Қазақ жазуының латын əліпбиіне ауысу мəні мен күн тəртібінде қамтылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Графика
Графика (гр. graphike -- жазылған, өрнектелген) -- графемалар, тыныс, екпін белгілер і т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі жəне оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы əріптерінің жазылуы тəсіліне жəне өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу Графикасындағы əріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Əліпби - арғы тегі гректің alphabetos, яғни альфа жəне бета деген басқы əріптердің атынан алынған атау. Ол жеке дыбыстық элементтерді символ арқылы бейнелеп, тілдегі сөздердің дыбыстық келбетін бейнелейтін таңбалар жүйесі. Əліпбидің дүниеге келуі кез келген табиғи тілдердегі мəтінді жазуға мүмкіншілік берді. Жазудың шығуы мəдениеттің дамуына көп əсер етті. Тіл өзінің өмірдің түрлі салаларындағы қызметін кеңейтті, дамудың жаңа жолына түсіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Қай қоғамда, қай елде болмасын əліпби жасау немесе оны ауыстыру - бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мəселе. Сондықтан ол - саяси, мəдени, лингвистикалық, əлеуметтік лингвистикалық, əлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды əрі күрделі проблема.
3. Қазақ жазуының латын əліпбиіне ауысу мəні мен күн тəртібінде қамтылуы.
2006 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: Латын əліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мəселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын əліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын əліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мəселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын əліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ, - дей келе Қазақ əліпбиін латынға көшіру жөніндегі мəселеге қайта оралу керек. Мамандар жарты жылдың ішінде мəселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Əлбетте біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай оның плюстері мен минустарын зерделеп алуымыз керек, - деген еді.
Бұл мəселе бұдан кейін Елбасының Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында тағы көтерілді. Онда: Біз 2025 жылдан бастап, əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады, - деп осы жолы бұл мəселеге нүкте қойды
Қазақстанда қабылданған латын əліпбиіне 2025 жылға дейін кезеңкезеңімен көшу жоспарлануда. Бірінші, 2018-20 жылдар аралығында ғылымиəдістемелік базаны дайындалады. Яғни, емле ережесін тізіп шығу, жер-су аттарын латынға көшіру, түсіндірме сөздігін жəне түрлі деңгейдегі оқулықтар дайындалады. Сонымен бірге халық арасында əліпбиді енгізу сынағы қатар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін үкіметтен арнайы орфографиялық, терминологиялық, əдістемелік жəне IT технология мамандарынан төрт топ құрылған. Ал, 2022 жылдан бастап, бастауыш мектеп оқушылары латын алфавитімен сауат ашады. 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын əліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр. Бір ескере кететін жайт, 2018-20 жылдар аралығында əліпби енгізу сынақтан жақсы нəтижемен өтсе, бастауыш мектеп оқушылары латын
Мына сызбанұсқада латын əліпбиінің əлемде таралуы көрсетілген.
1. Латын əліпбиі əлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын əлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы əліпбиге көшкен.
2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Əрбір жаңа тіл - жаңа əлем. Оның үстіне, латын тілі - жаңа технология тілі, ғаламтор тілі.
3. 1929-1940 жылдары латын əліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек.
4. Бүгінде əлемнің əр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын əліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.
5. Əліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ графикасы -- қоғамдағы түрлі тарихи-əлеуметтік өзгерістерге сəйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирилл жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. Қазақ тілінің əліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық əліпби деңгейіне жету жолы:
1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда ОрхонЕнесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.
2.X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін қолданылды.
3.1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына реформа жасап Жаңа емле деп аталатын жаңа əліпбиді пайдалануға мүмкіндік берді.
4.1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген Бірыңғай түркі əліпбиі қолданыста болды.
5.1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл əліпбиі қолданып келеміз.
Көне түркі жазуы - (басқаша Орхон-Енесей жазуы) -- V ғ. б.з.б. -- X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне
Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Енисей ескерткіштері.
2.Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Араб жазуы - (араб.: َّیة ِ ْب َجِدَّی َ ة ع َرب َ أ əбджəдийə 'арабия) -- ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба əріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас əріптері болмайды. Əріптер бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуында 28 əріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады. Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанст ан, Кавказ елдері жəне Орта Азия, т. б.) қолданылады.
Жаңа емле жазуы: 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды. Реформалауға не түрткі болды дегенге келсек, дəстүрлі араб жазуында:
біріншіден, бір дыбысты жазу үшін бірнеше əріптер пайдаланылатын;
екіншіден, сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің мағынасын түсіну қиындық тудыратын;
үшіншіден, араб əліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды;
төртіншіден, мұсылманша сауат ашу əдісінде əріптердің таза араб тіліндегі дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін;
бесіншіден, ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, ескі тілдің сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың мүддесіне қызмет ететін.
Аталған жазудың осындай кемшіліктері халықты сауаттандыру ісін тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді. А.Байтұрсынұлы бір халықтың əліпби (алфавит) жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне икемдеп, үйлестіру қажеттігін, олай етпеген жағдайда əріп мəселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ашық түрде айтқан еді.
Бірыңғай түркі əліпбиі - Қазақ тілінің өзіне тəн 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 əріп арналады.
Қабылданған əліпбидің артықшылығы:
1. Бір дыбыс - бір əріп принципі қатаң сақталды;
2. Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
3. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
4. Кірме əріптер жоқ;
5. Жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қазақ кирилл əліпбиі- 1938-39 жж. латын графикасына негізделген əліпбиді орыс графикасына ауыстыру мəселесі қызу талқыға түсе бастайды.
1939 жылы 10 тамызда алғашқы əліпби жоба жарияланады. Жобада 40 əріп: а, ə, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тəрізді жобалардан кейін 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын жəне кірме əріптердің қазақ əліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді.
5. Латын əліпбиін таңдауымыздың себебі не?
Жалпы қай əліпбиді таңдасақ та ондағы таңбалар қазақ тілінің өзіндік дыбыстық жүйесіне сай келсе болғаны. Əліпбиде жат дыбыстар болмауы керек. Басқаша айтқанда, мынадай орыс сөзін қалай жазамыз деп орыс тілінің дыбысын, ағылшын сөзін жазамыз деп ағылшын тілінің дыбысын алуға болмайды. Олай ететін болсақ, əліпби ауыстырудың қажеттілігі жоқ. Қарап отырсақ, кирилл əліпбиінің иесі - орыстар, армян жазуының иесі - армяндар, иероглиф - қытайдікі, араб - жазуы арабтікі, ал латын əліпбиі барлық тілдерге ортақ. Өйткені латын тілі - тек жазуда ғана қолданылатын өлі тіл. Сондықтан оны ағылшын да, француз да, түрік тілді халықтар оқи алады

Орфография
Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография (гректің орфос -- дұрыс, түзу жəне графия -- жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бəріне ортақ оның жазу ережелері болады. Əркім өзінше əр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жəмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дəстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер əуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дəстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы жəне естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары -- жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип бойынша жазылмайды. Сөздердің көпшілігі морфологиялық принцип бойынша жазылса да, фонетикалык жəне дəстүрлі принциптер бойынша да жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің

ОРФОЭПИЯ.
Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (орфос -- гректің дұрыс, түзу жəне эпос -- сөйлеу, сөз дегендерінен алынған) деп аталады. Сөздер мен сөз тіркесінін айтылуы мен жазылуы əрдайым бірдей бола бермейді. Мысалы, барған, балалар, алтын сағат, жастар бригадасы сияқты сөздер мен сөз тіркестері бірдей айтылады жəне жазылады. Ал, ішсе, сенбе, ақ ешкі, сақ бол, құлын, өрік, көз салды сияқты сөздер мен тіркестер осылай жазылса да, іш-ше, сем-бе, ағ ешкі, сақ пол, құлұн, өрүк, көс салды болып айтылады. Сөздердің орфоэпиялық нормалары орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіліп отырады.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТƏРТІБІ.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген -- оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың əсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауссыз дыбыстардың жіктелу кестесін жəне үндестік заңындағы ережелерді негізге ала отырып талдау қажет. Мысалы, кітабым, əсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
к -- дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
і -- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
т -- дауыссыз, қатаң, тіс, шұгыл дыбыс.
а -- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
б -- дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
ы -- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
м -- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
7 әр., 7 дыб. 3 буын: ВА-ВА-ВАВ. 2 тасымал
Кітап сөзінің соңғы п дыбысы қосымшаның (жіктік жалғауының 3-жағы) алғашқы ы дауысты дыбысының əсерінен ұяңданып, б дыбысына өзгерген.
Əсемпаз:
ə -- дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
С -- дауыссыз, катаң, тіс, ызың дыбыс.
е -- дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
м -- дауыссыз, үнді (сонор) ,мұрын жолды дыбыс.
п -- дауыссыз, қатаң, ерін, шұғыл дыбыс.
а -- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
з -- дауыссыз, ұяң, тіс, ызың дыбыс.
7ә. 7д, 3буын. А-ВАВ-ВАВ, 2 тасымал

№6-сұрақ. ЛЕКСИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
Лексика (грекше лексикос -- сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердіңжиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады.
Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз.
Лексика лексикология, семасиология, этимология жəне лексикография деген салалардан тұрады.
1. Лексикология -- сөз туралы ілім (лексикос -- сөз жəне логос -- ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.
2. Семасиология (гректің семантикос -- білдіру, мəн жəне логос -- ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мəнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.
3. Этимология -- сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын,дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мəн-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мəн бере бермейміз.
Кітап -- китабун деген араб сөзі, дос -- дост деген парсы сөзі, бөкебай -- пуховый деген орыс сөзі, ал биыл -- бұл+йыл(жыл), сексен -- сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.
4. Лексикография (гректін лексикос -- сөз жəне графос -- жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мəні жағынан түрлі-түрлі болып келеді.
Сөздіктегі сөздер алфавит тəртібімен беріледі.
Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:
Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956 -- 1961 жылдары екі томдық, кейін 1974 -- 86 жылдары он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" жарық көрді.
Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; "Орысша-қазақша сөздік", "Қазақша-орысша сөздік". "Парсыша-қазақша сөздік", "Ағылшынша-қазақша сөздік" т. б. Сондайақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың "Дивану лұғат-ит түрік" (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), "Кодекс Куманикус (қыпшақшанемісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық "Опыт словаря тюркских наречий" (түркі тілдерінің сөздері орыс жəне неміс тілдеріне аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897 -- 1911 ж.) осы сөздіктер қатарына жатады.
Терминологиялық сөздік тілдегі əр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мəнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде əр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Этимологиялық сөздік -- тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі" жарық көрді.
Орфографиялық сөздік -- тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік бар.
Орфоэпиялық сөздік -- тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.
Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақынжазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.
№7-сұрақ. Антоним, омоним, синоним сөздердің қолданысы
Антоним (гр. аnti - қарсы, ynyna - ат, атау ) - мəн-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың əр сөз табына қатысы
нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты
кедей, не болмаса, мүлдем антоним кездеспеуі де мүмкін [ 1,44 бет].
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ə.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев
т.б.ғалымдардың еңбектерінде антонимдер əр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Ғалым К.Аханов ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды
салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде жəне осы тəсіл арқылы айтылатын
ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді
шебер қолданудың нəтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мəнерлі болып
келеді" деген
Сол себептен антонимдер өте - мөте мақал - мəтелдерде жиі қолданылады.
Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог - ғалымдар Ə.Болғанбаев пен
Ғ.Қалиев былай көрсеткен:
1.Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім
артық.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі,
қорқақ мың рет өледі.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.
4. Фразеологизмдер нақты мəтіндерде бір - біріне қарама - қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік
қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік - тіл қысқа, қарға адым жер - ит өлген жер [5, 120 бет].
Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды -
көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады [5, 49 бет].
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті жəне эквиполентті
антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.
Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дəрежесін
білдіреді.
Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес.
Бұл қатарға əр түрлі (бар - жоқ) жəне түбірлес (жанды - жансыз, таныс - бейтаныс) лексемалар енеді.
Эквиполентті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын графикасына ауысудың тиімділігі
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Қазақ жазу тарихы
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы
Пәндер