Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Саяси шиеленіс теориясында бұрыннан қалыптасқан жіктеу түрлері құбылысты қантөгістің деңгейіне, қарудың қолданылуына, ұзақтығына, үшінші жақтың қатысына қарай талдайды. 90-жылдардың басынан бергі осы тақырыпқа қатысты жарық көрген еңбектерге ден қойсақ, Ресей ғалымдарының көпшілігі этностық шиеленістің типологиясын жасауға тырысқан. Э.Паин мен А.Поповтан бастап, қазіргі зерттеушілер А.Ямсков пен В.Тишковтың еңбектерінен осы заманғы ең күрделі саяси-әлеуметтік құбылыстардың бірі саналатын этностық шиеленісті жүйелеуге деген ұмтылысты байқаймыз.
Шиеленісті бейтарап ұғым, кез-келген қоғамда міндетті түрде кездесетін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырар болсақ, американ ғалымы К.Зюрхердің қарапайым тәсілі көңілге қонымды көрінеді. Кавказдағы алды алынған және соғысқа ұласқан қақтығыстарды зерттеген ол, этностық шиеленісті шиеленіс және қиян-кескі шиеленіс (violent conflict) деп екіге бөледі. Оның айтуынша, шиеленіс дегеніміз - екі немесе одан да көп топтардың өзара сәйкес келмейтін жеке мүдделерін қорғауға ұмтылу процесі. Олардың әрқайсысы қарсы топтың өз мақсатына жетудегі әлеуетін тікелей, не жанама түрде әлсіретуге күш салады. Демек, шиеленіс дегеніміз - институционалданған шеңбер ішіндегі ресурстар мен символдар үшін күрес [1]. Ал, қиян-кескі шиеленісте бір тарап өз мақсатына жету жолында екінші тараптың мүлкін тартып алуға немесе қиратуға, болмаса, мақсатты түрде күш қолдана отырып, екінші тарапты жарақаттауға, жойып жіберуге күш салады.
М.Эсман осы екі типтің арасындағы үшінші аралық тип ретінде этностық бүлік категориясын ұсынады. Оның айтуынша, этностық бүлік көбіне шағын аумақта, шұғыл болғанымен, талқандайтын күшке ие және көбіне тым зұлмат болып келеді. Кейбір этностық бүліктер үкіметтің әділетсіз, пәрменді дискриминациялық ұстанымына және немқұрайдылығына деген наразылықтың жинақталған көрінісі болып шығады [2]. Автор бейбіт этностық шиеленіс ұғымының аясына үгіт-насихат, келіссөз, сайлау, сотқа беру, үкімет өкілдерін және заң шығарушыларды өз пікіріне сендіру сияқты бейбіт күрес әдістерін қолданатын этностық қарым-қатынасты жатқызады. Этностық реңкі бар қайшылықтарды талдағанда, конструктивті шиеленіс ұғымын естен шығармаған абзал. Себебі этностық негіздегі шиеленістердің барлығы бірыңғай қақтығысқа ұласа бермейтіні белгілі және кез-келген этностық топтардың арасында латентті жағдайда шиеленістер үнемі болып жататынын ескерген жөн.
Э.Паин мен А.Попов этностық шиеленістерді стереотиптер шиеленісі, идеялар шиеленісі және әрекеттер шиеленісі деп үш түрге бөледі. Стереотиптер шиеленісі кезінде екі жақ өзара қарама-қайшылықтың себебін толық түсіне қоймағанымен, бір-бірі туралы жағымсыз пікір қалыптастырады. Идеялар шиеленісі тұсында екі жақ стереотиппен шектелмей, бір-біріне ашық айып тағып, тарихи фактілерді алға тартып, қатаң саяси талап қояды. Ал, әрекеттер шиеленісі кезінде этноәлеуметтік негіздегі іс-шаралар - митингілер, демонстрация, пикеттер өтеді, сондай-ақ, институционалданған шешімдер қабылданып, ашық қақтығыстар болуы мүмкін.
Классификацияның бұл түрі шиеленістің кезеңдерін сипаттауға көбірек ұқсайды. Дегенмен, бұл құбылыстардың көбіне бір-бірімен қатарласа, аралас жүретінін, әрі алма-кезек қайталанып отыратынын да ескерген жөн. Айталық, Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабаққа байланысты текетірес, қазір, стереотиптер және идеялар шиеленісі түрінде жүріп жатыр, егер, ол шешілмеген жағдайда бұл қарулы қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін деген болжамдар бар.
Қазақстан мен Ресей ғалымдары саяси шиеленістерді қарулы шиеленіс, әскери шиеленіс және соғыс [3] деп интенсивтілігіне қарай топтайды. Қарулы шиеленіс ауқымы жағынан шағын, тіпті, көшедегі қарулы төбелесті, демонстранттар арасындағы қақтығысты осыған жатқыза аламыз. Ал, әскери шиеленіс оған қарағанда, ауқымды, бірақ мақсаттары, пайдаланған құралдары және көлемі жағынан шектеулі, әскери құрылымдар араласқан қақтығыс.
Зерттеушілер арасында этносқа негізделген шиеленістерді қоғамдық өмір саласына қарай саяси, экономикалық және мәдени деп жіктеу қалыптасқан. Алайда, сарапшылар мұндай жіктеудің өзін шартты түрдегі нәрсе дейді де, шынайы жағдайда этностық шиеленістер қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитынын ерекше атап өтеді. Тек, мәдени немесе экономикалық, не саяси этностық шиеленістер кездеспейді десе де болады. Себебі, этностық негіздегі түсініспеушіліктің өзі қордаланған проблемалар жиынтығынан тұрады.
М.Эсман Палестина мен Израиль арасындағы жерге иелік етуге қатысты кикілжіңді саяси сипаттағы этностық шиеленістің айқын үлгісіне жатқызады. Бірақ, мұнда арабтар мен еврейлер арасында бұрыннан қалыптасқан мәдени-рухани, діни алшақтықтың, сыртқы әлеммен байланысы қиындап кеткен Палестинаның экономикалық қауіпсіздігі мәселесінің қатысы жоқ деп айта алмаймыз. Керісінше, этностық стереотиптерге негізделген тұрмыстық алауыздық үлкен саяси дағдарысқа себепші болып отырғаны белгілі. М.Эсман этностық азшылықтардың мемлекеттік саясаттан қысым көріп отырғанын айтып, бүлік шығаруын саяси негіздегі этностық шиеленіске жатқызады.
Сарапшылардың бір тобы этностық шиеленістердің барлығы экономикалық себептерден бастау алады, себебі кез-келген кикілжіңнің артында экономикалық ресурстарды бақылау, оларға қол жеткізу және оның игілігін көру мақсаты жатыр деп есептейді. Д.Хоровиц экономикалық этностық шиеленістің үш түрлі сипаттамасын береді [4]. Біріншіден, материалистік идеологияда этностық шиеленіс жұмысшы табын басты мақсаттарынан адастыру үшін әдейі ойлап табылған жасанды құбылыс ретінде сипатталады. Ол мүлде жоқ немесе қаупі мардымсыз жауларды нысана етіп алады да, нағыз жаулардан, шынайы мәселелерден, айталық, билеуші таптан назарды басқа жаққа аударады. Материалистердің екінші теориясы бойынша, экономикалық этностық шиеленіс жұмысшы табындағы рационалды бәсекенің нәтижесінде туындайды. Жұмыс берушілер бір этностық топтың жұмыс күшін пайдалану арқылы екінші топтың жалақысын азайтуды мақсат тұтады. Жоғары жалақы сұрайтын топтар не нарықтан кетіп тынады, не олар аз ақша сұрауға мәжбүр болады. Бұл екі топ арасында алауыздық туындатады. Үшінші теория - Эдна Боначихтің Делдал азшылық және қабылдаушы ел (middleman minorities and their host societies) теориясы. Белгілі бір қоғамның экономикалық өміріне дендеп енген этностық азшылық өкілдері сол елдегі тұтынушы мен өндірушінің, жұмыс беруші мен қызметкердің, қожайын мен жалға алушының арасында делдал бола жүріп, елдегі қалыптасқан бизнес жүргізу дәстүріне өзгеріс енгізіп, түрлі этностық топтар арасында түсініспеушіліктің туындауына себепкер болады. Д.Хоровицтің дамыған топ пен мешеу топ арасындағы қақтығыс теориясы да осы экономикалық этностық шиеленіс теориясының ең бір маңызды бөлігі.
Адамзат тарихында болған ұлтаралық қақтығыстардың арасында мәдени этностық шиеленіс деп анықтама беруге тұрарлық оқиғалар жиі кездеседі. Мәдени шиеленіс кезінде этностық топты дараландырып тұрған тілі, діні, дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы басты орынға шығады. Мәселен, Шри-Ланка мен Суданда тілдің қолданыс аясы үшін болған дау-дамай кесірінен қарулы қақтығыстар болды. А.Ямсковтың ойынша, этностық шиеленістер әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тілдік, аумақтық-мәртебелік, сепаратистік-ирредентистік болып бөлінуі керек. Алғашқы екеуінің мағынасы түсінікті. Ал, аумақтық-мәртебелік шиеленіс этноаумақтық автономияның шекарасын, заңдық мәртебесін және шынайы билік өкілетін кеңейту жөнінде талаптар қоюға негізделген болса, сепаратистік-ирредентистік шиеленістер этникалық азшылықтың өз дербес мемлекетін құру немесе көрші жатқан негізгі отанымен, не мәдени-тарихи тұрғыдан бауырлас мемлекетпен бірігу туралы талабының негізінде қалыптасады [5]. Ресей ғалымы этностық шиеленістің бұл түрін ең қауіпті әрі шешуі қиын шиеленіс түріне жатқызады, әрі оны шешудің екі ғана жолын көрсетеді: оны күшпен басу немесе ол екі бөлек қоғамға бөлінуге мәжбүр болады, шиеленіс шығарушы топтың эмиграциясынан (депортациялануынан) кейін полиэтникалық қоғамның құрамы біржола өзгереді.
Америкалық зерттеуші Дэвид Кармент халықаралық ауқымдағы этностық шиеленістің үш түрін атап көрсетеді. Олардың ішінде ең жиі кездесетін түрі - ирредентистік шиеленіс. Бұған алты соғысты бастан кешірген Араб-Израиль жанжалын, Кипрға қатысты шиеленісі және Үндістан мен Пәкістанның Кашмир үшін таласын жатқызуға болады. Ирредентистік шиеленістегі басты ойыншылар - мемлекеттер. Шиеленістен тыс жатқан мемлекеттердің оған араласуын инструменталистік тұрғыдан түсіндіруге болады, егер, ирредентистік шиеленіс кезінде этнос факторы маңызды рөл ойнайтын болса (мәселен, Түркия мен Грекияның Кипр ісіне араласуы), онда мұны эмоционалды және инструменталды тұрғыдан түсіндіреміз [6].
Карменттің пайымдауынша, сепаратистік шиеленістердің көпшілігі үшінші мемлекеттердің араласуымен, өз бетімен тағайындалған бітімгерлік күштердің жіберілуімен немесе ірі державалардың килігуімен мемлекетаралық шиеленіске ұласады. Жанжалдың үшінші түрі - отаршылдыққа қарсы этностық шиеленіс. Мұның ирредентистік және сепаратистік шиеленістерден айырмашылығы - ол еркіндікке аса ынталы этностық топ пен отарлаушы держава арасында өрбиді. Дегенмен, мұнда да біз бұл теорияны біздің заманымызда болған шиеленістерге қатысты пайдалануда кедергілерге тап боламыз. Айталық, Шешенстандағы қарулы жасақтар шешен ұлтын Ресей Федерациясынан тәуелсіз ету жолында күрестік десе, ал, ресми тұрғыдан бұл соғыс сепаратистік сипаттағы қақтығыс деп танылады. Мұндай идеологиялық тұрғыдан тым шиеленіскен мемлекетаралық шиеленістерді кикілжіңнің қандай да бір түріне жатқызу екі тараптың бірінің ұстанымын қолдау сияқты болып көрінуі мүмкін.
Жоғарыдағы материалды әзірлеу барысында оқылған әдебиеттерді жинақтай келе, этностық шиеленісті жіктеудің мынадай үлгісін ұсынамыз.
1. Қатысушы тараптардың ерекшеліктеріне және этностық шиеленістің құрылымына байланысты:
а) Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс.
ә) Этностық топ пен этностық топ арасындағы шиеленіс.
б) Мемлекет пен мемлекет арасындағы шиеленіс.
в) Үшінші жақтың араласуынан туындаған шиеленіс.
Бұлай жіктеу бізге, ең алдымен, шиеленіске қатысы бар тараптарды анықтап, олардың шиеленіске араласу деңгейін бағамдап, шиеленістің табиғатын түсініп, тараптардың бір-біріне қояр кінәсін талдап, шиеленісті шешу тактикасын дұрыс айқындауға жәрдемдеседі.
2. Шиеленістің тарихи бастауларына қарай:
а) Отар ел мен отарлаушы ел арасындағы шиеленіс.
ә) Бір мемлекет ішіндегі отаршылдықта болмаған ұлттардың немесе көрші мемлекеттердің арасындағы шиеленіс.
Бұл екі категориядағы шиеленістер бір-біріне мүлде ұқсамайтын қоғамдық-саяси жағдай аясында өрбитіндіктен, екеуінің арасын ажыратып алу өте маңызды. Себебі, отар ел мен отарлаушы ел арасындағы бір-біріне қатысты стереотипке негізделген тарихи сана ғасырлар өтсе де, ұлттың жадында қалып қояды және ол этностық шиеленістің жүру барысына тікелей әсер етеді.
3. Этностық шиеленістердің нәтижесіне байланысты:
а) Бейбіт реттеліп, шешілген шиеленіс.
ә) Күш қолдану әдісімен шешілген шиеленіс.
б) Тығырыққа тірелген жағдайда қалған шиеленіс.
в) Қиян-кескі түрден конструктивті түрге ауысып, әрі қарай жалғасқан шиеленіс.
Кикілжіңнің нәтижесіне қол жеткізу әдістері де сан-алуан болуы мүмкін. Мәселен, кей жағдайларда кикілжіңді шешудің бір жолы - бір ұлттың өкілдерін елден депортациялауға тура келеді, ал, бұл күш қолдануға жатады, егер, ол ұлт өкілдері өз еріктерімен эмиграцияға кетсе, онда бұл бейбіт реттелген кикілжіңге жатқызылады.
4. Қоғамдық өмірдің саласына қатысты:
а) Мәдени-тілдік шиеленіс.
ә) Саяси шиеленіс.
б) Әлеуметтік-экономикалық шиеленіс.
Бұл құбылысты жүйелеп, реттеуде басқа да зерттеуші ғалымдардың теорияларын қатыс - тыра отырып, классификациялауды әрі қарай жалғастыра беруге болады. Әсіресе, Д.Хоровицтің еңбектерінде құбылысты талдауға қатысты концептуалды ұсыныстарды негізге алып, классификация ауқымын кеңейтсек, адамзат қоғамында жиі кездесетін мұндай құбылыстардың алдын алу және реттеу механизмдерін одан сайын жетілдіре түсуге болады.
Этностық шие - леністерді классификациялау және типтеу - үнемі жетіліп, түрлі зерттеушілердің ұсыныс-пікірлері нәтижесінде байып отыратын ұзақ процесс. Этностық шиеленістерді жіктеу процестің табиғатын түсініп, оған тиісті механизмдерді қолдана отырып, әсер етуге мүмкіндік береді. Дегенмен, басқа әлеуметтік шиеленістермен ұқсас болып келетіндіктен, этностық шиеленісті жіктеудің кез-келген түрі шартты болып келеді.
Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.
Əлеуметтік жанжалдың тек екі не одан да көп мемлекеттердің мақсаттары бір-бірімен келіспейтін жағдайда ғана туындайды. Осыдан қорыта айтқанда жанжалдың болмауы мүмкін емес жайт. Жанжалдың өмір сүруі теңсіздіктің болуына байланысты. Р. Дарендорфтың теориясы бойынша жанжалды бақылауда негізгі үш мəселесі құнды. Біріншіден, құндылықтардың маңыздылығы. Кез келген мемлекет жанжалдың ситуациялық маңызын түсінуі қажет, əрі оның маңыздылығы жанжалдың өмір сүру құқығында. Басқаша айтқанда, жанжалды басқару мүмкін емес, егер жанжалға түсушілердің біреуі оның оппоненті жоқ деп айтқан жағдайда жəне оның өзіндік ойы жоқ болған жағдайда жанжалды басқару мүмкін емес.
Екіншіден, жанжалды бақылаудың маңызды кезеңі болып мемлекеттердің ұйымдастыру қабілеті болып табылады: мемлекеттердің ұйымдастыруы көбірек болса, келісімге келу жəне келісімнің мақсатына жету жолдары жеңіл болады. Ал керісінше болған жағдайда жанжалдың өрлеуіне жəне қателіктерге алып келеді.Үшіншіден, екі жанжалдаушы бір-бірімен келісімге келіп, салыстырмалы түрде ойынның белгілі бір шарттарын теңдей қабылдауы қажет жəне осы шарттарды бұзбаған жағдайда ғана келісімге келу процесі мүмкін болады. Бұл шарттар екі жаққа да теңдей құқық пен мүмкіндіктер беруі қажет, яғни, олардың өзара қатынастарында кейбір теңдестікті қамтамасыз етуі қажет. Р. Дарендорфқа қарағанда ағылшын социологы Э. Гидденс жанжалды қарастырғанда мынадай терминдерді түсіндіреді: 1) "қарама-қайшылық", 2) "жанжал". Оның болжамы бойынша қарама- қайшылықтың артынан əрдайым жанжал туындайды. Қарама-қайшылықтың жанжалға айналуы үшін қызығушылықтың қарама-қайшы екенін түсіну қажет жəне соған қатысты мінез-құлықтың мотивациясының болуын қажет етеді. Жанжал деп ол қатынасқа түсіп отырған адамдардың немесе топтардың арасындағы шынайы күресті түсінген. Басқаша айтқанда Э. Гидденстің көзқарасын этникалық қарама-қайшылықта топты иерархиялық əсері жəне теңсіздік бар деген көзқарасқа бағыттасаң, онда ол бастапқы кезден-ақ ішкі қарама- қайшылық, бұл жағдай латентті жанжалдастық деп аталады, алайда жанжал тек қызығушылық- тардың, пікірлердің қарама-қайшылықтары мойындалған əрі тұжырымдалғанда жағдай қозғалысы- ның импульсі болып табылады, бұл жағдайда этникалық мотивациялық функциясы оның мобилизацияландыру кезеңіне кетеді [1].
Жанжалдық ситуацияларда қарама-қайшылық көп кездеседі. Олар адамдар қауымдастықтары- ның біркелкілігімен сипатталады. Көп этносаралық жанжалдарға барлық этностар қатыспайды, оған өзіне бір қарама-қайшылықты сезілетін жəне мойындайтын этностық топ болуы да мүмкін, яғни, жанжалға апаратын этностық топ. Жанжал - ол қарама-қайшылықты, проблемаларды шешу жолдары болып табылады, ал олар əр түрлі болуы мүмкін.
Ұлтаралық жанжал азаматтық, саяси немесе қаруланған қақтығыстың формасы ретінде анықталуы мүмкін, сол себепті де мемлекеттер немесе бір мемлекет мобилизацияланады, этникалық белгілері бойынша жапа шегуі мүмкін.
Ұлтаралық жанжалды "таза түрде" табу қиын, себебі олар табиғатта шынайы өмір сүрмейді. Шынында да, бір мемлекет екінші бір мемлекетпен этникалық айырмашылықтар немесе антагонизмдер үшін жанжалға түскен кездер беймəлім.
Табиғатты түсінбеушіліктен жəне ұлтаралық жанжалдардың маңызын түсінбегендіктен бəсекелер пайда болады. Молдавандықтардың айтуы бойынша, олардың орыстармен жанжалдары жоқ, бұл коммунистік режимнің Приднестровка қарсылығы. Шешендік жанжалды да көпшілігі этносаралық жанжал деп есептемейді, оны жекеменшіліктің қылмыстық шегі деп есептейді.
Мұндай баға берулер топтық агрессияның пайда болуымен жəне халыққа деген өшпенділік жеке адамның құндылықтарын төмендетуімен пайда болады. Ал басқа жағымен қарастырар болсақ, мұндай бағалаулар көбінде қандайда бір топқа дискриминацияның қолданылуы немесе этникалық топтың спецификалық қызығушылығы болуын мойындамаудан болады.
Əсіресе, мұндай ұлттың қозғалыстағы қарсылық бағалары мына мемлекеттерде болды. При- балтика, Грузия, Татарстан көптеген ғалымдар оларды саяси қозғалыс деп қарастырады, кейбіреулері КСРО-дан бөліну үшін жасалынған қозғалыс десе, енді біреулері антикеңестік деп қарастырады.
Əлеуметтанушы А.Г. Здравомыслов ұлттық қозғалысты этнос аралық жанжалдың бір формасы ретінде қарастырылады, ал олар өзінің құрамында ұлттық-этникалық мотивацияны қамтиды. Этносаралық жанжалдардың өзіндік табиғаты əр қилы болып келеді. Жанжал термині қақтығысу деген мағына береді. Жанжалдан түсінетініміз қызығушылықтардың қақтығысы, тараптардың қақтығысы, қозғалыстың сол немесе басқа субъектілердің мақсатқа ұмтылуларының қақтығысы. Субъект бола алатындар мыналар: жеке саяси көшбасшылар, этникалық топтар, мемлекет, əскери- саяси блогтар. Жанжалдың себептері: территориялық проблемалар, тілдік, экономикалық жəне діни мəселелер болып табылады. Жанжал масштабы бойынша былай анықталады: тұлғадан этносқа дейін, ұжымнан мемлекетке дейін, онда этностың атынан саяси партиялар, мекемелер жəне жалпы қозғалыстар қатысады. Жанжалдың көп нұсқалы моделі болған жағдайда модельдерді таңдау жанжалдың типіне байланысты болады. Этносаралық жанжалдың екі типтік классификациясы бар: біреуі жанжалдасқан жақтардың мінез-құлық қозғалысына байланысты, екіншісі, жанжалдың мазмұнына байланысты. Этникалық жанжал өте тез ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz