ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жоғары оқу орнын бітіру үшін қорғалатын
Бакалаврлық диплом жұмысы.
Ғылыми жетекші
Алматы 2019 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-7
Негізгі бөлім: «Тәуелсіздік жылдарындағы діни басылымдардың ерекшеліктері».
І бөлім
1. 1. Діни басылымдардың қалыптасуы мен даму тарихы . . . 8
1. 2. Тәуелсіздік жылдарындағы діни басылымдардың пайда болу шарттары . . . 18
ІІ бөлім
2. 1 Діни басылымдардағы тақырыптық ерекшеліктер, тұрақты айдарлардың берілу сипаты, тілдік құрылымы . . . 22
2. 2 Қазіргі кезеңдегі діни басылымдардың патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие берудегі ролі . . . 35
Қорытынды . . . 40
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 44
КІРІСПЕ
Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.
Альберт Эйнштейн.
Тақырып өзектілігі. Иә дұрыс айтылған сөз. Алла, адамзатты жаратушы. Оның бар рас. Адамзаттың өмірінде бұлардың әрқайсының да алар орны ерекше. Адамзаттың дінсіз тарихы да, мідениеті де болмаған. Дін қай қоғамда болса да адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде қабылданады. Дін - қазақ халқының рухани тамыры. Жоғарыда айтылған қанатты сөзге қосарым, осы ағаш бұтақтары тамырдан нәр алмай ма?! Халқымыздың тарихына көз жүгіртсек, ата-бабаларымыз дінге қатты сенген. Ғасырлар қойнауында талай-талай мазмұнды, мағыналы, тәрбиелік мәні зор, ұлттық дәстүрді дәріптейтін, мәдениетіміз бен өркениетіміздің даму жолдарын айқын көрсететін мәліметтер жетерлік. Ол халқымыздың - рухани мұрасы. Дәлелді арыдан іздемей-ақ, он тоғызыншы ғасырдың ақын-жазушылары, зерттеушілерінің шығармалары тілге тиек болары анық. Мысалы Мәшһүр Жүсіп былай деген:
Ол-Алла жисым, жауһар, ғариз емес,
Еш нәрсе оған ұқсап жөні келмес.
Бар құдай көкте де емес, жерде де емес,
Мекенін бір Алланың ешкім білмес.
Ислам дінін дүниеге әкелген арабтар көшпелі қазақтар сияқты әуелі бастан-ақ шешендік өнерді өте қастерлеген. Себебі, исламға дейінгі көшпелі өмір салтын ұстанған араб -«бәдәуилердің» өнері, ғылымы, діні қазақ халқының табиғатына жақын екенін ғалымдарымыз атап көрсетіп отыр. Зерттеуші, әдебиеттанушы, ислам діні бойынша біраз ақпараттар зерттеген Ә. Дербісәлі өз еңбектерінде, ежелгі араб әдебиетінің тарихын зерттеуші, жазушы, әдебиетші-ғалым Ханна әл-Фахуриден көп деректерді мысал ретінде келтіреді. Дін адамзатты тек ізгілікке, иманға жетелейтін таза жол. Әдебиетіміздегі шығармалардың барлығы осыған дәлел бола алады. Оны қазақтың зиялы қауымы да растаған. Алайда, қазақ халқының басына небір қиыншылықтар түсті . Кеңес үкіметінің тұсында «дін-апиын» деген ұранмен, халықты діннен бездіріп, рухани тамырына балта шауып, дінінен ғана емес, тілінен, салт-дәстүрінен қол үздіру арқылы мәңгүрттендіргені жайлы профессор Абдул-Хамид Ф. Мархабаев пен А. Құрманбаева былай дейді: «күні кешеге дейін ертелі-кеш ғылым атынан сөйлеуші «материалист», «атеистер» о баста сыйқырлы бір Жаратушы болған дегеннен зәре-құты қалмай тұра қашып: «Дүние кездейсоқтықтан туған» деген сияқты негізсіз, тұжырымдамаға кенедей жабысып алғаны белгілі. Сол акциома деңгейіне көтерілген ой-пікірдің тұрақсыздығына көзі жеткен шынайы ғалымдар қазіргі таңда дұрыс көзқарастағы, қисынды әрі фактімен дәлелденген мақалаларды біріне соң бірі жариялауда. Ол, қарама қайшы мәлімдеулер, әсіресе, биология, медицина, қысқаша айтқанда, тірі организмдерге қатысты «ғылымдар отауынан» жиі естілуде» [1. 15 б], дейді.
Қазіргі кезде жаңартылған әлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мәдениеттің артуындағы еліміздегі діннің бүгінгі жағдайы орасан зор. Рухани мәдениет - бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірде адамгершілікке, достасттыққа, имандылыққа бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге және өркендеудегі әлеуметтік мұра ретінде қарастырылалды. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар . Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың және мәдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», - дейді. [1. ]
Расындада қазіргі таңда дінге деген адамдардың көзқарасында, сенімінде дінге деген өзіндік ерекшеліктер байқалады. Діннің жағдай бүгінде әрбір адамға таныс. Діни тұжырымдар жоғарыда айтылғандай барлық діни-ғұламалық және діни-философиялық әдебиеттерде айтылған. «Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануды қалайды » [2. ]
Адамзатты тәрбиелеуде және адамдық негізін қалыптастыруда діннің ықпалы зор. Мысалы көптеген ойшылдар ісіңді Алла қарап тұрғандай жаса деп таныған. Егер адам Алладан аяқ тартатын болса, орынсыз жаман әрекеттерге бармайды. Жаман қылықтардан аулақ болады. Адамдарды мәңгілікке жетелейтін ол рухани өмір. Діннің құдіреттілігі -ол адамның өзін-өзі тануы. Қоғамның дамуына діннің кері беретіе әсері жоқ, керісінше адамдарға адами қасиеттерді сіңіріп, имандылық пен жасампаздыққа жетелейтін ерекше құбылыс . Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Ислам дінін насихаттаудың түрлі тиімді жолдары қарастырыла бастады. Бұл ретте әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт-насихатшылық қарым- қабілетін ерекше атап өтуге болады. Мәселен, теле-радио арқылы түрлі бағдарламалар ұйымдастырып, таратып, мерзімді баспасөзді пайдаланып, көрермендер мен оқырмандарға, қалың жұртшылыққа зерделі түрде жететін болады. Әлі де болса қоғамдағы дамуды ескере отырып, болашақ ұрпақтарымыздың саналы, иманды, жан-жақты білімді жастарды дәстүрлі тәрбиелеуде ислам дінінің алатын орнының ерекшелігін көрсету мақсатында осы диплом жұмысының тақырыбын таңдап отырмыз. Еліміз егемендік алған жылдардан бергі діни басылымдар ерекшелігі, олардың мазмұндық сапасы, безендірілуі, тиражы, оқырманды қамту ауқымы, әлемнің беделді ғалымдары мойындаған Ислам дінінің журналистикадағы орны, қаламгерлердің діни сауатының деңгейі сынды мәселелер төңірегінде ой тербеуді жөн көрдік.
Қазіргі таңда адамдардың көздері ашық, көкірегі ояу. Технологияның шарықтап тұрған шағы. Алайда, қоғамда барлығы дерлік діни сауатты деп айта алмаймыз, өскелең ұрпақты, соның ішінде жастарға дұрыс тәрбие беріп, имандылыққа шақыру көптік етпейді. Діни ақпараттар көп болған жағдайда, қоғамға төнер қауіп аз болуы мүмкін. Діни сауаттылық аз болса, бұл - дегеніміз, біріншіден, түрлі секталардың оларды өз діндерінде оп-оңай кіргізіп алып, өздеріне идеологиялық қол шоқпар ете отырып, ертеңгі күні солар арқылы ел ішіне іріткі салдыруларына жол ашуы мүмкін. Екіншіден, Ислам атын жамылған секталардың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейтін қазақтың аңғал жастарына «мұсылмандық -осы» деп, Исламға мүлдем жат, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын дінсымақтың жетегіне еріп, ақылға қонымсыз іс-әрекеттерді жасатуға итермелеуі қазіргі таңда көрініп қалып жүр. Үшіншіден, діннен мүлдем алыс, адамгершілік, мейірім, қамқорлық, адалдық т. б жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіріп өсірмеген кейбір ата-аналардың кесірінен қазіргі кезде қоғамның өзекті мәселелеріне айналып отырған тастанды балалардың көбеюі, қарттар үйінде телмірген ата-әжелердің санының артуы, кейбір қаракөздердің жезөкшелік жолға түсуі, нашақорлық пен қылмыс түрлерінің көбеюі-осының барлығы дінсіздіктің себебінен.
Ал бұл тығырықтан шығудың жолы-Ислам діні және мұсылмандық шариғаттын насихаттау екенін иман жүзді зиялы қауым бұдан әлдеқашан бұрын да мойындаған. Сондықтан Ислам дінін насихаттаудың түрлі тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Бұл ретте әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының үгін-насихатшылық қарым- қабілетін ерекше атап өтуге болады. Мәселен, теле-радио арқылы түрлі бағдарламалар ұйымдастырып, таратып, мерзімді баспасөзді пайдаланып, қалың жұртқа зерделі түрде жететін болады. Сондықтан да осы ақпарат көздерін бакалаврлық диплом жұмысының тақырыбына таңдаған жайымыз бар. Еліміз егемендік алған жылдардан бергі діни басылымдар ерекшелігі, олардың мазмұндық сапасы, безендірілуі, тиражы, оқырманды қамту ауқымы, әлемнің беделді ғалымдары мойындаған Ислам дінінің журналистикадағы орны, қаламгерлердің діни сауатының деңгейі сынды мәселелер төңірегінде ой тербеуді жөн көрдік.
Жұмыстың мақсаты . «Білім алу мәселесі адамзаттың басты мұқтажы екеніне бүгіндері күдіктенген біреуді, шышында да, жын қаққан есебінде қабылдар едік. Себебі: қазірде онсыз ешкімге жарық күн жоқ екенін әркім біледі. Демек, Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с. ) : «Білімге бесігіңнен бастап, көріңе дейін талаптан»; «Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл», «Бір сағат ілім үйрену, бір түн жасаған ибадаттан артық. Ал бір күндік дәріс, бір ай ұстаған оразадан абзал», - деген Хадистеріне жұртшылықтың алдын ала зердесіне жетіп, саналы түрде қабыл алғандықтарынан немесе өмір талабының еріксіз итермелеуінен деп білу керек. Әсіресе, Алла Тағаланың соңғы расулының: «Жастықта алынған білім -тасқа ойылған нақыш», -деген ұлы дәйектемесі біздің бүгінгі таңдағы білім алу мәселесінде ұран ғып көкке көтеретін уағызға бергісіз.
Ал, сол білім-ғылымды игерудің қыруар соқпақ та ирелең жолы бар. Бүгінде жеке-жеке кітаптар, альманах, журнал, газеттер беттерінен осыдан, мың-миллиондаған жылдар бұрынғы ғылым жолын, тіпті келешектен күтулі жаңалықтарды, іздеген талапкерлер саны күннен күнге артылуда»[1. 15б] .
Қазіргі кезеңде БАҚ құрылымдық, мазмұндық өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік және меншік бөлінісіне орай, баспасөз беттерінде жеңіл дүниелер көрініс табуда. Негізінде осы басылымдардың өзі қоғамда жат әрекеттердің өршуіне жол ашып отыр. Мәселен, «Айғақ», «Қызық газет», «Махаббат» сынды эротикалық басылымдар біреулердің өмірлерін қаз-қалпында берумен қатар, порнографиялық суреттерге де орын бөледі. Ал, діни басылымдардың адамгершілік тәрбие берудегі рөлі зор. Сондықтан да оларды зерттеу арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Осы жұмыстықарастыру үстінде болашақ журналист, бүгінгі студент үшін аса қажет қосымша мағлумат беру міндеті тұр. Дипломдық жұмысының тақырыбын «Қазақстан тәулсіздік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі» деп алып, еңбегіміздің негізгі нысанасы етіп «Шапағат-Нұр»исламтану журналының материалдарын таңдадық. Аталмыш басылымның діни материалдарды беру ерекшеліктеріне, жарияланымдардың жанрлық табиғатына, журналды безендіру мен оның тұрақты айдарларына шолу жасап қоймай, талдау жасауды мақсат тұттық.
Жұмыстың міндеті. Ғылыми еңбекті жазу барысында мынадай міндерді алға тарттық: Қазақстан тәуелсіздік жылдарындағы діни басыдымдардың ерекшеліктерін жан-жақты талдау; Діни басылымдардың тақырыптық ерекшеліктері, тұрақты айдарлар, тілдік құрылым; Қазіргі кездегі діни басылымдардың патриоттық, толеранттық тәрбие берудегі рөлі; Діни басылымдардағы «Шапағат-Нұр», «Алдаспан», «Ислам» журналдарындағы тұрақты айдарлар жайлы сөз қозғадық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында А. -Х. Мархабаев, А. Құрманбаеваның «Ислам ілімі - ғылым алгоритмі», А. -Х. Мархабаевтың «Ислам=Ғылым + Журналистика», Мұртаза Бұлытайдың «Мұсылман қазақ еліміз», Ғ. Есім . Артемьев А, Қонаев С, Біләловалардың Г. «Дінтану негіздері», (А, Білім 2003ж) журналистика теориясына қатысты - В. Ученованың «Беседа о журналистике», Е. Прохоровтың - «В ведение в теорию журналистики», безендіруге қатысты С. Бельчиковтың, Т. Допкиннің, редакциялау теориясына қатысты С. Антоновтың, Т. Амандосовтың ғылыми-зерттеу еңбектері пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында «Шапағат-Нұр», «Мұсылман», «Иман», «Ислам өркениеті», «Рахмет самалы» және т. б діни басылымдардың тігіндісін қолдандық.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, бірінші тараудың алғашқы тараушасы «Тәуелсіздік жылдарындағы діни басылымдардың ерекшелігі» .
Ислам тарихынан бастап оның қазақ қоғамындағы өзіндік рөлі; тәуелсіздік ағаннан кейін діни басылымдардың жарық көре бастауы, олардық қазіргі жай-күйі секілді мәселелерді жал-жақты талдадық. Қазақ қоғамындағы діни басылымдардың рөлін ерекше атап өттік.
«Діни басылымдардағы патриоттық, толеранттық тәрбие берудегі рөлі» деп аталатын екінші тараушада діни басылымдардағы ұлттық тәрбиеге тоқталдық.
Екінші тараудың бірінші тараушасы - «Шапағат -Нұр »журналындағы тұрақты айдарлар. Атынан-ақ белгілі айдарлар жеке талданған.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
«Дін-құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді[2, 6б], деген қағида бар” Дінтану негіздері деген оқу құралында.
Дін - тұңғыш Адам атамыздан бері қарай бар нәрсе. Күллі тарихымызды атақты Генри Бергсон: «Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки пәлсәфәні білмейтінг инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ дінсіз ешбір қоғам болмайды» [3, 8 б ], деген.
Жалпы діндердің ішіндегі ең асылы, да тазасы ол-Ислам діні. Ғылым, техника дамыған сайын, оның ақиқат екендігіне мұсылман атаулы көз жеткізуде. Құран түскелі он төрт ғасырдан бері, ғылым-Құранның нағыз Дүниетаным оқулық екенін дәлелдеп келеді. ХХ ғасырдың зор ғылыми-техникалық жетістіктері нәтижесінде ашылған гаолактика ғажайыптары мен табиғат құпиялары, терең мұхит тылсымдары мен тіршілік сырлары Құран аяттарында сипатталған болатын.
Қазақстанға Ислам діні 7 ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда Ислам діні Қазақстанға күшпен енгізілген жоқ. Қазақстанда сол кездері қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға Ислам дінінің кері әсері болмай, қайта олфеодалдық қарым- түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілектерін қанағаттандыра алмады. Ал, Ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды[4, 135б] .
Қазан төңкерісінен кейін 20 жылдар соңына дейін Кеңес үкіметі дінге әуелде кеңшілікпен қарады. Сол себепті мешіттер мен медреселер өз жұмысын жалғастыра алды. Ал 1920 жылы Орынборда мұсылмандардың тағы бір құрылтайы өтті. 1921 жылы Республикада Ораза айт пен құрбан айт ресми мереке ретінде тойлау жайлы қаулы қабылдады. Орта Азия мен Кавказ республикаларының көпшілігіне демалыс күні болып жарияланды. Бірақ, бұл көпке созыла қойған жоқ. Кеңес үкіметі өз-өзіне келе бастаған соң, көп ұзамай дінмен күреске кірісті. Мың жылдан бері ізгілік пен игілік дәнін сеуіп келген дініміз кертартпа деп насихатталды. Дінбасылар қуғынға ұшырады, атылды, асылды, жер аударылды. Халық бірте-бірте рухани тірегінің біріненайрыла бастады. Тіліне қысымшылық жасады. Орыстандырылу жедел жүргізілді. Рухани жұтаңдық атқа мінді. Осындай ауыр халге ұшыраса да халқымыз діннен безген жоқ. Қалалар мен кенттер, ауыл мешіттерінде жұма намаздары мен Құрба айт, Ораза айт кең көлемде болмаса да өткізіліп тұрды.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде немістердің Еділ бойына жақындап қалғанынан сескенген Сталин 1937-1938 жылдары өзі жазықсыз жапа шектірген орта Азия мұсылмандарының ризалығына бөленбек оймен Ислам дініне көңіл бөлуге кірісті. Сөйтіп 1943 жылы Ташкент қаласында орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан республикалары мұсылмандарының діни басқармасы құрылып төрағасы Бас муфти Ишан Бабахан Абдулмажидхан сайланды[5, 135б] .
Президентіміз: «Саясат күнде өзгереді, ал дін -мәңгілік» және бір сөзінде «Ислам тек дін емес, ол біздің мәдениетіміз»деген болатын. Дін оның ішінде Ислам діні- біздің ұлттіқ дүниетанымымыз, мәдениетіміз, рухани тазалық көзі, халықты бауырмалдыққа, бірлікке баулитын негізі берік тәрбие құралы. Ислам құндылығы сонда. Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен қатар, дүниені де тәрк етпейсің. Яғни ол орта жолды ұстанады. Сондай-ақ, кез-келген жаманшылықтан тыйылып, ізгі істерді жасауға үндейді. Осылайша адамның физиологиялық, рухани кемелденуі мен психологиялық өрісі жағынан да толық тұлға ретуінде қалыптасуына көп септігін тигізеді. Сондай-ақ, әрбір адамзат баласы діннен алшақ өмір сүре алмайды. Немістің атақты ойшылы Гетенің: «Анау-мынау нәрсе туралы оңды − солды ой толғау, қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаһқа мойынсыну болса, біз бәріміз исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз» деген тұжырымы сөзімізді нақтылай түседі.
Сонымен қатар, қазақтың біртуар азаматтары Ыбырай, Абай, Шәкәрімдер де Ислам дініне аса көңіл бөліп, оны шығармаларына арқау ету арқылы халықты имандылыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке үндей білді. Мәселен Ыбырай Алтынсаринн «Бір Аллаға сиынып, Кел балаларлалар оқылық», - деп бүлдіршіндерді имандылық негізіндегі білімге шақырады. Сондай-ақ, Ы. Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» атты кітабында: «Ойлап қараңызшы, Құдай тағала біздің адамдарымызға мұқтаж емес қой. Не жақсылық-жамандық етсек те ақырында пайда-залалын өзіміз көреміз. Мәселен ұрлық, залымдық. Парақорлық, өтірік, ғайбаттан кім залал көреді? Туралық, әдептілік, ғылым-білімді кім пайдаланады? Әлбетте адам баласы өзі пайдаланады. Егер бұл дүниеде бұзық пиғылда болғандағы талабымыз мал табу болса, Құдай тағаланың рұқсат еткен кәсіптері аз ба? Мәселен оқу оқып, ғылым һәм өнерлер үйрену, егін егу, сауда ету, мал бағу, патшаларға қызмет ету, я болмаса бөтен орындарға өнер күшіңді адал ниетпен жұмсап мал табу. Мұның бәрі де халал. Бірақ бұзық адамдар бұған қанағат етпейді һәм өнбойы дүние көөбейтумен алданамын деп, Құдайына қызмет етуді ұмытады [6, 57б ], -деген сөздері күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпағанын көруімізге болады. Ағартушы өз еңбектерінде иман, ислам парыздары, мінез-құлықтың маңыздылығына тоқталып, мұның барлығы адамның өзіне пайдалы екендігін түсіндіріп кеткен. Ал, Абай ақын: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешқашанда жалған болмас» деп Исламның хақиқи дін екендігін екі өлеңімен-ақ айтып өтеді. Сондай-ақ, оның қара сөздерін оқи отырып, сол кездегі қазақ халқының Исламға деген көзқарасын аңғарамыз, ақын сол тұстағы қазақтардың шала-шарпы діни сауатын қынжыла баяндайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz