Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері



Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу.зерттеушілік
іс . әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Оқушылардың оқу.зерттеушілік іс.әрекетін қалыптастырудың ғылыми .
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Арнайы пәндерді оқыту барысында зерттеу элементтерін қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 «Экономика негіздері» пәнін үйрену процесі кезінде зерттеу элементтері
бар тапсырмаларды қолдану технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


2 Экономикалық пәндерді оқып.үйрену барысында зерттеу іс.әрекетін
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Орта мектепте экономиканы оқыту барысында оқушылардың зерттеу іс.
әрекетін белсендіру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. 2 Экономикалық пәндерді оқып үйрену үрдісінде зерттеу элементі бар
тапсырмаларды қолдану технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 «Экономика негіздері» пәнін оқытуда оқушылардың зерттеу іс.әрекеттерін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3
Экономика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


4 Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5 Еңбек
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдбиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйелерінің алдында тұрған негізгі міндет адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды қолдана алу іскерліктерін игерулеріне, яғни шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру орта білім беру жүйесінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты. Зерттеушілік қызмет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл оқушылардың арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді[1, 6-б.].
Әр түрлі салалардағы кең көлемді жүргізілген зерттеулерге қарамастан «зерттеу әрекеті» ұғымының ортақ қабылданған анықтамасы жоқ. Зерттеу әрекетінің, мысалы, мәліметтер іздестіруге бағытталған әрекет ретіндегі когнитивті анықтамасы бар. Зерттеу әрекетін қарастырудың негізін қалаушылардың бірі Д. Берлайннің физиологиялық бағыттылық тұрғысынан берген анықтамасында ол – беймәлімділіктің туындауынан ынтаны бәсеңдетпеуге бағытталған әрекет. Ал, А.Н. Поддьяков зерттеу әрекетін сырттай қоршаған ортадан жаңа мәліметтер іздестіру мен оларды табуға бағытталған әрекет ретінде анықтады.
А.С. Обухов байқағандай бастапқыда зерттеу әрекетінің уәжі қызығушылық немесе И.П. Павловтың айтуы бойынша, «бұл не?», - деген сұраққа туындайтын рефлекс. Адамға да жануарларға да зерттеу белсенділігі, зерттеу әрекеті, риясыз қызығушылық тән. Зерттеу қызметі зерттеу белсенділігіне және зерттеу әрекетіне негізделеді, бірақ олардан айырмашылығы – мәдени құралдармен ұғынықты, бағытты жүйеленуінде.
Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі.
Оқыту үрдісінде оқушыларға зерттеу іс-әрекетін игертуді – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі деп қарауға болады. Оқушыларды зерттеушілік әрекетке баулудың негізгі мақсаты – оқушының, адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын, өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол – белгісізді іздеу, яғни жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Жалпы, аталған мәселеге байланысты, оны өзінің зерттеу объектісі немесе зерттеуінің «өзегі» етіп алмағанымен де, оқушыларда зерттеушілік біліктілік қалыптастыру жайлы белгілі бір деңгейде тұжырымдар айтқан, ой-пікір білдірген ғалым-әдіскерлер А.Е. Әбілқасымова, Ә.І. Сембаев, Қ.Б.
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы / баптары бойынша түсіндірмелері және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2007 ж. 15 тамыз
2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, №1, 2004.
3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауы. Алматы, 1997ж.
4 Эльконин Д7Б7Психология развитие детских возрастах// под ред Д.И.Фельдшет М- Воронеж 1995 г
5 Орманова З.Қ. Қазіргі балаларды мектеп оқуына бейімдеу. Педагогика психология Алматы 2001ж. автореф.
6 Асылханова М.А. Танымдық іс-әрекет мектепке бейімдеудің басты фактісі. Психология ғыл. кандид. диссерт. ғыл. Жетек С.М.Жақыпов Алматы, 1999ж.
7 Оқушының тұлғасын зерттеу технологиясы // Қазіргі кезеңдегі педагогикалық және психологиялық ғылымның өзекті мәселелері: Аймақтық ғылыми конф. материалдары Қарағанды 2004 ж.
8 Маженова М.С. Мектептің педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын өлкетану негізінде дамыту. Қарағанда 2004.
9 А.Б.Мырзабаев.тОқушылардың шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіншілігі.Қарағанды 2005ж.
10 Ш.Қ.Есмағамбетова.Оқушылардың танымдақ іс-әрекетін қалыптастыру:- Алматы-Ғылым, 2003ж.
11 Асмолов А.Г. Личность как предмет психология исследования. М-МГУ-1984г.
12 С.Қ.Серімбетова: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту// Бастауыш мектеп- 2003жыл №7.
13 М.М.Байбекова. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық іс-әрекетінің негізінде оқыту процесіндегі бағалаудың психологиялық ерекшеліктері. Алматы- 2005ж.
14 Трайнев В.А. Учебные деловые игры.-М., Владос, 2005 ж.
15 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері.-Алматы, 2002 ж.
16 Момынбаев Б. Кәсіптік педагогика: ЖОО-на арналған оқулық. – Алматы, 2006 ж.
17 Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., Педагогика, 1989 ж.
18 Кларин Н.В. Педогогическая технология в учебном процессе: Анализ зарубежного опыта. – М., Знание, 1989 г.
19 Өстеміров К. Қазіргі білім беру технологиялары: колледж, университет студенттеріне арналған оқулық. - Алматы, Наз-9 ЖШС, 2006 ж.
20 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. - М., Народное образование, 1998 ж.
21 Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика: колледж, университет студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, Наз-9 ЖШС, 2006 ж.
22 Кукушиннің В.С. жалпы редакциясымен. Педагогические технологии.-Москва-Ростов-на-Дону, «МарТ» баспа орталығы, 2004ж.
23 Матирко В.И. редакциясымен. Сборник деловых игр, конкретных ситуаций и практических задач.-М., «Высшая школа», 1991 ж.
24 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Астана, 1998 ж.
25 Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.-Алматы, «Мектеп», 2002 ж.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание личности. М., Мысль, 1975. -291 бет.
26 Выгодский А.С. Педагогическая психология. М., Педагогика, 1991.
27 Пидкасистый П.И., ХайдаровЖ.С., Ахметов Н.К. Игра как средство активизации учебного процесса//Вестник высшей школы.-1985.-№3.
28 Занков Л.В. Наглядность и активизация учащихся в обучении. М., 1969 ж.
29 Тұрғынбаев А.Х. Философия. Алматы. Білім, 2001ж. Кішібаев Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы. Атамұра, 1994ж.
30 Омарова Р. Шығармашылық ізденіске жетелейді//Қазақстан мектебі,-2006. №4,-47-48 беттер.
31 Баженова А.И. Раскрывая тайны экономики //Читаем, учимся, играем,-2003. №5.
32 Кайзер Ф-Й., Камински X. Методика преподавания экономических дисциплин. Основы концепции, направленной на активизацию процесса обучения с примерами. - СПб, 2002.
33 Пузакова Е.П. Международные экономические отношения. - Ростов-на-Дону: Издательский центр "МарТ", 2000.
34 Керімбаева Р. Ойынның психологиялық-педагогикалық мәні// Қазақстан мектебі,-2008. №2.
35 Ермекбаев М., Нарқұлова Б. Дидактикалық ойындарыды қолданудың философиялық негіздері//Қазақстан мектебі,-2008. №3, -56-58 беттер.
36 Наурызбаева Р. Жеке тұлғаны шығармышылыққа баулу//Қазақстан мектебі,-2007. №2.
37 Пазылова Г. Іскерлік ойындар-оқу-тәрбие үрдісінде//Қазақстан мектебі,-2006. №11.
38 Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С., Бомегин Б.И. Жалпы экономикалық теория, - Ақтөбе, 2004 ж.
39 Қазақстан президентінің халқына Жолдауы, 2007ж.
40 Қазақстан Республикасының экологиялық Кодексі, 2007 жыл 9 қаңтар, №212-III
41 Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 10- желтоқсан - 2003 ж.
42 Аубакирова Н. Экологиялық білім беру // Ұлт тағылымы, - 2004. №4,
43 Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С., Мейірбеков А.Қ. Табиғатты қорғау және оны пайдалану негіздері. – Алматы, Экономика, 2003 ж. – 387 бет
44 ҚР Конституциясы, 24 бап. – 2007ж.
45 ҚР Еңбек Кодексі. 12.07.2007ж.
46 Луковников А.В., Шкрабак В.С. Охрана труда: Учебники для ВУЗ-ов – Москва, Агропромиздат, 1991 г Конарева Ф.М. Охрана труда. - Москва, 1998 г. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің С.Сейфуллин атындағы Ақмола Университеті Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі кафедрасы, Еңбек қорғау пәні бойынша әдістемелік нұсқаулар, - Ақмола, 1996 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік
іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми -
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Арнайы пәндерді оқыту барысында зерттеу элементтерін қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Экономика негіздері пәнін үйрену процесі кезінде зерттеу элементтері
бар тапсырмаларды қолдану технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Экономикалық пәндерді оқып-үйрену барысында зерттеу іс-әрекетін
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Орта мектепте экономиканы оқыту барысында оқушылардың зерттеу іс-
әрекетін белсендіру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. 2 Экономикалық пәндерді оқып үйрену үрдісінде зерттеу элементі бар
тапсырмаларды қолдану технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Экономика негіздері пәнін оқытуда оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3
Экономика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4 Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

5 Еңбек
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған әдбиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері
қолданылған:

1. 1995 жылы 30 тамызда шыққан ҚР Конституциясы;
2. 1999 жылы шыққан ҚР білім туралы заңы;
3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы кодекс;
4. 1997 жылы 15 шілдеде шыққан қоршаған ортаны қорғау туралы заң;
5. 2007 жылы 15 мамырда Еңбек қорғау туралы кодекс
6. Еңбек қауіпсіздігі Жүйесінің стандарттары;
7. Салалық стандарттар;
8. Кәсіпорын стандарттары;
9. 2001 жылы 3 наурызда № 326 қабылданған ҚР қаулысы (Жұмысшылардың
бақытсыздық жағдайға және басқа зардаптарға душар болуын зерттеу
және ескеру ережелері).
10. 2030 стратегиясы.

Анықтамалар

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене
дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізудімақсат ететін
үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі,
өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.
Өздігінен білімін жетілдіру – жеке адамның өзі басқаратын мақсатты
танымдық іс-әрекеті, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, саяси өмірдің және
тағы басқа қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу.
Өздігінен оқу – адамның өз білімін жетілдіру мақсатында өзіндік
ұмтылуы және осыған қажет болатын құралдарды таңдау арқылы ұрпақ
тәжірибесін тікелей алу процесі.
Оқыту әдісі – білім мазмұнын, меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен
оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

Қысқартылған сөздер

ҚР – Қазақстан Республикасы
ЖОО – жоғары оқу орны
ОМ – орта мектеп
ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу
АҚ – ақпараттық қамсыздандыру
ДЭЕМ – Дербес электронды есептеуіш машиналары
ЕҚСЖС – еңбек қауіпсіздігінің стандарттары Жүйесінің стандарттары
МЕСТ – мемлекеттік стандарттар
ССТ – салалық стандарттар
КСТ – кәсіпорын стандарттары

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйелерінің
алдында тұрған негізгі міндет адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа
білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды қолдана алу іскерліктерін
игерулеріне, яғни шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау болып
табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру орта білім беру жүйесінде оқушыларды өз
бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана
емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту
мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты.
Зерттеушілік қызмет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай,
жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл оқушылардың
арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-
пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді[1, 6-б.].
Әр түрлі салалардағы кең көлемді жүргізілген зерттеулерге қарамастан
зерттеу әрекеті ұғымының ортақ қабылданған анықтамасы жоқ. Зерттеу
әрекетінің, мысалы, мәліметтер іздестіруге бағытталған әрекет ретіндегі
когнитивті анықтамасы бар. Зерттеу әрекетін қарастырудың негізін
қалаушылардың бірі Д. Берлайннің физиологиялық бағыттылық тұрғысынан берген
анықтамасында ол – беймәлімділіктің туындауынан ынтаны бәсеңдетпеуге
бағытталған әрекет. Ал, А.Н. Поддьяков зерттеу әрекетін сырттай қоршаған
ортадан жаңа мәліметтер іздестіру мен оларды табуға бағытталған әрекет
ретінде анықтады.
А.С. Обухов байқағандай бастапқыда зерттеу әрекетінің уәжі қызығушылық
немесе И.П. Павловтың айтуы бойынша, бұл не?, - деген сұраққа туындайтын
рефлекс. Адамға да жануарларға да зерттеу белсенділігі, зерттеу әрекеті,
риясыз қызығушылық тән. Зерттеу қызметі зерттеу белсенділігіне және зерттеу
әрекетіне негізделеді, бірақ олардан айырмашылығы – мәдени құралдармен
ұғынықты, бағытты жүйеленуінде.
Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі
ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі.
Оқыту үрдісінде оқушыларға зерттеу іс-әрекетін игертуді – баланың
қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде
құрылған оқытудың негізгі тәсілі деп қарауға болады. Оқушыларды
зерттеушілік әрекетке баулудың негізгі мақсаты – оқушының, адамзаттық
мәдениеттің қай саласында болмасын, өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет
тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Зерттеу алдын ала
жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол – белгісізді іздеу, яғни жаңа
білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Жалпы, аталған мәселеге байланысты, оны өзінің зерттеу объектісі немесе
зерттеуінің өзегі етіп алмағанымен де, оқушыларда зерттеушілік біліктілік
қалыптастыру жайлы белгілі бір деңгейде тұжырымдар айтқан, ой-пікір
білдірген ғалым-әдіскерлер А.Е. Әбілқасымова, Ә.І. Сембаев, Қ.Б. Жарықбаев,
Ю.К.Бабанский, И.Я. Лернер, Ж.И. Икрамов, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, Г.И.
Щукина, В.И. Гусев, В.А. Далингер және т.б. Олардың дидактикалық
зерттеулерінде оқушылардың танымдық қызмет субъектісі ретінде қалыптасу
үрдісі қарастырылды. Сол сияқты, аталған мәселе, педагогика-психологиялық
тұрғыдан алғанда, диссертациялық зерттеу жұмыстарында әр түрлі тұрғыда
зерделенген: зерттеушілік қызмет тұрғысынан − М.З. Каплан, М.В. Таранова,
Н.А. Меньшикова, Л.В. Шоркина, М.Ө. Мұсабеков, Н.Ғ. Дауымов; танымдық
ізденімпаздық тұрғысынан − Р.С. Омарова; математика пәнін оқыту барысында
оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне баулу қажеттілігі тұрғысынан
А.Е.Әбілқасымова, М. Есмұхан, И.Б. Бекбоев, Ә.К. Қағазбаева, А.М.
Мүбәраков, Л.Т. Искакова, Е.Ж. Смағұлов, Д. Рахымбек.
Сондай-ақ аталған мәселелерді зерттеуге арналған А.Г. Сон, М.М.
Хасенов, А.С. Акрамова, С.М. Мажиденова, С.Т. Мухамбетжанова, Ж.А.
Умбетова, М.Ө. Мұқашева және т.б. ғалымдар еңбектері[2, 6-б.].
Бұл зерттеулерде жалпы білім беретін мектепте жеке пәндерді оқыту
барысында оқушыларды зерттеу қызметіне үйрету мәселесін, жекелеген сыныптар
бойынша емес, жалпы тұрғыдан пайымдайды. Ал, бұл мәселе бойынша сыныптар
немесе экономиканың жеке саласы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары онша
көп емес (мысалы, Р.И. Кадырбаева, Б.Д. Дыбыспаев, Т.А. Каражигитова).
Теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау, қазіргі заманғы білім
беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі – оқушыларда зерттеушілік
біліктілік қалыптастыру және дамыту қажеттілігі мен оның жалпы білім
беретін негізгі мектеп экономика негіздері (әсіресе 7-9 сыныптардың) оқыту
барысында іске асыру жағдайы арасында қарама-қайшылық өз шешімін әлі таппай
отырғанын көрсетті. Осы қарама-қайшылықты шешу біздің зерттеуіміздің
негізгі проблемасы ретінде алынып, зерттеу тақырыбын Жалпы білім беретін
мектеп оқушылардың оқу - зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру, - деп
тұжырымдауға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жалпы білім беретін мектепте экономиканы
оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру
мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеу мен әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
ету.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін негізгі мектепте экономиканы оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні: негізгі мектепте экономиканы оқытуда оқушылардың
зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер негізгі мектепте Экономика пәнін
оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру мәселесі
теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген әдістемемен қамтамасыз
етілсе және ол бағытты жүзеге асырылса, онда оқушылардың білім алуға деген
қызығушылықтары, танымдық белсенділіктері артады, экономикадан алған
білімдерінің сапасы көтеріледі және білімнің тәрбиелік маңыздылығы
жоғарылайды.
Зерттеудің міндеттері:
1) қазіргі кезең талаптары тұрғысынан оқушыларды зерттеу жұмысына баулу
мәселесінің маңыздылығын негіздеу;
2) негізгі мектепте оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру
жолдарын педагогикалық-психологиялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеу,
арнайы зерттеу жұмыстарына талдау жасау және негізгі ұғымдық аппаратты
анықтау;
3) жалпы білім беретін мектепте экономиканы оқыту барысында оқушыларды
зерттеу іс-әрекетіне үйретудің практикадағы жағдайын қарастыру және негізгі
мектепте экономиканы оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін
қалыптастыру жолдарын айқындау;
4) негізгі мектепте Экономика пәнін оқыту барысында оқушылардың
зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру әдістемесін құру және оны теориялық
және практикалық тұрғыдан негіздеу;
5) негізгі мектепте экономиканы оқыту барысында оқушыларда зерттеушілік
іс -әрекетін қалыптастыру әдістемесін эксперименттік байқаудан өткізу және
нәтижелері бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: негізгі мектепте экономиканы оқытуда
оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру арқылы оқушылардың
білім, білік және дағдыларының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін
әдістемелік жүйе қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: жеткіншек
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, дамыту жайлы философиялық, педагогикалық-
психологиялық және әдістемелік тұжырымдамалар, нормативтік құжаттар, озық
педагогикалық тәжірибелер.
Зерттеу жұмысының базасы: негізгі мектепте экономика курсын оқыту
барысында оқушылардың зерттеушілік іс -әрекетін қалыптастыру мен дамыту
әдістемесі бойынша тәжірибелік эксперимент Астана қаласының № 53 жалпы
білім беретін мектебінде жүргізіліп, нәтижелері оқу үрдісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің ғылыми
аппаратына, зерттеу нысаны мен міндеттеріне, пәнді оқыту әдістеріне
сәйкестігімен; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік және оқу-
әдістемелік әдебиеттерге, оқыту әдістері мен құралдарына жан-жақты талдау
жасаумен және талдау нәтижелерін зерттеу барысында негізге алумен; құрылған
әдістеменің теориялық және практикалық тұрғыдан негізделуімен; тәжірибелік-
эксперименттік жұмысқа қатысқан оқушылар санының жеткілікті болуымен;
эксперимент нәтижелерін өңдеуде статистикалық тәсілдерді қолданумен
қамтамасыз етілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, ... бөлімнен,
жалпы қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.

1 Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік іс - әрекетін
қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1 Оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми -
теориялық негіздері

Қазіргі таңда білім беру үрдісінде оқушыларға білімді жаттанды түрде
игерту емес, шығармашылық түрде меңгерту негізгі көкейтесті мәселелердің
бірі болып отыр. Яғни, жаңа дәуірдің мұғалімдерінен оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеттерін, оқушылардың өз бетімен білім ала алуын дамыту
арқылы олардың білімдерінің сапасын арттыру, деңгейін көтеру талап етіледі.
Ал, бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы оқушыларды оқу-зерттеу
ісіне баулу арқылы оларға білімді зерттеушілік іс-әрекет деңгейінде игерту
болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық, шығармашылық әрекеттерін, яғни олардың
өздігінен білім алудағы танымдық белсенділіктерін дамыту олардың пәнге
деген қызығушылықтарын арттырумен, өздігінен білім алуға деген дағдыларын
қалыптастырумен, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеумен байланысты.
Соңғы кезде білім алушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін
арттыруға көп көңіл бөлініп отыр (Л.В. Занков, А.Е. Әбілқасымова,
Н.А.Половикова, Т.И. Шамова, П.И. Пидкасистый және т.б.).
Ізденімпаздықтың қалыптасуының жоғары деңгейіне – оқушылардың танымдық
есептерді анықтай және тани білуі, яғни ойша математикалық моделін құра
алуы; іс-әрекет етуге тез бейімделуі; іс-әрекетін жоғары дәрежеде
ұйымдастыра алуы мен өзгелердің көмегін, нұсқауын қажетсінбеуі
жатқызылады[3, 16-б.].
Оқушылар тұлғасының психологиялық моделін жасаудағы зерттеу жұмыстарына
талдау жасау, зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра алатын оқушы дайындауда
келесідей психологиялық-педагогикалық талаптарды ескеру қажеттігін
көрсетті:
1. Оқушы зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра алуы үшін оның оқу
дайындығының жоғары деңгейде болуы; зерттеушілік және практикалық
даярлығының ұштастырылуы; өз білімін үнемі жетілдіріп отыруына, зерттеу іс-
әрекетін ұйымдастыру ұстанымын практикада қолдана білуге ынталы болуы
қажет.
2. Оқушыларда келесідей қасиеттер қалыптастырылуы тиіс: байқағыштық;
жоғары дәрежедегі танымдық белсенділік, ізденімпаздық, зерттеушілік
қызметке қызығушылық; сыншылдық; шығармашылық-ізденуде бағыттылық,
жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімпаздық.
3. Зерттеуші оқушы зерттеу логикасын, әдістерді меңгеруі;
ұстанымдарды жүйелей және жалпылай алуы; ғылыми ақпараттарды қолдана білуі
тиіс. Сонымен қатар ол:
а) игерген білімі мен біліктерін оқу, зерттеу міндеттерін шешуге
қолдана алуы; өзінің және замандастарының тәжірибелерін талдай, жалпылай
алуы; ғылымның теориялық ақпаратының элементтерін, формалары мен негізгі
танымдық әрекеттерді (суреттеу, түсіндіру, қайта өңдеу) білуі; өз бетімен
зерттеу мәселесін табуды, әдістерін меңгеруі; тиімді ізденіс тәсілдерін
таңдауды, сақтауды және ақпаратты қолдануды білуі; қосымша әдебиеттерді
қолдана алуы, кітапхана қорымен жұмыс істей білуі қажет;
б) ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс
ережелерімен сәйкес құра отырып, келесідей мәселелерді жүзеге асыра алуы
керек: талдау жасауды (диагноз қоя білуді); бастапқы мәліметтерді нәтижемен
салыстыра отырып жобалай, болжай алуды; білімді игеру үрдісін жүзеге асыра
алуды; алынған мәліметтерді бағалай білуді; жаңа міндеттерді қоя алуды.
Сонымен, оқушының белсенділігін, ізденімпаздығын және шығармашылық
қабілеттерін бағытты дамыту олардың зерттеушілік қызметін дамытумен тығыз
байланысты.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой
әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық
қалыптасады.
Танымдық зертеушілік ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл
дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл
бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде
жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет
болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар
Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит,
Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.
Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту
барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы
басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық
iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi
алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай,
шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын
арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды
алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде
қарастырады[4, 25-б.].
Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес
қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы
айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.
Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой
– тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық
әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.
Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын
байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн о
дүниелiк өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi
антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны
таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа
Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға
үкiм шығарған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын
түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр
тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге
асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға
болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана
қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға
созылды[5, 13-б.].
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты
оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген
еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға о дүниеге дайындалып жатқан адам
емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы
мүшелерi қажет болды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды
пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж.
Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және
т.б. еңбектерiнде айтылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз
ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап
көрсеттi: Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн
көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда
өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне
iздеп отыруын қалаймын. Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң
маңыздылығын түсiндi. Ол: Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден
өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге
құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз, - деп жазған болатын.
Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту
идеялары айтылған.
Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы
идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б.
мұраларында жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А.
Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе,
оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен
емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды[6,
46-б.].
Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада
өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету
құралы ретiнде қарастырамын, - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда
келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы дидактика еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп
тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана
бiлу қажет, - деп ерекше атап өттi.
Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан
әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып,
баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын
көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен
өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың
iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г.
Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн
iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып,
қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа
мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби
мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша
көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып
оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Егер
баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму
үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол
баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi
баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше,
баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу
қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш
мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын
қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский Дербес
жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол
өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi..., - дейдi[7, 5-б.].
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға
байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш
сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты
арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу –
тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi атты ғылыми –
зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын
атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң,
қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн
күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы;
- жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп
қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың
ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен
жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен
мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк –
эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн
белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк,
ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып
табылады.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей
танымдық белсендiлiк терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк
жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен
ретiнде көрiнедi:
-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М.
Сеченок т.б.);
- психологиялық (Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов
т.б.);
- педагогикалық (Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо,
К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.).
Биологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты
белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы
жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен
негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз
ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде
ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама –
қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды,
сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға
өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн
физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне
белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей
детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк
табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.
Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының
бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi
және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы
өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн
күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның
жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде
және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: Сыртқы
себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды.
Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына
сәттердiң болуын қалайды:
- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,
- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,
- тапсырмаларды қою,
- iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,
- мәселенi шешуге бағытталуы.
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер
етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.
Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның
белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек
табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi[8, 67-б.].
Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық
әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады
(Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға
белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда
ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және
әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.
Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң
қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған
ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында
қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты,
әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк
болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн
жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi
түсiндiрумен байланысты:
- белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi
жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын
сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
- белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив,
ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның
сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
- Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты –
объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе,
белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным
процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және
продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында
екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi
деңгейден iздеу – орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму
процесi қамти отырып жүзеге асады[9, 9-б.].
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай
қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның
мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы
деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға
болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап
шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс –
әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы –
зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
- интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн
тұлғалық белсендiлiк ретiнде.
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен
процесстер құрайды. Н.С.Лейтес балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк
дамуының өзiндiк сапалы сатысы деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде
түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б.
Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша,
интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес
факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды
саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:
қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана
тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен,
яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын
бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен
түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде
өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi
белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне
анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi
анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң
терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес
қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов
және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада,
бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр.
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей
анықтамалар берiледi:
- Адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин,
Т. Рибо).
- Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л.
Рубенштейн).
- Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
- Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды
– ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
- Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А.
Половников).
- Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу
әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
- Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай
(Р.А. Низамов).
- Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
- Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен
және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының
айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова) [10, 67-б.].
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық
қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы
таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық белсендiлiк
тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты
жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды
белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы
танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi

Оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру үрдісінде олардың
таным белсенділігі, мұғалімнің белсенді түрде оған жетекшілік етуі маңызды
орын алады. Оқу үрдісі мұғалім тарапынан енжарлы және белсенді түрде
басқарылуы мүмкін. Енжарлы басшылық үрдісінде жаңа ақпаратты беру формасына
негізгі көңіл аударылады, ал білім алу процесі оқушылар үшін берекесіз
болып қалады. Бұл жағдайда бірінші орынға білім алудың репродуктивтік жолы
шығады. Белсенді басқару үрдісі барлық оқушыларды терең және берік біліммен
қамтамасыз етуге, кері байланысты күшейтуге бағытталған. Мұнда оқушылардың
дара ерекшеліктерін есепке алу, оқу үрдісін модельдеу, оны болжамдау, нақты
жоспарлау, әрбір оқушының оқу мен дамуын белсенді түрде басқару
болжамданады[11, 16-б.].
Оқу үрдісінде оқушылар да енжарлы және белсенді таным іс-әрекетін
білдіруі мүмкін.
Оқушылардың таным белсенділігі түсінігіне әр түрлі көзқарастар бар:
1 Б.П.Ешпов пікірі бойынша, танымдық іс-әрекетті белсендіру – білім,
білік және дағдыларды меңгеру үшін қажетті ақыл-ой немесе дене жұмысының
саналы, мақсатты орындалуы.
2 Т.М.Лебедев Танымдық белсенділік – бұл оқушылардың білімді меңгеруге
деген бастамашылдық, әрекеттік қатынасы және де білім алуда қызығушылықтың,
дербестіктің және ерік күшінің байқалуы - деп көрсеткен. Бірінші жағдайда
мұғалім мен оқушының дербес іс-әрекеті туралы, ал екіншісінде – оқушылардың
іс-әрекеті туралы делінеді. Екінші жағдайда автор танымдық белсенділік
түсінігіне оқушылардың қызығушылығын, дербестігін және ерік күшін
кіргізеді.
Білім беруде оқу мәселелері белсенді рөл атқарады. Оның мәні – оқу
әрекеті үрдісінде оқушыларды жеке ізденістік-зерттеушілік әрекетке әкелетін
ситуацияларды жасау барысында практикалық және теориялық кедергілерді жеңу
болып табылады.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру мәселелері қазіргі педагогикалық
ғылым мен практиканың көкейкесті проблемалардың қатарына жатады. Оқуда
белсенділік принципін жүзеге асыру белгілі бір мәнге ие, өйткені оқу және
дамудың әрекеттік сипаты бар және оқушылардың оқып үйренуі, дамуы және
тәрбиесі әрекет ретінде оқу сапасына байланысты.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің ерекше мәні
мынада – оқу, бейнелеу-түрлендіру іс-әрекеті бола отырып, оқу материалын
қабылдауға ғана емес, танымдық іс-әрекеті өзіне деген оқушының қатынасын
қалыптастыруға бағытталған. Іс-әрекеттің түрлендіруші сипаты әрқашан
субъектінің белсенділігімен байланысты. Дайын түрде алынған білім,
бақылайтын құбылыстарды түсіндіруде және нақты мәселені шешуде оларды
қолдану барысында оқушыларға қиындық туғызады. Оқушылар білімінің елеулі
кемшіліктерінің бірі жалаңдық болып отыр. Ол оқушылардың жаттанды теориялық
білімдерінің оны практикада қолдана білу арасында байқалады[12, 11-б.].
Оқу үрдісінің тиімділігін көтеру мәселесін шешу практика жүзінде
тексерілген жағдайлар мен оқушыларды белсендіру құралдарының ғылыми мәнін
түсінуді қажет етеді.
Оқу үрдісінде оқушылардың іс-әрекетін белсендіру оқу материалы
мазмұнымен де, және сәйкес әдістер, тәсілдер, дидактикалық құралдар мен
жағдайлар, оларды ұйымдастыру формалары арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан қазіргі уақытта оларды ары қарай жетілдіру оқушылардың танымдық
белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ететін педагогикалық жағдай болып
табылады.
Біздің көзқарас бойынша мұндай жағдайлардың бірі пәндердің кәсіптік
бағыттылығы болып табылады. Ол оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендірудің
аса тиімді құралы болып табылатын, пәндер жүйесі мен оқушылардың өзіндік,
зерттеу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта өзіндік зерттеу жұмыстары туралы бірнеше көзқарас бар.
Бір жағынан ол дербес іс-әрекетпен теңестіріледі және сондықтан
дәрісханалық – практикалық сабақтар жүйесінде оқытушы беретін ақпаратты
оқушылардың қабылдауы және өз бетінше мәнін түсінуі ретінде қарастырылады.
Басқа жағынан, өзіндік жұмыс болып оқушылардың мұғалімнің көмегінсіз оқу
материалын талдағанда және қорытындылағанда, өз қорытындысы мен нәтижелерін
тексергенде ғана саналады. Және бұл немесе басқа көзқарасқа сәйкес педагог-
практиктер оқушылардың өзіндік жұмыс мәнін оқу сабақтарын ұйымдастыру
формаларын сипаттау, олардың дидактикалық мақсатын анықтау арқылы ашады.
Көбінесе, мұның бәрі оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін жақсырақ
ұйымдастыру мен оны басқаруды анықтауда әжептәуір қиыншылыққа соқтырады.
Өзіндік жұмыстың әр типі мен түрін пайдалану барысында оқушылар оқу
үрдісінде оларды орындау барысында танымдық білімге қарай ауысуының әр
кезеңінде білім, білік және дағдылар жүйесін ғана меңгермей, ойлау іс-
әрекетінің төменгі деңгейінен жоғары деңгейіне жылжуын ұйымдастыру қажет.
Мұндай оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құрылымында түрлендіруші
әрекеттер шығармашылыққа қатысты негіз ретінде, ал басқа жағынан, оның
барысы ретінде көрінетін оқушылар іс-әрекетіндегі түрлендіруші және
шығармашыл үрдістердің ара қатынасы болып табылады.
Оқушылардың білімдері ықпалды, ал білік және дағдылары аса икемді және
тұрақты болуы үшін, оқушылардың жоғары деңгейлі белсенділігі мен
дербестігін көрсетуіне итермелейтін әр түрлі ақыл-ой және практикалық іс-
әрекеттерге кіргізу қажет.
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті жалпы ішкі өзара байланысты
әрекеттерден қаланады. Олардың логикалық тізбегі оның құрылымын анықтайды.
Зерттеу іс-әрекетінің типтері:
1 Жаңа таным қажеттілігін танып білуге жетелейтін әрекеттер:
А) белгілі теориялық білімдердің, жаңа фактілер, құбылыстар, үрдістерді
түсіндірудің жетіспеушілігін танып білуге жетелейтін алдын-ала практикалық
әрекеттер (кестелер, сызбалар, тәжірибелер, мысалдар);
Б) зерттелетін мәселенің практикалық және теориялық мәнін танып білу
бойынша әрекеттер;
В) фактілер, құбылыстарды талдау және теңестіру бойынша әрекеттер;
Г) гипотеза ұсыну және оларды негіздеу үшін оқушыларда бар теориялық
білімдерін тарту.
2 Ары қарай теориялық қорытынды шығаруүшін нақты база құру бойынша
әрекеттер:
А) белгілі фактілерді көкейкестендіру;
Б) жаңа фактілерді жинау
3 Нақты материалды қорытып жинақтау бойынша әрекеттер:
А) салыстыру негізінде алғашқы қорытындылар (фактілерді теңестіру және
қарама-қарсы қою);
Б) алдыңғы қорытындыларға негізделген жаңа қорытындылар (екінші және
т.б. қатардағы қорытындылар). Қорытындылардың бұл қатары сабақ, тақырыптың
соңғы қорытындысына әкеледі.
4 Нақты болмыстың әр түрлілігімен қорытындыны сәйкестендіру бойынша
әрекеттер:
А) жалпының нақты түрде байқалудың жаңа оқиғасын табу;
Б) Жалпының нақты түрде байқалудың жаңа оқиғасын табу;
В) өзгерген ситуацияларда қорытындыларды қолдану[13, 8-б.].
Оқуда зерттеу іс-әрекетін табысты жүзеге асыруда шығармашылық сипаттағы
өзіндік жұмыстар, әр түрлі бағдарламалық тапсырмалар, тесттердің ерекше
мәні бар.
Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті әрекетті күшейту емес, мұғалімнің
оқыту мен тәрбиелеудің нақты мақсатына жетуге арнайы құралдар, оқушылардың
ақыл-ой, құлықтық-еріктік және дене күштері көмегімен жұмылдыру ретінде
қарастырылады.
Зерттеушілік іс-әрекеттің физиологиялық негізі нақты ситуация мен өткен
тәжірибе арасындағы келісім болып табылады. Оқушыларды белсенді танымдық іс-
әрекетке кіргізукезеңінде сыртқы ортадағы күрделі өзгерістерге ағзаның
реакциясын бейнелейтін бағдарлы-зерттеушілік рефлекстің ерекше мәні бар.
Зерттеушілік рефлекс мидың үлкен жарты шарлар қабатын әрекеттік жағдайға
апарады. Зерттеушілік рефлекстің қозуы – танымдық іс-әрекеттің қажетті
жағдайы.
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің деңгейлері:
Бірінші деңгей – түрлендіруші іс-әрекеті, оқушының білімді түсінуге
есте сақтауға және қайта жаңғыртуға, үлгі бойынша оны қолдану тәсілін
меңгеруге талпынысымен сипатталады. Бұл деңгей оқушының ерік күшінің
тұрақсыздығымен, білімді тереңдетуге деген қызығушылықтың жоқтығымен,
Неге? сияқты сұрақтың болмауымен ерекшеленеді.
Екінші деңгей – түсіндіру іс-әрекеті, оқушының оқылып жатқан білім
мазмұнының мәнін анықтауға талпынумен, құбылыстар мен үрдістер арасындағы
байланысты танып білуге, өзгерген жағдайда білімді қолдану тәсілдерін
меңгеруге талпынумен сипатталады. Мұнда оқушылар бастаған істі аяғына дейін
апаруға талпынады, қиналған жағдайда тапсырманы орындаудан бас тартпайды,
шешу жолдарын іздейді.
Үшінші деңгей – шығармашыл, құбылыстар мәні мен оның өзара байланысына
терең кіруге қызығушылық пен талпыну ғана емес, бұл мақсатқа жаңа тәсіл
табумен сипатталады. Бұл деңгейге тән ерекшелік – оқушылардың жоғары ерікті
сапаларының байқалуы, мақсатқа жетуде табандылық пен қажырлық, кең және
табанды танымдық қызығушылықтар. Осы белсенділік деңгейі оқушы білетін,
оның тәжірибесінде кездескені мен жаңа ақпарат, жаңа құбылыстар арасындағы
келісімнің жоғарғы дәрежесінің қазуымен қамтамасыз етіледі. Белсенділік,
тұлға іс-әрекетінің сапасы ретінде әрбір оқыту принципін жүзеге асырудың
ажырамас жағдайы мен көрсеткіші болып табылады[14, 10-б.].
Оқытуды өмірмен байланыстыру принципі оқытуды белсендіру, оқушылар
зерттеу жүргізу үшін мазмұнды негіз болып табылады, оқушылардың белсенді
оқуын ұйымдастыру барысында ғана жүзеге асырылатын оқытудың өмірден артта
қалуын жеңеді.
Ғылымилық принципі оқушылардың баяндалатын мазмұнның мәнін түсіну мен
толықтыру бойынша ғана емес, оны теориялық талдау үшін де зерттеу іс-
әрекетіне негіз болады. Сонымен бірге зерттелетін құбылыстардың мәніне ену
оқушылардың сапалы зерттеу іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Білімдерді меңгерудің сапалылығы мен тұрақтылық принципі белсенді
зерттеушілік іс-әрекеті үрдісінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Көрнекілік принципі, негізінен, нақтылық пен абстрактіні бейнелей
отырып, білімдерді игерудің саналылығымен тығыз байланысқан, оқушылардың
белсенді ойлауы барысында жүзеге асырылады, негізінен нақтылықтан
абстрактілікке өту кезеңінде және, керісінше, абстрактіліктен нақтылыққа
оқытудың ұжымдық жағдайында оқушыларға жеке қатынас жасау принципі әрбір
оқушыны оқу үрдісіне қосуды болжайды. Бұл уақытта белсенділік деңгейі
оқушылардың нақты нақты оқу мүмкіндіктерін есепке алуға байланысты болады.
Осылай, зерттеу іс-әрекеті үрдісінде белсенділік принципі бұл жүйеде
барлық принциптермен қоса диалектикалық бірлікте болады.
Оқушылардың оқуын белсендіру құралдары:
1 оқу мазмұны;
2 оқыту формасы;
3 оқыту әдістері мен тәсілдері.
Оқытушының міндеті зерттеу іс-әрекетінде жалпы белсенділікті қамтамасыз
ету емес, іс-әрекеттің басты білімдері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған
олардың белсенділігіне қамтамасыз ету болып табылады.
Оқуды белсендету – нақты оқу мәселелерін танып білуге және шешуге
бағытталған оқушылардың әрекеттерін ұйымдастыру болады.

Зерттеу іс-әрекеті – заттық және танымдық іс-әрекеттерді, жинақталған
теориялық білімдерді меңгеруге арнайы бағытталған адам іс-әрекетінің
негізгі түрлерінің бірі. “Зерттеу іс-әрекеті” түсінігі ”оқу” түсінігіне
қарағанда аса кеңрек қарастырылады, өйткені ол оқытушылық іс-әркетімен
оқушы іс-әрекетін де әруақытта қамтиды[15, 66-б.].
Зерттеу іс -әрекет тәсілдерін, меңгеру, және бекіту үрдүсі, олар:
А) Саналы және практикалық іс-әрекеттің бірде бір түрлерін табысты
ұйымдастыру үшін қажетті әлемнің маңызды сапалары туралы ақпаратты
меңгеру үрдісі (бұл үрдістің өнімі –білім);
Б) Барлық осы іс-әрекет түрлері қалатын тәсілдер мен оператцияларды
меңгеру үрдісі ( бұл үрдістің өнімі-дағды);
В) Міндеттер жағдайы мен қойылған мақсатқа сәйкес тәсілдер мен
оператцияларды дұрыс таңдау және бақылау үшін берілген ақпаратты қолдану
тәсілдерін меңгеру үрдүсі (бұл үрдістің өнімі - білік).
Осылай оқушының әрекеттері белгілі бір білім, білік, дағдыларды
меңгерудегі саналы мақсатпен басқарылған жерде зерттеу орын алады.
Зерттеушілік іс- әрекеті оқушыларды қоғамдык пайдалы белсенділіктен әр
түрлеріне қажет білім, білік, тағдылармен қаруландырыды, сонымен біргіе
шешілетін міндетке сәйкес өз әрекеттерімен операцияларын, дағды мен
тәжірибесін тандауға, ұйымдастыруға және бағыттау білігін қалыптастырады.
Осылай ол оқушыларды енбекке, өзіндік іс әрекетке дайындайды, шартты түрде
оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің екі нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Оның
біреу сабақ барысында немесе басты рөлді мүғалім жүзеге асыратын оқытудың
басқа формасы барысында өтеді, ал екіншісі оқушылардың өзіндік жұмыс
кезінде, үй жұмысын орындау барысында, өзіндік жұмыс жазу барысында өтеді.
Егер мұғалімнің басшылығымен зерттеу іс-әрекеті өткен жағдайда,
оқушылардың келесі әрекеттерін бөліп көрсетуге болады:
- оқытушы ұсынған оқу міндеттері мен әрекет жоспарын қабылдау;
- қойылған міндеттерді шешу бойынша оқу әрекеттері мен операцияларын
жүзеге асыру;
- оқытушының бақылау мен өзін - өзі бақылауы әсерімен зерттеу іс-
әрекеттін реттеу;
- оқытушы басшылығымен жүзеге асырылатын зерттеу іс-әрекетін нәтижесін
талдау.
Жәрдемсіз басшылықпен жүзеге асырылатын өзіндік зерттеу жұмысы
барысынды көбінесе келесі әрекеттер көрсетіледі:
- өз оқу іс-әрекетінде міндеттерді жоспарлау немесе нақтылау, оқу іс-
әрекетінің әдістері, құралдары мен формаларын жоспарлау;
- оқу іс -әрекетін өз бетінше ұйымдастыру;
- оқуды өзбетінше реттеу;
- оқу іс-әрекеті нәтижелерін өз бетінше талдау.
Зерттеу іс-әрекетінің құрылымдық элементері шешелетін оқу міндеттеріне,
осының барысында колданылатын басты әдістеріне байланысты өзгереді.
Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті құрылымы педагог жағынан басқарылуы
барысында жалпы оқытушы әрекетінің құрылымымен келіседі. Егер оқытушы
міндеттерді, оқушылардың алдағы оқу әрекеттерін жоспарласа, оларды
ынталандырса, онда оқушылар педагогтың ынталандыру әсерінен пайда болатын
себептерге сүйене отырып, бұл міндеттерді қабылдайды және белгілеген
әрекеттерді жүзеге асырады. Егер оқытушы оқушының әрекетін бақыласа және
өзінен оқыту әрекеттерін реттесе, онда оқушылар да оқытушының әсерімен өз
әрекеттерін реттейді. Дәл солай оқытудың нәтижесін талдау оқушылардың
өздері оларды өз бетінше талдаумен өзара байланыста өтеді. Осыдан оқытушы
мен оқушылар әрекеттері құрылымына сәйкес оқыту мен оқу үрдістері
біріктіріледі. Оны тек оқыту үрдісі деп атайды. Қарастырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Пәндер