МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Аннотация
Мемлекеттік басқару дегеніміз - заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет, объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет. Мақалада мемлекеттік басқаруда ақпараттық технологиялардың атқаратын қызметі, рөлі, мәні мен маңызы және олардың қолдану ерекшеліктері қаралады. Мақаланы жазу барысында мемлекеттік басқару жүйесіне енгізіліп жатырған жаңашылдықтар басты назарға алынған. Ақпараттық технологиялардың елімізде кең ауқымда қолданылмауы бүгінгі күніміздің проблемасы. Соған байланысты, мақалада осындай келеңсіз жайттардың алдын-алу мақсатында мемлекеттік басқаруда реттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылған.
Кілт сөздер
- Басқару технологиясы - басқару функциясын орындауда басқару әдістері мен құралдарын қолдану реті, түрлері, тәсілдері
- Ақпараттық технологиясы - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
- SMART технологиясы - жүзеге асатын мақсаттарды қалыптастыру үшін заманауи тәсіл.
- Цифрлы Қазақстан - жаңа технологияны жетік меңгеруге мүмкіндік беретін, экономиканы дамытудың сенімді құралы.
- Мемлекеттік менеджмент - мемлекеттік мекеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік кәсіпорындар аясында тиімді басқару процесін ұйымдастыру дегенді білдіреді.
- Мемлекеттік органдардың интернет- порталы (МОИП) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылына қатысушылары арасындағы ақпарат алмасудың тиімді базасы.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жандызер Құралай Амангелдіқызы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Басқару функциясын орындауда басқару әдістері мен құралдарын қолдану реті, түрлері, тәсілдері - басқару технологиясы деп аталады. Мемлекеттік басқару технологиялары мен жеке сектордағы басқару технологиялары бір-бірінен ерекшеленеді. Әлемдік тәжірибені талдау нәтижесінде мемлекеттік сектордың реформаларын жүргізудің басты себебі қоғамның технологиялық ұйымдастырылуы екенін растап отыр. Мемлекеттік басқару құралдарының өзгеруі технологиялық және әлеуметтік-экономикалық ілгерілеумен тығыз байланысты. XX ғасырдың соңғы ширегінде күллі әлем мемлекеті ақпараттық инфрақұрылымның негізінде қоғаммен байланыстың жаңа моделін құруға талпынды.
Бүгінгі таңда бірқатар елдерде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында блокчейн технологиясын енгізу мәселелері белсенді түрде жүзеге асырылуда . Жаңашылдық түрлі операциялардың ашықтығы мен қорғалуын арттыру мақсатында бөлінген регистрлер технологиясын қолдануға саяды. Смарт технологиялар бойынша құзірет орталығы ай бойы блокчейн технологиясының қандай салалар және қандай қалалық түйткілдерді шешу үшін қолданылатынын зерттеді. Мемлекеттік сектордағы технологияларды пайдаланудың көптеген нұсқалары қарастырылды. Егер олардың бірнешеуін атасақ, олар - дипломдар мен аттестаттар беру, балаларды балабақшаға кезекке қою, еңбекке жарамсыздық парақтары мен рецептілерді рәсімдеу, дауыс беру мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізу. Смарт технологиялар бойынша құзірет орталығының бірнеше апталық жұмысының нәтижесі - жылжымайтын мүлік нарығын блокчейн технологияға өткізудің ұзақ мерзімдік стратегиясы болды. [1]
Басқару функциясын орындаудағы басқару әдістері мен құралдарын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қолдану арқылы орындау басқарудың ізденушілік технологиясына негізделеді.
Цифрлы Қазақстан - жаңа технологияны жетік меңгеруге мүмкіндік беретін, экономиканы дамытудың сенімді құралы. Бағдарламаның негізгі бағыттары: 1) ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру; 2) көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру; 3) мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру; 4) IT-саласында мамандарды даярлау. [2]
Бұл көрсеткіштерден цифрлы технологияның бүгінгі күнге дейін қол жеткізген оң нәтижелерін көруімізге болады.
1-сурет. 2018 жыл бойынша 6-74 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы халқының цифрлық сауаттылық деңгейі [3. ]
Бұл көрсеткіштерден цифрлы технологияның бүгінгі күнге дейін қол жеткізген оң нәтижелерін көруімізге болады.
2015 жылдың 16 қарашасында «100 қадам» Ұлт жоспарының 94-ші қадамын жүзеге асыру үшін Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң елімізде азаматтарға және басқа тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді ұсынуын, мемлекеттің есеп беруге міндеттілігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүзеге асыруға бағытталып, әзірленген.
Ақпараттық технологиялардың мемлекеттік басқарудағы атқаратын рөлі орасан зор. Олар:
• Үкіметтің, жергілікті әкімшіліктердің, соттар мен құқық қорғау органдарының есеп беруге міндетті болуына ықпал ете отырып, мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігіне жағымды әрі мультипликативтік әсер етеді;
• Қағазбастылықты азайту;
• Мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында хат алмасулары жедел, әрі қаражат үнемдеу арқылы жеткізілуін, сонымен қатар ішкі құпияның сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;
• Мемлекеттік басқару сапасын, экономикалық жағдайларды, сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу және демократиялық институттардың даму жағдайын бағалайтын бірнеше халықаралық рейтингтерде мемлекеттің орнын күшейтуге ықпал жасайды;
• Азаматтық және саяси құқықтарымызды жүзеге асыруға әсер етеді;
• Іскерлік, бизнес жүргізу салаларында белсенділікті арттырады;
• Мемлекетте азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдеседі. [4]
Сонымен бірге, жаңа модель, «мемлекеттік менеджмент» деген жаңа ұғымды дүниеге әкелді. Мемлекеттік менеджмент - мемлекеттік мекеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік кәсіпорындар аясында тиімді басқару процесін ұйымдастыру дегенді білдіреді. Мемлекеттік менеджмент және мемлекеттік басқару ұғымдары ұқсас болғанымен, бұл сөздер синоним емес. Мемлекеттік басқару негізінен дәстүрлі технологиялар арқылы мемлекеттің функциясын орындауды білдірсе, мемлекеттік менеджмент деп жеке сектордағы басқару элементтерін мемлекеттік секторға енгізуді, сол арқылы жаңа технологиялар қолдануды айтады. Ең алғаш болып мемлекеттік басқаруға менеджменттік тұрғыдан қараған, мемлекеттік менеджмент ұғымын енгізген АҚШ ғалымдары, саясаткерлері Дэвид Осборн мен Тэд Геблер болатын. Олар өздерінің «Жаңартылған Үкімет» (“Reinventing Government”) атты еңбектерінде, АҚШ-тың бюрократиялық жүйесіне талдау жасап, оның кемшіліктерін анықтап, федералды және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлеріндегі мемлекеттік басқару моделіне жүргізілуі тиіс өзгерістерді ұсынды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық өзара іс-қимылына қатысушылары арасындағы ақпарат алмасудың тиімді базасы - мемлекеттік органдардың интернет- порталы (МОИП) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz