ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ (КАТЕГОРИЯ НАКЛОНЕНИЯ)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ (КАТЕГОРИЯ НАКЛОНЕНИЯ)
Зерттеліп отырған тілдерде сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальдік категория деп аталады. Ал модальділік категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Екі тілде де етістіктің райлары ашық райлар (индикатив) және ирреальды райлар деп екі салаға бөлінеді (нақты рай және неғайбыл рай).
Қазақ тілінде де, орыс тілінде де нақты райдың (изъявительное наклонение) арнаулы грамматикалық форманттары жоқ. Өйткені райдың бұл түрі іс-әрекеттің шындыққа қатысын тікелей уақыт, мерзіммен байланысты көрсетеді. Кез келген етістік лексика-семантикалық мәні жағынан алғанда нақты (реалды) іс-әрекетті білдіреді. Мұндай мағына түбірдің өз бойында болады. Сондықтан ол ешқандай грамматикалық формантты қажет етпейді. Нақты рай (ашық рай) іс-әрекеттің шындыққа қатысын тікелей уакытпен байланысты көрсететіндіктен осы шақ, өткен шақ, келер шақ деп сараланады.
Орыс тілінде нақты райды (ашық рай - изъявительное наклонение) кейбір ғалымдар нөлдік тұлға деп атайды. Өйткені орыс тілінде де ашық рай (изъявительное наклонение) индикатив тұлғалары арқылы айтылатын хабардың реальды құбылыс екенін білдіреді, тікелей өткен шақ (прошедшее время), осы шақ (настоящее время), келер шақ (будущее время) категорияларымен байланысты және арнаулы грамматикалық көрсеткіштері жоқ: читаю - читал.
Екі тілде де ирреальды райларға амалдың айқын емес екенін білдіретін негативтік сипат тән. Бұл райлардың арнаулы грамматикалық формалары амал-әрекеттің негативтік сипаты - амалды жүзеге асыру сипаты - реальды емес екенін білдіретін көрсеткіштер есебінде қызмет етеді. Жүзеге асуы реальды емес, тек идеальды, неғайбыл амалды білдіретін қосалқы райлар, арнаулы формалары мен модальдік мағыналарына қарай қазақ тілінде бұйрық рай, шартты рай, қалау рай деп үш түрге бөлінсе, орыс тілінде бұйрық рай (повелительное наклонение), қалау рай (сослагательное наклонение) деп 2 түрге бөлінеді.
Бұйрық рай екі тілде де іске қосу, амалды істеуге қозғау салу, түрткі болу, ұсыныс жасау, кеңес беру, тілек айту, өтініш ету, жалыну, бұйыру, әмір ету... тәрізді модальдік мағыналрды білдіреді.
Қазақ тілінде қозғау салу, іске қосу мағынасы бір тыңдаушыға да, көп тыңдаушыға да бағытталады, сондықтан I, II, III жақтардың бәрінде айтылады, етістіктің жалаң және күрделі түрлері арқылы жасалады. Мысалы:

1. Мен жазайын
Сен жаз
Сіз жазыңыз
Ол жазсын
Біз жазайық
Сендер жазыңдар
Сіздер жазыңыздар
Олар жазсын
2. Мен жаза салайын
Сен жаза сал
Сіз жаза салыңыз
Ол жаза салсын

Біз жаза салайық
Сендер жаза салыңдар
Сіздер жаза салыңыздар
Олар жаза салсын

Салғастырып отырған тілдерде модальдік мағыналарды білдіруге лексикалық тәсіл де, грамматикалық тәсіл де, интонация да қатысады. Демек, бұйрық модальдігі тілімізде морфологиялық, лексика-грамматикалық және фонетикалық тәсілдер арқылы беріледі. Мысалы, I жақ формалары -айын -ейін, -айық-ейік қосымшалары арқылы жасалып, сөйлеушінің орындауды өз міндетіне алғанын, оны істеуге өз ынтасы барлығын білдіреді (жазайын, келейін, жазайық, келейік т.б.) Орыс тілінде бұл тұлғалар аналитикалық формалар арқылы беріледі: давай приду, давай напишу т.б.
II жақ формалары нағыз бұйрық мәнімен қатар тілек, өтініш, кеңес, ұсыныс тәрізді модальдік мағыналарды да білдіреді, етістіктің негізімен сәйкес тұлғада беріледі, арнайы қосымшалары жоқ, бірақ сыпайы түрінде - ыңыз-іңіз, -ңыз-ңіз қосымшалары жалғанады. Мысалы: бар - барыңыз, кел - келіңіз т.б.
Ал орыс тілінде бұйрық райдың II жақ формасы төмендегідей жолдар арқылы жасалады:
1. Ашық райдың осы шақ немесе келер шақ формаларының негізіне -и жалғауының жалғануы арқылы: принес-и, ид-и т.б.
2. Кейбір етістіктер негізінен жалғаусыз жасалып, етістіктің негізіне сәйкес келеді. Бұндай етістіктердің негізі бұйрық райда мынадай дыбыстарға аяқталады:
а) жіңішке дауыссыздарға: брось, встань т.б.;
ә) жіңішкеліктің белгісі бар дауыссыздарға: намажь, прячь, режь т.б.;
б) - й (-йот-қа): читай, гуляй т.б.
3. Кейбір етістіктердің бұйрық рай формасы ерекше жасалады:
а) пью, бью, лью, вью сияқты етістіктердің бұйрық рай формалары мынадай: пей, бей, лей, вей;
ә) лягу - ляг;
б) ехать етістігінің бұйрық рай формасы басқа түбірден жасалады: езжай.
Бұйрық райдың II жақ формасының көптік тұлғасы -те жалғауының жалғануы арқылы жасалады: пей-те, кушай-те т.б.
Кейде контекстке байланысты - ка демеулігі де жалғанады: зайди-ка, неси-ка т.б. Бұл демеулік қазақ тілінің - шы-ші демеуліктеріне сәйкеседі (әкелші - принеси-ка т.б.)
Қазақ тілінде -сын-сін формасы (III жақ қосымшасы) бұйрық мәнін білдіріп, амалды жүзеге асыруға қозғау салу реңкін білдіреді. Қозғау салу модальдігі тек жалаң бұйрық қана емес, бұйыруға қатысты кеңес, ұсыныс, әмір, тілек, өтініш тәрізді мағыналарды да білдіреді.
Бұйрық формасына - шы-ші модальдік шылауы тіркессе, ол форма бұйрық мәнінен айрылады да, сұрау, өтіну, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: барсын-шы, барайын-шы, бар-шы т.б.
Орыс тілінде бұйрық райдың III жақ формасы пусть, пускай демеуліктерінің осы шақ немесе келер шақ формасындағы етістіктің III жақ тұлғасы, жекеше, көпше форма етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: пусть читает, пусть придут т.б.
Сонымен, қазақ тілінде бұйрық рай жіктеледі, ал орыс тілінде жіктелмейді. Қазақ тілінде жіктелетін бұйрық райдың формалары орыс тіліне аналитикалық формалар арқылы беріледі. Мысалы:

Мен айтайын.
Сен айт
Сіз айтыңыз.
Ол айтсын.

Давай я скажу.
Ты скажи.
Вы скажите.
Пусть он скажет.

ШАРТТЫ РАЙ (УСЛОВНО-СОСЛАГАТЕЛЬНОЕ НАКЛОНЕНИЕ)
Қазақ тілінде шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне - са-се жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың не істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді.
Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Мысалы: мен барсам, сен барсаң, сіз барсаңыз, ол барса, біз барсақ, сендер барсаңдар, сіздер барсаңыздар, олар барса т.б.
Ал орыс тілінде сослагательное наклонение істің жүзеге асу-аспау шартымен бірге қалау мағынасын да білдіреді де, мынадай жолдармен жасалады:
1. Өткен шақ формасындағы етістіктің -бы демеулігімен тіркесуі арқылы жасалады: учил бы, сделал бы т.б. Бұл демеулік етістіктен басқа сөйлем мүшелерімен де тіркесіп беріле береді. Мысалы: Хоть бы завтра было тепло. Как прекрасна была бы наша земля.
Сослагательное наклонение тек (род) категориясы бойынша өзгереді де, шақ категориясы бойынша өзгермейді: читал бы, читала бы. Бірақ контекске байланысты осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларын білдіре береді. Мысалы: Если бы не опаздывал поезд, мы давно были бы в Алмате. Завтра мы бы сходили на концерт.
Бұл мағыналар қазақ тілінде шартты рай және қалау рай деп екі түрге сараланған.

ҚАЛАУ РАЙ

Қалау рай сөйлеушінің белгілі бір амалды не әрекетті жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы+м,+ң, сы кел; -са игі еді; -ғай еді; -са екен сияқты аналитикалық форманттары қызмет етеді. Мысалы:
Менің оқығым келді. Біздің оқығымыз келді.
Сенің оқығың келді. Сендердің оқығыларың келді.
Сіздің оқығыңыз келді. Сіздердің оқығыларыңыз келді.
Оның оқығысы келді. Олардың оқығылары (оқығысы) келді.
Бұл тұлға мазмұны жағынан жүзеге асу не аспауы белгісіз келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлерінде де қолданыла береді.
Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа (II, III) субъектінің белгілі бір амалды жасағанын не орындалғанын аңсайды, бірақ одан амалдың қалай тынғаны білінбейді: сен келгей едің, ол барғай еді т.б.
Күрделі (аналитикалық) -са + игі + еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны не орындалғаны аңғарылмайды. Мысалы: Сендер келсеңдер игі еді т.б.
Күрделі -са + еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, оның орындалуы не орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді: ол келсе еді т.б.
Күрделі -са + екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу не аспауы тіпті ескерілмейді: ол ертең келсе екен т.б.
Қалау райының арнаулы көрсеткіштерінің бәрі орныққан аналитикалық тұлғалар. Олардың құрамындағы еді, екен тұлғалары шақтық мәннен әбден айырылып қалған, тек бөлінбейтін бөлшек сияқтанып кеткен.

ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ (КАТЕГОРИЯ ВРЕМЕНИ)

Шақ категориясы - етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелейтін ең негізгі грамматикалық категория. Шақтың мазмұны, оған лайық тұлғалары мен қызметтері адамның сөйлеп не сөйлесіп отырған кезіне байланыстырыла айқындалады. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: өткен шақ (прошедшее время), осы шақ (настоящее время), келер шақ (будущее время).

ӨТКЕН ШАҚ (ПРОШЕДШЕЕ ВРЕМЯ)

Екі тілде де сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған не істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістіктің формасы өткен шақ деп аталады. Сөйлеу кезінен бұрын болған не істеліп тынған амалды білдіретін етістік формаларына қазақ тілі бай. Семантикалық сипаттарына қарай өткен шақ қазақ тілінде жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ деген үш салаға бөлінеді.
Жедел өткен шақ формалары -ды-ді, -ты-ті жұрнағы арқылы жасалады: кетті, алды т.б.
Бұрынғы өткен шақ формалары былайша жасалады:
1. Синтетикалық: а) -ған-ген, -қан-кен жұрнағы арқылы: көр+іп+ті, жаз+ып+сың т.б.
Бұл екі тұлғаның арасында мағыналық айырмашылық бар екенін айту қажет. Сен кеше Болатпен киноға барғансың. - Сен кеше Болатпен киноға барыпсың.
Бірінші жағдайда - сөйлеуші сенің Болатпен киноға барғаныңды нақты біледі. Екінші сөйлемде - нақты білмейді, өз көзімен көрмеген, дәлелі жоқ, тек солай болар-ау деген жорамал.
Кейбір зерттушілер мұның алғашқысын айғақты өткен шақ, ал соңғысын айғақсыз өткен шақ деп атайды.
2. Аналитикалық тәсіл: есімше, көсемше формалы етістіктің е көмекші етістік тұлғасы еді мен тіркесуі арқылы жасалады: барып еді, келіп едім т.б.
Ауыспалы өткен шақ формалары -атын-етін, -йтын-йтін жұрнағы арқылы жасалады: баратынмын, айтатынсың т.б.
Орыс тілінде өткен шақтың бір-ақ тұлғасы бар, ол - тұйық етістік тұлғасына негізінен -л жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Бұл тұлғаның үстіне тек (род) жалғаулары қосылады.
Алайда -л жұрнағы -ну жұрнағының г, к, х, з, с, б, п дауыссыздарынан келсе, ер тегі (мужской род) тұлғасындағы етістікке жалғанбайды. Мысалы: оглохнуть - оглох - оглохла - оглохло - оглохли т.б.
Аяқталған сипатты білдіретін сипатты білдіретін өткен шақ тұлғасындағы етістіктер істің, амал-әрекеттің сөйлеп тұрған кезге дейін болғанын, амал, әрекеттің жүзеге асқанын білдіреді. Мысалы: Боль прошла, я здорова т.б.
Кейде аяқталған сипат етістіктерінен етістіктің одағайы (глагольные междометия) деп аталатын өткен шақ формасы жасалады. Мысалы: хлоп - хлопнуть, прыг - прыгнуть т.б. Бұл форма амал, әрекеттің кенеттен болғанын білдіреді. Мысалы: Волк вдруг скок к нему тут на полати (И. Крылов).
Өткен шақтың аяқталмаған сипат тұлғасы істің, амал, әрекеттің сөйлеп тұрғанға дейін болғанын, бірақ іс, қимылдың аяқталмағанын білдіреді. Мысалы: Шел дождь. Дул ветер т.б.
Аяқталмаған созылыңқы сипат тұлғасындағы етістіктерден (несовершенный многократный вид) бұрынғы өткен шақ мағынасындағы өткен шақ тұлғасы жасалады. Мысалы: Здесь барин сиживал один. Здесь с ним обедывал зимою покойный Ленский, наш сосед (А.Пушкин).
Аяқталған, аяқталмаған сипат етістіктері - было демеулігімен тіркесіп, басталып, бірақ аяқталмаған істі, амал-әрекетті білдіреді. Мысалы: Я было хотел бежать, но было поздно.

ОСЫ ШАҚ (НАСТОЯЩЕЕ ВРЕМЯ)

Екі тілде де осы шақ формасы сөйлесіп отырған уақыт бойында болатын не болып жататын амал-әрекетті суреттейді. Мағыналық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне қарай осы шақ категориясы қазақ тілінде 2 түрге бөлінеді:
1. Нақ осы шақ.
2. Ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақ өз ішінде жалаң нақ осы шақ және күрделі нақ осы шақ деп екіге бөлінеді.
Нақ осы шақтың жалаң түрі жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй етістіктері арқылы жасалады. Мысалы: үйде отырмын, сен тұрсың т.б. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар нақ осы шақ мағынасын тек тікелей жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді (мен отырмын т.б.). Өйткені күй-жай етістіктері қатысатын тіркестердің бәрі бірдей нақ осы шақ қызметін атқара бермейді. Олар есімше, көсемше, рай шақ формаларында созылыңқы, шұбалаңқы амал-әрекетті, процестерді білдіре отырып, сөйлемнің өзге де мүшелері ретінде қызмет атқара береді. Мысалы: Жүгіріп жүріп ақшамды ұмытып кетіппін.
Нақ осы шақтың күрделі түрі көсемшенің өткен шақ (-ып-іп-п) және осы шақ (-а, -е, -й) түріндегі тұлғасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: Тыңдап отырмын, келе жатыр т.б.

АУЫСПАЛЫ ОСЫ ШАҚ
(ПЕРЕХОДНО-НАСТОЯЩЕЕ ВРЕМЯ)

Етістіктің бұл түрі етістік негізіне көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бұл форма контекстегі қызметіне қарай сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті, үнемі істелетін әрекетті, жалпы қимыл, қозғалыс, істі білдіре алады. Сонымен қатар, бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте күмәнсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Мысалы: Ол оған сенеді, сондықтан кешірген. Адам басымен ойлайды, жүрегімен сезеді. Ол келеді.
Орыс тілінде осы шақ (настоящее время) тек аяқталмаған сипатты етістіктерге тән форма.
Орыс тілінің осы шақ формасы мынадай мағына білдіреді:
1. Сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті: ребенок плачет, идет снег т.б.
2. Үздік-создық амал-әрекетті: я хожу на шейпинг т.б.
3. Үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі: рыба плавает, работает учителем т.б.
4. Іс-әрекетті тыңдаушының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсетуді: Они к ней нагнулись, спрашивают: Что с тобой? Мы завтра уезжаем.
Орыс тіліндегі осы шақ формасы аяқталмаған сипаттағы етістіктің негізіне жоғарыда аталған жалғаулардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: писать - пиш+у, пиш-ешь, пиш-ет, пиш-ем, пиш-ете, пиш-ут; читать - чита+ю, чита-ешь, чита-ет, чита-ем, чита+ете, чита+ют т.б.

КЕЛЕР ШАҚ (БУДУЩЕЕ ВРЕМЯ)

Амал-әрекеттің алдағы уақытта не сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны-аспайтыны не асырылатыны-асырылмайтыны туралы түсінік беретін етістіктің формасы келер шақ категоиясы деп атадады.
Келер шақ формалары қазақ тілінде мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
а) ауыспалы келер шақ (будущее переходное);
ә) болжалды келер шақ (будущее предположительное);
б) мақсатты келер шақ (будущее намерения и цели).
1. Ауыспалы келер шақ.
Бұл форма етістік негізіне көсемшенің осы шақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Шартты сөйлемдер формаларының жасалуы
Модификациялық етістіктер
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері
АЛҒАШҚЫ ГАЗЕТТЕР ТІЛІНДЕГІ БҰЙРЫҚ РАЙЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Септік категориясының мағыналары
Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкессіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz