ӘЛ - ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 378.02:82

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Магистрант: Г.Замантаева
Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы Х.Өтеген
Шымкент қ., Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

Резюме

В данной статье рассматривается научные взгляды Аль - Фараби о общественно-философском, естествознании, педагогические, дидактические взгляды его философском, естественном, искусстве, его взглядах, принципах и педагогических научных взглядах Аль-Фараби.
Summary

This article discusses the scientific views of al-Farabi on socio-philosophical, natural science, pedagogical, didactic views of his philosophical, natural, art, his views, principles and pedagogical scientific views of al-Farabi.

Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшhүрі - Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Шығыстың Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби. Оның толық аты жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Мұхамед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Яғни, әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхамед, әкесінің ныспысы да Мұхамед, бабасының есімі Тархан, арғы атасы - Ұзлағ. Түрік оқымыстыларының Әбу Насыр ныспысының соңына кейде әл-түрки деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғаш Отырар медресесінен дәріс алады. Сосын Шаш, Самарқанд пен Бұқара шаһарларын аралап, Бағдадта білім алады. Ол медицина ғылымы мен логиканы Йуханна ибн Хайланнан, жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді. Әбу Насыр көп дәріс алып, білімін молықтырып, Бағдадқа қайтып оралады. Бар ынта-жігерін фәлсафаны зерттеуге арнайды.
Әл-Фараби - өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиланың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің Метафизикасын, Жан туралы еңбегін жүз, ал Риторикасын екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғылымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған.
Әбу Насыр Аристотельдің Категория, Бірінші және екінші Аналитика сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.Сондай-ақ өзі де Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Мәселелердің түп мазмұны, Ғылымдардың шығуы, Бақытқа жету сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым- қатынасы туралы өз заманы үшін ой-пікірлерін айтады. Орта ғасырдың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырған.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаттың нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет Араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып, жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІX-X ғасырларда саяси, философиялық ойдың дамуы таптың және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялық күресі жағдайында жүрді. Мұндай жағдай философияда айқын көрініс болып табылады.
Фараби өз еңбектерінде құдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниесі бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп - алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз дайындылығымен құдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Керітартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар осы сияқты күпірліктері, қателіктері үшін Әбу Насырды қудалаған кездері болған деседі кейбір зерттеушілер.
Фараби ақиқат біреу-ақ, оған әржақтан, әртүрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін, - деп санайды. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі - негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің философиялық жүйесінде идеализм мен материализм арасындағы ауытқулар байқалады. Ол бүкіл орта ғасырлар философиясындағы проблемаларды қамтиды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті проблемасы, логика мәселелері, ақыл және адамның қоғамдық іс-әрекетіндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы проблемалары т.б.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактатын терең талдай келіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың – педагогы, психологы, философы
Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар туралы
Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Платон мен Аристотельдің философиялық тұжырымдары
Пәндер