Сөз мағынасының дамуы және ақпарат


КІРІСПЕ
Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасау, пікір алысу үшін қолданады. Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ұғымның, түсініктің атауы болады. Әрбір сөздің білдіретін ұғымы сөз мағынасы делінеді. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы - халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Сөз мағынасын тек дамумен, яғни жақсара түсу сипатында ілгері жылжумен түсіндіру жеткіліксіз, сонымен қатар сөз мағынасының күңгірттенуі не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі т. б. құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады. Сөз тілдің, оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі сөз бірлігі, дербес бөлшегі болып табылады. Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып, сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырады. Сөздің осы қасиеті оның лексикалық бірлік екендігін көрсетеді. Әр тілдегі сөздердің лексикалық бірлік болу сипаты, олардың құрылымдық ерекшеліктері сол тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері арқылы анықталады
Сөз мағынасы тіл білімінде ғасырлар бойы сан түрлі елдердің тілші ғалымдары тарапынан зерттеу нысаны болып келе жатқандығына қарамастан, күрделілігіне байланысты оның тілдік табиғаты толық ашылған, түпкілікті зерттеліп болған тілдік бірлік деп кесіп айту қиын. Сөз мағынасының әлі де жан - жақты қарастырылып, тереңірек зерттеуді қажет ететін қырлары жоқ емес. Соның бірі біз сөз еткелі отырған сөз мағынасының ақпаратпен байланысты жағы болмақ. Адамзат баласы аяқ басып отырған осы ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деп атап та жүр.
Қазіргі кезеңде осы ақпараттың тілдік бірліктердің ішіндегі ең бастысы, негізгісі болып саналатын сөз арқылы қалай берілетіндігін, қалай сақталатындығын зерттеудің маңызы зор. Өзге елдердің кейбір жекелеген тілші ғалымдарының еңбектерінде сөз болғаны болмаса, бұл мәселе жалпы тіл білімінде де өте аз зерттелген. Ал қазақ тіл білімінде сөз арасында айтылған жекелеген ой - пікірлер болмаса, арнайы зерттеу нысаны ретінде аз зерттелуде. Өзге тілдік бірліктердің ақпараттылығы мен сөз тіркесі, сөйлем, мәтін арқылы берілетін ақпарат мәселесі өз алдына жеке қарастыруды немесе бұдан да кең де ауқымды мәселе болғандықтан, оны өзге зерттеулердің үлесіне қалдырған жөн деп білдік.
Мәтіндерді жіктеу кезінде олардың түрін анықтау үшін лексикалық бірліктерге назар аударғанымен, сөз мағыналары арқылы берілетін немесе
сақталатын ақпараттың сипаты, лексикалық мағынаның ақпарат жеткізудегі ерекшеліктері бұл салада арнайы қарастырылмай келді.
Тіл - адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Ғалымдар осы қарым-қатынас, сөйлеу құралы болып табылатын тілді әр түрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.
Тілдің қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы піеірлер ертеректен айтылғанымен, тілдік қатынастың (языковая коммуникацияның) тіл білімінің жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.
Қазіргі кезеңде халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жан-жақты дол ашудан көрінеді. Сондықтан тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің шығуына әсер етті.
Қазақ тілі білімінде тілдік қатынастың ғылыми оралымға түскен терминдері де толық қалыптасқан жоқ.
Тілдік қатынас (ТҚ) - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т. б. әрекеттеріне тікілей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым-қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолдану жолдарын белгілеу қазір өзекті мәселер қатарына жатады. Осы мәселелерді жан-жақты оқыту мен үйрету олардың ғылымда өзіндік анықтамасын беруді тілдік қатынас құбылысын, теориялық және әдістемелік жағынан арнайы зерттеуді қажет етеді [13, 3 б. ] .
Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, «коммуникация» немесе «коммуникативтік» терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде «коммуникатив» деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілішлер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
Тіптен баспадан шыққан түсіндірме сөздіктердің өзінде бұл сөздің тілдік жағынан гөрі басқа мағыналарына түсініктеме беріліп, оның тілге қатысты мазмұны тыс қалады.
Мәселен, 1980 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 5-томында осы түбірге қатысты бір ғана сөз берілген. Ол - «коммуникация» сөзі. Мұнда айтылған анықтаулар мен мысадар «жол қатынасы», «байланыс» деген ұғымды көрсетеді. Мысалы: «Коммуникация» - зат. Қатынас, байланыс, жол қатынасы. Коммуникациялар айқұш- ұйқұш кесіп өтті («Жетісу») . Партизан отрядтары жаудың коммуникацияларында күшті әрекет жасаумен болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Әскери-Теңіз флоты жаяу әскерге көмек жасап, олардың жағалаудағы және өзінің соғыс-теңіз базалары мен коммуникацияларын қорғады. (Қ. Аманжолов. Қасиетті борыш) .
1959 жылы шыққан қазақ тілі сөздігінің бірінші томында «коммуникация» сөзі берілмеген. Бұл сөздікте «коммуникациялық» деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, «Коммуникациялық»-сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе, ертеректе шыққан сөздіктерде «коммуникация» сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
Мысалы, В. Дальдың түсіндірме сөздігінде екі сөздің мағынасы айтылған.
- «Коммуникация - ж. франц. сообщение, пути, дороги, средства связи мест».
- «Коммуникационный - к сообщениям относящийся»
Д. Н. Ушаковтың басқаруымен шыққан орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «коммуникация» сөзі ғана берілген:
«Коммуникация - и, ж, латын».
- Сообщение, связь одного места с другим (спец) . К. Передовых позиций. Невский проспект есть всеобщая к. Петербурга.
- Сообщение, передача мыслей (преимущ. словесная, научная) . Слово есть средство коммуникации
С. И. Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме берілген. Мұнда «коммуникация» сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу еркешелігін атап өтеді:
- «Коммуникабельный, -ая, -ое, -такой, с которым легко общаться, иметь дело»
- Коммуникация и, ж, (спец) . 1. Путь сообщение. (напр. Связывающий армию с ее базами) . Переразать коммуникацию врага. 2. Сообщение. Речь как средство коммуникаций прил. Коммуникативный, -ая, -ое), к 2 знач. (и коммуникационный, -ая, -ое) к 1 знач.
Мұның өзі «коммуникация» сөзінің алғаш жолдық қатынас, байланыс деген мағынаны білдіргенін көрсетеді. Оның бұл мағынасы қазіргі кезде толық сақталған.
«Коммуникация» термині бұдан басқа да бірнеше мағынаны білдіреді.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді. Сонымен қатар «коммуникация», «коммуникативтік» термині соңғы жылдары лингвистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы «қарым-қатынас», тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация- тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация - тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация - қоғамдық қарым қатынас дегенді аңғартады.
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектерінің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлеуге байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның өзі, сөздің, ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді. Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймай, бірін-бірі түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұға алады.
«Коммуникативтік» терминінің тілдік қызметіне байланысты білдіретін мағынасы І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақовтың «Лингвистикалық терминдердің орысша - қазақша сөздігінде» анық айтылған.
«Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым - қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, адамдар арасындағы қарым - қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді [13, 36-39 б. ] .
Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тіл арқылы ғана сөйлеспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен көшеде келе жатқанда адамдар түрлі жарық көздеріне, естілеген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жағдайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы (далаға жүгіріп шығуы, немесе есікті ашуға ұмтылуы) бұл да белгілі бір әрекетті, қабылдап, түсінуді қажет ететін құбылыстар.
Қарым-қатынастың жоғарыда атйылған үлгілерінің барлығы өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адамдар үшін қызмет етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да адамдардың қарым-қатынасына, байланысына жатады. Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.
Тілдік қатынас - тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек. Сондықтан да тіл білімі - адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негізделген тілдік қатынас туралы ғылым.
Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген автордың бірі -Э. П. Шубин.
Э. П. Шубин шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мазмұны мен мақсатын, тілдік құралдарды анықтауға тырысады.
Э. П. Шубин тілдік қатынасты хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:
«Естественно было бы назвать языковую коммуникацию как комплекс явлений, связанных с обменом информацией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком»
Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э. П. Шубин оның (тілдік қатынастың) тілсіз қатынастан екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.
Біріншіден, тілдік қатынас, әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойлау қабілеті негіз болады.
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын - хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынандай құрамнан тұрады:
1. Белгілі бір деректі ақпаратты хабарлайтын - Баяншы.
2. Ақпаратты жеткізетін - Тұлғалар.
3. Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.
Баяншы - сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы.
Тұлғалар - хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы - белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап көрсетеді:
1. Хабардың дұрыс айтылуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар, дыбысталуы ерекше рөл атқарады.
2. Айтылуға тиісті мазмұнның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен жеткізетін тілдік құралдың сәйкестілігі.
3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы. Е. И. Пассов осы үш кезеңді баяндай келіп, тілдік қатынастың толық жүзеге асуы үшін ең бастысы - үшінші кезең, алдыңғы екі кезең тілдік қарым-қатынасты іске асырмайды, бірақ өкінішке орай біз тілдік қатынаста біз осы үшінші кезеңге жете бермейміз, яғни қарым-қатынаста бірінші және екінші кезеңдерде тоқтап қаламыз деп көрсетеді.
Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те аталады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі болып танылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге түседі, ал дыбысталу арқылы естіледі.
Ауызша қатынас - ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы арқасында жүзеге асады.
Жазбаша қатынас - тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей араласуын қажет етпейді.
Қорыта келгенде, тілдік қатынас (ТҚ) - ойлау мен сөйлеудің қатынасы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс [13, 39-50 б. ] .
Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Адам тұлға ретіне басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана қалыптасуы мүмкін. Жеке тұлға ретінде қалыптасуына бірге жұмыс істейтін, демалатын адамдар әсер етеді. Осы адамдардың әрқайсымен сөйлесу арқылы, мінез-құлқының бірегей түрі қалыптасады. Қарым-қатынас адам тұлғасының барлық танымдық процестерін қалыптастырушы және дамытушы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Коммуникация ұғымын тереңінен түсіндіріп, оның қолданылу аясын, қоғамда алатын орны мен қызметін ашып көрсету. Сонымен қатар коммуникацияны әлеуметтік, мәдени, саяси және бұқаралық-ақпараттық сала тұрғысынан зерттеу.
Коммуникация теориясының негіздеріне сипаттама бере отырып келесі міндеттер қойылды:
- «коммуникация» ұғымына анықтама беру;
- қатысым әдістерінің тиімділігін талдау;
- бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникациялық тиімділігін зерттеу;
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: тілдің негізгі бірлігі сөздің ғана емес, сөз тіркесі мен сөйлемнің, мәтіннің, жалпы тілдің ақпаратты сақтау, тарату, ақпарат алмасудағы рөлі мен орнын түрлі аспектіде қарастыруға болады. Коммуникация - адам өмірінде маңызды орынға ие. Яғни біз коммуникацияны кез-келген жерден кезіктіреміз және қолданамыз. Бізді қоршаған орта, тіліміз, діліміз, мәдениетіміз, ақпарат алуымыз коммуникацияның ажырамас бөлігі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жасап, салыстыру, әңгімелесу, бақылау әдістерін қолдана отырып, ой қорыту жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау және тараушалар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТ
1. 1 Сөз - ақпарат алу құралы
Сөз ақпарат көзі ғана емес, сондай - ақ ақпарат қабылдаудың да құралы. Ақпарат алу кезіндегі сөздің рөлі айрықша. Біз өзіміз сөйлейтін тілдегі қандай да бір сөзді естісек немесе оқысақ, сол сөз арқылы белгілі бір ақпарат аламыз. Мәселен, жаяу немесе көлікпен келе жатқан адам "тоқта" деген сөз жазылған тақтаны көріп, сөзді оқыған кезде сол сөздің мағынасы арқылы берілген ақпаратты ала отырып, ол әрі жүруге болмайтынын, қауіп барын сезеді немесе тыйым салынғанын біледі. Тоқтау қажеттігін түсініп, шешім қабылдайды. Яғни, сөз арқылы берілген ақпаратты қабылдап, оны қорытып, содан соң барып тоқтамға келеді. Көзде, дайындал, ат, тоқтат, жат, түзел, секір деген әскери бұйрықтар көтеріңкі қатқыл дауыспен пәрмен түсінде айтылғанда, жеке адам ғана емес белгілі бір әскери құрамға кіретін әскери адамдар тобы сол мезетте, табан астында қабылданған ақпаратқа сәйкес әрекетке көшеді немесе әрекетін тоқтатады. Бұдан біз ақпараттың айтылған сөзі арқылы қабылданғанын және сол қабылданған ақпаратқа сәйкес ақпарат қабылдаушылардың белгілі бір шешімге келгенін көреміз. Осы тәрізді жаз, оқы, отыр, тұр, көрсет, ал, бер, кір, шық, бар, тыңда сияқты бұйрық рай тұлғасындағы етістіктердің зілді дауыспен, екпін түсіріле отырып, тиісті интонациямен айтылғанын естіген әр адам бойын тез жиып ала қояды. Бұл сөз мағынасы арқылы берілетін ақпараттың қабылданғанымен қатар, оның айрықша әсер ете алатынын да аңғартады. Өйткені айтылған сөзде тек ақпарат қана емес, сол сөздің мағынасы арқылы берілетін ақпаратқа деген көзқарас, берілетін баға, адамның эмоциясы да бар. Ол дауыс ырғағы, интонация немесе сөзге түсірілетін екпін арқылы көрініс беруі мүмкін. Мұны сөз арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың ерекше қасиеті деуге де болады.
Бұл орайда жоғарыда ағылшын ғалымы И. В. Арнольд айтқандай, “эмоция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компоненттері” сөз мағынасы арқылы ғана берілетіндігімен бірге ол сөйлеу, пікір алысу кезінде айрықша көрініс беретіндігімен де ерекшеленеді [1, 13б. ] . Бұдан сөйлеу процесі кезіндегі, ауызша айтылған сөз бен жазылған сөзді оқу арқылы алынатын ақпараттың әсері бірдей бола бермейтіндігін аңғаруға болады. Бұл психолингвистикалық тұрғыдан әрі сөйлеу мен ойлау, тіл мен сөйлеу тұрғысынан келе отырып, арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе. Дегенмен сөздің белгілі бір жағдайларда жеке тұрып та, сөйлем арқылы берілетін ақпараттарды жеткізе алатынын көруге болады.
Сөйлесу барысында, тұтастай бір сөйлем арқылы айтылатын ой, жеткізілетін ақпарат бір сөзбен беріліп жататын жағдайлар да жиі ұшырасады. Бұл тілдегі үнем заңымен, ойды қысқа да нұсқа түрде жеткізу қажеттілігінен туындайтын нәрсе.
Тілдегі кез келген өзге де толық мағыналы сөздер арқылы түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, тау, қала, дала, аспан, тәңір, жүрек, адамгершілік, сақина, қалам, жасыл, қызыл, ала, әдемі, жақсы, жуас, алғыр, қырық, тоқсан, мың деген сөздер арқылы абстрактілі, нақты және заттық немесе сындық ұғымжар жөнінде түрлі ақпараттар ала аламыз. Бұдан біз сөздің лексикалық мағынасының ақпарат көзі екендігіне тағы да көз жеткізе түсеміз. Бұл орайда Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы сынды лексиколог ғалымдардың орынды айтылған мына пікірлерін ескерусіз қалдырмаған абзал: «Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол -сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады» [2, 47б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz