Менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны

Эссе
Тақырыбы: Менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны
Орындаған:Мұхамбетова Г. Ж
Тексерген:Толеугазы Д. С
Алматы, 2019
Өз тарихыңды білмей болашаққа нақ қадам жасау мүмкін емес деп білемін. Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «бүгінгі күнді түйсініп-түсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» [1] . Себебі, тарих адам өмірінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі тәуелсіз ел болып қалыптасуымыздың өзі кешегі өткен тарихтың арқасында. Егер тарихымыз болмаса, оны бағаламасақ, өткен күнімізді білмесек, алдыға қарай жылжып дамудың өзі қиын болар еді. Сол себепті маған Қазақстан тарихындағы менің туылған күнімнің рөлін зерттеу қызық болды. Мен 2001 жылы жаздың алғашқы айы, маусымның 15-ші жұлдызында, үлкен отбасында дүниеге келдім. Мен туылған күні отбасым өте қатты қуанған, бұл жағдай әрбір бала туылғанда ата-ананың басынан өтетін жағдай деп білем. Ата-анамның айтуы бойынша мен қаным аз болып дүниеге келгенмін жәнеде осы жылдары аурухана жағдайы жақсы болмаған, мықты дәрігерлер аз болған. Дәрігерлер дәрі бергеннен басқа дұрыс көмек көрсетпеген. Менің қатты ауырып жатқанымды естіп әкем басқа қаладан жұмысын тастап, Ақтау қаласына барып мен үшін мықты деген дәрігерлер алып келген. Осылайша аман қалғанмын. Осыдан кейін барлық туысқандарым қуанып той жасап, қырық күн тойлатқан. Бұл оқиға ата-анамның да, менің де есімде мәңгі қалатын тарихи оқиға болып сақталады. Осылайша менің отбасымның да Қазақстан тарихындағы орны ерекше деп санаймын. Себебі, менің үлкен атам Ұлы Отан соғысына қатысып Япония, Германия ға дейін барып жаумен күресіп келген. Ал әжем сол кездегі жағдайы қиын отбасыларға көмектескен. Менің нағашым атамда осы Ұлы Отан соғысында тыл еңбеккері болған. Нағашы атам үнемі соғыс кездегі өткен оқиғаларын, сол кездің халық үшін ауыр уақыт болғанын айтып отыратын. Маған атам өз оқиғасын айтпағанға дейін Қазақстан тарихы мен үшін қатты қызық емес еді. Атамның арқасында өз тарихымды білу керек екенімді түсіндім. Сол кезден бастап Қазақстан тарихына қатты қызығамын.
Қазақстан тарихының архивтерін зерттей келе көптеген оқиғаларды оқыдым. Оқиғалардың ең ежелгісі осыдан деректер бойынша 74 жыл бұрын орын алған екен. Оның үстіне бәрімізге танымал еліміздің даму жолында еңбек сіңірген ірі өкілдердің туылған күндері де орын алған. Сондықтан менің туылған күнімнің Қазақстан тарихындағы орны ерекше деп айтсам, қате болмас. Себебі, осы күнде болған әрбір оқиға Қазақстан тарихына өзгерістер әкеліп, іздерін қалдырды. Сонымен қатар, бұл тарихи оқиғалар қазіргі оқып жатқан мамандығым халықаралық қатынастармен тікелей байланысты екен. Сондықтан да өз туылған күнімде болған оқиғаларды іздестіру одан әрі қызықтырақ болды. Архивтерді іздестіріп, оқып шыққанымда оқиғаның көбі Қазақстанның шет елдермен қарым-қатынасы туралы болды.
Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы және шет елдермен ынтымақтастығының күшеюі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына оң әсерін тигізген .
Ең алғашқы, оқиға бұл 2001 жылы 15 маусымда «Шанхай бестігіне» алтыншы ел болып Өзбекстанның қосылуы. Оның қосылуына байланысты оны ендігі жерде «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» деген жаңа атаумен атауды ұйғарады [2] . Бұл оқиғаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев самитте сөйлеген сөзінде ол Өзбекстанның ШЫҰ-ға кіруін қолдады. Сондай-ақ Шанхай бестігі аясында ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері шешілу керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұңғыш елбасымыз Н. Назарбаев «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» атты Қазақстан халқына жолдауында «Шанхай ынтымақтастық ұйымы»көлемінде ынтымақтастықты кеңейтудің еліміздің қауіпсіздігін нығайтудағы маңызын атап көрсетті [2. 2] . Ұйымға кіруіміз Қазақстанның сыртқы экономикалық дамуы мен халықаралық қатынастарда беделінің артуына зор мүмкіндік тудырды. Негізінде ШЫҰ-ның жұмысы ары қарай даму үшін негізгі бағыты алты елдің экономикалық ынтымақтастығы [3] . Осының ішінде Қазақстан ең бірінші Қытай Халық Республикасымен қатынастарын жақсарта түседі және де проблемалар бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізеді. Қазақстан Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастығын қалыптастырады, одан әрі шекаралық ынтымастығында нығайтады. Соңғы жылдары көптеген Қытаймен ынтымақтастығымыз туралы теріс көзқарастар пайда болды. Халық арасында Қытай елімізді басып, жерімізді тартып алып жатыр деген пікірлер жүріп жатты. Менімше АҚШ тан кейінгі экономикасы жағынан екінші орын алатын Қытаймен достық қарым қатынас орнатпағанда ішкі және сыртқы саясаттымызды дамыта алмас едік. Қытай мен достық қарым қатынас сақтағанымыз жөн. Бірақ барлық келісім ге сақ болып қарауымыз керек деп білемін. Оған қоса біз Ресеймен де жақсы қарым қатынастамыз. Қазақстанның ШЫҰ ның құрамында болуы еліміздің дамуына үлкен үлесін қосты деп білемін. Бұл менің туылған күнімде болған тарихи оқиға байланысты өз көзқарасым.
Қазақстанның шет елдермен достық қарым-қатынаста болуы тағыда оң нәтижесін көрсетті. Оның ішінде Ресеймен жақсы қатынаста болуымыз. Бұл дегеніміз, Мәскеудің Астананы дамытуға көмек көрсеткені. Мәскеу мэрі Юрий Лужков Нұрсұлтан Назарбаевпен Астананы дамыту туралы талқылайды. Бұл ретте Юрий Лужков Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананың барлық мәселелерін терең білуін атап өтті [4] . Осы мәселелерді шешу бойынша өзара келісіммен түсіністікке қол жеткізілді. Сондай-ақ, Мәскеу мэрі Гиннесс рекордтар кітабына «қаланың бұрын-соңды болмаған қарқыны» үшін Астананы енгізуді ұсынды. Осыдан ұш жыл бұрын бұл ерекше, сұр провинциялық қала. Ал қазір бұл болашаққа ұмтылатын ақ құс деп мәлімдеді Юрий Лужков. Осыған байланысты өз пікірімді айтсам, шын мәнінде Мәскеудің Астананың қалыптасуына көмектескені таң қаларлық жәйіт. Ұқсас оқиға, Қырғызтанмен Қазақстанның қарым-қатынасы экономикасы жағынан. Бұл екеуде ШЫҰ ның құрамындағы елдер. Қазақстанның оңтүстік аймақтары осы күндері Қырғызстаннан су алу туралы келісім жүргізген. Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын 65 текше метрден кем емес, көлемде сумен қамтамасыз ету қажет екенін айтты [4. 1] . Қырғызстанмен үкіметаралық келісім жасалады. Келісімге сәйкес Қазақстан Қырғызстаннан электр энергиясын алуы қажет, соған қарай Қазақстан сумен қамтамасыз етіледі. Осы электр энергиясының көлеміне сәйкес республиканың оңтүстік өңірлеріне 25-30 метр су түседі. Жалпы айтқанда бір-бірімен ресурстары жағынан алмасады. Қазақстанның осылай көршілес елдермен қарым қатынаста болуы еліміздің даму жолында өте маңызды. Осы оқиғалардың менім туылған күнімде болғаны қуантарлық.
Халықаралық қатынас жағынан тағы бір мәлімет Қазақстанның өз өкілдерін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына жіберуге ниеттенеді. Туылған күнімде болған тарихты іздестірем деп мамандығымада керек мәлімет оқып алдым
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz