Бизнес этикасы


СӨЖ
Ф. И. О. студента: Берік Гүлжан Бақтиярқызы
Факультет: “Информационные системы”
Курс: 1
Группа: ИС-811K-1
Проверил:
Шымкент 2019
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т. б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.
Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі - гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т. б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі - екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.
Кәсіпкерліктің этикасы баяғы заманнан келе жатқан оқып үйреніп біліп алу объектісі болып саналады. Оны ертеде Аристотель өсімқорылықтан кіріс алуға теңестірген. Ерте заманнан бері бизнес адам қызметінің қажетті бір жүйесі ретінде баян етілген. Бизнес этикасын зерттеушілер барлық уақытта кәсіпкерліктің өзекті элементтеріне, оның ішінде ерекше бизнесменнің, өзінің жеке ісінің этикалық түрақтану негізіне аса көңіл аударған. Дегенмен, ең алдымен бұл басылымдағы негізгі түсінік болып саналатын және қарас- тырылатын зат туралы анықтаманы сипаттап алайық. Ол бизнес этикасы.
Бизнес - жоғарыда кіріспеде айтқандай-ақ, ол өзінің есебінен, және де өзінің тәуекелділігі мен өзінің жауыпкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтан- дыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және кәсіпкерлік болып табыла- тын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық қызмет.
Басқа сөзбен айтқанда, бизнес - ол өзінің және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменің сапалы өркендеуін пайдаланылану мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет.
Бүгінгі Казақстандағы бизнестің мақсаты - шаруашылық айналымдарды өсіру және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру қабілеттілігі.
Бизнес этикасы - ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзіне сенімділігі, нарықта тұрақталған ережелермен дәстүрлерді қимылдағы заңдарға сәйкес тиімді пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген істік этика. Нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызметтің қортындысы ең алдымен, бизнесменнің құзырында болатын материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың жұмыс істеу сапасы және олардың психологиялық факторлар- ының ерекше маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы бүгінгі күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету істік бағыты сияқтанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz