған деп анықтайды [13, 416. ] . Сонда <о>-дан басқа ерiндiктердің өзінен кейiнгi дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелi түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуын диалектiлiк ерекшелiктердi де, фонетикалық алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма деген ойға қаламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz