Т. Рысқұлов - Түркістан Республикасының егемендігі жолындағы саяси күрескері


Т. Рысқұлов -Түркістан Республикасының шынайы, саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саяси күрескер болды.
Т. Рысқұловтың Түркістан Республикасында беделі жоғары қызметкер ретінде танылуы белгілі дәрежеде мұсылмандық бюроны (Мұсбюро) құрып, оған басшылық жасауына байланысты болды.
Мұсылман бюросы 1919 жылдың 14-31 наурызында Ташкент қаласында болған ТКП-ның ІІ конференциясында құрылды. Мұсбюроға Т. Рысқұлов басшылық еткен болатын. Мұсбюроның құрылуына Тұрар Рысқұлов тікелей ықпал еткен тұлға болды.
Т. Рысқұлов 1919 жылы 6 сәуірде өткен Өлкелік комитет бюросында Мұсбюроның мақсаты мен атқаратын қызметтерін айқындап берді. Мәжіліс Тұрардың ұсынысын талқылай келе мынандай шешім қабылдайды; «Мұсбюро партияның өлкелік комитетінің қосалқы ұғымы болып табылады және мынандай міндеттерді орындайды; 1. «Иштракун» газетіне басшылық ету, 2. Ұлт істер Халық Комиссариатының үгіт-ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасау, 3. Түпнұсқалық және насихаттық әдебиеттерді аудару, 4. Алдын-ала жалпы партиялық жұмыс мәселелерін сараптау және мұсылман, жұмысшы-шаруалар арасындағы жұмыстар жөнінде өлкелік комитетінің талқылауына енгізетін мәселелерді ұйымдастыру, 5. Жұмысшы- мұсылмандардан партия мен кеңес жұмыстарына қайраткелер даярлау және оларды мемлекет ісіне тарту. [29. 128] .
Т. Рысқұловтың тікелей басшылығымен республиканың барлық облыстары мен уездерінде, қалаларында Мұсбюроның жергілікті ұйымдары құрыла бастады. Мұсбюроның жеті бөлімшесі құрылып, оның құрамына жұмысшылар, диқандар, қолқөнершілер тартылды.
Ұлттық езушілік пен алауыздықты жою мақсатында Түрікатком 1919 жылы 29 сәуірде комиссия тағайындап, оның құрамын бекітті. Комиссия құрамында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы К. С. Сорокин, Мұсбюро төрағасы Т. Рысқұлов, Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының, Түрікатком төралқасының және өлкелік партия комитетінің бірнеше өкілдері кірді. 1919 жылдың көктемінде Түркістан Республикасының Ферғана облысында кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен толқулар орын ала бастады. 1919 жылы 23 сәуірде өткен РКП-нің өлкелік комитеті мен Мұсбюро мүшелерінің бірлескен мәжілісінде Ферғана облысының саяси-әлеуметтік жағдайы талқыланды. Өлкелік бюро Ферғанадағы бүліктің шығуының басты себептерінің бірі ұлттық алауыздықта деп көрсетіп, басшыларға батыл тойтарыс беру қажет деп шешеді. [26. 164] . Ферғана облысындағы жағдайды талқылау үшін шақырылған Түрікаткомның мәжілісі осы мәселе бойынша Т. Рысқұлов дайындаған қаулы жобасын қабылдайды. Онда Ерғаш, Мадикбек, Махкаш және Хал-Қожа басқарған жасақтарда жүрген еңбекші мұсылмандар қаруларын тастап, Кеңес өкіметі жағына шығып, бейбіт еңбекке араласуға шақырады. Осындай жағдайда оларға кешірім жасалатыны және олардың бүлгінен шаруашылықтарын қалпына келтіру үшін материалдық көмек көрсететіні айтылады. [26. 22-23] .
Бұл комиссия алдында жергілікті ұйымдардың қызметін қадағалау және тексеру, қажет кезде жергілікті кеңестер мен мемлекеттік ұйымдарды тарату, қызмет бабында қылмысты болған кеңес және партия қызметкерлерін тұтқындау, революцияялық трибуналға немесе әскери-дала соттарына тарту және т. б мәселелер тұрды. [1. 81] .
1919 жылы 2 мамырда Түркістан өлкелік комитетінің ұсынысымен ХКК-нің төрағасы К. С. Сорокин мен Түркістан ОАК-нің төрағасы Т. Рысқұлов Ферғанаға келіп, көтерілістің шығуына себеп болған жағдайларды тексеріп, бұл істің шығуына Қызыл армия мен билік басындағы шовинистік пиғылдағы адамдардың кінәлі екендігін анықтады.
Ферғанаға барған төтенше комиссия бірнеше шешімдер қабылдап, оларды жүзеге асыру барысын әр мәжілістерде талқылады. Төтенше комиссияның атқарған қызметтерінің нәтижесінде Ферғана облысындағы басмашылармен күресті жою және олардың қару-жарақтарын тәркілеу туралы жоспар қабылданып, барлық уездерге ревкомның атынан тез арада Түркістан ОАК-нің бассыздықтарға қатысқандарға кешірім жариялағндығы турасындағы бұйрығын жеткізетін өкілдер жіберу, осы бұйрықтардың бәрін халық көп жиналатын жерлерге жапсыру, әсіресе Әндіжанда қамауда отырғандарды, қару - жарақтарын, тапсырту мақсатында үш күннен кейін, « Улема»-ның мүшелерінен бес топтың делегациясын Ізбаскет, Базарқорған, Жалал-Абадқа жіберу мәселелері қойылды. Бұл жерде үш адамнан тұратын бес делегация топтарының мақсатымен міндеттері белгіленді. Оған біріншіден, армяндардың «Дашнакцутюн» партиясын қарусыздандыру, екіншіден үкімет басындағы биліктегі қан-төгіске себепші болғандарды қамауға алу, үшіншіден, қару-жарақтарын тапсырмаған және үкімет талаптарына бағынбаған жағдайда одан әрі не шара қолдану қажеттігін ойластыру қойылды. [25. 172-173] .
1919 жылы 1-15 маусым аралығында ТКП-нің өлкелік ІІІ сьезі болады. «Ферғана мәселесі бойынша сөз алған Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы К. С. Сорокин елдегі орын алып отырған, қиын жағдайларға тоқтала келіп; «Орыс халқы бар қалалы жерлерде болмаса Ферғанада кеңес үкіметі жоқ. Мұсылман ауылдарында да кеңес үкіметі орнамаған. Бұл жерлерде әлі де Николай кезіндегі ескі тәртіп үстемдік» етеді дейді. Ол өз баяндамасында мұсылман өкілдерінің басшылық жұмысқа тартылмай, керісінше өткізілетін мәжіліс не жиналыстарға қатыстырылмай шектелуі, ауылдық жерлерде әскелер қарақшылық пен айналысып халықтың қолында барларын тартып алып, қарсылық көрсеткендерді өлтіру сияқты фактілердің орын алып отырғандарын да атап өтіп, « осының бәріне кінәлі партиялық басшылықтың болмауы» деп көрсетеді. [25. 178-186] .
Осы ІІІ сьезде Т. Рысқұловтың беделі көтеріліп, сьезд делегаттары оны Түркістан Комунистік партиясы Өлкелік Комитетінің құрамына сайлайды.
1919 жылы қыркүйекте Түркістан Республикасындағы жағдайларды тексеру үшін құрамында Ш. Э. Элива, Ф. И. Голощекин, Я. Э. Рудзутак, В. В. Куйбышев және т. б мүшелері бар Түріккомиссия құрылып, олар 4-ші қарашада Ташкентке келеді. Өлкедегі әдеуметтік және ұлттық топтардың өзара қатынастарын айқындай отырып, Түріккомиссия Т. Рысқұлов басқараған Мұсбюроның жұмысына қолдау білдіреді.
Т. Рысқұлов бағыттап отырған Мұсбюро тәуелсіздік жолында және байырғы халықты өзін-өзі билеуге тартуда жақсы жұмыстар атқарды.
1920 жылы 21 қаңтарда Түріккомиссияның қолдауымен Тұрар Рысқұлов Түркістан Орталық Комитетінің төрағасы болып сайланды. Міне осы кезде Т. Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік республикасын құру» идеясын ұсынады. Тұрардың бұл идеяны ұсынуына біріншіден, Түркістан кеңестік автономиялық республика болып жарияланып, өз конституциясын қабылдаса да жергілікті тұрғындар арасында отаршыл теңсіздіктің сақталуы, екіншіден мемлекеттік билік орындарына мұсылман ұлт өкілдерінің тартылуына шек қойылуы, үшіншіден, коммунистердің Түркістан автономиялық республиксын отар елге айналдырып, Шығыс халықтарының арасында антиимпералистік қозғалысты өрістеуге әрекет етуі себеп болды.
1920 жылы 17 және 20 қаңтарда болған ТКП, Өлкелік мұсбюро және Түрккомиссиясының біріккен мәжілісінде Т. Рысқұловтың бұл идеясы талқыланып, «Түркістан автономиясы» турасында тезис қабылданады. Түріккомиссия мүшелері ұлттық Түркістан автономиясын құру идеясына қарсы келген жоқ. Алайда, 1920 жылы ақпан айында Түріккомиссиясында болған М. В. Фрунзенің Ташкентке келуі олардың Т. Рысқұловтың ұснысына деген көзқарастарын өзгертті. М. Фрунзенің ұсынысмен Түріккомиссия Түркістандағы мемлекттік құрылыс бұрынғысынша автономиялық республика есебінде РКФСР-дің құрамында қалу керек деп түйіндеді.
1921 жылы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов ОАК-нің төрағасы болып сайлады.
Тұрардың ұлттық-мемлекеттік құрылыс жөніндегі көзқарасы Түркістан Республикасы мен ТКП құру туралы шешім қабылдаған Мұсбюроның ІІІ Өлкелік конференциясында да қызу айтыс-тартысқа түсіп, конференцияға қатысушылардың да қолдауына ие болды. Осылайша ол Түркістан Республикасында түбірлі айырмашылығы бар жаңа ұлт саясатын жүргізу үшін белсене кірісті.
Түрікатком төрағасы болып сайланағаннан кейін, Т. Рысқұлов бұл органды- Түркістанның тарихи-обьективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс жасайтын органға айналдыру үшін оның жұмыс тәсілі мен ішкі құрылымына үлкен өзгерістер енгізе бастайды. Бұл кезде Түрікатком заң шығарушы және атқарушы органға айналған еді, бұл жағдай оны өз мүмкіндігінен анағұрлым кең ауқымда жұмыс атқаруға мәжбүр етті. Түрікатком барлық кеңес ұйымдарының, ревкомдардың, атқару комитеттерінің жұмыстарын ұйымдастыру мен қатар, шаруашылық мекемелері мен комиссариаттардың жұмысын да үйлестіріп отыруға міндетті болды.
Т. Рысқұловтың басшылығымен Түрікаткомның түбірлі жаңа саясат ұстана бастағанынан қауіптенген Түріккомиссия оған астыртын тосқауыл қоюға көшеді. 1920 жылы 18 ақпанда Өлкелік партия комитеті, Түрікатком, Түріккомиссия және республиканың бірнеше комиссариаттарының басшылары қатынасқан мәжілісте Түріккомиссияның Түркістан майданы жанындағы Ерекше бөлім мен Түркістан Республикасының Төтенше Комиссиясын біріктіру туралы ұсынысы талқыланды. Ерекше бөлім Түркістан майданы басқармасы арқылы тікелей Мәскеуге, ал Төтенше Комиссия Түрікаткомға бағынатын, сондықтан Түріккомиссия Төтенше Комиссия сынды репрессиялық органды Ерекше бөліммен біріктіру арқылы оны Түрікатком құзырынан шығарып алуға әректтенеді. Т. Рысқұлов мұндай айлалы әрекетке қатты қарсылық білдірді. Тұрар Рысқұлов Түрікаткомның беделін көтеріп, оны республикадағы ең жоғарғы саяси мекеме дәрежесіне жеткізу үшін бар мүмкінкіндіктерді пайдаланып әрекет етті. Осы мақсатта шақырылған Түрікатком пленумы ірі саяси оқиға болды. 1920 жылы 11 наурызда Түрікатком пленумын аша отырып, Т. Рысқұлов былай дейді; «жергілікті халықтың өміріне қатысты белгілі бір декретті жүзеге асыру кезінде олардың жалпы тұрмысының ерекшеліктерін ескеру қажет, сондай-ақ біздің коммунистік принциптеріміз шариғат принциптеріне қайшы келмейтін тұста оны тап шариғатқа негіздей отырып халыққа неғұрлым түсінікті үйреншікті түрде қабылдау керек» [1] . Оның негізгі тұрғындары ислам дінін ұстанып, шариғат заңы бойынша өмір сүріп жатқан республикада діни ерекшеліктерді ескеріп, коммунизм принциптерін шариғат заңымен ымыраластыру қажет деген пікірі дұрыс еді.
Түрікаткомның заңды талаптарымен есептеспеу кең түрде бел алып бара жатуына байланысты Т. Рысқұлов 1920 жылы 19 сәуірде Түрікаткомның билігіне бойсұнғысы келмеген жергілікті өкімет орындары мен үкімет мекемелерін революциялық уақыттың қатаң талабына сай заң алдында жазалатындығы туралы ескертті. Т. Рысқұлов республикада тәртіппен реттілікті орнату үшін билік басындағы партияның құрамында тазалау жүргізу қажеттігін ұсынды.
Т. Рысқұлов республикадағы оқу-ағарту, көпшілік мәдени шараларына да көңіл ауударып, бұл салалардағы мекемелердің қалыптасып, тұрақты да жемісті жұмыс жасауына қолғабыс жасап отырды.
1920 жылы 20 наурызда Т. Рысқұлов Түрікаткомның арнайы мәжілісін шақырып, 22 наурыздағы бүкілхалықтық мереке- «Наурыз» күні деп жариялау туралы өзі даярлаған бұйрықты қабылдауға ұсынады. 22 наурыз Түркістан Республикасының күн тізбегінде демалыс күн деп белгіленеді.
Кең көлемде оқу-ағарту, мәдени жұмыстарды өрістету үшін маман кадрлар даярлау ісі шұғыл қолға алына бастады. Т. Рысқұлов істі тез өрістету мақсатымен қатаң әкімшілік шаралар қолдануға да мәжбүр болды. Ол 1920 жылы 22 сәуірде жіберген бұйрығында; Түркістан Республикасының территориясында тұратын, жасы 16-ға толған қалалық училищелердің, орыс-түземдік мектептердің, медреселердің курстарын бітірген барлық сауатты қазақ азаматтарын қысқа мерзімді уездік-қалалық және өлкелік педагогикалық курстарға түсуі үшін 10 мамырдан кешікпей Ташкент не Шымкент қалаларына жеткізуді тапсырады. Бұл бұйрыққа бағынғысы келмеген мұғалімдерді куәліктерінен айырып, жауапқа тарту туралы ескертіледі.
Т. Рысқұлов Түрікатком төрағасы болып сайлағаннан кейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің зардаптарын жою, босқындарды туған өлкесіне қайтару жұмыстарын өте жоғары деңгейге жеткізді.
Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады.
Ол Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінде қызмет атқара жүріп, бүкіл федерациялық істерге белсене араласты. Әсіресе, КСРО-ның құрылуына байланысты процестерге ерекше жігерімен ат салысты. 1923 жылы 10 наурызда ТКП Орталық Комитетінің пленумы КСРО Конститиуциясының жобасы туралы мәселені талқылап, құрамында; Т. Рысқұловтан басқа В. И. Соловьев, Киселев, Н. Айтықов бар арнайы комиссия тағайындалды. Т. Рысқұлов кабинет қызметкері емес болатын. Ол халық шаруашылығын тексеру және ұйымдастыру үшін республиканың түрліше аудандарына жол сапармен шығып аралап отырды. 1923 жылы қаңтар айының екінші жартысында Т. Рысқұлов ТКП Орталық Комитетінің жауапты хатшысы М. С. Эпштейнмен бірге Сырдария және Жетісу облыстарын аралады. 1926 жылы наурызда Т. Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б) комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен « Еңбекші қазақ» газетінің жаупты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітіледі. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түріксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 5 жылда аяқтаудың орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей тмен шет ел орындарында көптеп оқытуға көңіл бөлді.
Т. Рысқұлов тек Түркістан Сібір темір жолын салуға белсене араласып қана қоймай, сонымен бірге Қарағанды көміңр бассейнін, Балқаш мыс қорыту, Семей консерві комбинаттарын, Шымкент қорғасын зауытын салу ісіне жан-жақты көмек көмек көрсетіп, қамқарлық жасады. Сол кеңестік Қазақсатанды индурстрияландыру ісіне өзіндік үлесін қосты.
25 жасында Түрікаткомның жергілікті халықтан шыққан тұңғыш төрағасы ретінде республиканың саяси және мемлекттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. ; 26-27 жасында РКФСР Ұлт Істері жөнінде халық комиссариатының төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. Комиссариатта жүріп бүкіл елдегі жоғарғы оқу орындары жүйесіне басшылық жасады. 27-28 қараған шағында Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал, Түркістаннан біржолата кетіп 1924 жылы күзде Коминтеріннің өкілі етіп Монғолияға жіберілген кезінде ол әлі отызға да толмаған еді. Моңғолиядан келген архив мамандары, үлкен басшылар қазір Моңғолияның ата-заңының авторларының бірі ретінде Тұрар Рысқұловты атауда. Ол онда Моңғол Халық Респуб ликасының аяғынан нық тұрған мемлекет ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор ( Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz