Модельдеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Модельдеу, қайсыбір құбылыстарды, үдерістерді немесе зерзаттар жүйелерін олардың модельдерін тұрғызу жəне оқып білу жолымен зерттеу; сипаттамаларды анықтау немесе дəлдеу жəне қайта құрылымдалған зерзаттарды тұрғызудың тəсілдерін ұтымдылау үшін модельдерді қолдану. Моделдеу - тану теориясының негізгі дəрежесінің бірі: модельдеу идеясына теориялық (мұнда түрлі тектегі таңбалық, дерексіз модельдер пайдаланылады) та, сондай-ақ эксперименталдық та (нəрселік модельдерді пайдаланатын) кез келген ғылыми зерттеу əдісі маңызы бойынша негізделеді; қоршаған əлемді оқып білу əдістерінің бірі; қарастырылатын жүйенің қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге ие материалдық немесе математикалық модельдің қызмет етуін тұрғызуды болжамдайды.
Модельдеу пайдаланылады:
- эксперимент жасау немесе сандық бағалау үшін, яғни жүйе параметрлерінің өзгеруі салдарларын немесе үлкен шығындармен немесе нақтылы тəуекелдермен шынайы жағдайларда байланысқан мұндай өзгерулерімен іске асатын оның жұмысының жағдайлары үшін;
- оқып білінетін жүйелерді қайта жөндеу немесе жетілдіру үшін;
- жүйелермен немесе шынайы қызметі əзірше жоқ, олардың жұмыстарының жағдайларымен таныстыру үшін;
- жаңа идеяларды, жүйені немесе əдісті тексеру немесе көрсету үшін.
Ғылым, техника, экономика, басқару салаларында математикалық әдістерді тиімді қолдана білу терең базалық математикалық білімге ие, ЭЕМ қолдану технологиясын жетік меңгерген, олардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындау қажеттілігін келтіріп шығарады. ЭЕМ адамның бағыттаушы әсерінсіз өз бетінше жұмыс істей алмайтындығы белгілі. Оларды пайдалану математикалық модельдер мен есептеу алгоритимдерін құру , бағдарламалық қамтамасыздандыру, есептеу нәтижелерін визуалды бейнелеу және т.б. көптеген мәселелермен байланысты. Математикалық модельдеу деп зерзат қасиеттерін математикалық модельде оқып білу түсінідіріледі. Математикалық модельдеу сыналған физикалық экспериментке балама ретінде техниканың жəне шешілетін инженерлік есептердің күрделенуі мөлшері бойынша, кез келген жаңалықты енгізуде, жеткілікті тиімді жəне үнемдеу түрінде пайдалы жол ретінде, өндіріс тəжірибесіне барынша берігірек кіреді. Кең мағынада математикалық модельдеу дегеніміз, қызықтырушы зерзат тəртібі жайлы мағлұматтар алуды қамтамасыз ететін модельдің бастапқы физикалық параметрлері бойынша жасалған əрекет үдерісі. Оның мақсаты болатын үдеріс өтуінің оңтайлы шарттарын анықтау, оларды математикалық модель негізінде басқару жəне нəтижелерді зерзатқа (объектіге) тасымалдау.
Математикалық модельдеу соңғы 15-20 жылда өзіне тән зерттеу объектілері, жандасулары мен әдістері бар жеке пәнаралық білімдер саласы болып қалыптасты деп айтуымызға болады. Сондықтан жоғары оқу орындарында математикалық модельдеу мамандарын мақсатты дайындау мәселесінің маңыздылығы арта түсуде.

Модель анықтамасы

Ғылыми таным біздің санамыздан тыс болған санамыздан тыс болған және зерттеу объектілері деп аталатын құбылыстар мен удерістерді зерттеуге бағытталған. Модель сөзі латын тілінің modulus сөзінен шыққан, өлшем, үлгі деген мағынаны білдіреді. Бұл термин біздің эрамыздан бірнеше ғасыр бұрын құрылыс мәдениеті еңбектерінде пайданылынған.
Модель түсінігі ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық, техникалық, инженерлік жұмыстарда, білім беру саласында кең таралған. Кез келген ғылым түрлі нақты құбылыстар мен үдерістердің жалпы заңдылықтарын анықтау үшін нақты болмыстың белгілі бір абстракциясын пайдаланады.
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.
Модель - көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз - басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты - үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.

Модель түрлері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

Қолданылу аймағы
Модельде уақыт факторын ескеру
Білім саласына қарай топтау
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Оқыту модельдері - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Зертханалық модельдер - жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер - объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Модельдеу объектісін күзету негізінде гипотеза ретінде қабылданған минимал санды болжамдарды пайдаланатын, әрқашан логикалық негізделген модельдеуді ғылыми модельдеу деп атайды. Ғылыми модельдеудің интуитивтік модельдеуден басты айырмашылығы модельдеудің өзінде қажет амалдар мен іс-әрекеттерді орындауда білуде ғана емес, сонымен бірге мұнда пайдаланатын ішкі механизмдерді де білу болып табылады.
Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Еліктеу модельдері - шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл - үйдің статистикалық моделі. Сондай - ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау

Материалдық (заттық) модель Ақпараттық модель

Вербальдық Таңбалық

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.Материалдық модельдеу-бұл сондай модельдеу болып, мұнда объектіні зерттеу объектінің негізгі физикалық, геометриялық, динамикалық және функционалдық сипаттамаларын келтіріп шығаратын оның материалдық аналогын пайдалану арқылы орындалады. Мұндай модельдерге, мысалы, сәулет құрылысындағы макеттерді, түрлі көлік құралдарын құрудағы модельдер мен тәжірибелік үлгілерді пайдалануды келтіруге болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық және символдық ақпараттарды компьютерлік модельдеу
Модельдер құру технологиясы
Информатика курсында білімді моделдеу
Имитационды модельдеу
Сандық және символдық ақпараттарды компьтерлік модельдеу
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Модель және компьютерлік модельдеу негіздері
Есептердің математикалық моделін құру
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Кездейсоқ процесстерді модельдеу
Пәндер