Құрманғазы дәуірінде



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
1. Құрманғазы дәуірінде
2. Құрманғазы жөнінде деректер жинау жайлы
3. Құрманғазы
4. «Ақбай» күйіне талдау

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Музыкант немесе музыка сыншысы орманды, даланы, теңізді, тіпті, жұлдыздарды да есіте алмаса, ол жаман-ақ нәрсе. Мен көп жүретінмін, кейде жапа-жалғыз өзім келе-жатам, құлақ түре тыңдаймын, басқа дүниені тіпті сезбеймін, ыңылдап даусымды да есіте алмаса, ол жаман-ақ нәрсе. Мен мың да есітемін: көбіне сахараны. Музыканың ұлы адамдарының ұлы болуы — біздің жексұрын өміріміздің ішінде жүріп, небір көркем шығармалар беруі, олардың музыкадан басқаны да есіте алуынан ба деп ойлаймын».
Бұлардың бәрі де іштей музыка шығарып тұрмын деп емес, музыка үнін өмір кәдесіне жаратып, әрқайсысы өзінің істеп тұрған ісіне бұрынғысынан да артық шырай, мән беремін деп ойлады. «О баста ән, сөйлеген сөз сияқты, өнердің емес, адам табиғатының шығарғаны болды», адам қуанған сезімін де, қайғысын да, басқаға айтқысы келмесе не айтуға болмайтын жағдайы болса,— ән арқылы сыртына шығарады», «сондықтан, сезімнің бұлағы болған табиғи ән, табиғаттың шығарғаны болған себепті көркемдік жағын ойлайтын өнердің шығарғаны емес,— онда ең жоғарғы көркемдік бар, ол әдемілігін өзі сезбейтін сұлудай назарыңды аударып кетеді»,— дейді. Чернышевский өзінің «Өнердің шындыққа эстетикалық қатынасы» деген диссертациялық еңбегінде.
Құрманғазы күйлерінің тіл өткірліктері, біздің заманның тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні күйшінің өмір сүрген ғасырын сезуінен. «Көбік шашқан» күйінде бір жағынан теңіз толқынының дүрсілі сырт сурет ғана емес, біртіндеп жақындап келе жатқан алыстағы революцияның сарыны болып та естіледі. Олай дейтініміз, өткен ғасырдың ортасында Москваның университетінен, әскер қатарынан қашқан студенттер, әскери адамдар Ордаға келіп революциялық әдебиет таратып жүргенін, оларды қалай да болса тауып алу керектігін жазған жандарм бөлімдерінің қағаздарын біз архивтерде кездестірдік. Осының бәрі де оқымаса да, естігені көп Құрманғазыны қобалжытпады деп айту қиын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Қызыл қайың» (1 түрі). Орындаған О. Қабиғожин. Жазып алған А. Жұбанов.
2. «Қызыл қайың» (II түрі). Орынд. Л. Мұхитов. Жазып алған А. Жұбанов.
3. «Бас-Ақжелең». Орынд. М. Өскембаев. Жазып алған А. Жұбанов.
4. «Балбырауын». Орынд. О. Қабиғожин. Жазып алған. А. Жұбанов.
5. «Сарыарқа». Орынд. О. Қабиғожин. Жазып алған А. Жұбанов.
6. «Көбік шашқан». Орынд. М. Бөкейханов. Жазып алған А. Жұ-банов.
7. «Түрмеден қашқан». Орынд. Қ. Жантілеуов. Жазыл алған А. Жұбачов.
8. «Ұзақ-Ақжелең». Орынд. Д. Нұрпейсова. Жазып алғаң А. Жұбанов.
9. «Кішкентай». Орынд. Қабиғожин. Жазып алған А. Жұбанов.
10. «Балкаймақ». Орынд. Ғ. Хайрошев. Жазып алған X. Тастанов.
11. «Балкаймақ» (II түрі). Орынд. және жазып алған. Ә. Есқалиев.
12. «Айда бұлбүл, Айжан-ай». Орынд. Ғ. Хайрошев. Жазып алғаи X. Тастанов.
13. «Бұлбұлдың құрғыры». рынд. Ғ. Хайрошев. Жазып алған X. Тастанов.
14. «Маната». Орынд. Ғ. Хайрошев. Жазып алған X. Тастапов.
15. «Назым». Орынд. Ғ. Хайрошев. Жазып алған X. Тастанов
16. «Машина». Орынд. Т. Аршынов. Жазып алған А. Жубанов.
17. «Сарапжап». Орынд. Қ. Жантілеуов. Жазып алған А. Жұбанов.
18. «Ақсақ киік». (I түрі). Орынд. М. Бөкейханов. Жазып алған А. Затаевич.
19. «Ақбай». Орынд. Қ. Жантілеуов. Жазып алған А. Жұбанов.
20. «Бозшолақ» (I түрі). Орынд. О. Қабиғожин. Жазып алған А. Жұбанов.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Құрманғазы дәуірінде
2. Құрманғазы жөнінде деректер жинау жайлы
3. Құрманғазы
4. Ақбай күйіне талдау
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Музыкант немесе музыка сыншысы орманды, даланы, теңізді, тіпті,
жұлдыздарды да есіте алмаса, ол жаман-ақ нәрсе. Мен көп жүретінмін, кейде
жапа-жалғыз өзім келе-жатам, құлақ түре тыңдаймын, басқа дүниені тіпті
сезбеймін, ыңылдап даусымды да есіте алмаса, ол жаман-ақ нәрсе. Мен мың да
есітемін: көбіне сахараны. Музыканың ұлы адамдарының ұлы болуы — біздің
жексұрын өміріміздің ішінде жүріп, небір көркем шығармалар беруі, олардың
музыкадан басқаны да есіте алуынан ба деп ойлаймын.

Бұлардың бәрі де іштей музыка шығарып тұрмын деп емес, музыка үнін
өмір кәдесіне жаратып, әрқайсысы өзінің істеп тұрған ісіне бұрынғысынан да
артық шырай, мән беремін деп ойлады. О баста ән, сөйлеген сөз сияқты,
өнердің емес, адам табиғатының шығарғаны болды, адам қуанған сезімін де,
қайғысын да, басқаға айтқысы келмесе не айтуға болмайтын жағдайы болса,— ән
арқылы сыртына шығарады, сондықтан, сезімнің бұлағы болған табиғи ән,
табиғаттың шығарғаны болған себепті көркемдік жағын ойлайтын өнердің
шығарғаны емес,— онда ең жоғарғы көркемдік бар, ол әдемілігін өзі
сезбейтін сұлудай назарыңды аударып кетеді,— дейді. Чернышевский өзінің
Өнердің шындыққа эстетикалық қатынасы деген диссертациялық еңбегінде.
Құрманғазы күйлерінің тіл өткірліктері, біздің заманның
тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні күйшінің өмір сүрген ғасырын
сезуінен. Көбік шашқан күйінде бір жағынан теңіз толқынының дүрсілі сырт
сурет ғана емес, біртіндеп жақындап келе жатқан алыстағы революцияның
сарыны болып та естіледі. Олай дейтініміз, өткен ғасырдың ортасында
Москваның университетінен, әскер қатарынан қашқан студенттер, әскери
адамдар Ордаға келіп революциялық әдебиет таратып жүргенін, оларды қалай да
болса тауып алу керектігін жазған жандарм бөлімдерінің қағаздарын біз
архивтерде кездестірдік. Осының бәрі де оқымаса да, естігені көп
Құрманғазыны қобалжытпады деп айту қиын.

1. ҚҰРМАНҒАЗЫ ДӘУІРІНДЕ

Өткен дәуірдің рухани мұрасынан ауыз толтырып айтатын, мақтанатынымыз
— музыка Көшпелілік дәуірдің тұрақты сахна тудырмайтын жағдайында театр
өнеріміз дамымай қалды. Исламның тірі жанды салдырмайтынын салдарынан сурет
өнеріміз тұңшықтырылды. Музыка болса, өмірдің өзімен бірге қайнап, араласып
кеткесін оны тойтаруға ешкімнің шамасы келмеді. Сиырға, үстіне ақ киім
киіп, ел аралап жүрген дуана қарағандай жасап, талдан ысқыш, шыршадан
канифол алып, бұл аспаптың сызылған үнін пайдаланды. Екі ішекті домбырада
адам тілімен сөйлесіп ымыраға келе алмайтын болған соң, қазақ күйшілері
ханнның кәрін тілсіз әңгімемен басты. Еріксіз малға сатып, ел асып бара
жатқан қыз ұзатылар алдында ай бойы ағайын-тумамен қоштасып, сыңсыды.
Күйеуі өлген келіншек басына қара жамылып, үш жыл бойы әндеткен жоқтау
айтып зар қақты. Ауыл жастары кешкіқұрым алтыбақан тепкенде, оның ырғағына
әнмен қосылды. Той болса екі бөлінген топ әнмен жар-жар айтты. Тіпті, құран
оқыған молда да өлеңмен жазылған сөздерін отырған айналасына ұнау үшін
әндетіп айтты.
Бұлардың бәрі де іштей музыка шығарып тұрмын деп емес, музыка үнін өмір
кәдесіне жаратып, әрқайсысы өзінің істеп тұрған ісіне бұрынғысынан да артық
шырай, мән беремін деп ойлады. 0 баста ән, сөйлеген сөз сияқты, өнердің
емес, адам табиғатының шығарғаны болды, адам қуанған сезімін де, қайғысын
да, басқаға айтқысы келмесе не айтуға болмайтын жағдайы болса,— ән арқылы
сыртына шығарады, сондықтан, сезімнің бұлағы Полған табиғи ән, табиғаттың
шығарғаны болған себепті көркемдік жағын ойлайтын өнердің шығарғаны емес,—
онда ең жоғарғы көркемдік бар, ол әдемілігін өзі сезбейтін сұлудай
назарыңды аударып кетеді,— дейді. Чернышевский өзінің Өнердің шындыққа
эстетикалық қатынасы деген диссертациялық еңбегінде. Сондай-ақ осы кезде
неше сақта биленетін би де о баста өнердің шығарғаны емес, өмірдін, кәдесі,
алғашқы адамдардың сөздігі жетпей аңға не басқа бір руға шабуылға барып
қайтқанын айтып берудегі толықтырушы қозғалыс: ым, аяқ, қол, дене
қозғалыстары болды. Бері келе ән де, би де алғашқы шығу негізі өзгеріп,
өнердің шығармасы болып кетті.
Ақылың болса жыр тыңда, Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер деген
қазақ, музыканы бір мезет те өмір құралы етуден тоқтаған жоқ. Театр,
сурет өнеріндей белгілі жағдайды керек ететін емес, ән-күйдің ат жалында,
түйе қомында жүріп те дами беретін ерекшелігі де біздің халықтық
музыкамыздың ғасырлар бойы "сақталып келуіне себеп болды. Тарихтың небір
тар жол, тайғақ кешуін өткенде де қазақ халқы әні мен күйін демеу етіп,
жан жарасын жазып жібермесе де жұбаныш етіп келді. Бірақ музыка тек
жұбаныш, демеу ғана емес, тарихтың кейбір кездерінде жауын физикалық
мәнінде өлтірмеген-мен, рухани жағынан өлтіріп жүрді, Таяқ еттен өтеді
де, сөз сүйектен өтеді дегендей атасынан баласына шейін ұмытылмастай етіп
ел жауларының жандарына жара салды. Бұл жағынан кейбір күйлердің өзі
сөзі жоқ болса да сөзі әннен кем жетпейтін. Бұл ретте ақын
I. Жансүгіровтың:
Пәлен деп бір ауыз сөз айтпаса да:
Әркімнің өз көңіліне тіл қатқан күй
дегені өте нақ айтылған. Күйдің сырын жақсы түсінген ақын жай поэзия
тілімен бәрімізге бірдей жеткізген.
Міне, осындай пәлен деп сөз айтпаса да әркімнің кеңіліне тіл қатқан
күйлердің шеберлері қазақта көп болды. Солардың ішінде шоқтығы биік шығып
тұрған, әдебиеттегі Абайдай біздің аспапты музыкамызда ерекше орын алатын
адамның бірі Құрманғазы әрбір талант иесіне тән әркімнің көңіліне тіл
қатты. Әрине, ол бірден солай болып туа салған жоқ, оны қазақтың халық
музыкасының тарихы дайындады.
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, Ел болса, ер туғызбай тұра
алмайды.
Сөзі қандай дәл айтылған. Қазақстанның батысында он сегізінші ғасырдың
аяқ кезіндегі Сырым көтерілісі, одан бергі Исатай—Махамбет көтерілісі, ол
оқиғалармен байланысты болған халықтың ауыр саяси, шаруашылық жағдайлары
халықты қобалжытты.
Нарында, жалпақ шағыл Жиделіде,
Жиделі әлі күнгі дейді елі де.
Кектеніп сол заманда құм қазағы,
Сарнады осы арадан күй желі де,—
дейді ақын Хамит Ерғалиев өзінің Құрманғазы атты поэмасында. Күй желінің
сол бір өреде сарнауы шын да, тарихи заңды да көрініс еді. Сырымға арнаған
Сырым сазы, Исатайға арнаған Нар кескен, жалынды ақын, бунтарь Махамбет
тартқан Қайран Нарын, Жұмыр-Қылыш (батыр аттары. А. Ж.) күйлері
Құрманғазының Кішкентайының ата күйлері болды. Боз үйде сапырулы сары
қымыз ішіп жатып күй шығаратын жағдайда болмаған Құрманғазы — өскен ортасы
малшы мен жалшы, тап тартысынан сабақ алғаны — өмір, идеялық лабораториясы
— Исатай — Махамбет көтерілісі, ұлы орыс халқының музыкасымен танысудағы
мектебі — айдау мен түрме болды. Ал, Көбік шашқан сияқты күйді шығаруда
алған тақырыбы тарихтың оқиға — халқына деген махаббат, заманындағы
қоғамдық өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғауға себеп, сылтау ғана болды.
Құрманғазының осындай музыкалық қимылының өзі ол заманның билеушілеріне
қарсы келетін революциялық қимыл болып көрінді. Жоғарыда айтылғандай,
күйдің аты да, музыкалық кескіні де тентек күйшінің тағы бір мінезін
көрсеткендей болды.
Көне күй, күйдің аты Көбік шашқан,
Сел болып көк теңізді тегіп, шашқан.
Жел болып, кең даланы қағып, сілкіп,
Тең болып аспаны — жер, жерің — аспан,—
дегендей бірінші тыңдаған кісіге жай көшетін музыка болғанымен, Көбік
шашқанның ішінде түйілген ашу, кек үні бар. Онда ақылсыз ашудай даурығу
жоқ. Бір кезде А. Марлинский Қаспийді: Тағы елсіз, қайғылы те-ңіз,— деп
жазған. Бірақ күшті суреткердің қолымен сол Атырау да кезі келгенде аспан
мен жерді қосып, дауылдатып, төгіліп-шашылған. Соның өзінде де: Көбік
шашқанда үлкен дем бар. Күйші бұл шығармасында ондай күшке түрлі жолдармен
жетеді. Баста жылаған, шулаған үн, әсіресе, оркестр ойынында қобыз даусымен
жақсы жетеді. 1936 жылы Москвада өткен өнер он күндігінің қорытынды
концерті туралы Правданың 25 май күнгі номерінде шыққан С. Дикежскийдің
мақаласында:
Алдыңғы күні кеште біз қырда болдық. Көз ұшында көкпеңбек таулар,
әндей сорғалап ағып жатқан өзен. Той болды. Ауылдың алдындағы жазықта қазақ
халқының асқан талантты әншілері, күйшілері, әңгімешілері, бишілері
жиналған. Сарыарқа күйі тартылды. Музыканттар нотасыз тартты. Сонда да
оркестр талантты Құрманғазының күйлерін тартқанда жақсы, еркін шы-ғарды.
Мұнда жайқалған шөптің сыбдыры, кең байтақ далада келе жатқан жалғыз
адамның шырқап салған әні, аққан өзеннің сылдыры, алғыр қыранның аспанда
шарықтаған қалпы көз алдыңа келіп отырды.
Музыканттар Көбік шашқан күйін тартқанда қырда қыздардың қоңырлатып,
мұңданып салған әні естілді. Бұл әнді айтып жатқан қыздар қай жақта тұр
екен деп, көзіңді әрлі-берлі жүгіртесің. Бірақ әнші қыздар көрін-бейді. Ән
салушы қыздар емес, қазақтың қобызы болып шықты,— деп, күйдің әндей
шырқаған мелодиялық ағысын айтты. Күйдің сөзсіз ән екенін айтты.
Құрманғазының Кісен ашқаны—үлкен бір психологиялық романдай.
Дауылдан кемесі қирап, қиыр шеті жоқ суда, батып бара жатқан, алдында
ажалдан басқа еш нәрсе қалмаған адамдардың суретін беремін деген жазушы
теңіздің толқынының дүрсілін, сынған кеменің шартылын берумен көркемдік
мақсатқа жете алмайтыны, дұрысында сол адамдардың жан жағдайының қалпын
беру арқылы ғана шындық суретке келетіні сияқты, бұл күйде Құрманғазы
музыканың басқа бір өткір тілін тапты. Сарыарқа, Адай күйлеріндегі
белсенді, бунтарлық үндер орнына мұнда психологиялық жаққа кетті. Бірақ
күйдің кульминациясында Құрманғазыға тән күш тағы көрініп кетеді.
Құрманғазының тіл байлығы мол. Ол Серпер, Машина, Кішкентай
күйлерінде екі ішекті үнемі бірге пайдаланбай, оларды бөледі. Профессионал
суреткерге тән нәрсе — материалды үнемдейді. Күйдің басында, не орта
жерлерінде айтайын дегенін, суреттейін дегенін жалғыз ішек бойын қуып жүріп
айтады. Домбырашылар ол кезде астыңғы ішекті сол қол саусақтарының ішкі жақ
бетімен басып, тұншықтырып тастайды да, тек үстіңгі ішектің дыбысын
естіртеді. Жалғыз ішектің дыбысының өзі дауыл алдындағы ішіп тартып тынып
қалған ауылдай, алда бір сойқанның тұрғанынан хабар береді. Секірердегі
кейін шегінудей сурет келеді. Басқа домбырашыларда бұл жағдай кездесе
бермейді.
Құрманғазы күйлерінің тіл өткірліктері, біздің заманның
тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні күйшінің өмір сүрген ғасырын
сезуінен. Көбік шашқан күйінде бір жағынан теңіз толқынының дүрсілі сырт
сурет ғана емес, біртіндеп жақындап келе жатқан алыстағы революцияның
сарыны болып та естіледі. Олай дейтініміз, өткен ғасырдың ортасында
Москваның университетінен, әскер қатарынан қашқан студенттер, әскери
адамдар Ордаға келіп революциялық әдебиет таратып жүргенін, оларды қалай да
болса тауып алу керектігін жазған жандарм бөлімдерінің қағаздарын біз
архивтерде кездестірдік. Осының бәрі де оқымаса да, естігені көп
Құрманғазыны қобалжытпады деп айту қиын.
Құрманғазының күйлері композитордың өмір сүретін түгелдей беріп
тұрғандықтан кейбіреулер оларды өмірбаяндық күйлер дейді. Біздіңше,
Құрманғазы күйлері бір адамның өмір образын баяндаудың тар қауызына
сыймайды. Сондықтан оларды күнделік, жол дәптерлері сияқты етіп қарау
да жөн емес.
Құрманғазының Перовский марш шығаруы генерал губернатор Перовскийді
мадақтау емес, орыс музыка үлгілері әсіресе қала музыкасымен танысу
нәтижесінде тапқан музыкалық жаңалығы, үндік, ырғақтық жақтары-нан өткір
нәтиже берерлік үлгісі. Академик Б. В. Асафьев: Марш ол дәуірде (өткен
ғасырды айтады. А. Ж.) тек соғыс музыкасы жанры болған жоқ, ол
көпшіліктің тегеуріні темірдей басқан қадамын, қоғамды толқытқан
қозғалыстың бас қосарлық ырғағы болды,— дейді. Перовский маршты
домбыраға бірінші рет тартып келген домбырашы Ғабдулманды есіткеннің өзінде
оның музыкасы отырғандарды қозғап, ырғағына теңселтіп, демонстрацияда жүріп
келе жатқанында оркестр марш тартып жібергенде аяғың ырғақпен басылып,
жүріс қандай жеңілдеп кетеді, жүздеген адамды марштың сиқырлы ырғағы қалай
ұйымдастырып басын қосып жібереді. Міне, осындай сезім отырғандарда
болды. Сондықтан Құрманғазының Перовский маршы еңбекші елді бас қосуға,
күш біріктіруге, бостандыққа деген қадамды бір басуға, ауыз біріктіруге
шақырудын ұраны сияқты.
Құрманғазы кей кезде домбыраны адамның тілімен сөйлеткісі келеді. Ол
қазақ күйшілерінде бұрыннан бар нәрсе. Бірақ әркімнің өз шамасы. Өз құлашы
бар емеспе. Солай болғансын, біреулерінің домбырадағы сөздері анық емес,
бұлдыр, ән салғанда сөзін шайнап, жұтып қоятын әншілер сияқты еш нәрсесін
айыра алмайсың, екіншілерінің сөздері ап-анық болып естіліп тұрады. Ал,
Құрманғазының сөйлетуі осының екіншілеріне жатады. Оның Қайран шешем,
Ертең кетем, Не кричи, не шуми, Аман бол, шешем, аман бол және
Бұқтым-бұқтым күйлерінде осы бір күй аттарымен байланысты сөздер тастай
болып естіледі. Ондай сөйлету дәрежесіне жету үшін күйші музыканың, бұл
арада күй жанрының интонациялық, ырғақтық, интервалдық жақтарын жақсы
пайдаланған.
Біржан Жанботада қайырманы қажырлы түрде айтып келе жатып: Сабап
кетті-ау! дейтін жерінде дыбыстың интервалдық жағын жақсы пайдаланып, осы
сөздерді сөйлетіп-ақ қойған (әңгіме осы араның мелодиясы жөнінде). Ал
Құрманғазының қолында тек домбыра, соны сөйлету керек болып, ол айналдырған
15—16 перне бойынан өзіне керекті үн, ырғақ, интервал іздейді, табады.
Бірақ осы сөйлейтін күйлер тек осы бір сөздерді басынан аяғына шейін
қақсап қайтарып айта бермейді. Күй дами, шыңына шыға келе бұл сөздер
унисонмен (жалғыз дауыспен) көп адам, үлкен хор қосылып айтқандай дыбыстық,
динамикалық жағынан күшейіп, ладтық жағынан өзгеріп бір мезет мажорға көшіп
алады (кейбіреулерінде). Бұл күйлерді, әсіресе, оркестрге біліп, түсініп,
шебер колмен түсірсе, шын мәнісінде сөйлеп кетеді. Өзінде ондай мүмкіншілік
болмаса да, Құрманғазы бұл күйлерді қомақты, күшті оркестр құралымен
тыңдаушыға жеткізуді біздің буынға тастап кеткен сияқты.
Бір айта кететін нәрсе — Құрманғазының алған тақырыптары ішінде би
күйлері өз алдына бір төбе болып жатыр. Балбырауын, Қызыл қайын
күйлерінің ырғағы, өлшеуі, музыкалық кескіні, сөйлемдерінің жұп болып
келіп отыруы — біздің заманның балетмейстерлерінің назарларын жай аударған
жоқ. Ол кездің өзінде де мүмкін бұл күйлерге билеуі. Құрманғазымен
кездескен Н. Савичев күйшінің оған бір би күйін орындап бергенін баяндай
келіп, қазақта бидің барын, оның Па ларының (қозғалыстарының) қалай
болатынын жазады. Ал өткен ғасырдың ортасынан ауған кезде өзінің бір ел
аралап жүрген сапарында Маңғыстауда болған атақты күйші, ақын Өскембай әрі
әнші, әрі домбырашы, әрі биші болғаннан Бұлбұл Айша атанған қызға:
Сізді ел былқылдаған биші дейді, Біздерді халық жорға күйші
дейді,—деген өлең айтып, Айшаны өзінің шығарған күйіне билетеді. Оның
үстіне 1854 жылы Ф. X. Паули жазып алған Дәулеткерей үй ішінің суретінде
бір қазақ би билеп тұр. Оның қолдарының, аяқтарының қимылдарына, денесінің
иілуіне қарағанда, Н. Савичев айтқан Па лардың қазақ билеріне тән
екендігі көрінетін сияқты. Қысқасы Құрманғазы өзінің би күйлерінде музыкаға
түсінген кісіге адам денесіне ән салдырып қойғаны сезіледі.
Құрманғазы күйлерінің формалық жақтары аса қатталған. Ондай жағдай
күйшінін, тұстастарында сирек кездеседі. Әрине, қазақта күй формасы
Құрманғазыдан бұрынғы ғасырларда-ақ шыңдалып, қалыпталып, белгілі бір
арнаға түсіп келді. Бірақ Құрманғазының күй формалары бұрынғы қазақ
күйлерінен жоғары кеткен. Поэзияда жаңа рифм іздеген және оны тапқан Абай
сияқты — Құрманғазы күйлерінің көбінде басқа халық композитор-ларының күй
формаларына келмейтін, тек өзіндік қана қасиеті, ерекшелігі бар күйлері көп
кездеседі. Түрмеден қашқан, Кісен ашқан, Қөбік шашқан Машина,
Серпер күйлері бір-біріне ұқсамайды. Боз шолақ, Балбырауын сияқты
күйлер де форма жақтарынан тіпті бөлек тұрады. Абайдың: Қор болды жаным,
Көзімнің қарасы, Ата-анаға көз қуаныш өлеңдері ырғақ жағынан бір-
біріне ұқсамаулары сияқты күйлер де Құрманғазыда кездеседі. Сонымен қатар,
әр формалы күйлерінің тіл өткірліктерін қайрай түсу үшін күйші тағы да
түрлі тіл қаруларын қолданады. Мысалы, Құрманғазының секунданы
пайдалануының өзі де өзгеше. Секунда Бапаста да бар. Бірақ оны Бапас өзінше
пайдаланады. Құрманғазы әсіресе кіші секунданы (домбырада жақын тұрған екі
перненің арасын көрсететін интервал) батыл пайдаланады. Әрине, ол күшті
диссонанс береді (тыңдағанда құлаққа жағымсыз, қатаң естілетін екі дыбыс
арасы, бірақ музыкада шиеленіскен оқиғаны, үлкен күшті көрсететін жерде
диссонансты пайдаланады). Құрманғазының Сарыарқада күйді ортасынан үзіп
тастайтын глиссандосы (ішек бойы жоғары не төмен тез ысыра, кідірмей жүру)
одағай дыбыс емес, тіл қаруының бірі. Құрманғазы кейбір күйлерде болмаса
ұсақ өрнекпен де пайдаланбайды. Өрнек, әшекей (форшлаг), немесе өмірдің
ұсақ-түйек құбылыстарын көрсететін тақырыптарды Құрманғазы ер қаруы
есебінде пайдаланбайды. Ішінде адам жүрегіне орын жоқ дыбыс
архитектурасын (Б. Асафьев) пайдаланбайды. Сондай-ақ Құрманғазыда жеңіл-
желпі, бір кезек көңіл көтерерлік гүл-музыкасы да бола бермейді. Онда
әйнектеген ағаш қобдиды мойнына асып, уақ тәтті заттар сатып жүретін
лотошниктерге ұқсайтын ұсақ ақындардың өлеңіндей музыкалық шығармалар
кездеспейді. Құрманғазы қолынан келгенінше жаңа дәуірдің өткір, қонымды,
алға көз жіберетін тілін табуға тырысып, қоғамдық болмысты қайта құрушы
адамзат талғамына келетін музыкалық тіл қаруын қамтыды.
Құрманғазының Сарыарқасы тек күй деген форманың шегінде қалып қоя
алмайтын шығарма. Ол жай сахараның суретін немесе осы күні кейбір
конферансьелердің аударғанындай алтын дала да емес, Сары-арқа
еркіндік іздеген қазақ халқының жаны, тұлғасы, характері, сол халықтың
аузынан шыққан жеңіс жыры. Орыс халқының характерін бергенде Еділмен жай
салыстырмайды: Еділ ана деп келеді. Сарыарқа қазақ халқы үшін сондай
түсінікте. Халқына көкжал бөрідей Жалды Құрманғазы атанған күйшінің сол
түгін сыртына тепкен күші осы бір күйде көрінеді. Сарыарқаның сол бір
күшін пәлен жыл орындапжүргенде өзіміз сезе алмай, осыдан біраз жыл бұрын
бізге оны басқа бір жағдай көрсетті. 1950 жылдың күзінде көршілес Қытай
Халық Республикасының Синьцзян өлкесінің Хами деген қаласында Қазақстаннан
барған өнершілер тобы концерт беріп жаттық.. Құрманғазы атындағы оркестр
Сарыарқаны орындап болған кезінде дуылдаған шапалақпен бірге залда толы
отырған Халық Азаттық Армиясының солдаттары ұшып түрегелді. Біз таң-тамаша
қалып, өзімізше тіпті жақсы ойнаған шығармыз деп, өнер қызметкерлеріне тән
мақтаншақтыққа салып қойдық. Бірақ антракт кезінде біздің программамызды
қытай тілінде аударып жүрген жігіттен солдаттардан неге түрегелгенін
сұрауды өтіндік. Ол солдаттармен біраз әңгімелесіп келіп бізге мынаны
айтты. Солдаттар,— деді ол,— осыдан бір жыл бұрын өмір мен өлім арасында
жүріп жаулап алған еркіндігіміз жолында жасаған шабуыл ке-зеңіміз осы бір
күйді тыңдағанда көз алдымызға елестеп, санамызды билеп, атып тұрғызды.
Қандай күшті, қандай жақсы музыка депті. Сарыарқаның тепсе темір үзетін
қуаты, алай-дүлей атшабыс, жорықты суреттейтін ырғағы мен екпінін, үдей
түсетін динамикасы, екінші дауыста өтетін фанафара тақырыбы — шын мәнісінде
жалпы халықтық ат қойған жорығы, шабуылы, еркіндік үшін аттанысы сияқты.
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетті түтеп дауылдай боп.
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,
Әйтеуір, қырдан көшкен сарындай боп,—
деген Ілиястың өлеңі осы күйге дөп келеді. Осы күнге шейін оркестр қандай
публиканың алдында концертке шықса да, қайда болса да, соңында Сарыарқаны
орындатпай оркестрді сахнадан жібермейді. Сарыарқа Құрманғазы
творчествосының шыңы, қазақтың аспапты музыкасының да шыңы деуге болады.
Құрманғазы Махамбетке арнап Жалын деген күй шығарса керек. Әлі біздің
қолымызға жетпей жүр. Айтушылар Жалын десе жалын еді дейді.

2. ҚҰРМАНҒАЗЫ ЖӨНІНДЕ ДЕРЕКТЕР ЖИНАУ ЖАЙЛЫ
Қазақтың халық музыкасы, музыкалық аспаптары, әнші, күйшілері жөнінде
орыстың европаның этнографтары, жолаушылары Ұлы Октябрь революциясынан
бұрын шыққан баспасөз беттерінде-ақ көптеген мәліметтер қалдырып кетті.
Олардың бәрі бірауыздан қазақ халқында ән-күйдің бай екендігін, мазмұн, түр
жақтарынан терең және неше алуан екендігін, халықтан шыққан көптеген
талантты орындаушылар, халық композиторлары бар екендігін, қолдан істелген
болсада домбыра, қобыз сыбызғы сияқты аспаптарда ойналатын күйлердің
программалы, үлкен оқиғаға құрылатын-дығын айтып кетті. А. Аллекторов, А.
Ивановский, Г. Потанин, А. Эйхгорн тағы басқалары өздерінің көзімен көрген,
құлағымен естіген әнші-күйшілері-нің өмірбаяндарын, орындау шеберліктерін,
оларды тыңдаушылардың алған эстетикалық әсерін жақсы әдебиет тілімен, үлкен
сүйіспеншілікпен баяндады. Олардың кейбіреулері, сонымен қатар, аз да болса
әндердің, күйлердің ноталарын да жариялады. Сол адамдардың қазақ музыкасы,
музыка қайраткерлері жөніндегі жазып қалдырған деректері осы күннің өзінде
ғылыми тереңдігін, тарихи құның жойған жоқ.
Әрине, музыкалық құбылыстарды терең талдауға олардың көбінің музыкалық
білімдері болмаған. Бірақ шын ықыласпен, өздерінің алған рухани әсерлерін
адал жазып қалдырудың ғылым үшін үлкен мәні бар. Біздің заманның музыка
зерттеушілері егерде сол тарих теңізінің түбіндегі маржаның тауып ала
білсе, онда баға жетпейтін пікірлер, теңдесі жоқ табыстар көп. Сондықтан ол
адамдарға алғыстан басқа біздің буын еш нәрсе айта алмайды. Өйткені қазақ
халқының өнер тарихы былай тұрсын, тіпті тазаматтық тарихы да ол кездерде
қағаз рек болғансын оған мән бермеске болмайды. Өйткені күйшінің
өмірбаяндық деректері болғанымен, профессио-налдық музыкалық талдауды
Құрманғазының күйлеріне бірінші жасаған А. Затаевич екенінде
дау болмау керек. Жалғыз-ақ өкінішті нәрсе — қадірлі күйші жөніндегі екі-
ұшты айтылған пікірдің біздің заманның баспасөзі беті-не түсіп калғаны.
1933 жылдың көктемінде жоғарыда айтылған кабитте қызмет істеп, күйлерді
нотаға түсіруге Бөкейдің атақты домбырашысы Махамбет Бөкейханов келді. Ол
жиырмасыншы жылдардын басында А. Затаевичке отызға тарта күй берген
болатын. Махамбет Дәулеткерейдің, Салауаттың, Мүсіралының, Әлікейдің,
Сейтектің, Түркештің, Байжұманың, Соқыр Ещанның күйлерімен қатар, сол
келгенінде бізге Құрманғазының бірнеше күйін орындап берді. Олардың ішінде
А. Затаевичке жаздырған күйлерінен Ақсақ киік, Кісен ашқан (бірінші
орындап берген Науша Бекейханов. А. Ж) және ол жинаққа енбеген,
Құрманғазының Көбік шашқан күйін орындап берді. Сонымен қатар күйшінің
өмірбаяны жөнінде аса бағалы деректер берді.
Махамбет Қүрманғазы жөнінде тағы кімдерден дерек сұрауын іздеп жүріп
Қазақстанның батысының өткен кездегі біраз жағдайын білетін Жаулыбай
Қосыбаевты кездестірді. Ол кісі Қүрманғазы заманындағы кейбір саяси
жағдайлар жайлы деректер берді. Жаулыбайдың айтуы бойынша біз Бекей тарихын
жаксы білетін адам Сейтқали Меңдешевке бардық. Сейтекең бізге Уақытша
Советтің негізін, Бөкейде хандықтың жойылуы кезін, сүлтан-правительдердің
міндеті мен істерін, Бекейдің Тарғын, Талөкпе, Қамыс-Самар тағы осындай
болып же-ті қисынға бөлінгенін, Орынбор генерал-губернаторы Эссенның билеу
кезі жөнінде аса бағалы тарихтық деректер берді.
1934 жылдың июнь айында Алматы қаласында Бүкіл қазақстандық бірінші
халық өнерпаздарының слеті болды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен
домбырашы, қобызшы, ағаш, алтын-күміс шеберлері келді. Олар қазақ халқының
сақталып келген қымбатты өнерлерін шұғылалы астанаға жеткізді. Бұл слет
өнерпаздарды кен қамту жағынан, халық өнеріне назар аударудан,
профессионалдық өнерді өрбітуде бірінші жағдай өнерпаздық-тың қолға
алынуының қажеттігін сездіру жағынан тарихи слет болды.
Міне, осы слетке Құрманғазының орындаушылық дәстүрін қуған көптеген
музыкалық немере, шөберелері келді. Біз бірінші рет Құрманғазы
шығармаларын өзінің дәстүріндегі орындаушылардан есіттік. Көкбаладан
үйренген Охаб Қабиғожин, Мәменнің шәкірті Қали Жантілеуов, жанған оттай
лаулап тұрған жас домбырашы Ғабдұлман Матовтағы басқалары күйшінің небір
әсем опустарын орындап, тыңдаушыларды таң қалдырды. Охаб Сарыарқа,
Алатау, Балбырауын, Бозшолақ тағы басқа күйлерін орындап берумен
қатар, Құрманғазының жас шағы, жігіт шағы, Сыр, Арқа, Жетісуға жол тартқан
кезі, Кішкентайды шығару тарихы және басқа толып жатқан күйші атасының
өмірі мен шығармалары жайлы көп дерек берді. Қали Құрманғазының Абай,
Түрмеден қашқан, Ақбай күйлерін орындап берді. Бірақ Қали жаратылысында
әңгімеші адам емес екен, күйлердің тарихы жөнінде қысқа-қысқа ғана
әңгімелер айтып берді. Онда да бәрі туралы емес. Құрманғазының Перовский
маршын орындап берген және сол дәуірдегі Құрманғазының басынан өткен
жағдайлары жөнінде жас та болса ауызша өте қызықты әңгіме айтып берген
Ғабдұлман болды.
Музыка кабинетіне келгендердің біріншілерінен Лұқпан Мұхитов
Құрманғазының Қызыл қайың күйінің бір вариантын алып келіп берді.
Лұқпанның творчестволық, орындаушылық негізі Абыл, Тазбаладан бері келе,
Сәулебай, Қауен арқылы өтеді. Алайда, оның орындаған Қызыл қайыңы біреу
болғанымен бірегей күй болып шықты.
1935 жылы Құрманғазы атындағы оркестрге келіп кірген домбырашы Науша
Бөкейханов Терісқақпайды қайта орындап берді. Сондай-ақ Науша Ақсақ
киіктің Махамбеттен қалып қойған бір буынын енгізді, Көбік шашқанды
толықтырды. Олай деп отырғанымыз Науша мен Махамбет репертуары жақын
болғаннан ба, үнемі күйлердің дұрыс-бұрыстығы жөнінде таласып қалатын да,
біз араби болып екеуінің вариантын да қабылдап, кейін оркестрге түсіргенде
артығын жонып, сымбаттап алдарына тартқанымызда екеуі де риза болатын.
Осы жылы қазақ тарихында бірінші рет, домбыра, қобыз. сыбызғыдан
құралған отыз екі кісілік оркестр Қазақстанның Жамбыл, Оңтүстік, Қызылорда,
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Гурьев облыстарын аралады. Ақтөбе
облысының Ойыл ауданынан батысқа қарай өтіп Қаратөбеге барғансын-ақ залда
күй тыңдаушылар арасында әңгіме-сыбыр көбеюге айналды. Антракт кезінде
танымайтын қарттар бізге келіп, өздерінің оркестрден алған қуанышты
әсерімен күйлерге деген мақтауы мен міндерін қоса айта бастады:
Шырақтарым, Жантөренің шалқымасы қандай жақсы шыққан, Қызыл қайының
ана бір жерін Сәулебай олай қайырмайтын еді деген ауызша рецензиялар
көбейді. Ал күйшінің өзінің ат тұяғы басқан жерлерге жеткенде әңгіме одан
да көбейіп, тіпті, бір қызғын жастар қызарақтап, өмір практикасы көп
қарттар миықтарынан күліп домбыраның да колхоздасқаны-ау, күйлер қандай
күшті шығады, тіпті сөйлейді ғой деп те жатты. Біз де уақытты жібермей
жаңа күйлер болса үйреніп, Құрманғазы жайлы есітпеген әңгіме болса жазып
жүрдік. Сол гастрольдің нәтижесінде бізге кейін көптеген хаттар келіп
олардың ішінде Құрманғазы туралы есіткен-білген әңгімелері жазылды.
Біз қайтып Алматыға келгенсін-ақ, көп ұзамай Батыс Қазақстан облысы,
Таловка ауданы, Талап аулының тұрғыны Мұрат Хұсниевтен хат келді. Ол Шыман
теренің (Шолтыров. А. Ж. ) Құрманғазының қараша үйін кемітіп, күйінен
басқа байлығы жоқ, құрым киіз жапқан үйде тұрған Құрымбай деп ат
қойғанын, күйшінің оған ерегісіп Шыманның отыз атын қуып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс
Ағылшын тілі заман талабы
Кино рольдері
Төребайұлы Қыздарбек
Қайран, Хамаң!
Қазақ тілі сөздіктері
Музыкалық өнер туралы
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Пәндер