Мектеп алды балаларын жазуға үйретудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1.3Мектеп алды балаларын жазуға үйретудің психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп алды балаларының жазу дағдыларын дамытудың тиімді әдістемесін жасау жұмысы олардың физиологиялық және психологиялық заңдылықтарын ескеру арқылы жүргізілетіні белгілі.Психология ғылымы ең алдымен балаларға берілетін білім, білік, дағдылар мазмұнын айқындау кезінде аса маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір - талас туғызып келеді.
Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 - жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазуға үйрету кезінде саусақтың қозғалысының маңызы өте зор. Яғни, бала қаламсапты ұстай білу керек.Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Т.С.Коморова Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен қаламсапты ұстай алмайды . Бұл қабілеттерді арнайы жаттуғулар арқылы: сурет салу, жабыстыру тағы басқа жұмыстар жүргізу негізінде қалыптастыруға болады. Е.Н.Соколованың зерттеу жұмысында 4 - 7 жасар баланың саусақ сүйектері онша дамымаған, олар жазған кезде ерні қоса қимылдайтыны байқалған. Яғни, сөйлеу және қол қозғалысы бір - бірімен тығыз байланыста болады.
4 жастағы баланың түзу сызықтарды қисық және ирек қылып салған.5-6 жасар баланың жазуы бір шама түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде біршама ауытқулар болуы мүмкін.
Д.Б.Эльконина, Л.Ф.Ткачевой, Л.В.Журовой т.б. зерттеулері бойынша 5 жасар баланың жазуы мен қатар дауыстап оқу қабілеті дамыған. Сондықтан бұл екеуін бірге алып жүрудің маңызы зор.
Жазудың графикалық дағдысы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мысалы, мектепке дейінгі ( 3 жасар) балалар қолына қаламсап алып сурет және сызықтар сыза бастайды. 4 жасқа таяған уақытта салған суреттерін көзбен бақылап, жеке әріптер сала бастайды.Баланың сурет сала бастауы қолын, саусақтарын, көзін дамытып жазуға дайындайды.Осылайша бала біршама жазуға дайындалып 5 жасында әріптерді таныстырып, жазу процесін жүйелі түрде жүргізуге болады. Осы кезеңде тәрбиеші - педагогтардың ескеретін бір мәселесі, балада сурет салу кезіндегі қаламсапты ұстау қалыптасып қалады да, ал бұл жазу кезіндегі қаламсап ұстау гигиенасымен сәйкес келе бермейді. Мысалы, үй, ағаш салғандағы тік сызық көлбеу жазуға кері әсерін тигізеді.Яғни, балалар көлбеу жазудың орнына тік жазады.Мұндай дағдыларды жою үшін жазу дағдыларын дұрыс орындау керек.
Жазуға үйренудің алғашқы сатысында 5 жастағы баланың жазу жылдамдығы баяу қарқынмен дамып, екінші сатысында 6 жасар баланың жазу жылдамдығымен тең болады. Әрине алғашқы кезеңін 6 жастағы баланың жазу дағдысымен теңестіре алмаймыз. Себебі, олардың бұлшық еті әлі дамымаған және кішірек келеді. Жазуға үйрету барлық әріпті салып біткенде аяқталады деуге болмайды. Келесі кезекте балалар орфографиялық, графикалық дағдының әдістерімен танысады.[8. 62 - 98 б. ]
Жазу өте күрделі процесс. Ол баланың ми іс - әрекетімен және антомия - физиологиялық құрылымымен байланысты. Мәселен, Р.Е.Ленвиной,Ж.И.Шиф, С.М.Блинкова, А.Р. Лурия т.б. еңбектерінде баланың ми қыртыстарының бұзылуы оның жазу және сөйлеу тіліне кері әсерін тигізетіні дәлелденген.
Мектепке даярлық кезеңі бала тұлғасы дамуының іргетасы - оқу мен жазу процестерінің қарқынды жүретін сатысы.Жазу- баланың ақыл - ойын жүйеге келтіріп, белгілі бір бағытта өріс алуын қамтамасыз етеді, психикасын жетілдіріп, тұрақтандырып, бірте - бірте ырықты зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау сияқты жаңа түзілімдерді дүниеге әкеледі.Сонымен қатар, бұл кезеңнің басты ерекшелігі - бала сөйлеумен қатар жаңа түзілім- жазба тілді меңгереді.
Жазуды айрықша таңбалық әрекет ретінде бірінші рет Л.С.Выготскийдің психологиялық зерттеулерінде орын алған болатын [29].
Л.С.Выготский ауызекі тіл іштей сөйлеуге қарағанда жазудың өзгеше психологиялық маңызы бар, құылымы мен атқаратын қызметі жағынан айрықша тіл екенін дәлелдеді.
Л.С.Выготский және басқа да психологтар бес - алты жастағы баланы жазуға үйретудің ерекшеліктерін ескере отырып, оны қалыптастыру жолдарына және оған қажет негізгі шарттарына тоқталды.Оның айтуынша, бес жастағы бала өз ойын жазу арқылы жеткізу ниеті, оған деген қаеттілік болмайды.Олар жазудың не үшін керек екенін де жете түсіне қоймайды.Және жазуды үйренуге деген түрткі әлі қалыптаспаған күйде болады.Сондықтан ең алдымен өз ойларын жазу арқылы жеткізуге деген баланың қызығушылығын, соған деген қажетсіну сезімін ояту үшін, жазуға түрткі болатындай себеп туғызу үшін оларды ынталандыратындай жағдай қажет, яғни ішік жан дүниесіне жақын, түсінікті, оларды ойландырып толғандыратындай, тақырыптар ұсыну керектігін ескертеді.[30].
Сауат ашу жұмысын жолға қоюдың келесі бір шарты - бағдардау.
Бағдарлау бес жастағы балалардың ойлау белсенділігін, есте сақтау қабілетін арттырады, белгілі бір құбылысты қабылдауын дәл әрі толық етіп, байқағыштыққа баулиды.Сондай - ақ зейіндерін ең қажетті нәрсеге аударып, заттың не құбылыстың негізгі белгілеріне дұрыс көңіл бөле білуге дағдыландырады.Бұл айтылған психологиялық құбылыстар балалардың жазу тілін дамытуда аса маңызды қажеттіліктер.
Белгілі психолог Н.И.Жинкин бес жастағы баланың жазуды үйренуін күрделі аналитикалық- синтитикалық әрекет ретінде қарастырады.Бұл құрлымға алғаш әріптердің жеке элементтерін салу, әріптердің жеке элементтерінің жазылуын есте сақтауы, тұтас әріпті жазу, әріптерден сөз жазу механихмдері кіреді.
Жазудың аналетикалық бөлімінде әріптердің элементтерін жеке бөліктерге бөліп жазады, ал синтетикалық бөлімінде әріпті, сөздерді тұрастай жазу іске асады.
Л.С.Выготский балаларға жазуды үйренудің басты шарты ретінде балалардың ойнауы, сурет салуы сияқты әрекеттерін әрі қарай дамытуға кеңес береді.
Балаларға жазуды алғаш үйрету кезеңін жоспарлауда психолог А.А.Леонтьвтің мына тұжырымдамасына сүйенсек болады.
В любой деятельности можно выделить одинаковые структурные компоненты.В ней есть четыре этапа:а) этап ориентировки в условиях деятельности;б) этап выработки плана в соответствии с результатами ориентировки;в) этап осуществления этого плана ;г) этап контоля, т.е проверки соответствия продукта замыслу, достигнутого результата запланированному[25,26]
Осыдан келіп, мектеп алды балаларын латын графикасы негізінде жазуға үйрету барысын 4 кезеңге бөлдік.Әріпті жазып үйретпес бұрын, ең алдымен, жазуға түрткі болатын, ынталандыратын қажетті бағыт - бағдар берілді.Екінші - жоспарлау кезеңі.Мұнда балалар жазып үйренетін әріптері туралы түсінік алады.Үшінші кезеңінде балалар әріптің элементтерін жеке - жеке жазуып,кейін әріпті тұтас жазып үйренеді.Соңғы, төртінші кезеңінде үйренген әріптеріне байланысты сөз, сөйлем жазып үйренеді.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келіп, бес жастағы балаларды жазуға үйрету процесі қабылдау, ес, ойлау, қиял, іштей сөйлеу т.б механизмдердің қызметімен жүзеге асады.Мұнда, әсіресе оперативтік ес үлкен қызмет атқарады.Жазу кезінде айтылған ойды есте ұстап тұру және енді бастап айтылатын ойды алдын ала құрастыру - оперативтік естің жұмысы.Бұдан біз балалардың қабылдау, ес, ойлау, қиял сияқты танымдық белсенділігі сауат ашуда үлкен маңызға ие.
Бұл тұста сауат ашудағы ббасты мақсат - балалардың ойлауы мен қиялын дамыту.Жалпы, сауат ашу жұмысында жазу мен ойдың бірліктегі әркеті іске асады.Мектеп алды балаларның ойлауы аса интеллектуалды жоғары деңгейде болмағанымен, жазу жазып үйрену үшін істелетін әрекеттер балалардың психикалық функцияларының дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Балалардың оқу - жазу қызметі дегеніміз жазу мен оқу материалдарын түсіну үшін жасалатын әрекет.Жазу қызметі жазу міндеттерін шешу жолдарына қарай әр түрлі жоспарланған әрекеттерден тұрады.Жазу міндеттері материалды түрде орындалған талдау жұмыстарынан соң ақыл - ой әрекеті арқылы шешіледі.Ақыл - ой әрекетінің қалыптасу кезеңдерін зерттеген П.Я.Гальпериннің және Н.Ф.Талызинаның еңбектеріне сүйенетін болсақ, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1.Әрекеттің бағытталу кезеңі(әрекетті жоспарлау)
2.Әрекеттің материалды түрде орындалуы
3.Сыртқы сөйлеу кезеңі (сыртқа шығарып айту)\
4.Ішкі сөйлеу: а) өзіне - өзі айту; б) айтатын, жазатын сөзін анықтау[77].
Баланы жазуға бейімдеу, үйрету мен үйренудің нәтижесімен тығыз байланысты.Балада ең алдымен өз ойын жүйелі түрде баяндау, ойын жүйелі, тиянақты түрде жеткізуге үйретудің маңызды сипатыңың бірі оның түрткісі болып табылады.
А.Н.Леонтьев іс - әрекет ұғымын түрткі (мотивация) ұғымымен тығыз байланыста қарастырады.Түрткісіз ешқандай әрекет болмайды.[80], С.Л.Рубинштейн ... қандайда бір маңызды жағдайды уайымдау іс - әрекетке жетелейді,ол индивид үшін берілген іс - әрекетке мағына береді деп жазады.[33.187б].
Мектеп алды балаларын жазуға үйрету қандай бір тапсырманың табысты орындалуы арқылы іске асады.
Баланың шындық өмірді тануы қабылдау мен сезіну арқылы іске асады.Сезіну - танымның бастапқы қалпы, сезім мүшелеріне үздіксіз әсер ету арқылы пайда болған бейнелердің мидағы көрінісі.Жазу материалдарын қабылдап, есте сақтау арқылы, баланың тілдік сезімі яғни, жазуға деген ынтасы оянып, жазу дағдысылары қалыптасады.
Психологиялық еңбектерде тілдік сезім дегеніміз сөйлеумен қатар жүзеге асып, адамның сөзді қабылдауы мен түйсінуін жеңілдететін,тілдік норманы арнайы логикалық операцияларсыз продуктивті түрде жүзеге асуын қамтамасыз ететін құбылыс деп түсіндіріледі.[82,104б].
Тілдік сезім есту, ойлау, елестету,тыңдау, түйсіну сияқты қабілеттердің негізінде қалыптасады.Анализаторлар жүйесінің кешенді қызметі қабылдаудың физиологиялық негізі болып табылады.Психологтардың пікірі бойынша, адамның хабарды қабылдауы аудиальдық, визуальдық, кинестикалық,дигаталдық болып бөлінеді.Есту арқылы қабылданатын ақпарат қабылдаудың аудиалдық каналының арқасында жүзеге асады.Адамда аудиалдық түрі басым болғанда, ол дыбыстардың сипатына,тілдік ерекшеліктеріне назар аударды.Қабылдаудың визуалды түрі көру түйсігі арқылы іске асады.Адам көзбен қабылдай отырып, өз назарын заттардың пішіні, көлемі, өлшемі, түсі сияқты қоршаған дүние шындықтарының ерекшеліктеріне жинақтайды.Қабылдаудың кинестетикалық түрі сезіну арқылы, сезім рецепторларынан келіп түсетін ақпаратқа жауап береді.Ал дигиталдық түрі алгоритмдер, цифрлар, көмекші нұсқаулықтар арқылы есте қалдыруға мүмкіндік береді.Кинестетикалық тәсіл бойынша, бала міндетті түрде затты ұстап, көріп, сипап тексеруді жақсы түйсініп, қабылдаса, визалдық тәсіл график, таблица, фильмдер көру арқылы жүзеге асады.Аудиалдық тәсіл бойынша жан - жақты түсіндіріп айту, тыңдау жүзеге асырылады.Дигиталдық тәсіл бойынша заттың қандай пайдасы бар екенін анықтап, сол бойынша қабылданғандары есте жақсы сақталады[83,66 б].
Қазіргі кезе балалардың таны әрекетін дамытуда экрандық, аудио, визуальдық тәсіл маңызды орын алады.Бала танымы жаңа деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады.Оқу қызметінде түрлі аудиомәтіндерді тыңдату, сол мәліметтер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру интербелсенді тақта арқылы бейнефильмдер көрсету баланың өз ойын байланыстырып айтып және жүйелі жазуға үйренуіне әсер етеді.
М.Жұмабаев: Балада дұрыс суреттеу болуы үшін оның жадында көп һәм ашық әсерленулер боллуы шарт, яғни мүмкін болғанша баланың сыртқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек, мысалы, бір заттың түрін де көрсет,дыбысын да естірт, ұстатып та көр, сипап, суретін салғыз деген пікірі қабылдаудың жоғарыда айтқан ерекшелігін дөп басып тапқан деуге болады.[84,87 б].
Қабылдау түйсінулерге негізделеді( көру түйсігі, есту түйсігі, иіс сезу түйсігі т.б). Есту және көру түйсігін жетілдіру үшін вербалдық( көргенін немесе естігенін сөзбен айту), вербалдық емес (сызбалар, суреттер, графикалық сызықтар т.б) тәсілдерді пайдаланған тиімді.Бейнелік - таңбалық сызықтар баланың санасында бейнеленген ұғымдарды жүйелеп сыртқа шығаруға, ұғымнан туған ойды сөзбен байланыстырып жеткізіп айта отырып жазуға мүмкіндік береді.
Атақты педагог - ғалым Я.А.Коменский білімді сезіммен қабылдау, оның ішінде көру түйсігі арқылы қабылдаудың маңызына көп көңіл бөлген.1657 жылы шыққан Мир в картинках деген еңбегінде баланың ішкі жан дүниесін, қоршаған орта, әлем жөніндегі танымын кеңейту үшін, қызығушылығын арттыру үшін көрнекілік ұстанымын басшылыққа алған кітабында 300-ге жуық суреттер беріледі.Суреттегі бейнелерді санмен белгілеген.Бала санға қарап, ең алдымен нені айту керектігін, яғни байқағанын бірінен соң бірін жүйелеп айтып жазы үйренеді.
Жазуды үйретуде көрнекілік пайдалану,әсіресе интербелсенді тақта арқылы баланың көру сезіміне әсер ету арқылы әріптердің қалай жазылатындығы жөнінде ойланады.
Нәрсенің ерекшелігін көрсетіп отыруды психологияда вариациялау дейді.Вариациялау оқу материалын мағыналы есте қалдырудың келесі бір тәсілі болып саналады.Салыстыра отырып, бала зат пен құбылыстың көзге онша байқала бермейтін ерекшеліктері мен ұқсастығын ажырата алады.Мысалы,жазылуы ұқсас әріптерді салыстыру арқылы ойдың жүйелілігін анықтау немесе жазылы өзгеше әріптердің ұқсастықтарын табу т.б тапсырмаларды орындау арқылы бала есте сақтауға үйренеді.
Балаға жазуды алғаш үйреткенде есте сақтаудың маңызы зор.Психологтар есте сақтауды үш деңгейде бөліп қарайды:сенсорлық, қысқа мерзімдік, ұзақ уақыттық есте сақтау.
Есте сақтау жазатын кезде айтатын ойды жүйелеп, өзара байланыстырып жазуға мүмкіндік береді.Бала әріпті, сөзді, сөйлемді тәрбиеші- педагогтың жалаң түсіндіруі арқылы емес, іс - әрекет жасау нәтижесінде танысса, есінде ұзақ сақталады.
М.Жұмабев есті өркендету жолдарына әсердің күштілігі, сыртқы сезімдердің көбінің қатынасуы жататынын, жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыру қажеттілігін айтады[84, 143 б].
Есте сақтау қабілеті үйренген тілдік материалды жазба жұмыстарында қолдануға мүмкідік береіді.Әсіресе бала жанына әсер қалдыру арқылы берілген білім ұзақ есте сақталады.Сондықтан да оқу қызметінің материалы ретінде алынған кез - келген тапсырмалар, дидактикалық ойындардың түрлері баланың эмоциясына, сезіміне әсер етерліктей болуы шарт.\
Баланың жазу жазғандағы психофизиологиялық механизмін қарастырған А.Р.Лурия еңбегіне сүйене отырып анықтағанымыз, жазу жазғанда балада негізгі анализаторлардың, қозғалыс, дыбыс, көру, анализаторының бірігіп іске қосылуымен жүзеге асырылады.Олай болса, соңғы кезде кеңінен қолданылып жатқан аудио, визуальдық оқыту құралдарының жазу үйренуге әсері мол екендігін байқауға болады.
Үйрету теориясы.Қазақ тілін оқыту үрдісіндегі негізгі бағыттарының бірі- балаларды жазуға үйрету болып табылады.Әдістеме саласында үйрету ұғымына нақты анықтама берілмегенімен,оқу үдерісінде бұл сөздің жиі қолданылатынын байқаймыз.Педагогикада үйрету жайлы сөз болғанда көбінесе оқыту мағынасында қолданылады.Жалпы айтқанда, оқыту адам өміріне қажетті білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, мақсатқа жетуге бағытталаған үрдіс.
Қысқаша педагогикалық сөздікте: оқыту - оқу-тәрбие барысының нақты түрі.Осының нәтижесінде бала тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады.деп анықтама берген.[90.123 б].
Энциклопедияда үйретудің мән - мағынасын адамның ішкі себептерінің пайда болуымен байланысты білім мен білікті, дағдыны меңгеру деген түсініктеме берілген.[91.123 б].
Үрету көбіне психологиялық үрдістер тұрғысынан қарастырылады. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру деген сиқты педагогикалық категориялардан үйрету және үйренудің ерекшелігі адамның жеке іс - тәжірбие барысындағы психологиялық үрдістердің қалыптасу жолдарын қамтиды.
Ғалым Қ.Қадашева: үйрету дегеніміз жеке адамның қабылдау кезінде белгілі бір ішкі әсер арқылы, әсерленуі арқылы қабылдауына, ой - санасына сіңірілген, жадында ұзақ сақталған білім деп жазады.[92.117 б].
Үйрену - дамудың бастапқы факторы.Үйрену барысында адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады.Меңгерген әрекетін іс жүзінде қолдану барысында біртіндеп баланың дамуына жол ашылады.
Атақты орыс психологы профессор Л.Б.Ительсонның Лекции по общей психологии деген кітабында оқыту мен үйрету бала дамуының негізгі факторлары болып табылатындығын дәлелдеген.
Адамның оқу әрекетіне ...Учение имеет место та, где действия человека управляются сознательной целью усвоить определенные знания, навыки, умения деп үйрету, оқу, оқыту ұғымдарына жан - жақты түсінік берген.
Осы пікірлерді саралай келіп, баланың қоршаған орта заңдылықтарын, өзгерістерін үйренсем, білсем деген қажеттілігі мектеп алды даярлық сыныптарында үйрету, оқыту, оқу, жазу арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан да балалардың жазуды үйренуі дұрыс ұйымдастырылған үйрету жүйесіне тікелей байланысты.Үйрену бұл өнімді еңбектің арқасында, яғни бала өзінің әрекетін саналы түрде бір мақсатқа бағыттай алғанда ғана, білімді, білікті, дағдыны меңгерген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Психологияда жазуды үйрету теориясы бойынша, яғни оның негізгі элементтерін жазу арқылы балада қызығушылық пайда болып ол жазуды да тілді де тез үйренеді.Алайда бұл теория баланың жазу мен тілді ерте жастан неліктен тез үйренгіш келетін жағдайын түсіндіре алмады.
Ал неміс лингвист-психологы Н.Хомскийдің пікірі бойынша, граматикалық ережелер тілдің барлық түріне тән нәрсе деп санайды.[94].
Бала психикасы үйретудің түрлеріне еш байланыссыз, сөйлемнің грамматикалық принциптерін меңгеруге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған деген пікір айтады.Н.Хомскийдің мида туа пайда болатын базалық грамматикалық болатыны туралы көзқарасы Э.Леннебергтің тілдің биологиялық және неврологиялық теориясымен сәйкес келеді.
Осы пікірлерден, балаға жазуға алғаш үйретуде нейроғылымның да заңдылықтарын ескеру қажеттігін байқадық.Психологтардың анықтауынша, баланың жазуға деген қабілетін қамтамасыз ететін жоғары психологиялық үрдіс нейрондар көмегімен іске асады.Мидың сол жақ самайындағы нейрондар бала өскен сайын жетіліп отырады да, 12 жасқа толғанда нейрондар санының өсуі тоқтайды.Нейрондар үнемі қоздырғыш импульсін тудырады.Осының нәтижетінде баланың жазуға деген икемділігін ми арқылы ұйымдастыруға болады.Осы жас аралығында баланың тиянақты сөйлеп, өз ойын жүйелі жеткізіп, жазу дағдысын дұрыс қалыптастырмаса баланың дамуында көптеген қателіктер кететінін байқадық.Сондықтан да бес жастан бастап балаларға жазу дағдыларын меңгертуге көңіл бөлуіну қажеттілігін байқадық.
Бала алғаш жазуды үйренгенде оның алдында жазу жазып үйренейін деген мақсат болмайды.Баланы бұл әрекеті өзінің ішкі қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады.Тек мектепке дейінгі 4-5 жастан бастап әрекеттің ерекше түрі сөйлеу әрекеті пайда болып, бала өз алдына үйренсем деген мақсат қоя бастайды.Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, баланың мінез - құлық пен іс - әрекетіндегі өзгерістер үйрену үрдісінің нақты көрінісі болып табылады.
Білім беру үдерісі, оның ережелері үйрету үдерісімен астарласып жататыны белгілі.Оқытудың басты жағдайларына, әсіресе баланы жазуға үйрету процесіне әсерін тигізетіндіктен үйренуге қатыысты ережелерге тоқталуды жөн көрдік.
Үйрету теориясының негізін салушы, атақты ағылшын ғалымы Э.Торндайк үйрету үдерісінің екі заңдылығын ашты:жаттықтыру мен тиімділік заңдылығы.Жаттықтыру заңдылығы бойынша индивидиум белгіл бір тосқауыл кездескен кезде мәселені шешудің қолайлы тәсілдерін қолданып, соның барысында әсері жоқ әрекеттерден бастарта отырып, соңында мәселенің шешімін табады.Бұл заңдылық әрекетінің әсер ету заңы бойынша, яғни қандай да бір әрекет тілеген нәтижеге жеткізетін болса, онда оның қайталану мүмкіндігі артатындығын дәлелдейді.Мұндай сәйкестік қанағаттандыруды туғызады, ол берілген реакцияны нығайта түседі де, стимулмен байланыстырады.Егер осындай стимул қайталанса, онда реакция да қайталанады.
Нәтижені білмей өткізілген практика, қандай ұзақ мерзімде болмасын - қажетсіз практика деп Э.Торндайк нәтижелерге көп көңіл бөледі.[94,66 б.].Әрекет неғұрлым көп қайталанса, санаға соғұрлым терең сіңіріледі деп санайды.
Э.Торндайк адам санасын ойдың біріккен ассоциялық байланысынан тұратын жүйе ретінде қарастырады.Адам интелектісі жоғары болған сайын, ол соғұрлым көбірек байланыс таба алады.Байланыс- ойдың негізі.
Тиміділік заңы бойынша, егер балада жазуға деген стимул тудырып, одан туған реакцияны қолдап, мадақтап, көтермелесе, соғұрлым нәтиже жоғары болады деген пікірді айтады.
Үйрету теориясының бихевиористік бағытын қолдайтын К.Халла көзқарасы бойынша, ...баланың қажетін қанағаттандыруды дағдыға, әдетке айналдырмайынша және әрбір алған білімді қуаттап отырмайынша үйрету мүмкін емес деген көзқараста болды.Дағды мен қажеттілік болмайынша әрекет етуге себеп те болмайды дейді.[94].
Ағылшын психологы Скиннер операнттық түрдегі үйрету теориясын ұсынады.Психологтың көзқарасы бойынша, вербальдық мінез-құлық операнттық үйрену арқылы қалыптасады деп ойлайды.Балаларды үнемі көтермелеп, маақтап отыру сөйлеуді дамытуға стимул мен реакция арасында байланыс орнатады деп санайды.Алайда көптеген психологтар бұл көзқарасты қолдай қойған жоқ.
Істеп көру мен қателесу теориясын сынағын гештальтпсихология өкілдерінің бірі К.Коффка бүтінді түсінуге, бүтіннің барлық бөліктерін, олардың ара қатынасын тұтас қабылдауға үйрету оқытудағы басты міндеттердің бірі деп түсіндіреді.Э.Торндайктың істеп көру мен қателесу туралы теориясына қарсы шығып, пікір таластыра келе К.Коффка мәнсіз қайталау еш нәтиже бермейтінін, алдымен әрекеттің орындалу жолын, құрлымын түсіну қажет, содан соң барып әрекеттің қайталау қажеттігін ұсынды.Үйрету үрдісін талдай келе, К.Коффка үлкен рөлді еліктеуге береді, ...еліктеу арқылы оқыту, жазу,сөйлеу сияқты дағдылар оңай әрі жеңіл меңгерілетінін айтады.[95].Коффка үйрету тек қана есте сақтау қызметіне ғана байланысты емес, ол осы үрдісте жаңаның пайда болуын түсіндірумен тығыз байланысты деп санаған.
Гештальтпсихология өкілдерінің пікіріне сүйене отырып, мәнсіз қайталау еш нәтиже бермейтіндіктен,балаға алдымен әрекеттің орындалу жолын, құрлымын түсіндіру қажеттігін байқадық.Баланы жазуға үйретуде тәрбиеші - педагог алдымен балаларға жазудып пайдасы туралы мотив беріп, кейін әріппен таныстырып, әр әріптің элементтерін жеке- жеке таныстырып жазуға үйрете бастайды.Одан соң бала оқу қызметі арқылы өз бетінше талдауға, саралауға, ізденуге, қорытынды жасауға үйренеді.Баланың білім деңгейін ескере отырып, нәтижеге бағытталған қызықты мазмұнға құрылған тапсырмалар мен дидактикалық ойындар орындатылады.Таныстырылған әріпке байланысты тапсырмаларды түрлендіріп берілуі баланың қажетін қанағаттандырып, дағдыға, әдетке айналдыралады.Бұл Халла теориясы бойынша, баланың әрбір алған білімін қуаттап отырмайынша үйрету мүмкін емес деген пікіріне сәйкес келеді.
Бес - алты жастағы балаларға жазуды үйретудің жолдарын анықтау барысында психологиялық заңдылықтарға негізделумен бірге, оқытудың дидактикалық принциптерін де басшылыққа алудың нәтижелі болатыны педагогикалық және әдістемелік еңбектерде анықталған.Сондықтан төменде берілген оқыту принциптері бес - алты жастағы балаларды жазуға үйрету мен оқыту процесінің ерекшеліктерімен байланыстырыла баяндалады.
Педагогикада дидактикалық ұстанымдардың ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, теорияның практикамен байланысы, пәнаралық, қызығушылықты ояту, көрнекілік т.б түрлері қолданылатыны белгілі.Бұл дидактикалық ұстанымдар әрбір баланың жеке тұлғалық қасиетінің дамуына жағдай жасап, баланың алғаш жазу дағдыларын меңгертудің тиімді әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Жалпы дидактикалық ұстанымдардың ішінен бес жастағы балалардың алғашқы жазу дағдыларын қалыптастыруда ғылымилық ұстанымды басшылыққа алдық.Себебі, балаға ғылыми түсінікті, ұғымдарды, терминдерді меңгерту теориялық ойлау қабілетін қалыптастырудың алғы шарты болмақ.Теориялық ойлау барысында талдау,жинақтау,топтастыру,индукция ,дедукция тағы басқа тәсілдер арқылы білімнің жүйелі түрде берілуі қамтамасыз етіледі.
Баланың оқу- жазу қызметі - оқу - жазу материалдарын түсіну үшін жасалатын әрекеті.Жазу қызметі жазу міндеттерін шешу жолдарына қарай әр түрлі жоспарланған әрекеттерден тұрады.Жазу міндеттері материалдар
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А.Байтұрсыновтың: Бес - алты жасағы балаларға басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс,сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек[38] - деген пікірінен балалардың мектепке дейінгі кезеңнен бастап - ақ ғылыми деректерден хабар беру арқылы ғылымға негіздеуге ерекше мән бергенін байқаймыз.Балаларға дыбыс,әріп, сөз, сөйлем жүйесін үйрету - олардың жазба тілін дамытудың аса маңызды бөлігі.А.Байтұрсынов дыбыс жүйесін(фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) түсіндіру барысыснда қазақ тіл білімінің негізгі терминдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Жұмыстың атауы
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқуға және жазуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Ы.АЛТЫНСАРИН ДӘУІРІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ
Пәндер