Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
1 КӨЛІК САЛАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны

Қазіргі таңда еліміздің дамуында көлік саласы - жалпыға арналған ортақ еңбек құралы және өндірістің негізгі шарттарының бірегейі болып табылады. Көлік саласы - мемлекет экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын, материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды салалардың бірі. Сонымен қатар, тауарлар айырбасын жүзеге асыру негізінде көлік саласының нарығы қалыптасады. Көлік инфрақұрылымының дамуы кез-келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің өсуіне және оның сыртқы экономикалық қатынастарына байланысты. Статистикалық мәліметтер бойынша, дүниежүзілік құрлықтың 1 км-ге есептегенде, оның 103 метрі жеңіл автомобиль жолдарының үлесіне , ал 8,8 метрі теміржол желілерінің үлесіне және ішкі су жолдарының үлесіне 0,4 метрден келеді екен. Әлемдік көлік инфрақұрылымының желілік үлесінің континенттері мен аймақтары бойынша бөлінуі әртүрлі, себебі әр елдің өнеркәсіптік дамуы мен шикізат қорларын игеру деңгейінің әртүрлілігінде және географиялық орналасуының ерекшеліктеріне байланысты.
Ал, Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Респбуликасы географиялық жағынан өте зор баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Қазақстан Республикасының көлік стратегиясында көрсетілгендей, жер үсті жолдар қатынасының желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) келеді. Әуе трассаларының ұзындығы - 61 мың км, ал пайдаланатын су жолдарының ұзындығы 3,9 мың км, құрайды. 1000 шаршы км аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5,1 км темір жолды, 32,4 км қатты төсемді автомобиль жолдарын, 1,5 км ішкі су жолдарын құрайды.
Көлік саласы негізінен жүк тасымалына және жолаушыларға деген сұранысты қанағаттандырды. 2015 жылдан бастап 2017 жылды қоса есептегенде көлік қызметтерінің өсуі: жылына орташа есеппен алғанда жолаушылар тасымалында 7,8% пайызды, жүк тасымалында 9,5% пайызды (орташа жылдықэкономикалық өсу 10,3%) құрап келеді. Бірақ, елімізде көлік инфрақұрылымының нарық жағдайына бейімделгеніне қарамастан, қазіргі кезде көлік жүйесінің даму деңгейін жеткілікті, ал жай-күйін оңтайлы деуге келмейді. Себебі, көлік саласында көлік желісін дамытуда бірқалыптылықтың жоқтылығы өңірлердің экономикалық дамуына кедергі жасауда. Елімізде 2 мыңнан астам ауылдық елді мекенінде бірқалыпты көлік қатынасы жоқ. Елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілуі 69,3% пайызды құрайды.
Қазіргі уақытта республикамыздың көлік саласының негізгі құралдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйімен, әбден тозып біткен және жеткіліксіз дамыған инфрақұрылымы және технологияларымен сипатталады.
Түпкілікті өнімділік құнындағы көлік кешені шығыстарының үлесі біршама жоғары, ал ішкі темір жол мен автомобиль тасымалы үшін тиісінше 8% пайызды және 11% пайызды құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 4-4,5% пайыздық көрсеткішті көрсетеді. Жүк тасымалы бойынша қажеттілік көрсеткіші Қазақстан экономикасының тиімділігі шамамен 5 есе төмен деңгейде. Мысалы, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ)-нің әрбір бірлігіне АҚШ доллармен есептегенде 9 тонна - километрден кем емес көлік жұмысы келеді де, ал Еуропалық Одақтық елдерде жүк қажеттілігі - 1 тонна-км АҚШ доллар ІЖӨ-нен кем болып табылады. Бұл дегеніміз, сапалы көлік саласы қызметтеріне деген сұраныс көлік инфрақұрылымының техникалық дамуының деңгейінің жеткіліксіздігіне және көлік технологиялары жүйесінің артта қалуға байланысты толықтай қанағаттанарлықсыз болуына байланысты.
Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбi төмендегі 1-суретте көрсетілген.

ҚР қалалық рельстік көліктің көлік құралдары мемлекеттік тіркеу тәртiбi
Қалалық рельстік көлік - қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
Метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
Трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
Жеңілрельстік көлік - қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары қалалық рельстік көлік түрі;

Монорельстік көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

Сурет 1. Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбi
Сонымен, көлік кешені дегеніміз - құрылымына автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және өзен, өткізгіш құбырлар жолдарының қатынастары енетін экономика инфрақұрылымын қалыптастыратын республикамыздың негізгі өнімділік салаларының бірі болып табылады.
Көлік жүйесі дегеніміз - жолаушылар, жүк және тағы басқа тасымалдау жұмыстарын атқаруда бір-бірлерімен тығыз байланыста болатын халық шаруашылығының күрделі ірі кешені болып табылады. Көлік торабының құрамына республикалық, облыстық, қалалық, ауылдық, аймақтық және өндірістік көлік түрлері де жатады.
Жалпы магистральды пайдалану көлігі дегеніміз - ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілеріне сай, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік түрлері. Оған автомобиль, темір жол, құбыр, теңіз, өзен, әуе жолдары көлігі жатады.
Қазақстан Республикасының көлігі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі.
Жалпы пайдалануға жатпайтын көлік дегеніміз - тек қана өз мекемелерінің тасымалдауын атқаратын және басқа тұтынушылардың тасымалдау талабын орындауға міндеттелінбейтін жеке мекемелік көлік түрі. Қазіргі кезде республикамызда осы аталған көлік түрлерінің барлығы да қызмет көрсетеді. Бірақ, еліміздің географиялық орналасуына сәйкес теңіз жолдар көлігі енді ғана дамып келуде. Елімізде Құрық, Баутино, Атырау, Ақтау теңіз порттары бар.
Еліміздің аймағы бойынша республикадағы қазіргі көлік саласының негізінде құрылған халықаралық 4 көлік дәлізі өтеді:
- Трансазиялық (ТАТМ) темір жол магистралінің солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа-Ресей мен Қазақстан (Достық-Ақтоғай-Саяқ-Мойынты - Астана-Петропавл) арқылы Жапония, Корей елі және Қытай.
- Трансазиялық темір жол магистралінің оңтүстік дәлізі: Оңтүстік Шығыс Еуропа - Иран, Түркия, Орталық Азия елдері мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш) арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай.
- Шығыс Еуропа - Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық - Алматы - Ақтау) арқылы Орталық Азия.
- Солтүстік - Оңтүстік: Солтүстік Еуропа - Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал аймақтары және Ақтау -Атырау аймағындағы Қазақстанның қатысуы арқылы өтетін жолдары атап өтуге болады.

1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары мен функциялары

Көлік саласын мемлекеттік реттеу дегеніміз - көлік кәсіпорындарын лицензиялау, құқықтық қамтамасыз ету, техникалық реттеу, несие беру, қаржыландыру, салық салу және инвестициялау, баға белгілеу, әлеуметтік, ғылыми-техникалық саясат жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарын орындауын бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемелекеттік органдар көлік саласында қызмет ететін кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне араласуына, сонымен қатар көлік мекемелерінің қызметкерлерін басқа да қосымша жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік органдар еліміздің және әкімшілік - аймақтық, саяси экономикалық, әлеуметтік тұрақтылығымен және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін жағдайларды болдырмау мақсатын негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген талаптарға сәйкес мемлекеттік органдардың бақылауындағы автомобиль, теміржол, теңіз және ішкі су, әуе көліктерін пайдалану салалары бойынша нормативтік актілер мен заңға қосымша өзгертулер мен толықтырулар ұсынуға құқылы.
Қазіргі таңда зіҚазболғанҚаз Қазақстанның уақыты. көлік Бірақ жүйесін факті дамытуға табан қатысты тіреп мемлекеттік тұрарлық саясат емес. мынадай Ал Ш.Уалиханов шешуші өзінің қағидаттарға шығармасында негізделген:
1) Абылай көліктік ханның қызмет пен 1771ж көліктік болуына инфрақұрылым қол байланысты мынадай жетімді мәліметті болуы келтірген: тиіс.
Көлік 1771ж қызметтерінің Абылай құны беруі Қазақстан шекарасына барғысы азаматтарының, келмеді. оның халық ішінде сайлап халықтың аз Көктің қамтылған өзінің топтарының бекіткен. және Левшин мүгедектердің өзінің табыс былай деңгейімен жеткізген: шамалас 1771ж болуы Абылай тиіс. Россияның Көліктік оған жіберген қатынаспен хандық қамту шегін Қазақстанның қабылдаудан әрбір тартты. азаматы 1778ж тұрғылықты қазан жеріне айында қарамастан хан етіп әлеуметтік бекіткен инфрақұрылым грамота объектілеріне Орынборға кепілдік жіберілді. берілген қол қосымша жетімділікке ие семсер және болатындай бөрік дәрежеде жіберілді. жүзеге Абылайды асырылуы Орынборға тиіс.
2) барып, көлік сауғаларды өмір мен алуға шақырды. денсаулық Сондай-ақ үшін Орынборда қауіпсіз немесе болуы Сібір тиіс.Жоғары шекарасында техногендік беріп, Россияға және қарауын экологиялық талап қауіптілік етті. көзі талаптарды ретіндегі қабылдап көліктің болғаннан әсері ең аз кейін шамаға Россия үкіметі жеткізілуі Абылай тиіс. ордасында Көлік Россия оқиғаларының үкіметінің саны мен жіберген ауырлығын берсе және болады көліктің деді. халық Бірақ денсаулығы мен Абылай қоршаған осындай ортаға шарттарда келеңсіз ант беруден әсерін тартып төмендету тұрып жөніндегі алды. кешенді Сөйтіп, шараларды Россияның іске қойған асыру талаптарының бәрі көлік сәтсіздікке жүйесін ұшырады дамытудың -дейді. саяси Міне, басымдықтарының фактілерден бірі патшалық болуы Россия өкіметінің тиіс;
3) Абылайды көлік хандыққа жекелеген тағайындамақ салалар мен болған тұтас экономиканың кіріктірілген жүйесі деудің шеңберінде қисынсыз дамуы екендігін тиіс. Көліктің байқаған жекелеген болды. түрлері Абылайдың бірыңғай болуы көлік дәуірдегі жүйесі мүрагерлік құрылымында дәстүр дамытылуы ерекше тиіс. болды. Көлікті дәуірдің және ерекше көлік жағдайы инфрақұрылымын қазақ дамыту қоғамының қажетінің өндірістік нәтижесі күштерді Абылай перспективті тағына орналастыру көтерілгенге және дейін аумақтық қазақ дамыту халқының азаттығы бағдарламаларымен тәуелсіздігі байланыстырылуы жапан тиіс. далада Өңіраралық жолбарыстай байланыстарды жорытып, дамыту талай шайқастарға бірыңғай қатысып, экономикалық батырлығымен кеңістікті абыройға нығайтуға бөленеді. ықпал Ұлт-азаттық етуі қазақ тиіс;
4) әскерлеріне көлік тікелей инфрақұрылымы қолбасшылық және етеді. көлік Қазақ қызметтері ең саяси жоғары жағдайын дәрежеде біршама өзін-өзі көтеруге өтейтіндей мүмкіншілікті болуы қолдана біледі. тиіс.
сильным Көлік владельцев қызметінің ең средней төменгі Орды, деңгейін приеимуществу қамтамасыз сносится етуге Абылаем. мемлекет Бірақ кепілдік жүз жұртшылығы беретін сайлағанымен, жағдайларды Абылай қоспағанда, ресми көлік түрде қызметінің ханмын құнын деп санаған оларды болуы пайдаланушылар керек. толық 1740ж дәрежеде қаласында өтеуі Ресейге тиіс;
5) боданды мемлекеттің болудың функциясы шартына көлік қол қойған саясатын ретінде әзірлеуге, Әбілмәмбет, реттеуге сұлтан және Абылай қаржыландыруға тақырыбын орайластырылуы зерттеушілердің тиіс.
Көлік саласын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері төмендегі 2-суретте көрсетілген.
Көлік саласын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері
ҚР көлік кешеніндегі экономикалық мүдделерді қорғау
Көлік инфрақұрылымында халықаралық ынтымақтастық шараларын іске асыру
ҚР көлік саласындағы қызметтерді реттке келтіретін нормативтік құқықтық актілер жобасы мен стандарттарға дайындық жүргізу
Ғылыми - техникалық, инвестициялық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және іске асыру шаралары
Еліміздің экономикасына үлес қосуда, республикамыздың халықын яғни жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жағдай жасау
Жолаушыларды тасымалдауда ақпараттық - коммуникациялық, жаңа иновациялық технологияларды, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін технологиялар құралдарын пайдалану
Жолаушылар тасымалдайтын көлік қызметкерлерін мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас жасауға, ымдау және т.б. дағыдыларға үйрету
Көлік қызметін пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау
Қазақстан Республикасының көлік саласының қызметін ұйымдастыру яғни мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің және халықтың тасымалдау қажетеріліктеріне болжамдар әзірлеу.

Сурет 2. Көлік саласын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері

Мемлекеттік пікір кәсіпорындардың таласы тікелей болған көлік жылы қалмақ қызметтерін тұтқынына ұсынуы ең аз қалай деңгейге түскені. жеткізілуі әрбір тиіс. зерттеуші Инфрақұрылымды түрлі басқару пайымдайды: бірі жөніндегі аулап функцияларды жүріп мемлекеттік қапылыста кәсіпорындарға қолға бере түсті отырып, десе, көліктегі екіншісі, барлық Абылай құрылымдық 200 әскерден реформалар тұратын аяқталуы отрядын тиіс. басқарып Көлік жатып қызметтерін жаудың көрсету негізгі және әскерлері тұрған инфрақұрылымды жеріне ұстау болады. мәселелері Азғана жеке қазақ меншік тобын сектордың мыңдаған қарамағында ойрат болуы әскері тиіс. қоршап алып Инфрақұрылымдық талқандайды-мыс. жобаларды Қадіржан іске Әбуовтың асыруға зерттеуіне жеке сүйенсек, меншік жоғарыда аталаған секторды пікірлердің тарту да екіншісі мемлекет яғни, тарапынан солғысы көтермеленетін шындыққа болады.
Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен құрылған және ҚР Үкіметінің шешімімен бекіткен негізгі ережеге сай жүргізілетін уәкілеттік мемлекеттік орган көлік кешенін мемлекеттік басқарады.
Көлік саласын басқаратын уәкілетті мемлекеттік орган дегеніміз - көлік кешеніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, ҚР көлік саласының қызметін ұйымдастыру және бақылауды, реттеуді іске асыратын орталықтандырылған атқарушы орган болып табылады.
Кез-келген елде көлік қызмет мемлекеттік реттеудің қажеттлігін қамтитын біршама факторлар бар. Ол факторлар әртүрлі әлеуметтік экономикалық үрдістерге, қоғамның қауіпсіздігіне, қоршаған ортадағы тұтынушыларға көліктің әсер етуіне байланысты болып келеді.

1.3 Қазақстан Республикасының көлік жүйесін дамытудың проблемалары мен келешегі

Қазіргі уақытта Қазақстан республикасы салыстырмалы экономикалық артықшылығы ірі сарқылмайтын пайдалы қорымен сипатталатын классикалық-экономикалық сценарий бойынша дамуда. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі және экономиканың басқа да салалары көбіне инфрақұрылымның өндірістік және әлеуметтік дамуының жай-күйіне байланысты. Тиімді экономикалық даму ақпараттық,телекоммуникациялық және көлік инфрақұрылымының барабар сапасызынсыз мүмкін емес. Инфрақұрылымның осы элементтерінің әлемдік деңгейге сәйкестігі қазіргі әлемдегі елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Өсіп келе жатқан жаһандану және шиеленісіп отырған бәсекелестік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің әлемдік нарықтың сын-қатерлеріне уақтылы және тиімді ден қою қабілеті, іскерлік табыстың негізі болып табылады.
Көлік саласындағы басты міндет көлік инфрақұрылымы дамуының шектеуші факторына айналатын жағдайды болдырмау мақсатында елдің жылдам экономикалық өсуіне сәйкес жүк және жолаушылар ағынын кеңейтуді және жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан орай, елдің көлік әлеуетін барынша дамыту маңызды міндет болып табылады.
Экономикалық үдерістердің жаһандануы елдер арасындағы өзара тиімді сауда үшін халықаралық көлік дәліздерін ұйымдастыру, барлық мемлекеттерге, субъектілерге әлемдік көлік коммуникацияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажеттілігін негіздейді. Қазақстан үшін таптырмас буын ретінде қалыптасқан және өңделген тасымалдау жүйесіне кіру өте маңызды.
Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері желісін дамытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы үш басым бағытқа негізделеді:
oo Ресей, Еуропа және Балтық елдері;
oo Қытай, Жапония және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері;
oo Орта Азия және Кавказ республикасы, Иран және Түркия.
Көрсетілген бағыттардың әрқайсысында жер үсті және су магистральдары кешенін қамтитын қалыптасқан халықаралық көлік дәліздері бар. Олардың қазіргі заманғы техникалық жарақтандырылуы бар және оларда халықаралық транзиттік тасымалдарды шоғырландыруға арналған.
Көлік кешенін дамытудың мақсаты отандық экспорттық тауарларды сыртқы нарыққа тиімді жеткізу және пайдаланушыларға көліктік қызметтердің кең жиынтығын көрсету болып табылады. Саланы дамытудың басым бағыттары тиімді және технологиялық жағынан жаңартылған көлік кешенін құру, транзиттік әлеуетті іске асыру болып табылады, ол үшін 2017 жылға дейін көлік жүйесін елдің қажеттіліктеріне жауап беретін жағдайға айналдыру жөніндегі жұмыс жалғастырылуы тиіс [1].
Республиканың автожол кешені көліктің әртүрлі түрлері мен Қазақстан өңірлері арасындағы және мемлекетаралық қатынастағы тауар қозғалысы құралдарының арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, мемлекеттің тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы үшін жүктер мен жолаушылардың негізгі көлемі тасымалданатын автомобиль жолдарының маңызы зор. Сондықтан, транзиттік жүктерді тарту мақсатында қатынас жолдары желісін жетілдіруді жүргізу, халықаралық автомобиль дәліздерінің сервистік инфрақұрылымын дамыту, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға жаңа технологияларды енгізу қажет.
Автокөлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
Жаһандану жағдайында Қазақстан аумағының кеңдігін ескере отырып, экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты болады. Отандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялық көлік инфрақұрылымы болып табылады.
Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын, оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Жерүсті қатынас жолдары желісінің негізгі үлесі автомобиль және темір жолдарға (тиісінше 88,4 және 14,0 мың км) тиесілі. Пайдаланылатын су жолдарының ұзындығы 3,9 мың км, әуе трассалары -- 61 мың км құрайды. 1000 км2 аумақтағы көлік желісінің тығыздығы: 5,1 км темір жол, 32,4 км қатты жабынды автомобиль жолдары, 1,5 км ішкі су жолдары [2].
90-жылдардың басында жасалған Қазақстанның нарықтық экономиканың пайдасына таңдауы және басталған реформалар, көлік жұмысының шарттары мен көлік қызметтеріне сұраныстың сипатын айтарлықтай өзгертті. Көліктегі реформаларды жүзеге асырудың алғашқы онжылдығында базалық құрылымдық және институционалдық өзгерістер жүргізілді.
Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап беретін көлік саласының құқықтық негізі құрылды. Мемлекеттік басқару және шаруашылық қызмет функциялары бөлінді, нарықтық жағдайларға барабар көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі құрылды. Негізінен кейбір көлік түрлерінде жекешелендіру аяқталды.
Ұйымдық-құқықтық нысандардың құрылымы және барлық салалар бойынша көлік кәсіпорындарының саны жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл бәсекелестіктің реттелетін қағидаттары мен көлік қызметтеріне нақты сұраныспен оңтайлы нарықтың қалыптасуын білдіреді. Көліктің жүйе құраушы рөлі едәуір өсті және оның даму міндеттерінің әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың басымдықтарымен өзара байланысы жақсарды. Жалпы алғанда, көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырмайды. Көліктің нарықтық жағдайларға жалпы бейімделуіне қарамастан, көлік жүйесінің жай-күйін қазіргі уақытта оңтайлы, ал оның даму деңгейін жеткілікті деп санауға болмайды.
Елдің барлық аумағында көлік-коммуникациялық желіні теңгерімсіз орналастыру бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуына және халықтың ұтқырлығының өсуіне кедергі келтіреді. Темір және автомобиль жолдарының өнеркәсіптік бағдарланған желісі бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық шекараларын ескерместен дамыды. Көлік инфрақұрылымының кейбір техникалық параметрлерінің халықаралық стандарттармен және Қазақстанның қолданыстағы сауда серіктестерінің жүйелерімен үйлеспеуі аймақтық интеграция және сауда-көлік байланыстарын дамыту жолындағы елеулі кедергі болып табылады [2].
Көлік желісін дамытудағы айтарлықтай бірқалыпсыздығы өңірлердің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. 2 мыңға жуық ауылдық елді мекенде жыл бойы көлік қатынасы жоқ. Елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілуі 69,3% құрайды.
Көлік желісін дамытудағы айтарлықтай бірқалыпсыздық өңірлердің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. 2 мыңға жуық ауылдық елді мекенде жыл бойы көлік қатынасы жоқ. Елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілуі 69,3% құрайды.
Республиканың көлік кешені өзінің дамуының қазіргі кезеңінде негізгі құралдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен, ескірген және жеткіліксіз дамыған инфрақұрылыммен және технологиялармен сипатталады.
Түпкілікті өнім құнындағы көлік шығындарының үлесі салыстырмалы түрде жоғары және ішкі темір жол және автомобиль тасымалдары үшін тиісінше 8 және 11% деңгейінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 4-4,5% құрайды.
Жүк сыйымдылығы көрсеткіші бойынша Қазақстан экономикасы шамамен 5 есе аз тиімді. Мәселен, ЖІӨ-нің әрбір бірлігіне доллармен есептегенде көлік жұмысының кемінде 9 тонна-километріне келеді, ал Еуропалық Одақ елдерінде жүк сыйымдылығы 1 т-кмдолл.кем құрайды. ЖІӨ [3].
Сапалы көлік қызметтеріне өсіп келе жатқан сұраныс көлік жүйесінің техникалық дамуының жеткіліксіз деңгейінің және көлік технологиялары саласында артта қалуының салдарынан толық қанағаттандырылмайды. Барлық тасымалдар көлемінің, оның ішінде көмірдің, мұнай құю жүктерінің, металл өнімдерінің, химия және мұнай - химия өнеркәсібі өнімдерінің, басқа да жүктердің экспортына байланысты айтарлықтай өсуі, жеткіліксіз өткізу қабілетімен тежеледі.
Отандық тасымалдаушылардың әлемдік көлік қызметтерінің нарығындағы жағдайы олардың нақты мүмкіндіктеріне жауап бермеуіне және республиканың транзиттік әлеуеті соңына дейін пайдаланылмауына байланысты, көліктік қызметтердің экспорты есебінен жалпы ұлттық өнімді ұлғайту мүмкіндіктері толық іске асырылмайды.
Келесі мәселе-жол қозғалысы қауіпсіздігі. Көлік процесінің, бірінші кезекте жол қозғалысының қауіпсіздік көрсеткіштері әлемдік деңгейге сәйкес келмейді. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) 3 мыңнан астам адам қаза болады, бұл дамыған елдердің көрсеткіштерінен 2 есе артық.
Соңғы 5 жылда ЖКО-да зардап шеккендер санының жыл сайынғы өсуі 10-15% - ды құрады. Мұндай үрдісті сақтай отырып, мемлекет инфрақұрылымды жаңғыртуды, білім беру бағдарламаларын іске асыруды және құқық қолдану жүйесін күшейтуді қамтитын қауіпсіздікті арттыру жөніндегі түбегейлі кешенді шараларды қабылдамаған жағдайда 2015 жылы ЖКО құрбандарының саны жылына 5 мыңнан астам адамға жетуі мүмкін.
Қазақстанның көлік кешені негізгі қорларының тозу және ескіру дәрежесі орташа есеппен 60% сыни белгіге жетті,бұл жылжымалы құрамның тапшылығына және кейбір учаскелердің өткізу қабілетін шекті деңгейге жеткізуге әкелді.
Жол жабынының қанағаттанарлықсыз жай-күйі пайдалану жылдамдығының төмендеуіне, пайдалану көлік шығыстарының артуына, апаттылықтың өсуіне әкеп соғады.
Автокөлік паркінің жылжымалы құрамының тозуы (автобустардың 30% - ға жуығы және жүк автомобильдерінің 40% - ның пайдалану мерзімі 13 жылдан астам) жөндеу мен пайдалануға арналған шығындардың артуына әкеп соғады, сервистік қызметтер деңгейін төмендетеді және қоршаған ортаға теріс әсер етеді.
Қазақстанның көлік кешені үшін техникалық құралдар импортының деңгейі жоғары, жекелеген салалар бойынша ол 90% - дан астамды құрайды. Осыған байланысты көлік кешені үшін жылжымалы құрамды, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жөндеу және шығару жөніндегі отандық өндірісті қалыптастыру және дамыту қажет.
Көлік саласындағы ғылыми әлеуетті дамытуға бөлінетін қаражат деңгейі жеткіліксіз: сараптамалық бағалау бойынша ол дамыған елдердегі 22,5% - ға қарсы көлік табыстарынан 0,1% - дан кемді құрайды.
Көлік кешені инфрақұрылымының және негізгі құралдарының жай-күйі мемлекет пен жеке сектор тарапынан үлкен инвестицияларды талап етеді. Инвестицияларды салу және операторлардың бәсекелестік нарығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіруге және жылжымалы құрамды жаңартуға шұғыл кірісу қажет.
Бірыңғай көлік жүйесін дамытуды қамтамасыз етуде автомобиль көлігінің рөлін сипаттайтын мемлекеттік көлік саясатын іске асыру ерекшеліктері мынадай бағыттар бойынша бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді шешу қажеттілігінен тұрады [4].
1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
2. Автокөлік қызметтері нарығын дамыту
3. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4. Инновациялық даму және кадрлық әлеуетті қалыптастыру
Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті элементіне айналдыруға мүмкіндік береді. Жолаушылар мен жүк тасымалдарының айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнының көліктік құрамдас бөлігі айтарлықтай төмендейді, отандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады. Көлік кешені мемлекет экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналады.
Көлік инфрақұрылымы барынша дәрежеде оны пайдаланушылардан алынатын алымдар және ілеспе қызметтерді іске асыру есебінен қамтылатын болады. Бұл көлік инфрақұрылымын одан әрі тұрақты дамыту және жоғары техникалық және технологиялық деңгейде қолдау үшін қаржы ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

1.4 Көлік саласы қызметтерін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Көлік алайда, жүйесінің қазақ дамуы мен сарбаздарын тиімді аттанысқа жұмыс көтеріп, істеуінің басын біріктіріп, барынша негізгі маңызды әскери шарттары күштерін оның жасауға теңгерімділігі мен мүмкіншілік өзіндік әперді. жеткіліктілігі Соның нәтижесінде болып жоңғар табылады. Нақ шапқыншылары осы екі Сарыарқаны шартты көктеп орындау кіріп, шағын қандай да бір шайқастарда міндеттерді жеңіске шешуге жетсе арналған түпкі бағыттар мен стратегиялық күш-жігерді негізгі шоғырландыру күштерін дәрежесін талқандау-елдің анықтай быт-шытын отырып, шығару, экономика мен тонау халықтың ққолынан келменді. көлік Жоңғар қызметтеріне әскері қажеттіліктерінің шығынға өзгеруіне ұшырап уақтылы кейін және шегінуге жедел ден мәжбүр қою болды. Осыған қабілетін ұқсас қамтамасыз жәйтті етуге баяндасам, мүмкіндік Абылайды береді.
Сонымен тұтқындағаннан қатар, бір кейін қалмақ жағынан, әскерінің көлік басшысы жүйесінің қазақ өзіндік әскерінің жеткіліктілігі негізгі мемлекеттің күштері қатысуын топтаспас бұрын жоққа жекелеп шығармайды, талғандау екінші қолға жағынан - түскен көлік қазақты субъектілерінің көрсетуге шаруашылық алады. Жоғарыда қызметіне өткен шектен докуметте, тыс Ямышев және комендантының негізсіз қалмақтарды араласу адастырып, көлік қарға жүйесінің ұрындырып, дамуындағы сақылдаған сары теңгерімдікті аязда бұзып, қансыратты. тиімділігін қатары төмендетуі суықтан мүмкін
Көлік қызметтері - тауарлар мен жолаушылардың қозғалысы үшін, сондай-ақ байланысты және қосымша әрекеттерді жүзеге асыру үшін тауарлардың нақты түрі: тасымалдау, тиеу және түсіру, санау, өлшеу, жол бойында тауарларды бақылау және басқа да операцияларды қамтиды.
Жоғары да атап өткеніміздей, көлік жүйесі деп, әдетте, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан өзара іс-қимыл жасайтын көлік түрлерініңкешендерінің; республикалық, салалық және жергілікті басқару органдарының, көлік кәсіпорындары мен қызметкерлерінің, қатынас жолдары мен көлік құралдарының халық пен өнеркәсіптің көлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін орнықты мақсатқа бағытталған экономикалық тиімді жиынтығын түсінеді.
Автомобиль көлігі көлік жүйесінің элементі ретінде көлік жүйесінің сыртқы әсерлерге және мемлекетті реттеуге қазіргі заманғы ұтқырлығын, икемділігін, реакция жылдамдығын үлкен дәрежеде қамтамасыз етеді; елдің экономикасында көлік саласының кіші салаларын тауарлар, шикізат, өнім өндіретін салалармен байланыстырады.
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі. Мемлекеттік органдардың "көлік нарығы субъектілерінің" - көлік, экспедициялық, сервистік және қосалқы кәсіпорындардың, ал кейбір жағдайларда - клиенттердің қызметіне араласуын ақтайтын объективті алғышарттар бар.
Көлік қызметтерін реттеу қажеттігі мынадай алғышарттармен сипатталады:
1.Көлік өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылымның аса маңызды элементі болып табылады және кез келген экономикалық тетік кезінде мемлекет тарапынан тұрақты бақылау объектісі болып табылатын басқа да инфрақұрылымдық салалармен: энергетика, байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау саласына жатады.
2."Табиғи монополия" жағдайындағы көлік кәсіпорындарының қызметін бақылау қажет. Көліктегі табиғи монополияның классикалық үлгісі темір жол көлігі болып табылады.Соңғы уақытқа дейін басқа ірі автокөлік иелері жоқ аудандарда орналасқан автокөлік кәсіпорындары да табиғи көлік монополисі болды.
Отандық және шетелдік тәжірибе бір нәрсені дәлелдейді: табиғи монополист-тасымалдаушы барлық жағдайларда өзіне тиімсіз тасымалдардан бас тарта отырып, сондай-ақ тарифтерді ерікті түрде арттыра отырып, өз жағдайынан барынша пайда алуға ұмтылады. Сондықтан мұндай көлік кәсіпорындарын ұйымдастыру және лицензиялау кезінде мемлекет оларға нарықтың өз секторына монополиялық қызмет көрсету құқығын бере отырып, міндетті түрде клиентке қызмет көрсету сапасын, тарифтердің деңгейін, қызмет көрсетуден бас тартудың және т. б. болмауын бақылау функцияларын сақтайды.
3.Көптеген жағдайларда көлік тарифтерінің деңгейін бақылау және шектеу қажет. Көлікте баға белгілеуді бақылау нарықтық экономиканың қалыпты жұмыс істеуі үшін айрықша мәнге ие. Еркін баға жағдайында көлік тарифтерінің өсуі көлік кәсіпорындары жеткізетін тауарлардың, сондай-ақ көліктік қамтамасыз етуді талап ететін қызметтердің құнын барабар арттыруды туындатады.Сондықтан көлік тарифтерінің өсуі бағалардың жалпы өсуі мен инфляциялық процестердің дамуы факторларының бірі болып табылады.
4.Көлік кәсіпорындарын әділетсіз бәсекелестерден қорғауды қамтамасыз ету қажет. Көп жылдық әлемдік тәжірибе бір-бірімен бәсекелес көлік кәсіпорындарының өзара қарым-қатынасы олардың екі жақты келісімдерінің негізінде де, сот талқылаулары арқылы да, көлік нарығының практикасында басқаша да орын алып отырғанына қарамастан, реттелуі мүмкін еместігін көрсетеді. Көлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілетті ортада қалыпты жұмыс істеуі ойын ережелері (әртүрлі кәсіпорындар үшін қандай әрекеттерге рұқсат етіледі, қандай тарифтер қолданылуы мүмкін, клиентпен қарым-қатынас орнату керек және т.б.) және осы ережелерге сәйкестікті қадағалайтын органның болуы қажет. Мемлекет осындай функцияларды қабылдауы керек екені анық.
5.Қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі, көліктегі еңбек жағдайлары саласындағы бірыңғай нормаларды, стандарттар мен ережелерді, сондай-ақ бірыңғай техникалық стандарттарды белгілеу және бақылау қажет. Тек қана мемлекеттік органдар стандарттау, көлік қауіпсіздігін арттыру, көліктің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету, тиісті талаптар мен т. б. орындалуын бақылау саласындағы жұмысты қаржыландыра және ұйымдастыра алады.
Жоғарыда көрсетілген тізбені келесідей алғышарттармен кеңейтуге болады:
- дүлей апаттардың, авариялар мен апаттардың салдарын жоюдың тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық маңызы бар шұғыл экономикалық іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін көлік ресурстарын шоғырландыру қажеттігі туралы және т.б.
- көлік қызметінің халықаралық сипаты және тиісті халықаралық келісімдердің сақталуын бақылау қажеттілігі;
- көлік жүйелерін салу үшін жер тарту проблемаларын шешу қажеттілігі (мемлекеттік органдардың қатысуынсыз жиі мүмкін емес));
- барлық жағдайларда мемлекет бақылайтын елдің қорғаныс жүйесіндегі көліктің маңызды рөлі.
Осылайша, көлік қызметін мемлекеттік реттеу қолданыстағы экономикалық жүйенің ерекшеліктеріне қарамастан, объективті қажеттілік болып табылады.
Сондай-ақ қазіргі дағдарыстық жағдайларда, еліміздің көлік және тауар нарықтары әлі де теңдестірілмеген, көлік қызметінің әртүрлі түрлері теңдестірілмеген және көлік қызметін тұтынушылардың жекелеген топтарына қызмет көрсету мүмкін екенін, көлік нарығын мемлекеттік реттеу жүйесі жеткілікті қатаң әкімшілік тұтқаларды қамтуы тиіс.
Көлік қызметін реттеу жөніндегі кез келген шаралардың негізгі мақсаты, сайып келгенде, көлемі жағынан жеткілікті және сапасы жағынан қанағаттанарлық көліктік қызмет көрсетуді өнеркәсіптік тұтынушылардың барлық топтарын және халықты қамтамасыз ету болуы тиіс.Сондықтан реттеуші органдар мен жергілікті билік органдарының көлік кәсіпорындарының қызметін шектеуге бағытталған немесе оларға бірдеңе ұйғаратын кез келген іс-әрекеттері тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталуы тиіс.
Мұнда Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы саласындағы мемлекеттің миссиясы айқындалған,ол қауіпсіз және сапалы көлік қызметтеріне қол жеткізу және еліміздің географиялық ерекшеліктерін оның бәсекелестік артықшылығына айналдыру арқылы экономикалық өсуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесуден тұрады.
Осы миссияны іске асыруға келесі стратегиялық мақсаттар бағытталған:
1.Экономикадағы көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, дамыған және тиімді көлік инфрақұрылымын дамыту.
Бұл мақсатқа қол жеткізу экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды, Ресей өңірлері арасындағы байланыстарды нығайтуды, экономиканың басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыруды (ең алдымен, Ресей өнімінің түпкілікті құнындағы көлік шығындарының деңгейін төмендету есебінен), халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділік деңгейіне тікелей әсер ететін кәсіпкерлік және іскерлік белсенділіктің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.Халық үшін көлік кешені қызметтерінің қолжетімділігін арттыру. Осы мақсатқа қол жеткізу халықтың жүріп-тұру жөніндегі өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруды, қуаттар тапшылығының жоқтығын, көлік инфрақұрылымының жоғары өткізу қабілеті мен техникалық жарақтандырылуын, қазіргі бар аумақтарды дамытуға және жаңа аумақтарды игеруге арналған шектеулерді жоюды, сондай-ақ көліктің әлеуметтік маңызы бар қызметтерінің бағалық қолжетімділігін арттыруды білдіреді.
3. Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің транзиттік әлеуетін іске асыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу елімізде әлемдік деңгейдегі көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының әлемдік көлік жүйесіне табысты кірігуі үшін берік негіз құруды және көлік қызметтерінің экспортын ел табысының ең ірі көздерінің біріне айналдыруды білдіреді.
4.Көлік жүйесінің кешенді қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру.Осы мақсатқа қол жеткізу авариялық-құтқару қызметтерінің, Азаматтық қорғаныстың, арнайы қызметтер бөлімшелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және жұмылдыру дайындығының деңгейін арттыруға және осылайша жалпыұлттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейі мен террористік тәуекелдерді азайту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
5.Инвестициялық ахуалды жақсарту және көлік кешенінде нарықтық қатынастарды дамыту.Осы мақсатқа қол жеткізу тиісті түрде дайындалған жобалар мен қаржы капиталын көлік секторына қайта бөлу тетіктерінің болуын, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің заңнамалық базасының болуын, оның ішінде концессиялық схема бойынша "салдым-пайдаланды-берді" қағидаты бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің заңнамалық базасының болуын, көлік объектілерін дамыту жөніндегі мемлекет жоспарларының айқындылығы мен орнықтылығын білдіреді.
Сондай-ақ, көлікті басқарудағы мемлекеттің жауапкершілік салалары анықталды:
oo көлік қызметінің құқықтық негіздерін жетілдіру;
oo қорғаныс және жұмылдыру сипатындағы міндеттерді шешу;
oo көліктегі қауіпсіздікті және терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
oo тірек көлік инфрақұрылымын дамытудың өндірістік күштерді дамытуға сәйкестігін қамтамасыз ету;
oo тірек көлік инфрақұрылымының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету, оны жаңарту үшін тұрақты инвестициялар көздерін айқындау;
oo көлік процестері қауіпсіздігінің және көліктің қоршаған ортаға әсерінің стандарттарын әзірлеу және орындалуын бақылау, оның ішінде - көлік құралдары мен жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
oo әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және кадрлық әлеуетті дамыту;
oo көлікте құрылымдық өзгерістер жүргізу;
oo бәсекелестік қағидаларын және инфрақұрылымға кемсітусіз қол жеткізу шарттарын әзірлеу және бақылау;
oo жолаушылар мен жүктерді тасымалдау процестерінде құқықтық және әкімшілік кедергілердің туындауын, сондай-ақ оларға ілеспе қызметтер көрсетуді жою және болдырмау;
oo бәсекелестік қағидаларын және инфрақұрылымға кемсітусіз қол жеткізу шарттарын әзірлеу және бақылау;
oo көліктегі тиімді тарифтік-баға саясатын әзірлеу және іске асыру;
oo халықтың барлық жіктері мен ел аймақтары үшін көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Нарық осындай қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда пайдаланушыларды немесе операторларды мақсатты қолдау;
oo көлік кешенінде бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру, бақылау органдарын күшейту, олардың жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне, оның ішінде посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер шеңберінде интеграциялануын қамтамасыз ету.
Мемлекет қажетті өзгерістерді ынталандыратын және қолдайтын салалар:
oo көлік инфрақұрылымындағы тар орындарды және жетіспейтін буындарды жою үшін аса маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру, көлік секторына инвестициялардың ағынын қамтамасыз ету;
oo көлік қызметтері нарығында бәсекелестікті дамыту;
oo басқа да қызметтер есебінен бір қызмет түрлерін тоғыспалы субсидиялауды тоқтату;
oo көліктегі инновациялар, жүк пен жолаушылар тасымалының неғұрлым тиімді технологияларын енгізу;
oo Көлік қызметтерінің экспортын дамыту және көлік қызметтерінің халықаралық рыноктарында отандық көлік операторлары үшін қолайлы жағдайлар жасау;
oo табысы төмен халық, мүгедектер, зейнеткерлер, оқушылар үшін Көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру;
oo көліктегі әлеуметтік әріптестікті дамыту;
oo мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді қамтамасыз ету мүддесінде көлік жүйесін дамыту.
Көліктің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет жауапкершілігінің маңызды саласы болып табылады.
Автомобильдердің, өзен және әуе кемелерінің үй шаруашылықтарының жеке қажеттіліктері мен мұқтаждықтары үшін қол жетімділігін едәуір арттыру және оларды пайдалануды кеңейту, ең алдымен, көлік құралдарын коммерциялық емес пайдалану саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған реттеу мен бақылаудың барабар нысандарын дамытуды көздейді.
Осыған байланысты елді автомобильдеу процесін жүйелі реттеу маңызды міндет болып табылады.
Республикалық деңгейде көлікті басқарудың федералдық, өңірлік және жергілікті органдары арасындағы жүргізу және өкілеттілік заттарын шектеу шеңберінде:
көлік түрлерінің қызметін реттейтін жарғылар мен кодекстер, федералдық заңдар қабылданады;
көлік процесінің қауіпсіздігі мен экологиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар белгіленеді;
тірек көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша қағидатты шешімдер қабылдануда;
көлік саласындағы халықаралық интеграцияға байланысты мәселелер шешіледі, халықаралық тасымалдарды реттеу жүзеге асырылады, халықаралық келісімдер шеңберінде Қаазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру қамтамасыз етіледі;
өңіраралық тасымалдарға қатысты нормативтік құқықтық актілер қабылданады және оларды реттеу жүзеге асырылады.
көлік мүлкін Қазақстан Республикасының билік органдары, ҚР-ның субъектілерінің билік органдары және муниципалдық құрылымдар арасында оларға бекітілген жария функциялар мен өкілеттіктерді ескере отырып қайта бөлу жүзеге асырылады.

2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Көлік қызметтерін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері

Қазіргі Қазақстанның ұлтық алғышартардың бірі болып тұтас және тиімді іс-әрекет жасайтын жүйені, яғни көлікті-транзиттік жүйені қалыптастыру болып саналады. Заманауы жағдайда мемлекет басшылығы осы мәселеге ерекше назар аударуда, ол заңдылық болып саналады, ескеретін жағдайдың бірі болып, транзиті мүмкіндіктер - әр түрлі территориялар арасындағы халықаралық көліктік ағымдарды қамтамасыз ету мен қолдау бойынша мемлекеттің орындау шамасының қуатты құралы ретінде қарастырылады. Осы мәселеге аударылған назар, бірлескен халықаралық әлеуметік-экономикаға бағытталған, өз халқының дәулеттілігін қамтамасыз ететін мемлекет ретінде Қазақстан дамуының басымды мақсаты болып саналады. Қызметтің маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып трансконтиненталдық дәліз тиімділігін артыру. Осындағы, Қазақстан арқылы өтетін жүктерді тасымалдаудың көлемі 2017 жылы 17 % артты (17 миллион тонна). Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін тасымалдаудан түскен табысты 5 миллиард долларға дейін арттыру бойынша міндетерді қойған болатын [1].
Әлемдік экономикада жүргізіліп жатқан жаһанданудың дамуы ұлттық экономикалардың ашықтылығынан, олардың халықаралық тауаралмасуда қатысулары және отандық көліктер жүйелері транзитік ағымдарға қызмет көрсету бойынша Қазақстанның аймақтары мен территориялар ролінің нығаюы себептес болып отыр.
Қазіргі уақытта мемлекеттің транзиттік потенциалы Орталық Еуразиядағы көлікті-логистикалық хаб қызметі арқылы жүзеге асырылуда. Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәліз аумағының құрылысы толықтай аяқталып, Қазақстан территориясындағы ұзақтылығы 2857 км. құрайды. Желімен бес областың 240 елді мекеніндегі жалпы адам саны 5,5 млн. адам қамтылған. Экономиканың дамуы үшін нәтижені ұлғайту үшін: аймақтар арасында жүктітасымалдаудың көлемі 2,5 есе, транзиті автотасымалдау көлемі 3 есе артады. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жобаны жүзеге асырудан орташа жылдық экономикалық пайда 180 млрд. теңге шамасында болды және ол көрсеткіш жылдан жылға артады [2].
Қазақстанда транзитті тасымалдауды ескере отырып көлікті жүйе дамуының маңыздылығын ескертпей отыру дұрыс емес, себебі көлікті-логистикалық сала республика экономикасында негізгі құрамдас бөлімдерді бірі болып саналады, ол көптеген қарым-қатынастардың зор көлемін қамтиды және байланыстырады, соның ішінде, тауарларды өндіру, бөлу және ауыстыру бойынша және жалпы мемлекеттің тұрақты дамуына жағдай жасайды. Халықаралық көлік құқығы бойынша мамандар бұл жайылы ойлары келесідей, яғни көлік құралдары, коммуникацияны белсенді орындау және халықаралық тауарағымдары деңгейін арттыру жағдайында транзит институның маңыздылығы мен ролі жоғарылайды [3, 244 б.]. Бұл мәселе өзекті, себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік саласы қызметтерін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
ҚР-дағы инженерлік инфрақұрылымдарды жетілдіру
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Көлік кешенін муниципалды басқару
Пәндер