Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кезінде Гиппократ егер аурудың әкесі кейде белгісіз болса, онда оның анасы - тамақ деген. Тұрмыс жағдайлары нашар отбасыларында жеткіліксіз және құрамында көмірсулары көп, балансталмаған тамақтану, балалардың өсуі мен даму үрдістерінің баяулауына, дене массасының жетіспеушілігіне, сондай-ақ ас қорыту, қан және қан түзу мүшелерінің, эндокриндік жүйенің ауруларымен, зат алмасу бұзылыстарына, туберкулез және т.б. аурулармен аурушандықтың өсуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, материалдық жағдайы жоғары отбасыларында жиі кездесетін, артық мөлшерде тамақтану да, аса қолайсыз болып табылады. Тазартылған тағам өнімдерін көп пайдалану, қарыны ашқан сезім пайда болғанда емес, тәбеті тартқан кезде тамақ жеу, тамақтану рационына жануар текті өнімдерді көп мөлшерде енгізу, құрамында қанты көп ішімдіктер мен кондитерлік өнімдерге әуестену, ерте жастың өзінде-ақ семіздік, қант диабеті, өт тасы ауруы, гипертониялық ауру, аллергиялық аурулардың және т.б. дамуына әкеледі.Сандық және сапалық жағынан талапқа сәйкес келмейтін тамақтану, қазіргі заманғы балалардың өмір сүру салтын сипаттайтын ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Өркениет олардың өмір сүру салтының басқа да қырларының: гипокинезия және гиподинамия, ақпараттық жүктеменің көптігі, шамадан артық психоэмоционалдық күш түсу, дәрілік препараттарды көп пайдалану, аутоагрессивті әдеттер - темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық, толық жетілмеген жастағы жыныстық қатынастар және соның салдарынан болатын ЖИТС, В және С гепатиттері, венерологиялық аурулар, ерте жастағы жүктілік және т.б. пайда болуына себеп болды
Қимыл белсенділігінің созылмалы жеткіліксіздігі балалар денесінің қалыпты өсуін тежейді, өмір сүруінқамтамасыз ететін барлық жүйелердің жаттығуына кедергі келтіреді және ағзаның күйзеліс жағдайларға және қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне төзімділігін төмендетеді. Гипокинезия әсіресе мектеп жасындағы балаларда көп таралған, оларда ол 50% дейін жетеді. Бірақ, гипокинезия жалғыз ғана мектептік фактор емес. 19-шы жүзжылдықтың өзінде-ақ, міндетті түрде оқудан пайда болатын мектеп аурулары деп аталатын аурулар: алыстан көрмеушілік, мүсіннің бұзылуы, омыртқаның қисаюы және т.б. белгілі болған. Қазіргі кезде мектептік факторлардың спектрі шексіз өсті және олардың сапасы да өзгерді. Бірінші орынға, шамадан артық оқу және ақпараттық жүктемелер, сонымен қатар, қимыл белсенділігінің едәуір шектелуі, күн тәртібінің бұзылуы, өмірдің компьютерленуі және онымен байланысты мәселелер шығады.
Сонымен бірге, оқыту және тәрбиелеу жағдайларының: бөлмелердің сыйымдылығы мен жоспарлануы, жарықпен қамтамасыз етілуі, микроклиматтық комфорт, жиһаздар үйлесімділігі және т.б. сияқты факторлар да өзекті болып қалып отыр. Мектептік факторлардан бастауыш сыныптардағы балалар аурушаңдығының 12 % жуығы қалыптасады, ал мектеп бітірер кезде бұл шама 2 есеге дейін дерлік өседі.

Балалар мен жасөспірімдер денсаулығына табиғи және антропогендік текті экологиялық факторлар да айқын әсер етеді, соның ішінде балалар аурушаңығының 20%-ға жуығы антропогендік факторлармен анықталса, табиғи-климаттық факторлармен тек 10% ғана анықталады. Қоршаған ортаның антропогендік факторлары тарапынан адамға түсетін қысым, бүгінгі таңда, адамның бейімделу мүмкіншіліктерінен әлдеқайда жоғары, себебі адамға бұрын-соңды табиғи жүйеде кездеспеген, бір емес, бірнеше факторлар бір уақытта әсер етеді. Қоршаған орта сапасының күрт нашарлауы, тазалау аудандармен салыстырғанда, ластанған аудандарда балалардың дене дамуының кешеуілдеуіне және жалпы аурушаңдықтың 40-60% жоғарылауына әкеледі. Жекелеген өнеркәсіпті аудандарда қоршаған орта нысандарының жоғары ластану деңгейі, әр түрлі ластағыштардың өзіне тән эффектілердің пайда болу себебіне айналады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарында қалыптасқан техногенді фторлы провинцияларда тұратын көптеген балаларда флюороздың белгілері, ал қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану деңгейі жоғары Шығыс Қазақстан облысында, қорғасынның созылмалы әсерінің белгілері байқалады. Әлі толық зерттелмеген, бірақ, олардың дамуы қоршаған ортаның ластануына байланыстырылатын: балалар алопециясы, сары балалар, балаларда уақытынан ерте пайда болатын кәрілік, созылмалы қажу синдромы және басқа да балалардың жаңа аурулары тіркелген. Қоршаған ортаның ластағыштары мутацияның салмағын арттырады. Семей ядролық полигоны, Арал маңына жақын орналасқан экологиялық апат аймақтарында тұратын балаларда, ластанбаған аудандарда тұратын балаларға қарағанда, хромосомдық аберрациялар мен көп мүшелі созылмалы аурулар 3 есе жиі кездеседі (Чой С.В., 2003). Әрбір оныншы бала генетикалық кемістікпен өмірге келеді.
Сонымен, балалардың денсаулық жағдайына, үлесі біркелкі емес, көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ, олардың әсерлерінің жиынтығы қазіргі уақыттағы балалардың денсаулық әлеуетінің едәуір және қауіпті түрде төмендеуіне әкеледі, сондықтан денсаулық бұзылыстарының алдын алу балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.

Өсіп келе жатқан ағза денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі физикалық даму болып табылады. Баланың физикалық дамуы деп морфо-функционалдық белгілердің даму дәрежесі түсініледі, олар бір жағынан, оның дене күшінің қорын анықтайды,ал екінші жағынан, әрбір нақты жаста бала ағзасының өсуі мен қалыптасу процесінің қалыпты өлшемі болып табылады. Физикалық даму жалпы биологиялық заңдарға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, медициналық-биологиялық және экологиялық факторлардың әсеріне бағынады.
Балалар ағзасы сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсеріне аса сезімтал болып табылады, бұл өсу мен даму процестерінің физиологиялық ағымының бұзылуы түрінде көрінеді. Бұл ретте жас ерекшелігінің даму мерзімдеріндегі ауытқулар және морфо-функционалдық жай-күйдің дисгармониялығы, әдетте, балалардың денсаулық жағдайындағы өзгерістермен ұштастырылатыны және дене дамуында бұзылулар едәуір болған сайын, әсіресе аурудың ықтималдығы да байқалатыны анықталды. Осыған байланысты балалардың дене бітімінің дамуын бағалау денсаулық жағдайын зерттеудің, балалар мен жасөспірімдерді жаппай алдын алу тексерулерінен бастап жекелеген патологиялық жағдайларды талдауға дейін кез келген бағдарламасына маңызды көрсеткіш ретінде енгізіледі. Балалардың денсаулық жағдайын баллдық бағалау бар, онда денсаулық тобы мен дене бітімінің дамуы ескерілген.

Дене дамуын зерттеу үшін екі зерттеу әдісі қолданылады: жекелендірілген және жалпыландырылған. Жекелендірілген зерттеу әдісі жеке бір баланың дене дамуын зерттеу мен бағалау үшін жүргізіледі. Ол баланың туған күнінен 18 жасқа толғанға дейінгі дене дамуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт бақылаудан тұрады. Әрбір жас кезеңінде баланың биологиялық даму деңгейінің күнтізбелік жасына сәйкес келуі және оның үйлесімділігі анықталады, ағзаға қолайсыз әсер ететін факторлар белгіленеді және қажетті сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Зерттеудің жалпыланған әдісі әр түрлі жастағы және жыныстық топтағы балалардың физикалық дамуын зерттеу және бағалау мақсатында балалардың үлкен контингентіне бір мезгілде жаппай тексеру жүргізіледі. Осы әдістің көмегімен балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары анықталады, физикалық даму көрсеткіштерінің өңірлік және жергілікті үлгілері (стандарттары) әзірленеді, қоршаған орта факторларының балалардың денсаулығына әсері зерделенеді, тіршілік ету жағдайларына, оқытуды, дене тәрбиесі мен еңбекке үйретуді ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар негізделеді.

Балалардың дене дамуын зерттеу үшін көрсеткіштердің үш тобы қолданылады: соматоскопиялық, соматометриялық және физиометриялық. Соматоскопиялық көрсеткіштерге баланы қарау кезінде бағаланатын көрсеткіштер: дене бітімінің түрі, май басу дәрежесі, бұлшық еттің тонусы мен дамуы, қаңқа сүйегінің, омыртқаның, кеуде торының, аяқтардың, табанның пішіндері, екіншілік жыныс белгілерінің дамуы жатады. Соматометриялық көрсеткіштерді дененің әр түрлі параметрлерін: дене, тұлға, аяқ-қолдардың ұзындықтарын, дене массасын, көкірек торының, бас, иық, сан шеңберлерін өлшеу және тістерінің санын санау жолдарымен анықтайды. Физиометриялық көрсеткіштер ағзаның функционалдық жағдайын сипаттайды. Әдетте, өкпенің тіршілік сыйымдылығын, қолдың және аяқбұлшық еттерінің күшін, артериалдық қан қысымын және жүректің соғу жиілігін анықтауды қолданады.
Алынған мәлеметтерді бағалауды жасына байланысты, нақты аймақтарға арналып дайындалған стандарттармен салыстырып, жүргізеді, себебі әр түрлі климаттық-географиялық жерлерде тұратын балалардың дене дамуының өзіндік ерекшеліктері болады. Дене дамуын бағалау үшін әр түрлі әдістер қолданылады: индекстер, сигмалық ауытқулар, Z - score шкаласы бойынша, регрессия шкалалары бойынша, кешендік, центильдік және басқалар. Индекстер әдісі дене дамуын бағалаудың ең алғашқы әдістерінің бірі, ол әр түрлі соматометриялық көрсеткіштердің, көбінесе дене массасы мен ұзындығы шамаларының арасындағы арақатынасы болып табылатын индекстерді санауға негізделген. Индекстердің 100-ден астамы белгілі, солардың ішінде кеңінен таралғандары Брок индексі мен Кетле-2 индексі. Кетле-2 индексі дене дамуын бағалау үшін басқа көрсеткіштермен бірге кеңінен қолданылады және көптеген елдерде қабылданған. Ол келесі формула бойынша анықталады: BMI (body mass index) = дене салмағы дене ұзындығы2 (кгм 2). Басқа индекстерге қарағанда, Кетле-2 индексі әр түрлі жастағы балалардың дене ұзындығы мен дене массасының арақатынасын жеткілікті дәрежеде дәл көрсетеді, ал басқа индекстердің қолданылуын шектейтін негізгі кемшілігі, әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене өлшемдерінің өзгеруі пропорционалды болмайды деген фактіні елемеу болып табылады. Бұл жағынан сигмалық ауытқулар әдісі бір қадам алға басқандық болып табылады. Дене дамуын бұл әдіспен бағалауды баланың дене дамуының көрсеткіштерін (массасын, дене ұзындығын, көкірек торының шеңберін және басқаларын) енді жас-жыныс топтарына тиісті стандартпен (М) салыстырып жүргізеді. Бұл көрсеткіштер стандарттан (үлгіден) қанша s-ға (s - орташа квадраттық ауытқу) ауытқығанын анықтайды да, ауытқу мөлшеріне байланысты дамуды 5 дәрежеге бөледі: орташа (М+-1s); орташадан жоғары (1sМPound+2s); жоғары (М2s); орташадан төмен (-1sМPound-2s) және төмен (М-2s).
Даму дәрежесін анықтайтын негізгі критерийі дене ұзындығы болып табылады. Даму дәрежесінен анықтаудан басқа, дене массасы мен кеуде торы шеңберінің өзгеруі бой ұзындығына пропорционалдығын сипаттайтын үйлесімділігі де анықталады. Бұл әдіс бойынша, егер стандарттық ауытқуларымен берілген дене дамуы көрсеткіштерінің бір - бірінен айырмашылығы бір сигмадан аспайтын болса, онда дамуы үйлесімді болып саналады. Бірақ, бұл әдістің де кемшілігі бар: ол көрсеткіштердің өзара байланысын есепке алмайды, әрбір көрсеткіш жеке бағаланады. Сондықтан, қазіргі кезде сигмалық ауытқулар әдісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Баланың физиологиялық және биологиялық дамуы
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Ауыр атлеттердің дене дайындығын дамыту әдістері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Пәндер