Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы


1 ТУРИЗМДЕГІ РЕКРЕАЦИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Рекреация ұғымы және оның функциялары
Рекреация сөзі латын тілінен аударғанда қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді. Яғни, рекреация - адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту. Рекреацияны ғылыми сала ретінде көбінесе рекреациялық рекреация ретінде қарастырады. Рекреациялық қызмет қазіргі кездегіадамдардың өмірінде өте маңызды орын алады. Еңбеккерлердің демалысын ұйымдастыруға қатысатын адамдардың әр түрлі іс- іс әрекет деп аталады. Рекреациялық қызметті ұйымдастыру кешенді сипат алады. Оған рекреациялық жүйедегі демалушылар тобының, табиғи кешен, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы, өндіріс сферасы, еңбек ресурстары, орнықтыру жүйелерінің өзара әрекеттесуі негіз болады [6, 53б. ] .
Рекреациялық географияның негізін қалаушы түсініктерге ең алдымен бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм жатады. «Бос уақыт» - рекреациялық процестің дамуына қажетті жағдай. Бос уақыт белгілі кезең, класс және әлеуметтік топтың бейнесін көрсететін қарқынды категория, ол өзінің мазмұны, сондай-ақ, көлемі бойынша өзгереді. Кейбір ғалымдар бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен теңестіреді, мұнда ол оның бір бөлігі ғана болып табылатындығын айта кету керек. С. Р. Ердавлетов жұмыстан тыс уақыттың функционалды әртүрлі төрт топтан тұратындығын атап кетіп отыр:
- жұмыс орнына және одан кері жол жүру уақыты;
- табиғи қажеттіліктерді (ұйқы, тамақтану, жеке гигиена) қанағаттаныдыруға кететін уақыт;
- үйдің шаруасы мен тұрмыстық қажеттіліктерге кететін уақыт;
- дене, интеллектуалды даму және демалыс үшін арналған уақыт. Осы шын мәнісінде бос уақыт болып табылады.
Жұмыстан тыс уақыт міндетті және түрлі қажетті шұғылданулардан бос уақыттарға бөлінеді. Бос уақыт адамның дене күштерін қалпына келтіру және дамытуға, сондай-ақ, рухани күштерін жан-жақты күшейтіп, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға шығындалады.
Жұмыс және өндірістік уақытпен салыстырғанда, бос уақыт белсенді пайдаланудың негізгі элементтердің бірі ретінде демалыс уақыты болып табылады. Оған апталық мерекелер, жазғы және қысқы демалыс және басқалары жатады. Бос уақыт түсінігі мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалу және көңіл көтерумен ассоциацияланады. Р. Ланкуарға сәйкес адам өміріндегі уақытты былайша жіктеуге болады:
Әлеуметтік уақыт және жеке уақыт: әлеуметтік уақыт - белсенді жұмысқа, қоғамдық және жанұялық өмірге бөлінетін уақыт; жеке уақыт - денсаулық жағынан және мәдени дамуға арналған уақыт.
Белсенді қызмет уақыты және демалыс уақыты: біріншісі еңбек, қоғамдық және үй қызметіне жұмсалатын уақытты, ал екіншісі демалуға арналған уақытты білдіреді.
Өндірістік қызмет уақыты және пайда алумен байланыссыз уақыт.
Құрылымды уақыт және құрылымды емес уақыт: біріншісі күнтізбек бойынша және нақты ұйымдастырылған кесте бойынша бөлінетін уақытты, ал екіншісі жоспарланбаған уақытты білдіреді.
Уақыттың маңызды қасиеттерінің бірі - оның иерархиялығында. Уақыттың иерархиясын келесі түрде көрсетуге болады: әлеуметтік уақыт = жұмыс уақыты + бос уақытты қамтитын жұмыстан тыс уақыт. Рекреациялық уақыт әрине бос уақыттың бір бөлігі болып табылады. Тәуліктік әлеуметтік уақыт үш сегіздік ережесіне жауап береді, яғни тәуліктің 8 сағаты ұйқыға, 8 сағаты - жұмыс уақыты, 8 сағаты - жұмыстан тыс уақытқа бөлінеді.
Бос уақыттың екі негізгі функцияларын ажыратуға болады:
1. Еңбек аясына және басқа шұғылдануларға жұмсалған адамның күшін қалпына келтіру функциясы. Ол тамақтану, ұйқы, қозғалысты қамтып, психофизиологиялық параметрлерді қалпына келтірумен байланысты.
2. Рухани және дене бітімін дамыту функциясы. Ол мәдени, идеялы, эстетика жағынан рухани дамуды, сондай-ақ, сауықтандыру, тану, қатынас орнатуды қамтиды.
Бос уақыт - табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыру және бейеңбекті сипаттағы мәжбүрлі қызметпен (мысалы, кеңістікте орын ауыстыру) байланыссыз жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі.
Сонымен, еңбектің интенсивтілігі мен құрылымының өзгеруі, дене еңбегінің автоматтармен жұмыс істеу және механизмдерді басқару бойынша жасалатын қызметке ауысуы, эмоционалды және интеллектуалды ауыртпашылықтың өсуі мен дене белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, жұмысшы күшінің ұдайы толықтырылуына қажетті жағдайлардың бірі - бос уақыт ұзақтылығының артып, оны пайдалану түрлері мен әдістерінің көбеюі орын алды. Бос уақыт ұзақтылығының артуы мен қоғамның тұлға дамуындағы, денсаулықты сақтауы мен жақсартуындағы, халықтың әлеуметтік-еңбекті әлуетін жақсартуындағы оның пайдалану маңыздылығын түсінуі, туризмнің және онымен байланысты қызмет түрлерінің функциялануларына негіз салды.
Бос уақыттың әсерін бір жағынан экономикалық өсу факторы ретінде қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз ара-қатынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің көрінуі. Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының азаюы, бос уақыттың ұлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың ұлғаюы жұмыскер біліктілігін жоғарылатуға жағымды жағдайлар орнатса, олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуының бірде-бір себебі болады, ал оның негізінде қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қызметтер аясы салаларының жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып, басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс жанұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанұя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігі мен тиімділігі, экономикалық өсудің қарқыны, өндірістің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
Қазақстанда қалыптасқан экономикалық конъюктурадағы, халықтың түрлі топтарына көрсетілетін сервисті қызметтердің іріктелуі, жұмыс уақытының демалу уақытына ауыстырылу бағдарының болмауы, ЖІӨ-нің өсуі мен валюта түсімінің қайнар көзі ретінде көрінетін отандық экономикадағы туристік қызметтер секторының функциялану әлеуетін төмендетеді. Тап осы сала жұмыс орнын құру, жаңа сервистік қызмет орындары мен кәсіпорындардың дамуына, өңірдің дамуына оңды әсер ететін мультипликативті әсерге ие.
Рекреациялық география бойынша әдебиеттерге тән ерекшелік ретінде, ондағы бос уақыт категориясы мен жаппай рекреация факторы ретінде алынған бос уақыттың болу жағдайын тым араластырып қарастырылуын айта кету керек. Бос уақыт жаппай рекреацияның басты факторы ретінде қарастырылған. Бос уақыттың артуын куәландыратын мәліметтер негізінде, 50-жылдардан кейінгі кезеңде рекреация дамуының күрт белсендеуін түсіндірген.
Бос уақыттың артуы мен теңіз маңындағы рекреацияның белсендеуі арасындағы корреляцияға күмән жоқ. Бірақ, ол жазғы теңіз маңындағы рекреация жағдайының бір жағы ғана - одан басқа аспектілер де орын алған. Тап осы рекреация түрінің белсенділігін түсіндіретін себептер қатарында - ішкі буферлі аймақты игеру процесі болды. Осы тұрғыдан бос уақыт айтарлықтай рөл атқарған емес. Әрине, бос уақыттың және негізгі жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен шығу мүмкіндігінің болмауы, рекреациялық мақсатпен кішігірім орын ауыстыруды қарастырады. Бірақ, бос уақыттың болу фактісінен, адамдар теңіз жағалауында жыл сайын демалу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін ұзақ жол сапарларын кешеді деген ой қалыптасу міндетті емес. Оған дәлел ретінде, 1991 жылдан кейін халықтың айтарлықтай бөлігінде бос уақыттың пайда болуына қарамастан, ауыр дағдарыс жағдайымен байланысты рекреациялық ағымның күрт төмендеуін айта кетеміз.
Дене бітім және психикалық күштерді қалпына келтіру, сондай-ақ, жан-жақты даму мақсатымен жүзеге асырылатын және қызметтің басқа бағыттарымен салыстырғанда адамдардың іс-әрекеттерінің түрлілігімен сипатталатын бос уақыттағы адамның қызметін рекреациялық қызмет дейміз.
Рекреациялық қызмет бос уақытта жүзеге асырылады және екі бөліктен тұрады:
1) бос уақытты өткізу және демалу үшін уақыт;
2) рухани жағынан жоғары қызмет үшін бөлінетін уақыт.
Адам бос уақыттағы өзінің қызмет сипатында еркінділік танытады және өз мүддесіне қарай қандай-да бір демалыс түрін таңдайды. Осы көзқарасқа жүгіне отырып, демалу уақытындағы адам қызметінің келесідей түрлерін жіктеуге болады:
- белгілі дене ауыртпашылығымен байланысты қызмет (спортпен шұғылдану, туризм және альпинизм, серуендеу және тағы басқа) ;
- қызығушылық жетелейтін әрекет (аң, балық аулау, жидек теру және т. б. ) ;
- өнер әлеміне жақындау (театр, концерт залдарына, мұражайларға бару және т. б. ) ;
- интелектуалды қызмет (өзіндік білім, әдебиет, газет, журналдарды оқу, телебағдарламаларды қарау және т. б. ) ;
- еркін таңдау бойынша араласу;
- белсенді (би, ойындар) немесе пассивті сипат алатын ойын-сауықтар;
- ләззәт алу мақсатымен саяхаттау.
Аталған демалыс түрлерінің көбісі кешенді түрде байқалады, олар өзара байланысты және ол саяхаттау уақытында айқын білінеді.
Рекреация этимологиялық түсініктердің жиынтығын білдіреді: recreatio (латынша) - қалпына келу, recreation (французша) - көңіл көтеру, демалыс, еңбек қызметінен тыс әрекеттердің ауысуы.
Н. С. Мироненко және И. Т. Твердохлебовтардың берген анықтамасы бойынша, рекреация - бұл адамдардың тұрғылықты орнынан тыс жерде орналасқан, мамандандырылған территорияда тәуліктік, апталық және жылдық өмірлік цикл кезеңінде сауығу, тану, спорттық және мәдени-көңіл көтеру қызметтері үшін бос уақытты қолдану нәтижесінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығын білдіреді. Бұл анықтамада орын ауыстыру, миграцияның қасиеті ғана емес, адамдардың орын ауыстыруларымен байланысты құбылыстар мен қатынастардың жиынтығы бейнеленген.
Рекреациямен адамдар барлық уақытта айналысқан. Адамзат эволюциясына қарай және әлеуметтік-мәдени жүйе типіне байланысты рекреациялық қызметтің нақты ерекшеліктері ауысып отырған. Қазіргі рекреациялық қызмет формалары өткен кезеңдердікіне қарағанда жетілген деуге де негіз жоқ.
Кеңістік тұрғысынан рекреацияның екі стандартын ажыратады - пассивті және белсенді. «Пассивті рекреация» деп өзінің негізгі тұрғылықты орны бойынша демалуды түсінсек; «белсенді рекреация» өзінің негізгі мекенінен тыс жерде орын ауыстырумен байланысты.
Рекреациялық қызметтің қайталану белгісі негізінде рекреацияның бес типін ажыратады:
Тәуліктік демалыс - цикл 24 сағат. Демалуға бөлінген уақытты шартты түрде 8 сағат деп анықтауға болады - бұл ұйқы.
Апталық демалыс - цикл 7 тәулік. Демалуға бөлінген уақытты шартты түрде 6-8 сағат деп анықтауға болады. Әдетте, бұл уақыт демалуға ыңғайлы жақын орындарға (саябақ және т. б. ) барумен байланысты.
«Тоқсандық» демалыс - цикл 65-90 тәулік. Демалуға бөлінген уақытты шартты түрде 8 сағат деп анықтауға болады. Әдетте, негізгі тұрғылықты мекенінен алыс емес демалу орындарына бір күндік барумен сипатталады. Көлік құралдарының мүмкіндігіне қарай, орын ауыстыру радиусы ұлғаяды, бірақ, орын ауыстыруға жұмсалатын уақыт пен 8 сағаттық ұзақтылықты тоқсандық демалыс фактісі өзгеріссіз қалады.
Жыл сайынғы демалыс - цикл 365 тәулік. Демалуға бөлінген уақытты шартты түрде 10-14 тәулік деп анықтауға болады. Әдетте, негізгі тұрғылықты мекенінен алыс жерлерде ұзақ болумен сипатталады. Қандай-да бір мотивтермен ол жерлер тартымды болады, мысалы, діни немесе танымдылық. Көлік құралдарының мүмкіндігіне қарай, орын ауыстыру радиусы ұлғаяды.
Өмірлік демалыс - 10-15 жылды қамтитын цикл. Демалуға бөлінген уақытты шартты түрде 10-30 тәулік деп анықтауға болады. Әдетте, қандай-да бір мотивтермен тартымды, негізгі тұрғылықты мекенінен алыс жерлерде ұзақ болумен сипатталады. Өмірдегі ерекше оқиғалардың орын алуымен байланысты, мысалы, неке қию және неке той саяхаты. Көлік құралдары прогресіне қарай, орын ауыстыру радиусы үнемі ұлғайып отырады, ал азаматтық авиацияның дамуы оны шектеусіз қылды. Демалыстың өмірлдік циклі әлемді шарлау саяхатымен байланысты болуы мүмкін. Рекреацияның басқа типтеріне қарағанда, бұл барлық адамдарда байқалмайды, оның негізінде кездейсоқ себептер (жеке, әлеуметтік және басқа) жатыр.
Рекреациялық типтердің ара-қатынасы кескінде көрсетілген. Бұл моделде, кеңістікті белсенді рекреация жағдайында, орын ауыстыру радиусы әр деңгеймен артып отыратындығы көрсетілген. Туәліктік рекреация - ең төменгі орын ауыстыру. [6]
Ал С. Р. Ердавлетов демалыстың әр күндік, әр апталық және әр жылдық түрлерін ажыратады. Қалай десек те, пайдаланылу сипатына қарай бос уақытты жеке түрлерге бөлу әдістемелік жағынан маңызды болып келеді, себебі демалыс құрылымын зерттеу үшін және рекреациялық мақсаттар үшін бос уақытты пайдалануға негіз болады. Осыдан, ғалым тұрғылықты пунк ішіндегі рекреация; демалыс күндердегі апталық рекреация; отпуск және каникул кездеріндегі әр жылдық рекреацияны ажыратады.
1-сурет. Рекреация типтерінің ара-қатынасы
Жүзеге асырылу интенсивтілігі бойынша рекреация типтері ерекшеленеді. Олардың байқалу интенсивтілігі кескінмен көрсетілген, мұнда Y арқылы белгілі типті рекреацияның интенсивтілігі белгіленсе, Х арқылы рекреацияның түрлі типтері алынған.
Y
Х
2-сурет. Интенсивтілігі бойынша рекреация типтері
Аталған рекреация циклдерінің барлығы географиялық ғылымның зерттеу пәні болмайды, бірақ олардың барлығы - рекреациялық қызметтің байқалуы.
Рекреация объектісі ретінде, адамның түрлі рекреациялық қызметті жүзеге асыру шарты болып табылатын материалды заттар, процестер мен құбылыстар, стандарттар қарастырылады. Бұл тікелей рекреациялық қызмет үшін өзіндік бір негіз, ол көптеген факторларға байланысты белсенділігін арттырады, бірақ, өз бетінше ешқандай рөл атқармайды.
Рекреация субъектісі ретінде, белгілі бір жүйе, орта, буферлі аймақ (бір сөзбен әлеуметтік-мәдени қалыптасу) стандарттары негізінде рекреациялық қызметті жүргізетін адамдар қарастырылады. Әлеуметтік-мәдени сипаттағы стандарттар, қатаң белгіленген рекреация объектілерін пайдалануды қажетсінеді. Осылайша, рекреациялық мақсатта игерілетін аудан таңдалады.
Рекреацияны ұзақтылығы бойынша тұрғылықты жеріне түнеу үшін оралумен байланысты қысқа мерзімді және тұрғылықты жерінен тыс орында түнеумен байланысты ұзақ мерзімдіге бөлуге болады.
Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мазмұны бойынша туризм түсінігімен сәйкес келеді. Туризм - тұрақты тұрғылықты орнынан тыс жерде бос уақытты өткізу тәсілдерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде «туризмге» адамдардың тұрақты тұрғылықты орнынан тыс жерде болу және саяхаттау кезінде, егер ол созылмалы тұрақтану немесе ақша табу жолында уақытша жұмыспен айналысуға айналмаған жағдайда, пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы ретінде анықтама берілген. Рекреацияның ұзақтылығы бойынша туризммен қатар экскурсияны ажыратады. «Туризммен» тығыз байланысты «экскурсия» барлық маршруттарда дерлік туристерге қызмет көрсетудің ажыратылмас бөлігі болып отыр. Экскурсия туристік саяхаттың танымдылық маңызын анықтайды. Көрікті жерлер туралы қажетті ақпарат беретіндіктен, олар туристер арасында танымал және онсыз кез-келген сапар қызықсыз шараға айналады. Экскурсиялар оперативті, олар саяси, экономикалық және мәдени өмір төңірегінде орын алған өзекті жағдайларға жылдам әсерін білдіреді.
Туризм және экскурсия арасындағы уақытты айырмашылықты анықтау бір жақты - бұл тәуліктік цикл. Рекреациялық қызметте 24 сағаттан азын алатыны экскурсия болса; 24 сағаттан асатыны - туризм.
Туризмді саяхат пен миграциядан айыру, яғни, кеңістікте орын ауыстырудың басқа түрлерінен туризмді бөлетін «жоғарғы» уақыт шегін анықтау міндетін шешу күрделірек. Мұнда екі айырмашылықты белгіні бөлуге болады:
- басқа территорияда салыстырмалы ұзақ уақыт болу ақша табумен байланысты еместігінен, туризмді миграциядан ажыратуға болады: турист ақша таппайды, керісінше оны жұмсайды. Бұл айырмашылық жалпылай қабылданған және шетелден қандай-да бір елге келген адамдар статусын анықтауда маңызды;
- негізгі тұрғылықты орнынан тыс жерде болу ұзақтығының сандық критериесін енгізу. Субъективті нұсқаулар мен елдің ерекшелігіне қарай, уақыт шегі 14 күннен бір жылға дейін анықталған. Келесідей үрдісті атап өтуге де болады: АҚШ секілді «эмигранттық» елдер туризмде көбірек уақыт шегін жіберуге жақын.
Өз территориясынан тыс жерде уақытша тұрудан туризмді ажырататын тағы бір белгіні атап өтуге болады: демалыстың апталық және тоқсандық циклдерінің болуы. Тәуліктік және апталық демалыс циклдері барлық адамдарға тән. Туристпен байланысты демалыстың апталық циклі, апта бойы тек дамалумен айналысу жағынан ерекшеленеді. Теңіз жағалауындағы жазғы рекреациядан бұл жағдайды көруге болады: демалушылар «жалқаулы» демалысқа бас бұрады, жағажайда күнделікті қыздырылу және теңізде шомылумен айналысады. Демалыстың апталық циклінің қалыпқа келуі, оның мигрантқа айналуын көрсетеді. Демалыстың тоқсандық циклінің болуы - туристі мигранттан айырудың нақты белгісі.
Рекреациялық қызметті өткізу орны бойынша шетел және ішкі туризм түрлерін ажыратады. Оны анықтау белгісі қарапайым: туристің мемлекеттік шекараны асу фактісі.
3-сурет. Рекреация түрлері
Сонымен, адам өзінің бос уақытында жүзеге асыратын барлық қызметтері ішіндегі «демалыс» ең ауқымды түсінік және ол басқаларды, соның ішінде рекреациялық шұғылдануларды қамтиды. Одан төменгі деңгейде «рекреация» тұрады, ол өз кезегімен «туризм» және «экскурсия» түсініктерін қамтиды. «Экскурсия» демалыс түрі ретінде және де рекреация түрі (бірінші жағдайда, мысалы, туған қала бойынша экскурсия, ал екінші жағдайда басқа қалада) ретінде көріне алады. [7]
Рекреация адамның қалыпты өмір сүруіне қажетті, күйзелістің орнын толтыру құралы, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру және өндірісті жалғастыру жағдайы болып отырған сайлаулы қызмет түріне жатады.
Оның негізі міндеті - қоғамның әрбір мүшесінің дене бітім және психологиялық күштерін қайта қалпына келтіру және де дамыту, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Мұнда ең алдымен қанағаттандырылуы тиіс жоғарғы қажетттілік - адамның рухани дүниесін, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ғылымда рекреацияның жалпылама қыбылданған функцияларының жіктеуі болмаса да, оны үш топқа бөлуге болады:
Медико-биологиялық функция санаторлы-курортты емдеу және сауығуда байқалады. Туризм арқылы сауығу - адамның өндірістік және өндірістен тыс болған психологиялық шаршауды басу мәселесін шешудің бірден бір жолы.
Әлеуметтік-мәдени функция - рекреацияның басты функциясы. Мәдени немесе рухани қажеттіліктер - бұл кең мағынадағы танымдылыққа деген қажеттіліктер, қоршаған ортаны және ондағы өз орнын тану, өзінің тіршілік ету мәнін ашу және арнауын тану. Туризм адамның өз елінің ғана емес, бүкіл әлемнің табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік құндылықтармен араласу мүмкіндігін ашады.
Экономикалық функция - жұмыс күшінің қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндірісі. Рекреация қоғамдық қажетті уақытты үнемдейді. Рекреация арқылы адамдардың еңбекке қабілеттілігі артады, жұмысқа қабілеттілікті сақтау кезеңінің ұзақтылығы артады, ол өз кезегімен сырқаттанудың қысқаруы, өмірлік ынтаның артуы нәтижесінде жұмыс уақыты қорының ұлғаюына әкеледі.
Рекреация және туризм, сондай-ақ, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Аталмыш аяның функциялануы өндіріс пен тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне өспелі әсер етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің ажырамас құрама элементі бола тұра, туризм, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс процесінің объектісі мен субъектісі - адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу және тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған нақты және рухани күштерін қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады.
Ертеректе жүргізілген зерттеулердің нәтижесі, әлеуметтік инфрақұрылым және соңын ішінде туризмнің дамуы өндірістің экономикалық тиімділігінің өсуіне әсер ететіндігін көрсеткен. Ол туризмге бағытталатын қаржы салымдарының тиімді пайдалануы; кәсіпорындардың орналасу және олардың функциялануының тиімділігін арттыру; халықтың туристік-рекреациялық қызметтермен қамтамасыздық дәрежесінің артуы және бос уақытын өткізуінде жағымды жағдайлардың жасалуына байланысты, халық шаруашылығының барлық салаларында еңбек өнімділігінің жоғарылауы; кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі, олардың еңбек қабілеттілігі ұзақтылығының өсуі, адамдарда белсенді өмір сүру позициясының қалыптасуы секілді бағыттарда байқалған [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz