Мектептегі әскери - патриоттық тәрбиенің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Гостевая книга
Мектептегі
әскери-патриоттық тәрбиенің рөлі

А. Хабдылкан
Ешкім іштен батыр болып тумайды:
батырлық та, мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады
Б. Момышұлы

Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты - жас ұрпақтың отансүйгіштік қабілетін, елімізді қорғауға қызығушылығын ояту, Қазақстан халқының достығын сақтау мақсатында қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін, көзқарасын қалыптастыруға болады. Білім беру ошағында патриоттық тәрбие беру, Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызуға бағыттайды. Патриоттық тәрбиенің танымдары - жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың үлгі боларлық мінездерін қалыптастыру болып табылады. Азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі - ол әскери-патриоттық тәрбие. Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. Сондықтан жастардың дүниетанымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда оқу орындары шешуші рөл атқарады. Жастардың аға ұрпақтың лайықты мұрагері болуы үшін, батырларымыздың Отанды қорғау жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіріп отыруымыз қажет. Сол арқылы әрбір жас ұрпақ еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін түсінуі керек.
Елін сүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім беру ордасынан басталады. Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру міндеті, олардың Отанды қорғауға ұдайы әзір болуы, моральдық-психологиялық жағынан даярлау - ол әрбір ұстаз, әрбір жетекші-басшы, әрбір әскер басылардың оқушыларға берер тәрбиесінде жаңғырып тұруы тиіс.
ХХІ ғасыр - жаһандану кезеңі. Әр мемлекеттердің мектептерінде әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беру үрдісі әр-түрлі бағытта дамуда. Мәселен, АҚШ-та патриоттық сезім мен өз еліне деген мақтаныш американдықтардың балалық шағынан басталады, яғни мәдениет пен азаматтық қоғам институттары, мектептер, университеттер, скауттық және жастар ұйымдары арқылы мемлекеттік рәміздерді белсенді насихаттау маңызды рөл атқарады. АҚШ-та патриоттық сезімді кіші жастан бастап тәрбие жүргізетін ұйым - Бойскаут қозғалысы. Ал Жапония мемлекетін айтатын болсақ, білім беру туралы жаңартылған заңға сәйкес мектептерде ұлттық мақтаныш сезімін күшейту, жапон дәстүрлерін құрметтеу және қадір-қасиетін арттыру мақсатында патриоттық сабақтар өткізіледі. Батыс Еуропада саяси өмірді демократияландыру және елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді тереңдету салдарынан патриотизм ұғымы қайта ойластырылған, ал оны тәрбиелеу азаматтықты - қазіргі заманғы әлем жағдайында жастардың әлеуметтенуіне ықпал ететін тұлғаның жаңа интегративті сапасын қалыптастырумен ауыстырылды. Білім берудің осы бағытының мақсаттарының ішінде азаматтардың бойында патриоттық сезімдерді, төзімділікті, гуманизмді, өзіндік қадір-қасиеті мен ішкі еркіндік сезімін, мемлекеттік билікке тәртіпті және құрмет көрсетуді үйлесімді көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
Біз тәуелсіз ел бола тұра жас ұрпақты қандай да болсын жағдайға дайын тұратын, азаматтардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына Отаны үшін жан қиярлықтай іске баратын патриоттық сезімін ерте жастан қалыптастыруымыз керек. Қазіргі уақытта елордада 28 мектептің базасында 50 мамандандырылған Жас сарбаз кадет сыныптары жұмыс істейді. Бүгінгі күні кадет сыныптарының ашылуы өте өзекті.
Тұңғыш президентіміздің жолдауында әскери-патриоттық бағытқа, яғни қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге баса назар аудару қажет деп айтылды. Осы орайда, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартумен қатар, мектептердегі әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуді тапсырғанын атап өтті. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде бірқатар қиындықтар кездеседі. Ең алдымен, тұрақты қаржыландыру көзі мен жеткілікті құқықтық және оқу-материалдық базаның болмауы өзекті. Мектептер жанынан құрылған әскери-патриоттық ұйымдар, сыныптар, секциялар мен үйірмелер сынды жастар ұйымдары бір жүйеге тоғыспаған, - деп түсіндірді ол. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Пәндер