Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ержигитова А. Ж.
«Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В020500- «Филология» мамандығы бойынша
Алматы, 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама №___ «__» 2019.
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. д., профессорТ. Н. Ермекова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты»
5В020500-«Филология» мамандығы бойынша
Орындаған: 4-курс А. Ж. Ержигитова
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Г. А. Ескермесова
Алматы, 2019
Реферат
Жұмыстың көлемі - 83 бет
Пайдаланылған әдебиеттер - 29
Тірек сөздер - лингвомәдениет, этнолингвистика, этимология
Мақсаты. «Бас киім» ұғымының қазақ халқының қоғамдық өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау.
Міндеттер:
- «бас киім» ұғымын антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. «бас киім» ұғымының бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- «бас киім» ұғымына қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;
- «бас киім» ұғымына қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;
- «бас киім» ұғымына қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік
деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету.
Қолданылатын әдістер: Зерттеу мәселесіне қатысты ұғымын айқындау үшін семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.
Нәтиже: Зеттеу нәтижесінде «бас киім» ұғымы мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне талдау жасалынып, фразеологизмдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, ұлттық стереотиптер анықталды және олар лексика-семантикалық топтарға жіктелінді.
Практикада қолданылуы: Зерттеу нәтижелерін «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда қолдануға болады.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 КИІМ АТАУЛАРЫ - ҰЛТТЫҚ ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
- Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы . . . 8
1. 2 Ұлттық киім атаулары - лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың ортақ нысаны . . . 17
1. 3 Киім және бас киімдер, оның лексика-семантикалық топтары . . . 25
1. 4 Ерлердің бас киім атаулары . . . 32
1. 5 Жауынгерлік бас киім атаулары . . . 38
1. 6 Әйелдердің бас киім атаулары . . . 41
2 БАС КИІМГЕ ҚАТЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫҢ ЛИНГВОТАНЫМДЫҚ МӘНІ
2. 1 Тымаққа қатысты әдет-ғұрыптар . . . 52
2. 2 Әйел адамдардың бас киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар . . . 57
2. 3 Бас киім атауларының этимологиясы . . . 75
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 82
КІРІСПЕ
Еліміздің ежелден армандап келген егемендікке қол жеткізуі, ұмыт бола бастаған ұлттық дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміздің жанданып дамуына жол ашты. Ұзақ дәуірлер бойы қалыптасып, бүгінгі күнге дейін желісін үзбеген тіл, мәдениет, дәстүр - халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы, оның сарқылмас байлығы. Өткеннің парқын танымай тұрып, бүгін мен болашақты дұрыс болжауға болмайды. Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған бай мәдениетін, оның ішінде тілін, салт-дәстүрін жинақтап жанғырту, өмірімізге қайта енгізу - өзге емес, өзіміз, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы бар игілікті іс-шара болмақ.
Тіл - қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың мәдениетін, дүниетанымын, болмысын танып, келер ұрпақты қалыптастыруда да шешуші рөл атқаратын құрал. Бүгінгі таңда халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы ретінде тілді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, дәстүр мен даналықты сақтап, берік тұтуында. Лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі көрінісін зерттейтін тіл білімінің саласы. Жұмыста қазақты салт-дәстүріне байланысты қалыптасқан тілдік бірліктердің лингвомәдени мәнін ашылады.
Жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі уақытта тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері дәстүрлі лингвистикамен қатар когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, социолингвистика, этнолингвистика сияқты бірнеше ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі жұмбағы көп, құпиясы мол тілдің табиғатына терең бойлауға жол ашады. Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт бойынша, тіл - қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар мәдениетті танытушы ерен бір әлем. Сондықтан соңғы жылдары тіл мен мәдениеттің байланысы лингвомәдениеттану ұстанымдары негізінде зерттеле бастады.
Жұмыстың нысаны. Қазақ халқының танымындағы «бас киім» ұғымына қатысты атаулар, оның қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. дәлелдейтін деректер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. «Бас киім» ұғымының қазақ халқының қоғамдық өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, «бас киім» ұғымының лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:
- «бас киім» ұғымын антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т. б. «бас киім» ұғымының бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- «бас киім» ұғымына қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;
- «бас киім» ұғымына қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;
- «бас киім» ұғымына қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік
деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету.
Жұмыстың негізгі нәтижелері:
Жұмысты орындау барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді.
- «бас киім» ұғымы мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;
- «бас киім» ұғымы аясына кіретін сөздер, көркем және прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;
- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы «бас киім» ұғымы туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;
- бас киім» ұғымына қатысты атаулар жинақталып, олар лексика-семантикалық топтарға (төл және кірме атауларға) жіктелінеді;
- бас киім атауларына қатысты теңеулер анықталып, олар адамның мінез-құлқын, көңіл-күйін бейнелеуде белсенді түрде қолданылатындығы дәйектелді;
- «бас киім» ұғымына қатысты атаулардың уәждемелік сипаты анықталады;
- «бас киім» ұғымына қатысты фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сараланып, олардың дүниетанымдық сипаты көрсетілді.
Жұмыстың әдістері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылынады.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, әр бөлімнен, әр бөлімнен құрайтын тараушалардан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді.
І ТАРАУ. КИІМ АТАУЛАРЫ - ҰЛТТЫҚ ТІЛ МЕНМӘДЕНИЕТ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ
1. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы
Тіл, мәдениет, этностың арақатынасы мен байланысы туралы мәселе философия мен социологиядан бастап, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану сияқты бірнеше ғылымдардың көмегімен шешілетін мәселе. Осылардың ішіндегі лингвомәдениеттану этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвоөлкетанумен қатар мәдениеттану, этнография сынды лингвистикалық емес ғылымдармен де тығыз байланысты. Егер мәдениеттану адамның болмысын табиғат пен қоғамға, тарих пен өнерге, әлеуметтік-мәдени тұрмысының басқа да салаларына қатысты зерттесе, тіл білімі әлемнің тілдік бейнесінің менталды моделі ретінде тілде бекітіліп көріністенген дүниетанымды қарастырады. Ал лингвомәдениеттану өзара байланыс пен диалогта болатын тіл мен мәдениетті өзінің пәні етеді. Мысалы, этникалық тілдік ойлаудың сұрақтары - бұл лингвистикалық философияның зерттейтін нысаны; қарым-қатынастың топтық немесе әлеуметтік, этникалық ерекшеліктерін тілдік аспектіде психолингвистика зерттейді. Жалпы қазіргі замандағы ғылым дамуының өзіндік ерекшелігі күн өткен сайын пәнаралық ғылыми бағыттардың өсіп келе жатқандығынан байқалады. Тіл - көп қырлы құбылыс, сондықтан оны әр түрлі ғылым әр қырынан қарастыруы әбден орынды.
«Лингвомәдениеттану» термині соңғы онжылдықта В. Н. Телия басқарған фразеологиялық мектептің ізденістері мен Ю. С. Степанов, А. Д. Артюнова, В. В. Воробьев, В. Шаклейн, В. А. Маслова т. б. ғалымдардың зерттеулері негізінде пайда болды. Лингвомәдениеттану Америка мен Ресейдегі сияқты, кейінгі кезде Қазақстанда да қолға алына бастады. Пән ретінде жаңадан қалыптасып жатқанымен, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, еңбектерінен бастап, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т. б. ғалымдардың этнолингвистикалық сипаттағы еңбектерін атап өтуге болады. Профессор Қ. Жұбановтың тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуіріндегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде беріледі деуі, сөйтіп, тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі. Кейінгі жылдары жарық көрген еңбектердің дені этнолингвистикалық бағытта болғанымен, ондағы кейбір деректердің талдануын лингвомәдениеттанулық зерттеулердің алғашқы нышандары деп санаймыз. Сондай-ақ таза лингвомәдениеттану шеңберінде жүргізілген зерттеулер де тілімізде аз емес. Мысалы, Ш. М. Елемесова, Г. Ж. Снасапова, А. Алдашева, Г. Смағұловалардың еңбектері таза лингвомәдениеттанулық аспектіде қарастырылған.
Академик Ә. Қайдардың ана тіліміздің бай қоры - ұлттық болмыс-бітімді танытатын тілдік этнодеректердің қазынасы деген пікірі қазақ этнолингвистикасының негізін салды. Ол этнолингвистикаға этностың (ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы деп анықтама берген [1] . Ә. Қайдар негізін қалаған этнолингвистикалық мектеп тіліміздегі фразеологизмдердің этнолингвисти-калық астарын ашуды басты бағыт ретінде ұстанды.
Ғалым М. М. Копыленко да этнолингвистикаға өзіндік үлес қосты. Ол этнолингвистиканың қазақ тілі мен жалпы түркі тілдеріне қатысты теориялық негізін, басты ұстанымдары мен зерттеу нысанын айқындап берді [2] .
Этнолингвистикалық бағыттағы Ж. Манкееваның ғылыми еңбегі қазіргі лингвомәдениеттану ізденістерімен ұштасады. Бұл еңбек қазақ тілінің мәдени лексикасын зерттеуде өзіндік тереңдігімен дараланады. Қазақ мәдениетімен, этнографиясымен тікелей байланысты тілдік белгілердің ішкі формасын ашу тілде көрініс тапқан қоршаған объективті дүние суретінің ұлттық реңкін қайта жаңғыртуды мақсат етеді [3] .
Лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың тоғысуында пайда болған және тілде бекітіліп бейнеленген халық мәдениетінің көрінісін зерттейтін ғылым [4, с. 9] . Бұл мәдениеттану мен лингвистиканың уақытша байланысы емес, зерттеу нысаны мен әдістемесі бар, мақсаты мен міндеті айқын пәнаралық ғылым. Ғылымның жеке саласы ретінде лингвомә-дениеттану XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Лингвомәдениеттану мәдениетті тасымалдау мен сақтау, дамыту, оны туғызушы құрал ретіндегі тілдің іргелі қызметінің бірі қалай пайда болатындығын түсіндіріп, анықтауға мүмкіндік береді.
Лингвомәдениеттану ғылымның жеке саласы ретінде қазіргі лингвистикадағы біраз ұғымдардың пайда болуына себепші болды: «лингвокультурема», «мәдениет тілі», «мәдени мәтін», «мәдениет контексі», «субмәдениет», «лингвомәдени парадигма», «мәдениеттің прецеденттік атаулары», «мәдениеттің кілт ұғымдары», «мәдени универсалии», «мәдени дағды», «мәдени мұра», «мәдени дәстүрлер», «мәдени үдеріс», «мәдени нормалар» және т. б. Ғылымның ұғымдық аппаратына сонымен қатар «діл», «рәсім», «ғұрып», «мәдениет аясы», «мәдениет түрі», «өркениет» сияқты т. б. терминдер кіреді. Нақты ұжымдық жұмыстар үшін тілдік бірліктердегі мәдени ақпаратты беретін ең негізгілері: «мәдени семалар», «мәдени фондар», «мәдени концептер» және «мәдени коннотациялар».
Мәдени семалар - сөзге, семантикалық бірліктер мен белгілерге қарағанда тым ұсақ әрі тым әмбебап.
Мәдени фон - әлеуметтік өмірдің құбылыстарын, тарихи оқиғаларды бейнелейтін номинативті бірліктердің (сөздер мен фразеологизмдер) ерекшеліктері.
Мәдени концептілер - дерексіз ұғымдардың атаулары, сондықтан мәдени ақпараттар мұнда сигнификатқа бекітіледі.
Мәдени мұра - белгілі бір мәдениет үшін маңызы бар мәдени құндылықтардың, ақпараттардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі;
Мәдени дәстүрлер - әлеуметтік және мәдени мұралардың ең бағалы элементтерінің жиынтығы.
Мәдени үдеріс - мәдени құбылыстар жүйесіне қатысты элементтердің өзара байланысы.
Мәдени кеңістік - белгілі бір мәдениет өкілдерінің санасында мәдениеттің өмір сүру формасы. Мәдени кеңістік когнитивті кеңістікке (индивидуалды және ұжымдық) ұқсайды немесе ол нақты бір ұлттық-мәдени қауымдастықтың барлық өкілдерінің жеке және коллективті кеңістіктерінің жиынтығынан қалыптасады. Мысалы, орыс мәдени кеңістігі, ағылшын мәдени кеңістігі, қазақ мәдени кеңістігі т. б.
Лингвомәдени парадигма - бұл дүниетанымның этникалық, әлеуметтік, тарихи, ғылыми және т. б. детерминалданған категорияларын бейнелейтін барлық тілдік формалар. Лингвомәдени парадигма концептілерді, категориалы сөздерді, мәдениеттің прецеденттік атауларын және т. б. біріктіреді.
Лингвомәдени қауымдастық - тілдік және мәдени дағдылары бірдей адамдардың топтары.
Діл - ділдің ішкі ұйымдасуы мен дифференциясын бейнелейтін категория, «ақылдың қоймасы», халық «рухының қоймасы»; Діл - әртүрлі масштабтағы лингвомәдени қауымдастықтың психо-лингво-интеллектісін көрсетеді. Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесі көрсеткендей, діл деп социомәдени, тілдік, географиялық т. б. факторларға тәуелді сананың кейбір терең құрылымын түсінеміз. Ұлттық ділдің ерекшеліктері концептуалды емес, қарапайым әлемнің тілдік бейнесі дәрежесінде көрінеді (Ю. Д. Апресян, Е. С. Яковлева, О. А. Корнилов) .
Мәдени дәстүр - ғасырлар бойы жинақталған және қоғамда көріністенген әлеуметтік ұжымдық тәжірибені бейнелейтін интегралды құбылыс.
Мәдени қор - білімдер жиынтығы, белгілі бір мәдениеттің өкілі иеленетін әлемдік және ұлттық мәдениет аймағындағы кейбір ой-өрістер. Бірақ бұл жеке тұлғаның меншігі емес, нақты ұлттық мәдениетке кіретін негізі бірліктердің жиынтығы.
Мәдениеттің түрі - ең алғашқы мәдениеттің типін 1922 жылы Ресейден АҚШ-қа жер аударылған орыстың атақты әлеуметтанушы ғалымы Питирим Сорокин ұсынды. Ол өзінің түпнегізінде діни болатын идеационды мәдениетті , идеационды мәдениеттің антиподы - сенсативті мәдениетті (Батыс Еуропа мәдениетінің шыңы болған Қайта өрлеу дәуірінен басталады), аралас типті, яғни бір типтен екінші типке ауысатын аралық форма (бұл антикалық мәдениеттің «алтын ғасыры», XII-XIV ғғ. Европалық мәдениет) − идеалистік мәдениетті бөліп көрсетті.
Мәдениет тілі - таңбалық мән, дәлірек айтсақ, бағалық-мәндік формалардың координациясы қалыптасатын және бұрыннан бар немесе қайтадан пайда болатын түсініктер, образдар, ұғымдар және басқа мәндік құрылымдар ұйымдасатын таңбалар жүйесі мен олардың арақатынасы [5, с. 12] . Басқа этникалық мәдениеттерге қатынасында оның тілі этнос мәдениетінің ерекшелігін объективтендіретін және оның басқа этникалық мәдениеттермен өзара әрекеттестігін бейнелейтін вербальды және вербальды емес коммуникацияның барлық таңбалық тәсілдерінің жиынтығы ретінде танылады.
Мәдениеттің қағидалары - идеал тәрізді нәрсе, соған орай тұлға лайықты және лайықты емес деп жіктеледі. Олар халық жүріп өткен тарихи жолдар үдерісінде жасалады, әлеуметтік жадыда сақталып, қағидаларды қалыптастырады.
Мәдени құндылықтар адамның өмірінде әртүрлі қызметтерді атқарады. Аксиологияда құндылықтарды жіктеген, солардың ішінен абсолютті, қоғамдық, тұлғалық құндылықтар айрықшаланады. Адам әлемді танып қана қоймайды, сонымен қатар оны өзінің қажеттілігін өтеудегі маңыздылығы тұрғысынан бағалайды. Құндылықтар жүйесі туралы тілдік ақпарат халықтың әлемді түйсіну ерекшелігін көрсетеді.
Субмәдениет - екінші дәрежелі, бағынышты мәдени жүйе (мысалы, жастар субмәдениеті) .
Мәдениеттің негізгі концептілері деп жеке тілдік тұлға үшін, сонымен қатар лингвомәдени қауымдастық үшін экзистенциалды маңызға ие әлем бейнесінің орталық бірліктерін түсінеміз. Мәдениеттің негізгі концептілеріне Ұят, Тағдыр, Бостандық, Заң, Интеллигенция, Отан, Күнә т. б. сияқты абстрактылы атаулар жатады.
Лингвокультурема - «лингвистикалық және экстралингвистикалық (ұғымдық және заттық) мазмұнның диалектикалық тұтастығын көрсететін» кешенді, аралық деңгейдегі бірлікті білдіру үшін В. В. Воробьев енгізген термин [6, с. 45] . В. В. Воробьевтің ойынша, лингвокультурема тілдік таңбалар формасының, оның мазмұнының және онымен қоса жүретін мәдени мәннің жиынтығы. Лингвокультуреманы түсіну үшін ғалым басты назарды мазмұнның элементі ретінде мағынада болатын терең мәнге аударады.
Мәдени универсалиилер - барлық мәдениеттер үшін ұқсас элементтер (еңбек құралдарын дайындау, мифтер, билер т. б. ) . Лингвистикада тілдік және концептуалды универсалиилер бар. Орыс ғалымы А. Вежбицкая «лексикалық универсалиилер» деп атаған бірнеше сөздердің қатарын көрсетеді: мен, сен, зат, адамдар, тән, мынау, бір, екі, барлық, көп, жақсы, жаман және т. б. Концептуалды универсалиилер, нақтырақ айтқанда, олардың маңызды комбинациялары мәдени универсалиилер болып табылады. А. Вежбицкая: «бізге бір нәрсені түсіну үшін «концептен» де ауқымды нәрсе керек: бізге концептінің түйсінген комбинациясы керек», − дейді [7, с. 299] .
Лингвомәдениеттануда прецеденттік атаулар мен мәдениеттің негізгіконцептілерін зерттеуге маңызды орын беріледі. Прецеденттік атаулар дегеніміз - белгілі бір мәдениет өкілдерінің көпшілігіне мәтіндер мен ситуациялар арқылы таныс жеке атаулар. Қазақ мәдениетіндегі прецеденттік атауларға тек қазақ халқына емес, дүниежүзіндегі барлық адамдарға таныс тұлғалардың есімдері жатады. Мысалы, А. Құнанбаев, М. Әуезов, Б. Момышұлы т. б. Аталған ғұламалар жалпыадамзаттық мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосты. Абай Құнанбаевтың, М. Әуезовтің шығармаларымен дүниежүзі халқы таныс, олардың шығармаларынан нәр алып, сусындамаған адам кемде-кем шығар.
Этнос - өзіне тән биологиялық ерекшеліктерімен, шығу тегінің, психологиясының, тілі мен мәдениетінің бірдейлігімен сипатталатын, тарихи қалыптасқан тұрақты биоәлеуметтік қауымдастық. Бірақ лингвомәдениет-танудың ең маңызды, негізгі, базалық терминдері - «адам», «мәдениет», «тілдік тұлға», «концепт», «әлемнің тілдік бейнесі» т. б. жатады. Бұларға алдағы бөлімдерде кеңінен тоқталатын боламыз.
Осы саланы індете зерттеп жүрген В. А. Маслова лингвомәдениет-танудың зерттеу нысанына төмендегілерді жатқызады.
- Лингвоөлкетану лингвомәдениеттанудың құрамдас бөлігі болғандықтан, линвоөлкетанудың пәні болатын баламасыз лексикалар мен лакуналар (ақтаңдақтар) лингвомәдениеттанудың нысаны болады;
- Мифологияланған тілдік бірліктер: архетиптер және мифтік тілдік тұлғалар: тілде көрінетін ырымдар мен салт-дәстүрлер, аңыздар, әдет-ғұрып, наным-сенімдерді білдіретін сөздер;
- Тілдің паремиологиялық қоры;
- Тілдің фразеологиялық қоры;
- Эталондар, стереотиптер, символдар;
- Метафоралар мен тілдің бейнелері;
- Тілдің стилистикалық қатпарлары;
- Сөйлеу әрекеті;
- Сөйлеу этикетінің салалары [8, 37] ;
Әрине, бұл санамаланып көрсетілгендермен лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны осылармен шектеледі деген пікір тумауы тиіс. Лингвомә-дениеттану жаңа ғылым болғандықтан, ол ең алдымен мәдениеттану мен антропология, әлеуметтану сияқты қоғамдық ғылымдармен өзара байланыста қарастырылғанда ғана өзінің дәйекті ғылыми тұжырымдарын жасай алмақ.
Қазіргі тіл білімінде таяуда ғана қалыптасып, әбден орныққан антропоцентрлік парадигма - зерттеуші назарын таным объектісінен субъектіге қарай ауыстырды. Бұл парадигмада тіл адамның ішінде және адам тіл ішінде қарастырылады. И. А. Бодуэн де Куртэненің пікірі бойынша, «тіл - белгілі бір тілдік қоғамды жасайтын индивидтердің тек қана жеке миына, жүрегі мен психикасына тән нәрсе». Олай болса, тілді адамнан тыс жеке қарастыру мүмкін емес. Тілдің антропоцентрлігі туралы идея лингвистикадағы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде тілдің бізге беймәлім қырларын аша түсуде. Қазіргі уақытта лингвистикалық талдау тілдік жүйенің әртүрлі ерекшеліктерін анықтаумен ғана шектелмеуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz