Айқап журналы, оның қазақ әдебиетінің өркендеуіне жасаған ықпалы


Сұлтанова Рузана Жантасқызы
СӨЖ 1. Тақырыбы: «Айқап» журналы, оның қазақ әдебиетінің өркендеуіне жасаған ықпалы
Ерте заманнан бері қай халықты алып қарасаңыз да сол елдің өсіп-өркендеу жолында баспасөз өте жоғары рөл атқарғанын аңдаймыз. Өркениеттің көшінен қалмаудың бірден-бір белгісі сол ұлттың білімі мен ғылымының, әдебиеті мен мәдениетінің, сайып келгенде осының бас-қасында тұратын баспасөзінің қаншалықты дамығанына байланысты білінетіндігі шын дүние. Ел баспасөзі қаншалықты дамыған болса, елдің ертеңі мен бүгіні де соған сай болатындығы шындық. Тарихтың талай дүрбелеңін басынан кешірген қазақ баспасөзі де бүгінгі таңға әупірімдеп жетті-ау! Сан мәрте ақсап барып, жүрелей жүріп орындарынан қаз тұрып кеткен қазақ баспасөзі соның ішінде көптеген қоғамдық-саяси газеттер мен журналдардың алдында баршамызға ыстық болып тұратын ол - «Айқап» журналы!
Қазақ баспасөз тарихында «Айқап» журналының алатын орны - ерекше. Троицк қаласында 1911-1915 жылдар аралығында шығып тұрған «Айқап» қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің көптеген түйінді, көкейтесті мәселелерін көтергендігіне куә боламыз.
Ресейдегі 1905-1907 жылдары өршіген революция дауылы империяның түкпір-түкпірін, соның ішінде Қазақ даласын да шарпыды. Қазақ қалың ұйқыдан оянғандай дүр сілкінді, елдігін, жұрттығын сезіне бастады. Бойында, ойында қоғамдық-саяси үркіншілік қызуы пайда болды. Ақ патшаға, отаршыларға қарсы наразылығы күшейді. Қайда айдаса сонда жүре беруден, қалай илесе де көне беруден бас тартуды шығарды. Көкірегінің оты бар, көзі ашық ел азаматтары бұл дүрбелеңнен шет тұра алмады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Сералин сынды қазақ зиялылары ұлт-азаттығы туын көтерді. Сол ту төңірегінде елдің күллі әлеуметтік күштерін топтастырды. Мерзімдік баспасөз жүйесін құрды. Оған ояна бастаған ұлттық сананың ұйтқысы болу міндеті жүктелді. Бұл абыройлы міндетті жүзеге асыру ісі әртүрлі бағыттағы қазақ газеттерінің, әсіресе қазақ баспасөзінің мақтанышы, жарқын жұлдызы - «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің үлесіне тиді.
Баспасөз - қазақ халқының қоғамдық -әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Осы кезеңде қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен әсіресе, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы болды. Қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы «Айқап» журналының көтерген жүгі мен артқан мақсат-мүддесі өте ауыр да салмақты ойларға толы болды.
«Айқап» журналының көтерген мәселелері алуан түрлі: ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы жер жайы, ел тарихы, экономикасы, мәдениеті, саяси құқық, әйел теңдігі, оқу-ағарту ісі, шетел хабарлары, мұсылман өмірі, дін, әдет-ғұрып, ойын-сауық және т. б. Міне осы сан қилы мәселелерді көтеру барысында, әсіресе жер, су, ел тарихын жазу үстінде материалдың тәуелсіздік тақырыбына қатысты қырлары мүмкіндігінше назардан тыс қалған жоқ.
«Айқап» журналының 1911 жылғы бірінші нөмірінде Ахмет Байтұрсынов «Қазақ өкпесі» деген мақаласында жердің иесі кім болуға керек деген мәселе көтере отырып, қазақтың қалың бұқарасына үлкен ой салатын пікір қозғайды. Қазақтың пайдаланып отырған жерін мұжықтартып алып жатыр дей келе, Ахмет Байтұрсынов халықтың ондай халге душар болуының себебін ел тәуелсіздігімізден айырылып қалғанынан деп табады.
«Мықты мемлекет Ресей енді мұжығына жеріңді үлестіруге кірісті. Жерден айырылу - бәрінен айырылу. Жерден айырылып, тотиып қалмас үшін қазақ не істеуге керек? Гәп қазақ жерін қазына жеріне айналдыруда ғана ма екен?. Сол қазыналық жерде отырып-ақ қазақ жерін жалға беріп, мұжықты енгізіп алып жатқан жоқ па, - дейді. Ахаңның кеңесі мына қорытындыға саяды: жер - мемлекеттікі бола берсін. Ал қазақ, сен сол игілігіңді сақтаймын десең еңбек ет, ғылым, білімді игер, әйтпесе теңдікке қолың жетпек емес.
Журналдың сол 1911 жылғы екінші нөмірінде қазақ поэзиясы көгінде жарқырап шыққан жаңа жұлдыз Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» атты өлеңі басылған. Ағартушы демократ қазақ елінің сол кездегі күй-жайын айшықты суретке айналдыра отырып, отаршыларға зілді саяси айып таңбасын басады.
Журнал оқу, жас буындарды тәрбиелеу және мәдени-ағарту ісіне шын мәнісінде прогрестік және демократиялық тұрғыдан көңіл бөлді. Бұл іске Сералин өзі сияқты мұғалім, жазушыларды публицистерді тартты.
«Айқап» отырықшы болуды мәдениет мәселелерімен байланыс-тыра үгіттеді. М. Сералин орыс халқының ғылымын, өнерін, тілін үйрену керек дей келіп, бұларды білу үшін мектеп ашу қажет.
«Айқап» журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты тоқталды. Журнал осы мәселені көтере отырып езілген қазақ әйелдері қатарынан жұмысқа тілшілер таратты. Тілеубайқызы Сахыпжамал қазақтың ер балаларын оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалың малға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатынын халық алдында әшкерелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz