Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесідей стандарттарға сілтемелер қолданылған:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы - 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы КСРО Ғылым академиясының қолдауымен Теңіз-Қорғалжынкөлдерінің жүйесі негізінде табиғи қорық құруға ұсыныс жасайды. Сол жылы Ақмола облысы атқару комитетінің шешімі бойынша Теңіз көлі бес жыл мерзімге аңшылық шаруашылығы болып жарияланды. 1958 жылдың қаңтар айында Қорғалжын көлінде Бурабай мемлекеттік орманшылық шаруашылығының филиалы ұйымдастырылады. 1958 жылдың мамыр айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қауылысымен Қорғалжын көлі мен Құланөтпес өзенінің бойында Қорғалжын дала қорығы құрылып, оның аумағы 15 мың гектар болды. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады.
1976 жылы-қазан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Рамсар конвенциясымен халықаралық "А" категориялық сулы-батпақты жерлердің тізіміне енгізілді.
2000 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы дүниежүзілік "Тірі көлдер" желісіне кірген.
2008 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне енді. 2008 жылы желтоқсан айында қорық аумағы 543171 гектарға дейін кеңейтілген.
2012 жылы 12 шілдеде Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО - ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы) биосфералық қорықтарының бүкіләлемдік желісіне қосылды.
Анықтамалар
Орнитология (грек. ornіtos - құс және logos - ғылым) - зоологияның құстар, олардың жүйеленімі, жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы.
Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Қорық - аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Таксон - өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің жіктеу бірлігі (өлшемі) . Негізгі таксондар-түр, туыс, тұқымдас, отряд-қатар, класс, тип.
Белгілер мен қысқартулар
Осы дипломдық жұмыста келесідей белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:
м - метр
см - сантиметр
кг - килограмм
г - грамм
мм - миллиметр
ЮНЕСКО - Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы
МҰТП - Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі
Кіріспе
Республикамызда Қорғалжын қорығын ұйымдастырудаға басты мақсаты - қанаттыларды үркітпей, олардың қорын еселеп арттыруға жағдай жасай отырып, осы көлдер иесі болатын аққу, қаз, үйректердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, олардың өміріндегі нелер құпия сырларды ашу. Теңіз көлін жер шары жұртшылығының назарын аударып отырған тамаша құс - қызыл қаздар базарына айналдыру. Бірақ, қорықтың алдына қойған мақсатын толық жүзеге асыру үшін күні бүгінге дейін кедергі болып, шешілмей келе жатқан кейбір проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастысы - көлдерді сумен қамтамасыз ету мәселесі . Соңғы жылдары Құра және Құланөтпес өзендерінің бойынан 25 - 30 мың гектар шабындық жерді суландыру үшін бірнеше бөгеттерсалынғаны мәлім . Бұл жағдай көктемде Қорғалжын көліне су жеткізбей жүр . Соған сәйкес осы көлдің суы тайыздап, тіпті шалшық сулар кеуіп қалады . Осының салдарынан қызылқаз, аққу сияқты құстардың азайып бара жатқаны байқалады . Бұл қорықты шын мәнінде «құс базарына» айналдыру үшін ондағы су деңгейін бір қалыпта ұстау мәселесін дер кезінде шешкен дұрыс . Ол үшін Құра мен Құланөтпес өзендерінің суының белгілі мөлшерін Қорғалжын көліне жылма жыл жеткізіп.
Сол сияқты қорық қойнауын келешек браконьерлер «жауаш» шабуда . Көктемде су беті мұздан арыла бастасымен - ақ көлде ондап - жүздеп моторлы қайықтың үні естіледі . Осындай транспортпен жабдықталған балықшылар ауларын қанаттылар жаппай ұя салып, жұмыртқалайтын қамыс - құраққа таяу құрады . Сөйтіп, мотор үнімен құстардың тыныштығын бір бұзса, екіншіден, балықшы толарына көптеген қаз, үйрек, қасқалдақтар шырмалып қалады . Бұл жерде мемлекеттік қорықтар ережесінде айтылған негізгі принциптердің бірі - қорғауға алынған алқапта табиғат байлықтарына тіпті қол сұғуға болмайтындығы туралы ережені бұзып отырғандығы туралы ережені бұзып отырғандығын көреміз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қорық ұйымдастырып, қорғауға алынған аймақта балық заводының жұмыс істеуі ондағы табиғи байлықтарды қорғаумен тіпті де сиыспайды .
Теңіз-Қорғалжын көлі-тек қана ең үлкен айдын емес, сонымен бірге бүкіл еуроазиялық континенттегі керемет жерлердің бірі. Бұл жерде құс миграциясының екі маңызды жолдары қиылысады-Орта-азия және Сибирь-оңтүстік еуропалық. Азиядағы ірі суда жүзетін құстардың 112 түрі осы қорықты өздерінің тұрғындарына айналдырған, ал ұя салатын құстардың саны 350- ге жетеді. Су қоймаларында жылына екі рет құстар қайту кезінде аялдама жасайды. Жазғы түлеу кезінде мұнда Қазақстанның солтүстігі мен орталығынан, Сибирьдің батысы мен шығысынан құстар жиналады. Мұнда көбіне торғайлар, олардың үштен екісі бес тұқымдасқа жатады: сандуғаш, сиырқұйрық, құнақ, қаратамақ және сарыторғайлар. Түрлерінің саны бойынша тағы төрт отрядқа бөлінеді: шалшықшы, сүйек тұмсықтылар, жыртқыш және шағалалар. Оның аралдарында ұялайтын құстары да ежелгі-керемет қызғылт қоқиқаздар біздің табиғатымыздың ең әдемі құстары болуы мүмкін. Бұл жер қоқиқаздардың ең көп мекендейтін жері. Олар Теңіз-Қорғалжын көлін Тетис теңізі басып жатқан палеоген дәуірінде ұя сала бастаған. Маусымында қоқиқаздардың саны алпыс мыңға жетеді. Теңіз көлі 15-16 миллион құстардың қоректік қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жалпы алғанда, ұшып-қону жолы жағынан Теңіз-Қорғалжын көліне тең келетін көл жоқ.
Көл және жағалауды мекендеушілерден де басқа қорықта шөл дала жануарлары да қызықты. Қызыл кітапқа ақбас тырна және тарғақ құс сияқты дала жануарлары енген. Қорғалжын қорығының аймағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың 22 түрі анықталған: жалбағай, қарабай, қара тырна, сұңқылдақ аққу, қарашақаз, жорға дуадақ және т. б. Олардың 16 түрі қызыл кітапқа, ал бір түрі /ақтырна/ -Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енген. Түлкілер мен жабайы қабандар, қояндар және құлақты кірпішешен - шөлді аймақтардың тұрақты тұрғындары. Әлсін -әлсін қорық аймағына Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сибирьден сілеусін, елік, бұлан сияқты орман аңдары келіп тұрады.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография -осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде.
Баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында 1968 жылы құрылған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының қазіргі қорықтарының арасындағы ең үлкені болып табылады. Аталмыш табиғат қорғау аумағы құстардың жаһандық миграция бағытының түйіскен жерінде орналасқан көптеген көлдер аумағы болып есептеледі.
Бұл Қазақстандағы және бүкіл Азиядағы жыл құстарының маңызды сулы-батпақты жері болып табылады.
ЮНЕСКО қорықтың биологиялық әр түрлілігі бірегей екенін атап көрсеткен. Ол флораның 374 түрі мен су және құрғақ жануарларының 1400 түрін қамтиды. Қорықтағы құстардың 333 түрі бар. оның 126 түрі аталмыш аумақта ұялайды. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің құстарының сулы-батпақты кешенінің 112 түрі бар. ол Қазақстандағы белгілі 130 түрдің 87 пайызын құрайды.
Қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 түрі бар, деп атап көрсетілген баспасөз баянында. Тіркеу мәліметтеріне сүйенсек, қорықтың көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20 пайызы және тағы бір сирек кездесетін түр ақбас үйректің 10 - 20 пайызы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңыздылығы бар сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылған. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің нағыз бірегей көлдері кіретін "Тірі көлдер" халықаралық желісіне қосылды.
2007 жылы аталмыш табиғат қорғау аумағының қорықтық көлдері "Әлемнің басты орнитологиялық аумақтары" тізіміне қосылған. Ал қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра конвенциясының аясына ену мәселесі қарастырылуда.
"Қорық Жаһандық экологиялық қор жобасының, БҰҰ мен Қазақстан Республикасы үкіметінің сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі даму бағдарламаларының қамқорлығындағы жерлердің бірі болып табылады. Аталмыш жоба аясында 2004-2005 жылдары мұнда ауқымды гидрологиялық, геоботаникалық, флористикалық және фаунистикалық зерттеулер жүргізілген. Онда Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми мекемелерінің мамандары мен қорық қызметкерлері қатысқан. Аталмыш зерттеулер нәтижесі Қорғалжын қорығын кеңейту қажеттілігінің ғылыми негіздемесіне дайындық болды. Ол кейінірек биыл жарияланған "Қазақстандағы жаһандық маңызы бар сулы-батпақты жерлері" ("Глобально значимые водно-болотные угодья Казахстана") атты монографиялар сериясының томдарының бірінде жарияланды", - деп көрсетілген баспасөз-релизінде.
Ерекше қорғалатын аумақ территориясы екі еседен астам ұлғаяды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен қатар, сирек жануарлар мекендейтін жерлері мен сирек өсімдіктердің өсетін орындары қарауылға алынады. Оның ішінде өңірдің далалық экожүйесі де бар.
Жалпы, аумағы екі жарым мың шаршы метрді құрайтын Қорғалжын қорығында құстың жүзден астам түрі мекендеп ұялайды. Енді бұл Қорық шекарасына халықаралық үлгідегі арнайы белгі орнатылды. Осыдан бастап бұл аймақ ерекше қорғауға алынады. Қорғалжын аймағында тұзды және жұмсақ 76 көл бар. Мұнда ұшып келетін құстардың 20ға жуық түрі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқандар. Құстардың ұшып келетін мезгілінде ең көп күтілетіні қызғылт қоқиқаз. Олар көбінесе Теңгіз көлінде мекендейді.
"Қорғалжын" мемлекеттік қорығы ерекше қорғауға алынған халықаралық нысанға айналды. Отандық және шет елдік орнитологтар бұл орындарды құстардың мекендеуіне аса қажет деп отыр. Жалпы, аумағы екі жарым мың шаршы метрді құрайтын Қорғалжын қорығында құстың жүзден астам түрі мекендеп ұялайды.
Әдеби шолу
Кез келген қорық өзіндік айырмашылығымен, табиғи сұлулығымен бағалы. Халық арасында «Қорғалжын» қорығы - «Құс базары» деген атпен танымал. Қоршаған ортаны қорғау күніне және БҰҰ-ның Әлемдегі биоалуандылықты сақтау жылына орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы журналисттердің Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығына сапарын ұйымдастырды. Тілшілердің экспедициясы алдын ала жасалған жол сапары бағытымен Нұра өзенiнiң Қорғалжын көлiне құятын жерiнен Қаражар күзет қосынына және әрі қарай Теңіз көліне бет түзедi. Өзен кейiн қалып, тау-төбесiз жалпақ жазықпен бие сауым жүрген соң Қаражар қосынына жеттік. Осынау аймақта қорық ұйымдастыруға Дінмұхамед Қонаевтің өзі күш-қайратын салған деседі жергілікті кісілер . Оның өзіндік жөні де бар. Көктемде осы су алабы арқылы Каспий теңізі жағалауында, Пәкістан мен Үндістанда және Солтүстік Африкада, Иран, Ирак елдерінің суларында қыстап шыққан жыл құстарының солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Су құстары сәуір, мамыр айларында Қорғалжын мен Теңіз көлдеріне соқпай кетпейді. Мемлекеттік табиғи қорықтың басшысы Мұрат Айтжановтың айтуынша, күзгі және көктемгі мезгіл уақыттарында Теңіз үстінен 30-50 млн-ға тарта құс ұшып өтетін көрінеді. Осы ғажайып қорықта құстардың 330 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енген 12 түрлі сирек кездесетін құстар мекен еткенді ұнатады. Еліміздің орталық бөлігінде ең ірі көлдің бірінен саналатын Теңіз көлі қоқиқаздардың көктемгі уақыттарда мамырлауға келіп, жұмыртқа салатын ең солтүстік нүктесі болып табылады. Қорықшылардың айтуынша, бір маусымда 35 мың қоқиқаз Қорғалжын көлдерін паналайды екен. Ал құстардың лек-легімен солай қарай ойысқан шағында маңай ерекше тіріліп сала береді. Қорғалжын қорығының көз тартар әсем көлдеріне қонған қызыл қоқиқаздар, бұйра бірқазандар, қаздар мен үйректер, сонымен қатар суда жүзетін сан мыңдаған құс базарының көрігін қыздырып тұр. Осынау жазық атырапта дала қырандары мен ақбас тырналар, қабандар мен киіктер, суырлар мен борсықтар жиі кездеседі. Су фаунасының қалыпты өсуіне, өнуіне қорық аймағында орналасқан Теңіз, Табанқаза, Есей, Көкай сияқты ірілі-ұсақты көлдердің маңызы зор. Қорғалжын қорығындағы тіршілік атаулысы, жергілікті экожүйе - көл жүйелеріне тәуелді. Балықтар мен құстардың саны олардың деңгейіне, судың қолайлылығына байланысты өзгеріп отырады. Жаз шықса сортаң тартатын аймақтағы батпақты сулардың деңгейі тым төмен болып кетсе, олардың тұздылығы артып жан-жануарларға тіршілік етуге қажетті орта бұзылады. Ал егер су жоғары болып кетсе, орта суларда қорек тауып жейтін қоқиқаздар үшін өте ауыр тиеді. Сондықтан кезінде көлде судың тиімді деңгейін ұстап тұру үшін Нұра өзенінде және оның сағаларында «Абылай» және «Табиақ» бөгеттері салынған. БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы бағдарламаларының күшімен Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің гидрологиялық режімін реттеу үшін тіректі тоғандары қайта жаңартылған. Сапар барысында қорықтағы табиғи ортаның түрленуіне қажетті шаралардың жасалып жатқандығына да көзіміз жетті. Биоәртүрлілікті сақтау және экожүйенің тиімді жұмыс істеу мақсатында қорық аумағында жаңа заманғы автоматты метеорологиялық стансы істеп тұр. БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сулы-сазды аумақтарды корғау жобасының ұлттық менеджері Талғат Кертешев, «су қорларының сапасы мен санына және метеорологиялық сипаттарына осындай тұрақты бақылау арқылы ғана табиғат қорғау аумағында экологиялық қауіпсіздік қатерінен сақтандыруға болады» деп отыр. Метеостансы компьютермен, бақылаушының автоматтандырылған жұмыс орнымен және «Ауа райы» ақпараттық-өлшеу жүйесі бағдарламасымен жарақтанған. Соның арқасында ауаның температурасына, ылғалдылығына, атмосфера қысымына, жауын-шашынның түсуіне, желдің бағытына, күн шуағының ұзақтығына сапалы бақылау жасауға болады. 1990 жылдары қараусыз қалған қорықтың жаңаша түлеуіне барлық игілікті шаралар дер уақытында тындырылып жатқанына көзіміз жетті. Нұра өзенін бойлай орналасқан Қорғалжын ауданы бүгінде 9, 3 мың шаршы шақырымды алып жатқан ауқымды аймақ. Қорық аумағы ресми түрде 543, 171 гектарды құрайды. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстан мен бүкіл Азияның жыл құстары ұшып қонып, мекендейтін маңызды сулы-батпақты көлдер жүйесі. 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын сулы-батпақты алқабы көлдер жүйесі Рамсар тізіміне енгізілді. 2000 жылы Теңіз халықаралық «Тірі көлдер» желісіне енді. Бүгінгі таңда аталған аумақ «Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның далалары мен өзен-көлдері» аталымы бойынша ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне кіргізілді. Болашақта мұнда биоаумақтық қорық ашып, үлкен ғылыми-зерттеу институтын бой көтертсе, әлемдік деңгейдегі кәсіби ғалымдардың басын қосатын басты орталық етуге болады. Қорық ЮНЕСКО тізіміне енді деп жабыла жар салғанымызбен, Қазақстанның атын айдай әлемге жайған Қорғалжын қорығының экотуризм әлеуетін толықтай пайдалана алмай отырмыз. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, Қорғалжын қорығы шетелдік туристерді қатты қызықтырады. Сонымен бірге, әлемде Қазақстандағы Қорғалжын қорығы жайында білгісі келіп құмартқан ориентолог ғалымдар да көп. Бұл жерде әйгілі қоқиқаздардың ұя салар мекені - Теңіз көлін көзбен көруге асық туристердің ықылас-пейілдерінің артып отырғандығын қорық басшысы Т. Айтжанов та тілге тиек етті. Бір сөзбен айтқанда, Қорғалжынның туристік салада ел абыройын көтерер жер ретінде таныла түсуіне таласы бар. Және оған кім-кімнің де бір кісідей атсалысуы толғандырады. Астанадан 130 шақырым қашықтықта орналасқан қорыққа журналисттер мінген шағын автобус екі сағаттан артық жүріп барды. Қорыққа апартын тас жол Кеңес заманы тұсында салынса керек, жырым-жырымы шыққан. Қорғалжын ауданында экотуризмді дамыту мақсатында визит орталық пен бірді-екілі жер үйде ашылған қонақ үй бөлмелерінен басқа туристерге арналған инфрақұрылым жоқ. Елдегі қорықтар - біздің бағымызға біткен бағасы жоқ байлығымыз. Олардың туристік әлеуетін қолдану өңірлердің әлеуметтік-экологиялық аяқ алысын дамытып қана қоймай, Қазақстанның жаһандағы атын әйгілетеді. Дегенмен аудан тұрғындарының күшімен «Пана» атты жекеменшік этнотуризм құрылымы жұмыс істеп тұрғандығын айта кеткен жөн деп санаймыз. Жергілікті «Дударай» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Марат Айымжановтың бастамасымен қолға алынған тың іске отбасы түгелдей жұмылдырылған. Өз қаражаттарына 12 қанатты екі киіз үй құрып, іші-сыртын ұлттық сипатта өрнектеп, жасаулармен жабдықтаған. Ағаштан қиып жасалған жатын орны да ұлттық дәстүрімізге сай ыңғайластырылған. Мұнда меймандарды қарсы алу, тамақтандыру, орналастыру, барлығы ұлттық мазмұнда жүзеге асырылады. «Дударай» ансамблінің мүшелері де ұлттық киімде өнер көрсетіп, алыс және жақын шет елдерден келген меймандардың көңілін көтеруге тырысады. Өздері жұмысқа кіріскен бір жыл ішінде АҚШ, Англия, Канада, Франция, Италия, Жапония елдерінің саяхатшылары келіп қонақтап үлгеріпті. Ауданда осындай туристтік үйлердің саны қазір 5-6-ға жеткен. Жергілікті жердің табиғат сұлулығын тамашалаумен қатар туристер ұлттық салт-дәстүрімізге қанығады. Соған сәйкес салт ат туризмі, жаяу серуендеу, автобуспен жолға шығу ескерілген. Ең бастысы - этнотуризмді өркендету іс-шаралары жергілікті Қорғалжын саябағымен бірлесіп жүзеге асырылады. Қазақтардың өмір сүру салтымен танысқан туристер әрі қарай «Қаражар» күзет кордонына саяхаттайды. Кордон маңы өлкенің бай табиғатына, қорық сұлулығына қанығуға мол мүмкіндік береді. Меймандар осынау өлкенің өзен-көлдеріндегі құстар мен жер көркінің көз тояттамас сұлулығына деген таңданыстарын жасыра алмай қайтады. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz