Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістерге, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соқтығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни мазасыздану, ашу-ыза, агрессия, кінәлау сезімі, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З. Фрейд болды. Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады" [1] .
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер, яғни Э. Фромм, К. Хорни, Г. С. Салливан және т. б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта құрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э. Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К. Хорни мен Г. С. Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді [2, 3, 4] .
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К. Роджерс, В. Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді [5, 6, 7] .
Л. С. Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс [8] . Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М. Сеченов, И. П. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен [9, 10, 11] .
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, Ф. Е. Василюк, С. Л. Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды [12, 13, 14] .
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С. Д. Спилбергер (С. D. Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес [16] .
Жекелеген мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субъект әрекеті құрылымының теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке тұлғаның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы, яғни жеке тұлғаның белсендiлiгінің шарты ретіндегі мазасыздану болады.
В. К. Вилюнас мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді: "Мазасыздану - нақты жағдайда мінез-құлықты басқаратын және түзейтін механизм" [17] .
Зерттеудің мәселесі. Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, өзіне деген сенімсіздікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы, негізінен, баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал оған дейін бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.
Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне, өз міндетіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларда ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздікті күшейтеді, нәтижесінде мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.
Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата-аналар да, мұғалімдер де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз-өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады. Бұл жағдайлар қалыпты мектеп оқушылары туралы айтылып отыр, олар өз отбасыларында тәрбиеленіп, ата-ана мейірімін көріп жүрген балалар. Ал осындай қиын сәттерде ата-ана мейірімен жырақ, мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің жағдайы болмақ?
Осы жағдайларды ескере келе, тұлғаның, әсіресе мектеп-интернатта тәрбиеленушілердің мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деп есептейміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп-интернаттағы оқушылардың тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: мектеп-интернат жасөспірімдерінің тұлғалық мазасыздануларының көрінісі.
Зерттеу пәні : жасөспірім оқушылардың мазасызданулары
Зерттеудің болжамы : мектеп-интернаттағы жасөспірімдердің мазасыздануы қалыпты мектептегі жасөспірімдерге қарағанда жоғары болады және оларда тұлғалық мазасыздану ситуациялық мазасызданумен қатар жүреді.
Зерттеу міндеттері:
- Мазасыздану мәселесін теориялық зерттеу;
- Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру;
- Интернат оқушылары мен жай мектеп оқушыларының мазасыздану деңгейін салыстыру;
- Интернат оқушыларының тұлғалық және ситуациялық мазасыздану ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: зерттеуге әдістемелік өзек болған З. Фрейд, Ч. Д. Спилбергер, А. М Пригожин, Р. С. Немов, Л. А. Китаев - Смык, А. В. Петровский, Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, М. З. Неймерк, В. А. Бакеев, А. Адлер, Э. Фромм еңбектері.
Зерттеу әдістері:
1. Өзін-өзі бағалау тесті (Ч. Д. Спилбергер және Ю Л Ханин) .
2. Филлипстің мектептік мазасыздану тесті.
3. Ж. Тейлордың тұлғалық және ситуациялық мазасыздануды анықтайтын тесті.
Зерттеу базасы: Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернат және Қ. А. Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназия
Зерттеудің практикалық мәні мен ғылыми жаңалығы: Зерттеуден алынған нәтижелер ата-аналармен жұмыста, арнайы тренинг бөлмелерінде мектеп-интернат жасөспірімдерінің тұлғалық мазасыздануларын алдын алу мақсатында қолдануға болады. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде жасөспірімдердің тұлғалық мазасыздануларын төмендететін психологиялық старатегияларды қолдануға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, теориялық - эксперименттік зерттеу нәтижелерін, жасөспірімдердің тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін анықтауда қолданған әдістерді психодиагностикалық практикада, психологиялық консультация практикасында қолдануға болады.
Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық-әдіснамалық талдау жасалды.
Екінші кезеңде - тақырып бойынша деректі материалдар жинау жалғастырылды. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді.
Үшінші кезеңде - алынған материалдар сұрыптап өңделді. Эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, қорытындыланды. Жұмыстың мәтіні жазылды.
Зертеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 64 бетті құрайды.
1 БӨЛІМ. МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТА ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
- Тұлғаның мазасыздану мәселесінің психологияда қарастырылуы
Психологиялық әдебиеттерде мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.
А. М. Прихожан: «Мазасыздану - бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді. Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді [18] .
Р. С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті» [19] .
Л. А. Китаев-Смык, өз кезегінде Ч. Д. Спилбергердің ұсынуымен мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады»: «Мінездің мазасыздануы» және «Ситуативтік мазасыздану» [20, 16] .
А. В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтің қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психологиялық жарақат салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда, көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы» деп көрсетіледі.
Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына және де жеке тұлға мен оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған (Петровский, 1990) [21] .
Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану - бұл кез келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестердің әсер етуінен туындайтын қиын, өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған [22] .
Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей-эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты.
Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М. З. Неймарк мынаны анықтады: тартылыс - олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбауынан келіп шыққан агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түріне кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балалар да байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады [23] .
Ресейлік психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.
Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін-өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуді, өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге, нәтижесі мазасыздыққа әкелуі мүмкін.
Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік, сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата -ана, мұғалім, достары арасынан. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып, жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.
М. С. Неймарк оны «адекватты емес» деп айтады, өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.
Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігі болса, қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй балада үрейленуді, уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.
Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Л. С. Славина, М. С. Неймарк атап өткен [24, 25] .
Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы - бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.
Сонымен, балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін, Л. С. Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі [24] .
Бұған қоса, ресейлік психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.
Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өмріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қатынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Мазасыздану мәселесі басқа да аспектіні қамтиды, яғни психофизиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.
Мазасызданудың кешенді симптомды мәселісін қарастырған В. С. Мерлиннің жұмыстарына да тоқталған жөн. Мазасыздануды В. В. Белоусов екі жолмен тексерді - физиологиялық және психологиялық [26, 27] .
Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданған А. В. Петровскийдің жетегіндегі В. А. Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады (Бакеев 1971) . Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В. В. Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоционалды уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі мінез-құлықтың кері формаларының негізі болып табылады [21, 28, 27] .
Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиаторлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға о бастан-ақ берілген тән күйі ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З. Фрейд адамның бірнеше тума әуестік инстингтері болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З. Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік пайымдардың ұштасуы невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқыдағы инстингтер адамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларынан болады (Фрейд 1994) . Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып, көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр болады. Индивид өмірінің психикалық драммасы туылғаннан басталады және бүкіл өмірінде жалғасады [29] .
Жекелік психологияда А. Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша, невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқу сияқты механизмдер жатыр.
А. Адлер балада дұрыс емес ұстаным мен өмір стилінің пайда болуына әкеліп соқтыратын үш шартты айтады:
1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай жетіспеушіліктегі балалардың көңілін аулап, басқа адамдармен қызықтырмаса олар толығымен өздерімен босамауы мүмкін. Өзін басқа балалармен салыстыру, бұндай балаларды толық еместік, пәс түсу, күйзелу сезіміне әкеледі. Бұл сезім таныстарының кекетуі, келемеждеуі салдарынан күшеюі мүмкін. Әсірсе, бала өзін кәдімгі балаға қарағанда, нашар сезінетін қиын ситуацияларда бұл сезім ұлғаяды. Бірақ толық еместік өз-өзімен патогендік болып табылмайды. Ауру баланың өзі де ситуацияны өзгеруге қабілеттілікті сезінеді. Нәтижесі, барлық уақытта белгілі мақсаты бар, түрлі күші бар және түрліше көрінетін, индивидтің шығармашылық күшіне байланысты.
Ағзаның жетіспеушілігімен байланысты баланың үрейін және қиыншылықтарын суреттеген, оны жеңу жолдарын табуға тырысқан алғашқы зерттеуші - А. Адлер болды.
2. Тым ерке болу да осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін. Орнына еш нәрсе бермей барлығын өзі ала беру әдетінің пайда болуы. Қиындықтарды жеңумен байланысты емес, оңай алынған жеңіс өмір стилі бола бастайды. Бұл жағдайда да барлық қызығушылықтар мен қамқорлықтар өзіне бағытталып, адамдармен қатынас жасау, көмек беру, оларға қамқор болу тәжірибесі болмайды. Қиындықтарға деген жалғыз реакция тәсілі - басқа адамдардан талап ету. Мұндай балалар үшін қоғам жау сияқты көрінеді.
3. Елеусіз қалған бала. Елеусіз қалған бала махаббаттың және достық қарым-қатынастың не екенін білмейді. Қиындықтармен кездескенде қиындықтарды бағалайды, ол басқалардың көмегімен оларды жеңуге болатынына сенбегендіктен, өз күшіне де сенбейді. Ол махаббатқа және жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқылы қол жеткзуге болатынына сенбейді. Сондықтан да оның бойында күдік басым және ешкімге сенбейді. Оның басқаларға деген махаббаттан тәжірибесі жоқ, өйткені оны жақсы көрмейді және оның орнын өшпенділікпен толтырады. Осыдан - тұйықтық, қарым-қатынасқа түспеушілік, қызметтестікке бейімделмеушілік қалыптаса бастайды [30] .
Көп деңгейде К. Хорни «жеке тұлға арасындағы теорияны» құраушы ретінде танымал. Жеке адам басқа адамдардан жеке адамдар арасындағы ситуациялардан бөлектенуі мүмкін емес. Сәби өзінің туылған алғашқы күнінен бастап-ақ адамдармен өзара қарым - қатынасқа түседі және бірінші кезекте анасымен. Индивидтің ары қарай дамуы мен әрекеті жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастың өнімі болып саналатын бастапқы алаңдаушылық, үрей бар деп есептейді.
К. Хорни сияқты мазасыздануды тек қана жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде қарастырмай, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де қарастрады. Жақсы емес әлеуметтік ортаға жақындау нәтижесінде, ерте жастық шақта пайда болған мазасыздану, күнделікті және әрдайым адамның бүкіл өмірінде болады. Алаңдаушылық сезімінен құтылу индивид үшін «орталық қажеттілікке» айналады және оның әрекетін анықтайтын күш болып табылады [31] .
Адам қорқыныш пен үрейден, құтылу тәсілі болып табылатын түрлі әрекеттерді өңдеп шығарады. Мазасыздану түсінігіне Э. Фромм басқаша келеді (Фромм 1990) . К. Хорниге қарағанда, Э. Фромм психикалық дискомфорт мәселесін қоғам дамуының тарихи тұрғысынан қарастырады.
Э. Фроммның пікірі бойынша, мазасыздану қорқыныш реакциясына негізделген, ал қорқыныш ағзаның бүтіндігін сақтаумен байланысты, белгілі бір ситуацияларға жауап беретін тума реакция болып табылады.
Үрейдің көмегімен бала қорқыныштан құтылуы мүмкін, қарастырылған теорияларды анализдеп және жүйелеп, үрейдің бірнеше бастауларын, бөліп көрсетуге болады:
1. Потенциалды физикалық зиянды үрей, бұл алаңдаушлық түрі, ауыртпашылық, қауіп - қатер, физикалық сәтсіздік стимулдарымен байланысудың нәтижесінде пайда болады.
2. Махаббатты жоғалтып алудан үрей (ана махаббаты, құрбыларының сенімі) .
3. Үрей, әдетте, төрт жастан кем емес кезде байқалатын кінә сезімінен туындауы мүмкін. Біраз үлкен жастағы балалардың кінә сезімдері өзін кемсіту, өзіне деген ыза, өзін лайықсыз ретінде ойлап уайымдау, сезімдерімен сипатталады.
4. Қоршаған ортаны меңгеріп алуға қабілетсіздіктен тындайтын үрей. Ол қоршаған орта бөліп шығаратын мәселелерді адам шеше алмайтынын сезінгенде көрінеді. Үрей толық еместік сезімімен байланысты, бірақ онымен пара - пар емес.
5. Үрей фрустрация күйінде де пайда болуы мүмкін. Фрустрация қатты қажеттілік немесе қалаулы мақсатқа жетуде кедергі пайда болғанда, уайым ретінде анықталады. Үрей күйін әкелетін (ата-ана махаббатынан айырылу және т. с. с) және фрустрацияны туғызатын ситуациялар арасында толық тәуелсіздік жоқ және авторлар да осы түсініктердің арасын нақты айырып көрсетпейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz