ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Nugmanova A.D.,
2nd year master's degree student of the department of Translation studies
Ablai khan UIRandWL, Almaty, Kazakhstan
e-mail: aimira_nugmanova@mail.ru
Abstract: This article is about the history of appearance of diplomatic terms and their formation in Kazakh language. In the article are analyzed and discussed their general features.
Key words: Diplomatic terminology, lexicon, international terms, formation of words.
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Нугманова А.Д.,
Аударма ісі мамандығының 2-ші курс магистранты
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Алматы, Қазақстан
e-mail: aimira_nugmanova@mail.ru
Аңдатпа: Бұл мақалада дипломатиялық терминдердің жалпы пайда болу тарихы мен қазақ тілінде қалыптасуы қарастырылады. Дипломатиялық терминдердің жасалу жолдары мен құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы оларға жалпылама сипаттама берілген.
Тірек сөздер: Дипломатиялық терминология, лексика, халықаралық терминдер, сөзжасам.
Соңғы жылдары ұлттық ойсана мен ұлт тілі туралы көзқарас пен оларға деген қарым-қатынас түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осыған байланысты тіл біліміндегі зерттеу бағыттары да тың арналарға қарай ойысты. Әсіресе қолданбалы тіл білімі саласында қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін барынша биік сатыға көтеру мүддесінде қазақ тілінің терминжасам жүйесіне қатысты маңызды жұмыстар қолға алына бастады. Бұл ретте республикада тіл саясаты мен стратегиясына арналған нормативтік құжаттарда көрсетілетін ізгі талаптарды атап өтпеуге болмайды. Қазақстан Респуликасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекетттік бағдарламасында қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында жүзеге асырылатын міндеттер қатарында қазіргі қазақ тілінің сөзжасам процестерін, оның ішінде терминжасам принциптерін ғылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық жүйесін енгізу, бұл үшін тілдің лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігі баса көрсетілді. Сөйтіп, қазіргі тіл стратегиясы мен тілдің корпусты жоспарлануына сәйкес терминологиялық сөздіктерді шығару, оларда ғылыми және мәдени болмысқа қатысты терминдерді қамту қарқынды сипатқа ие болды. [1, 148 б]
Қазіргі таңда қоғамның әр түрлі салаларында, атап айтқанда, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер ана тіліміздің мәртебесінің артуына ықпал жасап, терминологиялық жүйені жетілдіруді өзекті мәселеге айналдырып отыр. Тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмауы мүмкін. Ал ой-пікірді дәл жеткізу үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Қандай да ғылым саласы болмасын өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдардың белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену заңдылықтарына сай жүзеге асады. Олар терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады.
Қазақстан Конституциясында Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып бекітілгелі көптеген істер атқарылып, жеткен жетістіктер аз емес. Атап айтар болсақ, мемлекеттік тілді қоғамға енгізуге, қолдануға және дамытуға бағытталған бағдарламалар Үкімет тарапынан қаржыландырылып отыр. Қазақ тілін үйрену курстарында мемлекеттік қызметкерлер оқытылып, қазақ тілінде сөздіктер шығарылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан Қазақша-ағылшынша-орысша дипломатиялық сөздік, Kazakh-english-russian diplomatic dictionary, Казахско-англо- - русский дипломатический словарь, Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік, Русско-казахско-английский дип - ломатический словарь, Орысша-қазақша-ағылшынша дипломатиялық сөздік, Russian-kazakh-english diplomatic dictionary шықса, басқа да министрліктер өз саласында көптеген сөздіктер мен түсініктеме және терминдер жинақтары жарық көрді. [1, 152 б] Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңына сәйкес еліміздің дипломатиялық өкілдіктері халықаралық ұйымдардағы қызметін мемлекеттік тілде жүзеге асырады. Бүгінде Қазақстан Республикасының өзге елдермен жасайтын келісімдері қазақ тілінде жасалуда, яғни, халықаралық қатынастарда қазақ тілі өз орнын ала бастады.
Дипломатия саласында негізгі сөздік қорды қоғамдық-саяси лексика мен арнайы салалық терминология құрайды. Дипломатиялық терминологияда тілдің әлеуметтік жағы қамтылады, себебі бұл салаға қоғамның әлеуметтік жағдайы тікелей әсер етеді. Дипломатиялық терминология саяси-әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жөнінде мемлекеттің ақпаратты жинау, өңдеу, жеткізу ісімен тығыз байланысты. [2, 7 б]
Кез келген тілде терминжасам процесі ең алдымен сол тілдің сөздік құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асады. Демек, терминдер тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Термин - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөз. Термин ұлттық тілдің, сөздік қордың лексикалық бірлігі ретінде функционалдық саланың, арнаулы тілдің негізгі материалы болып, мағынасының дәлдігі мен нақтылығы, айқындылығымен ерекшеленеді. Ол нақты заттардың атауы емес, ғылымның аясындағы дерексіз ұғымдардың атауы. Дипломатиялық терминдерге жалпы сөзжасам парадигмалары, полисемия мен антонимия, семантикалық дамудың түрлері және логикалық, синтаксистік тіркестер түрлері тән.
Дипломатиялық терминдердің қолданылу салаларын ашып айқындар болсақ, олар:
1. Саясаттану:
а) дипломатия (бас консул, дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер, дипломатиялық корпус, консулдық агент, достыққа ұмтылатын дипломатия, ерекше тапсырма жүктелген елші, көптарапты дипломатия);
ә) сыртқы және ішкі саясат ("мейірімді көрші" саясаты, саяси болжам, саяси бостандық, саяси шантаж, тәуелсіз саясат);
б) халықаралық саяси қозғалыстар (дағдарысқа қарсы саясат, радикалды қозғалыс, саяси кеңесші, соғысқа қарсы қозғалыс, халықаралық жұмысшы табының қозғалысы, ядролық энергетиканы дамытуға қарсы митинг);
в) парламент қызметі (парламент мәжілісі, парламентке сайлау, парламенттің тәуелсіз мүшесі);
г) партия жұмыстары (демократиялық партия, консервативті партия, оппозициялық партия, партия көсемі);
д) әскери іс-шаралар (әскери кеңесші, "Әскери Крест" ордені, әскери күштер, соғыс қаупі, соғыс тұтқыны, тұрақты әскер, ядролық қарусыздану);
2. Құқық:
а) азаматтық қылмыстық құқық (заңды қасақана бұзу, қылмысты іс, қылмыстық істер, қылмыскерді беру туралы шарт, түзету енгізу тәртібі);
ә) мемлекеттік құқық (азаматтықты алу жөніндегі заң, барлық жағдайда өтініш жасалынған мемлекеттің заңын басшылықта ұстау, мемлекеттердің өзара тәуелділігі);
б) халықаралық құқық (халықаралық құқық принциптері, халықаралық құқық бойынша міндеттерін жауапкершілікпен орындау, халықаралық құқықтың көпшілікке танымал нормалары);
в) қаржы құқығы (импорт тауарларына салық салу, мемлекеттік акция, салық төлеуден босату, экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі шарттар);
3. Экономика:
а) өнеркәсіп экономикасы (отандық өндіріс, өнеркәсіп дағдарысы, өнеркәсіп төңкерісі, өнеркәсіпті дамыту);
ә) ауыл шаруашылық экономикасы (ауыл шаруашылық саясаты, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық төңкеріс, экстенсивті егін шаруашылығы);
б) сыртқы және ішкі сауда экономикасы (отандық нарық, рынок жүйесі, нарықтың тұрақтылығы, үш категорияға бөлу жолымен тауар қорына талдау жасау, халықаралық сауда нарығы, шетелдік нарық);
в) финанс экономикасы (income tax, source of incomes, to be liable to tax).
Дипломатиялық терминдерге жалпы сөзжасам парадигмалары, полисемия, синонимия мен антонимия, семантикалық дамудың барлық түрлері, сондай-ақ, логикалық, синтаксистік тіркестердің түрлері жатады. [3, 7 б]
Қай тілдегі дипломатиялық терминдер болмасын ғылыми ұғым мен экстралингвистикалық жағдайлардың ара қатынасын анықтап, семантикалық топ жасайтын тілдік бірліктер жүйесін құрайды. Қазақ тіл білімінің дипломатиялық терминдер жүйесі түпкілікті қалыптасты деп айтуға әлі ерте болса да, бұл процесс бүгінгі күні қарқынды дамуда. Қоғам барда, халық барда, ұлт барда таным үрдісі орын алып, терминдену процесі де дами береді.
Дипломатия терминінің шығу тегі гректің diploma сөзінен бастау алады. Ежелгі Грецияда сөз жасалған қос тақтайша осылай аталған. Diploma - елшілердің өкілеттілігін дәлелдейтін сенім грамотасы ретінде пайдаланылған. Феодалдық бытырыңқылық кезеңінде феодалдардың әскери оадақ құру, әскер ортасында бейбіт келісім жасасқанда және династиялық неке қию рәсімдерінде пайдаланылған жеке меншік дипломатиясы кеңінен тараған. Әсіресе Византия елі дипломатиялық қатынасты кеңінен қолдаған. XV ғасырдың ортасынан бастап халықаралық қатынастардың даму ықпалымен мемлекеттердің шет елдерде өкілдіктері пайда бола бастады. Батыс Еуропада дипломатия термині XVIII ғасырдың соңында сыртқы қатынастағы мемлкеттік қызметтер арнасында пайда болды.
Дипломатиялық терминология әр түрлі ғылым салаларындағы терминдермен, ғылыми-техникалық және өндірістік терминдермен толығып отырады. Сонымен қатар, дипломатия саласында басқа салаға қатысты терминдер де кездеседі. Терминдер арасындағы байланыс олардың бір саладан екінші салаға өтуіне алып келеді, осылайша, салааралық байланыс қалыптасады. Бұл құбылыс терминнің жаңа сипат алып, жаңа қолданысқа түсіп, қолдану аясының кеңеюіне әкеледі. Мысалы, дипломатия саласына математика және физика салаларынан ауысқан терминдерді кездестіруге болады: коэффицент, яғни, сандық ара-қатынас. Бұл: 1) алгебра формуласындағы цифрмен кқрсетілетін көрсеткіш; 2) физикада физикалық дененің белгілі бір қасиетін анықтайтын шама. [4, 124 б]
Дипломатиялық терминдер - тілдің лексикалық құрамындағы жалпыхалықтық сөздер сияқты заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдардың атауы және олардың мағыналары сол ұғымға негізделеді. Сөздер терминдік мағынаға ие болғанда бастапқы мағыналарынан алшақтап, жаңа мағынаға ие болады. Ал сөздердің мағыналарының кеңейіп, жаңа сөздердің пайда болуына қоғамдағы өзгерістердің әсері зор. Жаңа сөздердің көбі қазақ тіліндегі лексемаларға терминдік үстеме мағына жүктеу арқылы жасалған. Мысалы: ағым, дағдарыс. Бұл сөздердің терминдік мағынасымен бірге жалпыхалықтық қолданыста лексикалық мағыналары сақталады. Мұндай терминдердің жалпыхалықтық мағыналары мен терминдік мағыналары ұқсас, өйткені терминдік мағыналары бастапқы мағыналардан өрбиді. Дипломатиялық терминдердің 30 пайыздайы ана тіліміздің төл лексикасында бар сөздердің жаңа мән алып, дипломатиялық ұғымдарды білдіруге мүмкіндік алуының нәтижесінде жасалған. Осындай сөздердің көпшілігі бастапқы мағынасын жоғалтпай, әді де жалпыхалықтық лексикада қолданылып келеді. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер терминдік сипаты тіркеле келе танылады.
Дипломатиялық терминдер құрамын екі түрлі бағытта қарастыруға болады: біріншісі - басқа тілден енген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz