Мемлекеттік қызмет теориялары
Мемлекетік қызмет, мемлекеттік қызметшілер: теориясы, шет елдік тәжірибе
Мемлекеттік қызмет теориялары
Мемлекеттік қызметтің дүние жүзі тарихы бірнеше ғасырларды қамтиды және оның құрылуы мемлекеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекет пен қоғамның өзара қатынасын жетілдіру - кез келген қоғамның дамуына, халықтың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, қуатты мемлекеттердің тууына себеп болған.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет кез келген мемлекеттің негізгі элементі болып қана қоймай, сондай-ақ қоғамның саяси тұрақтылығының көзі болып табылады. Мемлекеттік қызмет - адам өміріне қажетті алуан түрлі салаларын жан-жақты қамтыған ең маңызды әлеуметтік институттардың біріне айналып отыр. Бұл үдеріске негіз болған басты мәселе - егемендікке ие болған мемлекетіміздің әлем сахнасында нығаюы, нарықтық экономика құрылымына сай кәсіби мемлекеттік аппараттың құрылуы.
Мемлекеттік қызметтің ең басты мақсаты - мемлекеттің мақсаттары мен функцияларын іс жүзінде жүзеге асыру болғандықтан, мемлекеттік қызметтің мәнін ашу үшін ең алдымен - мемлекет және мемлекет жүзеге асыратын басқару ұғымына тоқталған жөн. Мемлекет түсінігін анықтау барысында әр адамның бірдей қоғамдық құбылыстарды ерекше қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті тұсын да ескеру қажет. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретінде мемлекеттің күрделілігі, көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау нұсқасының көптігі жөнінде болып отыр. Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: мемлекет терминімен түрлі формадағы құбылыстар анықталатындықтан, мемлекет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар одан сайын күрделене түседі деп атап өтеді [1; 4].
Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең мағынада да, тар мағынада да қолданылады. Кең мағынада мемлекет - қоғам немесе оның қандай да бір ерекше нысаны. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субьектілері, ұлттар, белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін өзіндік басқару аппараты бар, , қоғамның өкілі бола тұра, оны басқарып, дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-егеменді ұйымы[2; 8].
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық құбылыстар.
Кез-келген қоғамның ортақ қоғамдық мәселелері, өз өмірін қамтамасыз етудегі және қорғаудағы ортақ қызығушылықтары мен қажеттіліктері бар. Платон мен Аристотельдің айтуынша полис (қала-мемлекет) сөзінен түбірлес политика - ортақ іс, бірге өмір сүру өнері (Платон), полиция - полистегі ішкі істерді басқару сөздері шыққан. Сол кезеңде азаматтың және мемлекеттің құқықтарын, жауапкершіліктерін, мәртебесін анықтайтын жеке адам мен қоғамның және биліктің құқықтық қарым-қатынастың әдісі ретінде азаматтық институт пайда болды. Мемлекет сөзі (ағылшын state, немісше staat, француз état) XVІ ғасырдан бастап, қоғамның мәртебесі мағынасында, stato (Макиавелли) формасында қолданылды [3; 47-48].
Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогресстің жаңаруы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономкалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп, қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.
Сонымен, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
қосымша өнімнің пайда болуы;
жеке меншіктің қалыптасуы;
таптар мен топтар арасында күресті басталуы;
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
[Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық: Нұр-пресс - Алматы, 2005-296 бет. 15-16 беттер]
Жоғарыда аталған объективтік заңдардың негізінде, мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы екендігін байқауға болады. В.И. Лениннің анықтамасы бойынша: "Мемлекет дегеніміз - келісімге келмейтін таптық қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі".[Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Алматы: "HAS" баспа компаниясы, 2003. - 328 бет. 24 бет]
Дегенмен, кез-келген қоғамдық құрылымды немесе қоғамдық институтты мемлекет деп атай алмаймыз. Мысал ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстың құрылуына негіз жасаған - қауым-руларды, тайпаларды мемлекет тарапына жатқызуға болмайды. Өйткені, ондай қауымдық құрылыстарда орталық биліктік аппарат жоқ, қауымдық құрылыстың өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай салық жүйесі жоқ.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен ажырататын төмендегідей айырмашылықтары болады:
Аумақтық бөлініс. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру, басқару.
Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер. Бұл аппарат үстемдік топтың мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптсты.
Егемендік. Бұл - мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады [3; 9].
Мемлекет - тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады. Мемлекеттің функциясын талдау оның мәнін тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп басқару функциясы. Қазіргі заманда көп мемлекеттерде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі [5; 62-63].
Мемлекеттің ішкі функциялары қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық сфераларында көрінеді. Мысалға, мемлекеттің әр түрлі даму сатысында экономика сферасындағы функциялары: түнгі күзетші (экономикалық өмірге араласпаушылық), әлеуметтік реттеу рөлі, шаруашылық ұйымдастырушылық, еңбек пен тұтыну мөлшерін айқындау, жоспарлы-бағдарламалық болуы мүмкін.
Сыртқы функциялар - сыртқы қауіптен қорғау, басқа мемлекеттермен ынтымақтастық орнату, геосаяси қызығушылықтарды қамтамасыз ету және т.б. Ішкі функция секілді бұл да қоғамды ұйымдастыруды білдіреді, алайда, ол ішке емес, сыртқы ортаға бағытталған [6; 52].
Сонымен, мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі екендігі анықталды. Ал енді басқару ұғымына толығырақ тоқталып өтейік.
Мемлекет те қоғамдық, әлеуметтік институттар секілді басқаруды талап етеді. Мемлекеттік билік, оның тармақтары басқару теориясымен тығыз байланысты. Мемлекеттік басқару теориясын жетілдірмей жатып, мемлекттік билік тармақтарынан тиімді түрде жүзеге асатын өзара әрекеттестік тетіктерін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан, билік тармақтарының өзара әрекеттестік тетіктерін мемлекеттік басқару жүйесінде қарастырған жөн.
Жалпы басқару дегеніміз - ол субъектінің (мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар) объектіге (қоғам, әлеуметтік институттар) қатысты мақсатты ықпал ету процесін айтады. Басқару кең мағынада - бұл ұйымды жоспарлау процесінің мотивациясы мен бақылау, бұлар ұйымның қалыптасуына және мақсаттарына жету үшін керек болып саналады.
Басқару (латын тілінде regere; ағылшын тілінде control, management; француз тілінде admіnіstratіon; неміс тілінде Regіerung) осы түсініктің тікелей мағынасында қандай да бір өзара байланыстар, қатынастар, құбылыстар мен процестерде адамның әрекеті мен жігері, мақсаты мен еркі, мүдделері мен білімі, саналы бастауы қатысқан кезден басталады. Осыдан келіп, басқару мақсатты көздеуші (саналы, алдын ала ниет ету) адамдардың өзінің қоғамдық, ұжымдық және топтық өмірі мен қызметіне ұйымдастырушы және реттеуші ықпал етуін білдіреді, ол тікелей (өзін-өзі басқару формасында) және арнайы құрылған құрылымдар (мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, партиялар, фирмалар, кооперативтер, кәсіпорындар, ассоциациялар, одақтар және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқару теориясының негізін қалыптастырушылар ретінде АҚШ Президенті болған В.Вильсонды, Ф.Гундауды және М.Веберді айтады. В.Вильсон тәжірибеші ретінде мемлекеттік басқару теориясының құқықтану және саясаттану ғылымдарынан бөлек тұратынын дәлелдеді.
Басқару - адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару - бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д.Н. Бобрышев басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі - бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады. [14 Бобрышев Д.Н. Основные категории теории управления. М. 1988-189 бет] (Менеджмент негіздері Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж: - Ақтөбе-Орал, А-Полиграфия, 2005-519бет.)
Осы анықтамалардан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттілігін көрсетеді.
Басқару мен билік өзара байланысты, сондықтан билікте саяси аспектілер айқын көзге түсіп тұр, ол құндылықтарды бөлу мен қоғамдық процестерді ретке келтірудегі басқарудың мүмкіндіктерін сипаттайды.
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Осыдан келе, басқару құқықпен тығыз байланыста өзара әрекетте болатыны және көп жағдайда құқықтық формаға ие болатыны байқалады. Басқарудың құқықтық аспектілері басқару практикасы үшін негіз болып табылады, өйткені оларды білмеу басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді жоққа шығарады.
Ал құқықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол берілмейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса. [Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Алматы: "HAS" баспа компаниясы, 2003. - 328 бет. 24 бет] Мемлекеттік басқаруда оның басқарушылық ықпалы мемлекеттік билікке сүйенеді, онымен нығаяды және қамтамасыз етіледі. Бұл жай тілек білдіру, ниет ету, үдеу, жақсы ойлар мен сезімдер емес, ол күштеп қысым көрсету болып табылады, ол басқаруда алға қойған мақсаттар, ондағы ұйымдастырушылық импульстер мен ол белгілеген реттеуші нормалар сөзсіз жүзеге асырылып, орындалуы тиіс. [7; 7-8].
Құқықтық мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялық мемлекет.
Осыдан шығатыны, мемлекеттік басқару дегеніміз - белгілі бір аумақта еркін бірігуі арқылы өмір сүретін қоғамға арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, тәуелсіз ұйымның жүйелі ықпал етуі.
Мемлекетті басқару жүйесін рационалды құру қоғамның саяси ұйымдасуының маңызды мәселелерінің бірі. Белгілі француз ғалымы М.Дюврже қоғамды әр уақытта өзгерісте тұратын күрделі әлеуметтік-биологиялық организммен салыстыра отырып, басқару процесін дәрігердің тәжірибесі мен біліктілігінен адамның өмірі байланысты деген салыстырмалы пайымдауымен келісуге болады. [Идривоса Ә.Ш. Мемлекеттік қызмет - Қазақстанның саяси жаңаруының институты ретінде - 128 бет. 43 бет]
Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі - сан қирлы құбылыс. О,ан адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдыр да жатады., олар барлығы біріге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды.
Мемлекеттік басқару аясын зерттейтін ғалымдар мемлекеттік басқару түсінігімен байланысты көптеген пікірлерді ұстанады. Кейбір көзқарастырға тоқталып өтейік. В.А.Козбаненко, мемлекеттік басқаруды саяси ұйымдастырылған цивилизацияның әлеуметтік феномені, ал басқару - әлеуметтік маңызды нәтижелерге жету үшін басқару субъектісі мен объектісінің мақсатты бағытталған өзара әрекеттестікті қалыптастыру процесі ретінде қарастырады (Государственное управление: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz