Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Өзектілігі. Ежелгі Қазақстанның жерінің оңтүстік-шығыс өңірін мекендеген «Тиграхауд» сақтар осы аумақта өзмемлекеттерін құра отырып, теңдессіз, қайталанбас өзіндік мәдениетін жасады.

Сақтардың дәстүрлі сәнді қолданбалы өнеріндегі «Аң стилінің» негізі көп өзгерместен үйсіндер мен қаңлылар өнеріне ауысты. Сол дәуірдің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары сақтардың да, үйсіндердің де мәдениетінде хайуандар образымен тығыз байланысты болды.

Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды»[1] -деп сақтардың аң стилі өнерін және «Алтын адамға» ерекше тоқталып өтеді. Алтайдан Қара теңізге, Жетісудан Арқаға дейінгі аралықты мекен еткен сақ-скифтер арттарына аса бай мұра қалдырды. Осы бай мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін оны жан-жақты зерттеп, зерделеу бүгінгі күннің талабы деп ойлаймыз. Сондықтан қарастырып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Еуразия көне тарихында Оңтүстік-шығыс Қазақстан өңірлері ерекше маңызға ие. Өйткені бұл мәдени-тарихи өңірлер ілкі замандардан бері адамзат дамуындағы күрделі үдерістермен тығыз байланысты. Мұнда ерте темір дәуірі кезінде бірнеше археологиялық мәдениеттер қалыптасып, дамығандығын археологиялық мәліметтер толыққанды растап отыр. Алайда өңірлердің ежелгі тарихы әлі күнге дейін кешенді түрде толық зерттелінген жоқ. Мұның өзі біз таңдап алған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйткілді мәселелерінің түйінін шешетін Оңтүстік-шығыс Қазақстан өңірінің ерте темір дәуірі ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта қола және ерте темір дәуірінде тіршілік еткен тұрғындардың мәдениетін зерттеу отандық тарихнамадағы көкейкесті мәселелердің бірі екендігін оның жалпы Еуразия тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Себебі, Шығыс Қазақстан мен Жетісу аумағында басталған халықтардың Ұлы қоныс аударуы сынды күрделі тарихи үдерістер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи картасын түбегейлі өзгертіп жіберген еді. Нәтижесінде, қарастырылып отырған өңірдің мәдени дамуы, тұрғындарының этникалық келбеті мен заттық мәдениеті де азды-кемді өзгерістерге ұшырады. Мұндай өзгерістердің барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи ағынын жазба деректердің кемдігіне орай, біз тек қана археологиялық қазба зерттеулері негізінде қалпына келтіруге болады деп есептейміз. Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенін екшеп, даму деңгейін айқындау бүгінгі күн талабынан да туындайды.

Сан ғасырлар бойы Оңтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеп келген этностардың археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттерін, тарихи кезеңдерін ғылыми талдаудан өткізу барысында, мұнда бірін-бірі алмастырған майемер, шілікті, берел, құлажорға, т. б. мәдени кезеңдердің болғандығы анықталған. Алайда осы тарихи кезеңдердің ара-қатынасы, бір-бірімен этно-мәдени және генетикалық байланысы, өзара мәдени ықпалдастығы отандық археология ғылымында өз шешімін толық таба қойған жоқ. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығындағы ерте темір дәуірінің зерттелінген қорымдарынан жинақталған материалдарды топтап, қазылған қорғандарды жүйелеп, археологиялық ескерткіштердің картадағы орынын нақтылап, хронологиялық мерзімдемесін айқындап шығу да түйіні түйткілді сауалдарға жауап алуға жетелейді.

Бүгінгі таңда ерте темір дәуірінде орын алған тарих-мәдени үрдістер көпішілікті қызықтыруда. Өйткені, қазақ этногенезі мен дәстүрлі мемлекеттілігі, заттық-рухани мәдениеті, дүниетанымы осы дәуірден басталатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде көтеріп жүр. Дегенмен кейбір «миграциялық» бағытты қолдайтын зерттеушілер әлі де болса қазақ халқының автохтондығын жоққа шығаруға тырысып келеді. Мұндай керағар пікірлерге тойтарыс беру қажеттілігі де күн санап артып келеді. Өскелең ұрпаққа ұлт тарихының тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру үшін ең алдымен көне дәуірдегі тарихи дамуды дәлел ретінде алға тартқан абзал.

Соңғы жылдары Қазақстанда археологиялық ізденістер кең қанат жайып, соны мағлұматтар алынуда, жаңадан ашылған ескерткіштерде жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындыларын көрсету, алынған нәтижелерін ғылым талабына сай бағамдау ісі де көкейкесті мәселеге айналуда.

Сол себепті де зерттеу жұмысы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқан іргелі зерттеулермен, соның ішінде «Мәдени мұра» секілді ұлттық стратегиялық жобалармен тікелей үндеседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Табиғи географиялық жағдайы әрқилы болып келетін Қазақстан өлкесінде, әрбір тарихи кезеңдерде тұрмыс тіршілігі әртүрлі халықтар өмір сүрген. Ерте темір дәуірінде олардың басым бөлігі Қазақстан аумағында ежелгі сақ тайпалар одағына біріккен болатын. Қалай дегенде де ерте темір дәуірінде Шығыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Орталық Қазақстан мен Жетісуды мекендеушілермен материалдық мәдениет жағынан жақын болғандығымен, этникалық жағынан біртекті емес еді. Оның үстіне шаруашылықтары бір болғанымен, діни ғұрыптық салт санасы әртүрлі тайпалар тіршілік етті. Мәселен жазба деректерде Алтай өңірінде аримаспалар, «алтын қорушы грифтер» мекендеді делінсе, ал, Шығыс Қазақстанның далалық өңірлерінде грек және парсы деректерінде кездесетін Азиялық скифтер немесе сақтар орналасқан еді [2] . Бұл халықтар ХVІІІ ғасырдағы зерттеушілердің де назарына іліккен болатын. Алтайдағы ерте темір дәуіріндегі мәдени-тарихи дамуды алғашқылардың бірі болып нақтылай көрсеткен әйгілі шығыстанушы В. В. Радлов болды [3; 4; 5] . Бұл аймақтың тарихын нақты білу мақсатында ғалым өзіне дейінгі Д. Г. Мессершмидт, Г. Ф. Миллер [6; 7], П. С. Паллас [8], Г. И. Спасский [9] т. б. зерттеушілердің еңбектері мен мұрағат материалдарымен толықтай танысып шықты. Осылайша В. В. Радлов Алтай, Қазақстан және Минусин қазаншұңқырындағы далалық ізденістер нәтижесінде төрт мәдени-тарихи кезеңді бөліп көрсетті: мысты-қола, ежелгі темір, жаңа темір және кейінгі темір дей отырып, Берелдің тас қорғандарын қола дәуірінің жерлеу орындарынан мүлде өзгеше екендігін ескере келе, ежелгі темір кезеңіне жатқызды. Археологиялық ескерткіштерді кезеңдеудің бұл нұсқасы әлемде кеңінен қолданылатын «үш ғасыр» (тас, қола (мыс), темір) концепциясына жақын болғанымен, алайда нақты материалдарға сүйене келе ежелгі мәдениеттердің дамуын көрсететін алғашқы талпыныс еді.

Археология тарихнамасында сақ аң стилін зерттеу мәселелері ерекше орын алады. Бұл зерттеудің тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Скиф-сақтарға арналған әдебиеттің үлкен тізімінде бірінші орынды В. В. Григорьевтің «О скифском народе саках» еңбегі алады [10] . Осы еңбек жарыққа шыққан уақыттан бастап бірнеше жылдар өтсе де, В. В. Григорьевтің жұмысы әлі күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жоғалтпады.

Өйткені ғасырлар бойы скифтанудың тарихнамалық талдауында скиф-сақтардың шығу тегі мен олардың мәдениетінің мәселесі өзекті болып келді, ол әлі күнге дейін пікірталас болып саналады. Археология тұрғысынан бұл мәселе бойынша көзқарастар бір-біріне қарама-қайшы екі тұжырымға негізделеді. Олардың біріншісі-белгілі скифолог-ғалымдар Б. Я. Граков, М. И. Артамонова [11] . және т. б. еңбектерінде толық тұжырымдалған және ол ғылымда «автохтондық» атауын алған скифтердің археологиялық мәдениеттің тасушылармен генетикалық байланысы туралы ұсынысқа негізделеді. белсенді жақтаушылары танымал скифологтар В. А. Ильинская, А. И. Тереножкин және т. б. [12] ұсынған екінші нұсқа «орталықазиялық» деп аталған болатын. Онда Шығыс Еуропада скифтердің пайда болуын Азияның соңғы терең аудандарының жылжуымен байланыстырады.

Ғылым тарихына назар аудару зерттеу парадигмаларының өзгеруі кезінде ерекше өзекті болып табылады. Аң стилінің өнерін зерттеудің өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, сурет тілінің рөлі мен маңызы ғылыми айналымға Есік қорғанының қазба жұмыстары К. А. Ақышев археологиялық экспедициясымен, В. Д. Кубаревтің, Н. Н. Кубаревтің олжаларымен құрылған дерек көздердің үлкен корпусы енгізілуіне байланысты болды. Ресей Алтайының оңтүстік-шығысында зерттеу жүргізген В. И. Молодина, . В. Полосьмак, Қазақстан шегінде Алтайдың оңтүстік-батысын зерттеген З. С. Самашев және А. П. Франкфор сияқты зерттеушілер сақтардың өнері мен мідениеті байланысты бірқатар деректерді ғылыми айналымға енгізді [13] .

Ғылыми әдебиетте "скиф-сақ дәуірінің аң стилі" ұғымы дәстүрлі түрде б. з. д. VII - ІІ ғғ. басында Еуразиялық даланың кең ауқымын мекендеген халықтардың өнер туындыларына қатысты қолданылады.

Шаруашылықтың бірдей түрімен біріктірілген және осыған байланысты материалдық мәдениеттің көптеген бейнесіне ұқсас көптеген көшпелі тайпалар осы кезеңде барлық Дала мен ішінара Шығыс Еуропаның орман даласын, Кавказ маңы, Оңтүстік Орал өңірі, Арал маңы, Памир, Тянь-Шань, Саян-Алтай аудандары мен оңтүстік Сібір мен Қазақстанның бірқатар басқа да облыстарын алып жатты. Осы үлкен мәдени жиынтықты белгілеу үшін ғалымдар келесі бірнеше түрлі терминдерді ұсынды: «Скиф-сібір мәдени-тарихи бірлігі » (Грязнов М. П., Мартынов А. И., ) [14], «қауымдық » (Матюшенко В. И. ), «скиф әлемі» (Яценко И. В., Раевский Д. С., Членова Н. Л., Петренко В. Г. ) [15] «скиф шеңбері мәдениеті» (Членова Н. Л. ), «скифтік евразиялық әлем » (Алексеев В. П. ), «скиф дәуірінің евразиялық мәдени континуумы».

Алайда, осы анықтамалардың бірі құбылыстың мәнін дұрыс көрсетпейтіндіктен, ғылыми әдебиетте бейтарап «скиф-Сібір әлемі » термині (Мартынов А. И., Алексеев В. П., Мошкова М. Г., Мелюкова А. И. ) бекіді [16] .

А. И. Мартынов б. з. б. І мыңжылдықтың ортасына қарай осы ауқымды аумақтарда скиф-сақ типіндегі мынадай: Қара теңізіндегі скифтердің мәдениеті; савромат - ата-бабаның жазықтарында, Еділдің төменгі жағында және Оңтүстік Оралда; Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті; Алтайдағы Пазырық мәдениеті; Тува және Уюк мәдениеті; Солтүстік Қытайдағы Ордос мәдениеті және т. б. [17, 201-202 Б. ] мәдениеттер анық байқалады деп жазады.

Сақтардың аң стилі өнері мен мәдениетін ежелгі құндылық бағдары, дүниетанымдық көзқарасының жүйесі деп Членова Н. Л., Хазанов A. M., Шкурко А. И., Переводчикова Е. В. сияқты ғалымдар өз еңбектерінде қарастырады [18] .

К. А. Акишев пен Г. А. Кушаевтың «Древняя культура саков и усуней долины реки Или» атты еңбегінде Іле алқабын мекендеген сақтардың материалдық мәдениеті туралы баяндалады [19] .

1969-1970 жж. қазылған Есік қорғаны мен одан табылған археологиялық олжалар, сонымен қатар сақтардың өнері, мәдениеті туралы К. А. Акишевтың «Курган Иссык. Искусство саков Казахстана » атты монографиясында жан-жақты қарастырылады [20] .

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағын мекендеген сақтардың мәдениетін талдап, сипаттамасын жасау. Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

- Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық ізденістерді жүйелеу, сараптау;

-Бесшатыр қорғаны, Есік қорғанын зерттеу тарихына тоқтала отырып сақтардың өнері мен мәдениетін саралау;

- Ерте темір дәуіріндегі дала тұрғындары өркениетін қарастыру;

- Діни-нанымдары мен ғұрыптары мен сақтардың мифологиясын соңғы кезде ғылыми айналымға кірген материалдар негізінде, бүгінгі ұстанымдар арқылы жаңаша қарастыру.

Дерек көзі. Оңтүстік-шығыс Қазақстан территориясында ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар, мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары - қорғандар материалдары осы олқылықтың орынын толтырар бірден-бір дереккөзі болып табылады. Қазақстанның ерте темір дәуірі тарихына қатысты археологиялық деректер ХІХ ғасырдың өзінде-ақ жинала бастағанымен, ғылыми құндылығы жоғары шынайы дереккөздері ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жинақталынған болатын. Бұл орайда С. С. Черников, С. С. Сорокин, Ә. М. Оразбаев, Ф. Х. Арсланова, З. С. Самашев, Ә. Т. Төлеубаев және т. б. зерттеушілердің жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған археологиялық материалдарды атап айтуға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

1 Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері

1. 1 Жетісу өңіріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштері

Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың кұрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Үйғарак және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады.

Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл - Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX-VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы - Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардың біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII-V ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды [21] .

Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.

Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннін қүм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарактан ғана шыққаны - адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркенін ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай кұрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.

Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі - өліктің басын батыска қаратып жерлеу және ішінара - өлікті өртеу салты.

Жерлеу кұрылыстарының екінші үлгісі - жерден қазылған шұңкырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарак пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбүрышты үлкен жер шүңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лакыттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсак бұтақтар қабаты теселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15-20 м, кейде 30 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабатт-арынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған.

Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лакыттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мүңдай «үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.

Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала от жағылатын болса керек.

Ақырында, Ұйғаракта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Кұрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі - сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы.

Жерлеу кұрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен катар әлеуметтік құрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бүл, әсіресе, Ұйғарак қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-дәстүрлері айқынырақ байқалады.

Ұйғарақ обаларынын орталық кешенін қалдырған рулык топ, мүліктердін кұрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздык қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік белгісі -күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының кепшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тікбұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.

Түгіскенде б. э. б. V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тән нәрсе - кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа - солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс-солтүстік-шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңкырларын қиғаштай, аяктарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лакыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған.

Сонымен б. э. б. V ғасыр обадарына бұрынғысынша тән нәрселер: лақыттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының катар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы.

Угэ тайпасы С. С. Черниковтың айтуы бойынша тек Ертістің жоғарғы ағысы бойын жайлап Жетісудағы үйсіндермен тығыз қарым-қатынаста болған. Осы шағын аудандардағы археологиялық ізденістер нәтижесі түп-төркіні пазырық тектес ескерткіштерде анық байқалатын Құлажорға қорымындағы мүрделердің біразы тас жәшіктерде ғана емес, адам қаңқасын қоршаған ағаш қорапты жер қабірлерге қойылғандығын, мұндай жерлеу түрінде ақіреттік заттар кездеспейтіндігін анықтап берді [22] .

Құлажорға ескерткіштері сақ және үйсіндермен генетикалық жағынан байланыста, үйсін тайпалық одақтары Ертістің жоғарғы ағысына дейін таралған, ал олардың солтүстік шекарасының әлі де анық емес.

Жерлеу ғұрпы, тұтыну бұйымдарындағы негізгі айырмашылықтарына қарай Құлажорға мәдениеті екі кезеңге бөлінеді, яғни ж. с. д. IV-II ғасырлар және ж. с. д. II және ж. с. I ғасырлары. Қытай деректерінде уге (хуцзе) атымен белгілі құлажорға мәдениетін жасаушылар бийке және майемер мәдениеті өкілдерінің заңды жалғасы, сондай-ақ көршілес қоныстанған үйсіндер және хундармен біте қайнасқан халықтар екендігін археологиялық зерттеулер дәлелдей түсуде.

Құлажорғалықтардан батыста Шыңғыстауда, Ертістің төменгі ағысында және солтүстік Алтайда жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктеріне қарағанда басқа тайпалар өмір сүрген. Ертістің сол жағалауында, нақтылап айтатын болсақ, Тарбағатай теріскейінде Ә. Т. Төлеубаевтың пікірінше үйсін тайпалары мекендеген, ол мұндағы ескерткіштердің сыртқы құрылысы мен қабірлерден алынған заттар кешеніндегі мәліметтер бойынша осындай тоқтамға келген. Біздің ойымызша, мұнда угэ тайпаларынан өзгеше, үйсіндерге жақын, яки үйсін тайпалық одағына кіретін, этно-мәдени жағынан туыстас ру, тайпалар өмір сүрген болуы ықтимал [23] . Бұл мәселе алдағы жылдардағы зерттеулердің еншісінде.

Алтай және Тарбағатай теріскейінде ж. с. д. IV ғасырдың соңы - ж. с. I ғасырларында мәдени дәстүр алмасып, тұрғындардың этникалық құрамы өзгергендігін қолымыздағы археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Бұл «халықтардың Ұлы қоныс аударуымен», яғни хундардың жаулап алуына байланысты болған тәрізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы көшпелілер мәдениеті
Ерте мемлекеттік құрылымдар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік құрылымдар
Көшпенді түрік тілдес халықтар өркениеті зерттелу дәрежесі
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар тарихы
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Көне Түркі мәдениеті
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Сақтар (сақалар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz