Алматы облысының этникалық құрамы
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ
Курстық жұмыс
Алматы облысының этникалық құрамы
Орындаған:Келисов А.
Қабылдаған: Еркімбек Е.
Өскемен
2019 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 бет
2.Тақырыптық карта және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-7 бет
3.Картографиялау түрлері. Жеке түрлерін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8-9 бет
4.Алматы облысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11 бет
4.1.Картография торын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12-15 бет
5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16 бет
6.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17 бет
Кіріспе
Карталар табиғат пен қоғамның үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін, картографиялық кескіндеумен бейнелену арқылы береді. Карталар белгілі бір тақырыптағы карталарды құрастыру, жасау, өңдеу және басып шығару тәсілдерін және олардың мазмұндық мәселелерін зерттеумен айналысады. Карта жасауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол мәліметтерді жинақтаудан басталады, шыққан мәліметтер, олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп, сол мезетте экранға көрсетеді. Карта қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Карталар қолдану аясына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру т.б. Осының ішінен қарастырайын деп отырған тақырыптық картаның бірі статистикалық карта.
Жұмыстың мақсаты: Статистикалық карталардың негізгі бағыты мен оларға қойылатын талаптардың маңыздылығын зерттеу.
Тақырыптық карталар физико-географиялық және әлеуметтік-экономикалық болып екіге бөлінеді:
- табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар;
-қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) карталар;
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, белгілі бір облыстың халқының тығыздығы туралы мәліметтері жинақталады да, олардың пайыздық мөлшері көрсетіледі.
Тақырыптық карта және оның түрлері
Карта - белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып, жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып, әртүрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар әскери шаралар, халық шаруашылығы, тау-кен өндірісі, туристерге қажетті, бағдар алу, экономикалық-географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал.
Карталар мазмұнына қарай:
1)Жалпы географиялық карталар - жергілікті жердің басты нысандары түгел дəл көрсетіліп, яғни ел қоныстарын, суларын, өнеркəсібін, жер бедерін жəне т.б. бірдей дəрежеде бейнеленуін айтамыз.
2)Тақырыптық карталар - карта тақырыбына байланысты, тек сол тақырыптарына ерекше көңіл аударылып бейнеленетін карта. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттар картасы, климаттық карталар. Тақырыптық карталарды 3 топқа бөліп қарастырады. Олар келесідей:
1) Физикалық географиялық карталар.
2) Әлеуметтік экономикалық карталар.
3) Арнайы карталар.
Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктердің таралуы, табиғат зоналары мен жауын- шашын,т.б. тақырыптық карталарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы. Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Қоғамдық тақырыптық карталарға геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физикалық географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру карталары жатады.
Гидрогеографиялық карта
Белгілі бір аудандағы жер асты суының таралу жағдайын, сапасын, т.б.ерекшеліктерін бейнелейтін карта. Ол дала жағдайындағы гидрогеология түсірімдер кезінде жиналған деректерге сүйеніп, дайын геол. карта негізінде жасалады. Гидрогеографиялық картада жер астындағы сулы қабаттардың геология құрылымы мен судың таралу ерекшеліктері, судың өнімділігі, тереңдігі, арын күші, минералд., химия құрамы көрсетіледі. Арнаулы гидрогеографиялық картада бұған қоса судың қорына, оның пайда болу жолдарына, гидрогеология табиғи аудандарына, минералды және ыстық сулардың таралуына, гидрогеология және мелиоративтік гидрогеология жағдайларына анықтама беріледі. Гидрогеографиялық карталар ұсақ (1:1000000 немесе одан ұсақ), орта (1:500000, 1:200000) және ірі масштабты (1:100 000 немесе одан ірі) болып бөлінеді. Қазақстандағы артезиан алаптарындағы жер асты суының болжам картасы, Қазақстанның Гидрогеографиялық картасы, негізгі су қабаттарының картасы, мал жайылымдарындағы жер асты суының картасы, гидрохимия карта, арнаулы ұсақ және орта масштабты карталар жасалды.
Геохимиялық карта
Тау жыныстарында химиялық элементтердің таралу ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсететін арнаулы карталар. Геологиялық немесе тектоникалық негізде жасалады. Геохимиялық картада түрлі геологиялық құрылымдарды құрайтын магма тектес шөгінді жыныстар мен метаморфтық жыныстардағы химиялық элементтердің шоғырланған және қалыпты шамадан жоғары мөлшерде жиналған аумақтары көрсетіледі. Геохимиялық картаның екі түрі бар: жалпы және дербес геохимиялық карта. Жалпы геохимиялық картада спектрлік анализбен анықталған элементтер үлкендігі мен формалары әр түрлі химиялық белгілер түрінде мүмкіндігінше түгел көрсетіледі, не олардың мөлшері белгіленеді. Дербес геохимиялық карта аймақтың металлогендік және өнеркәсіптік бағытын анықтайтын элементтер (мысалы, Cu, Pb, Zn, Nі, U, т.б.) немесе іздеу жұмыстары кезінде үлкен мәні бар негізгі кендерге серіктес -- индикаторлық элементтер (мыс., S, As, Sd, F, Cl, т.б.) бойынша жасалады. Аймақтың белгілі бір аумағындағы тау жыныстарындағы әрбір элементтің абсолюттік не салыстырмалы мөлшерінің өзгеруі түрлі бояулармен не изосызықтармен кескінделеді. Шөгінді және жанартаутекті шөгінді жыныстардан құралған аймақтарда геохимиялық карта жасаған тиімді, ал қазба байлықтарына, интрузиялар мен геологиялық құрылымдарға байланысты аудандардың геохимиялық картасында интрузив жыныстар мен тектоникалық элементтер баса көрсетіледі. Ірі аймақтар шегінде белгілі элементтердің шамадан тыс немесе мүлде аз таралған аумақтарын белгілеудің медицина мен ауыл шаруашылығы үшін де зор мәні бар.
Тектоникалық карта
Жер қыртысының немесе оның жекелеген аудандарының құрылымдық ерекшеліктері мен белгілі геологиялық уақыт шамасындағы даму жолдарын сипаттайтын арнаулы карта. Тектоникалық карта тектоникалық процестердің табиғатын, туындау және көрініс беру ерекшеліктерін танып, білуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда алғашқы тектоникалық карта 1976 жылы жасалған. Тектоникалық картаны жасау үшін геологиялық картадағы шөгінділердің формациялық құрамы, құрылымдар пішіндерінің ерекшеліктері, геологиялық қималардың сипаты, геофизикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарының деректері ескеріледі. Тектоникалық карталар ірі үш топқа: сұлбалық, байырғы және арнаулы болып жіктеледі. Әр топ қамтыған ауданына қарай аймақтық және жалпы, мазмұнына қарай құрылымдық және тектоникалық болып ажыратылады. Сұлбалық тектоникалық карта - қатпар осьтерінің басты бағыттары мен ірі жарылымдардың созылу бағыттарын кескіндейді. Байырғы тектоникалық карта - құрылымдық пішіндер стратиграфикалық қиманың абсолюттік белгілері анықталған нақтылы деңгейлік сызықтары немесе статиграфикалық кешендер табанының жер бетіне шығу сызықтары, т.б. маңызды рөл атқаратын әр түрлі изосызықтарды графикті тұрғыдан кескіндеу негізінде жасалады. Мұндай тектоникалық карталар кез келген тектоникалық құрылымды тиімді зерттеудің негізі болып саналатын тектоникалық аудандастыру шараларын орындауға мүмкіндік береді. Арнаулы Тектоникалық карта тектоника ғылымының жекеленген мәселелерін шешуге көмектеседі. Оған геологиялық формациялар картасы, қатпарлану дәуірлері мен фазаларының картасы, қатпарлық типтер картасы, т.б. жатады. Тектоникалық карталардың масштабтары: құрлықтар мен ірі мемлекеттер үшін - 1:1000000 - 1:2500000, жеке аймақтар үшін - 1:2500000 - 1:500000 болып келеді.
Географиялық карталар
Жазықтықтағы жер бетінің кішірейтілген, математикалық тұрғыда анықталған жалпылама бейнелік-белгілік бейнеленулері. Жердің географиялық қабығының нақты карталардың арналу мақсатына сәйкес іріктеліп сипатталатын әр түрлі табиғи және қоғамдық құбылыстарының орналасуын, жай-күйін және өзара байланыстарын көрсетеді. Қазіргі ғылымда географиялық карталар жердің географиялық қабығындагы құбылыстардың ерекше кеңістіктік үлгісі ретінде қаралады. Географиялық карталарды аумақты қамтуы (дүниежүзілік, материктер, жеке елдер, тағы да басқалары), мазмұны (жалпы географиялық карталар, тақырыптық карталар). арналу мақсаты (арнаулы карталар - оқу карталары, туристік карталар, навигациялық карталар, тағы да басқалары), масштабы және тағы да басқалары сипаттары бойынша бөледі.
Тақырыптық карталардың географиялық мазмұны шартты түрде екіге бөлінеді: 1) негізгі бөлігі, картаның арнайы мазмұны, яғни берілген картаның тақырыбын құрайтын құбылыстың бейнесі; 2) картаның тақырыбына қатысы жоқ объектілер мен құбылыстар, оны картаның географиялық негізі деп атайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының геологиялық картасында, геологияға қатысты объектілер мен құбылыстар, тау жыныстарының жасы, шығу тегі, қабаттардың қалыңдығы т.б. көрсеткіштері түрлі бояумен, арнайы шартты белгілерімен, индекстермен, сандармен т.с.с. көрсетіледі; ал картадағы басқа объектілер, қалалар, мұхит немесе теңіз жаға сызықтары, көлдер, өзендер т.с.с. картаның географиялық негізі болып табылады. Тақырыптық картаның географиялық негізі, картаның арнайы тақырыбына қатысты объектілер мен құбылыстарды орналастыруға арналған ориентирлер болып табылады.
Географиялық негіздің элементтерін таңдауда олардың, карта тақырыбын құрайтын құбылыстардың элементтерімен өзара байланысын есепке алу қажет. Мысалы, жер бедері пішіндері мен аумақтың климаттық ерекшеліктері арасында байланыс бар. Сондықтан, кейбір климаттық карталарда жер бедері пішіндерінің бейнеленуі географиялық негіздің элементтер құрамына қосады; геологиялық карталарда төрттік мұз басудың шекаралары көрсетілген; отын өнеркәсібі картасында энергетикалық пайдалы қазба кен орындары көрсетіледі (мұнай, газ, көмір т.б.). Географиялық негіз картаның тақырыбына байланысты объектілердің орналасуын бекіту қызметінен басқа, бейнленетін құбылыстың орналасуының тағы басқа да ерекшеліктерінің себептерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Әдетте, тақырыптық картада жалпы географиялық картаға салыстырғанда шектелген құбылыстарды ғана көрсетеді. Бірақ тақырыптық карталарда бейнеленген құбылыстардың ерекшеліктерін кең түрде ашып көрсетеді. Мұндай нәрсе ұсақ масштабы жалпы географиялық және ұсақ масштабты тақырыптық карталарда салысытырғында байқалады. Мысалы, осы карталарда жер бедерін қалай бейнелейтіндігін салыстырайық. Жалпы географиялық шолу карталарда құрлық бетінің бедер пішіні және бедер пішіндер нүктелерінің теңіз деңгейінен биіктігі көз қарасынан жер бедерін сипаттайды.
Жер бедерін сипаттайтын тақырыптық карталарда жер бедерінің түрлі пішіндері қалыптасу факторларынан тыс және жер бедерінің сипаты бойынша құрлықтың аудандастыруын, жер қыртысы вертикальдық қозғалуын т.б. көрсетуге болады.
Картографиялау түрлері. Жеке түрлерін сипаттау
Географиялық картаны жасаудың ерекше математикалық заңы болады.Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі обьектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық картаның құндылығы - олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, географиялық картаны жасаудың негізіне алынған ғылымт принциптер мен идеяларда. Географиялық карта планетамыздың және оның бөліктері - құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жаңдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
-Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
- Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
1)жер бетінің бір бөлігін немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
2)картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
3)географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
4)адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
5)жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол - жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Құрылыс жағдайында халық шаруашылығын көптеген міндеттерін - географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады.
Физикалық карта - картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді. Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, кестелер мен мәліметтер де болады. Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны - жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. Жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементтері өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.
Карта - географияның арнайы тілі және картографияның бұрыңғы ғылымы қай уақытта болмасын жас көрінеді. Оның жастығын былай көрсетуге болады, әрбір ғасырдағы адамдар карта мен географо-картографиялық білмге құштар, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отырған, яғни техника мен технологияның дамуы оған қол ұшын тигізген. КАртографиялық шығармалардың кейбіреуі маңызды және өнер шығармаларының негізгісі болып табылады. Микеланджело, Дюрер есімдері картаны құру мен көркемдеумен байланысты. Көптеген картографтар , суретшілер болған. Карта бұл адамдардың бір-бірімен сөйлесу құжаты, ол жазбадан бұрын пайда болған. Картографияның тарихын білу Жер туралы білімді білу негізін, яғни табиғатты кеңістік негізінде мәдениет пен ғылым ретінде көрсетеді. Картаның тілін білу, графиякалық модель түрінде бейнелермен жұмыс жасай білу картографиялық танымдылық шарттарында жүзеге асады.Карта жасаудың жұмыс түрлері:
негіз дайындау
бастапқы картографиялық материалдардан бейнені негізге көшіру
бейнені генерализациялау
генерализацияланған бейнені бекіту
Негізді дайындау оған беттің жақтаушысын координаталық торды және тірек пункттерін салудан тұрады. Бұл элементтерді салу қателігі 0,1 мм-ден аспайтын координатаны пайдаланып жасалады. Бастапқы материалдан бейнені негізге көшіру, фоторепродукциялық аппараттың немесе фототрансформатордың көмегімен фотомеханикалық әдіспен жүргізіледі. Аспап көшіру кезінде атқарылатын түрлендіру сипатымен анықталады. Түрлендіру кезінде көбіне фоторепродукциялық аппарат, ал неғұрлым күрделі түрлендіруде фототрансформаторлар пайдаланылады. Ұсақ масштабтаы карталарды жасағанда жиі кездесетін екінші қатардағы және жоғары түрлендірулерді орындау қажет болғанда саңылаулы фототрансформаторлар қолданылады. Пайдаланылатын материалдардың масштабтағы түпнұсқасының суреті және жарық көшірмелері тірек пункттері және тор бойынша дайындалған негізге құрастырылады., содан соң бейнені генерализациялау жасалады. Генерализацияланған бейне әр түрлі тушьпен бекітіледі. Осы жұмыстар нәтижесінде алынатын құрастырушылық түпнұсқа графикалық безендіру сапасы бойынша одан карта таралымын шығаруға әлі де жарамайды. Жоғары сапалы басылым үшін қажет түпнұсқа келесі кезеңде, картаны басып шығаруға дайындау кезінде жасалады. Соңғы жылдары картография өндірісінде құрастыру және басып шығаруға дайындау бір мезгілде қатар атқарылатын өте тиімді әдіс кең қолданылады. Картография - ежелгі және қай уақытта болмасын жас ғылым, оның өзіндік зерттеу пәні бар:ғылым мен практикалық қызметтерде картаны құру, жасау жолымен, картографиялық бейнелер арқылы табиғат құбылыстары мен қоғамның өзара байланысын, кеңістікте орналасуын көрсету мен зерттеу. Карталарда аймақтық таралуы бар әртүрлі құбылыстар туралы біздің біліміміз бейнеледі. Жер туралы біздің жаңа танымдарымыз бірте-бірте құрыла бастады. Картографияныі дамуы жалпы адамзат дамуымен қатар жүрді. Ал қазіргі кезең ежелгі ғасырлар тарихымен үздіксіз байланысқан. Карталар адамзат мәдениетінің өнімі, олар қоршаған әлем, ғылым мен техника дамуы туралы көрініс дәрежесін бейнелейді, өз кезеңіндегі тілді сақтайды. Картографияны білудің қандай болмасын күрделі жүйелері сияқты ол бірнеше бөлімдердег тұрады.
Карта кіріспе - ол барлық карта түрлерін, оларды қолдану әдістерін, жұмыс жасаудың әдістемелік және теориялық негіздерін зерттейді;
Математикалық картография - проекциялар теориясымен, картаның математикалық элементтерімен айналысады.
Картаны жасау мен редакторлеу - карта түпнұсқаларын құру әдістерін өңдейді, құрамдық түпнұсқаларды дайындау кезеңдерінде ғылыми-техникалық жетекшілік сұрақтарымен айналысады.
Картаны безендіру - аяқталған түрде картаны құру кезінде қолданылатын бейнелеу құралыданы, оларды баспаға шығаруға дайындауды зерттейді.
Қазіргі картография - ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz