Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллина атындағы

Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Педагогика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Орындаған: КЖ және КО51тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: П Е К. Омарова Е. Т.

аға оқытушы: Есекешова М. Д.

Астана - 2008

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

1 - тарау

Экономика сабақтарында технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.

1. 1. Танымдық белсенділікті арттыру - жеке тұлға - қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты . . . 8-25

1. 2. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары . . . 26-41

Тарау 2.

Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік аспектісі.

2. 1. Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған компьютерлік бағдарламаға сипаттама және оларды қолдану жолдары . . . 42-57

2. 2. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижелері және оларды жинақтау . . . 58 - 66

Қорытынды . . . 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68 - 69

Қосымша . . . 70 - 74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдылық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру - мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тісілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі рефеормалау, оқу мерзімі 12 жылдық, «нәтижеге бағытталған» жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат - қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өтіндік танымдық әрекет ете алатын жан - жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми - техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың іс - әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру көкейкесті мәселе.

Танымдық іс - әрекет - шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл - ой қызметі.

Мемлекеттік бағдарламада, сондай - ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы орта білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.

Ақпарат ағымның ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу - тәрбие үрдісінде. Оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат желісін өзінің белсенді танымдылық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.

Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті қалыптастырудың аса маңызды орын алатындығын іргелі психологиялық - педагогикалық зерттеулерде талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.

Белгілі психологтар Е. И. Машбиц, С. Л. Рубинштейн, П. Я. Гальперин, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Қ. Б. Жарықбаев, С. Бал - Бабаның зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері ашылып, оның білім беру ісін дамытуда басты рөл атқаратыны дәлелденген.

Педагогикада проблемалық оқытуды ұйымдастырудың оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы маңызы И. Я. Лернер, Л. П. Аристова, М. А. Данилов, М. И. Махмутов, Т. И. Шамова, оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің жеткілікті шартын оқу үрдісіне пайдалану Я. А. Коменский, П. И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Б. П. Есилов, Ю. К. Бабанский, М. Н. Скаткиннің еңбектерінде зерттелген.

Г. И. Шукина, Н. Г. Морозова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде танымдық белсенділікті оқу үрдісінде қалыптастыру механизмдерінің ерекшеліктері анықталған.

Отандық ғалымдар Ж. А. Қараев, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, Р. Садықова, С. С. Смаилов, Р. С. Омарова, А. С. Мустояпова, Ғ. Ө. Кариева, т. б. ғылыми еңбектерінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру, жеке дамуы, өзіндік жұмысы, өз бетімен білім алуы, білік, дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылған.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау ақпараттық технологиялар талабы тұрғысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық - педагогикалық негізгі әлі де болса зерттеуді қажет ететіні белгілі.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын көрсету.

Жеткіншектерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педогогика ғылымы саласында және әдіснамалық негізгі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс - тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі - оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды ендіруде жатыр. Педагогикалық технология оқу үрдісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.

Оқытудың педагогикалық технологиясының мәні, педагогикалық технологиясының жеке аспектілері мен түрлері В. П. Беспалько, В. М. Монахов, М. В. Кларин, П. И. Третьяков және т. б. жұмыстаында зерттелген. Біздің республикада оқытудың педагогикалық технологиясы Ж. А. Қараев, Қ. Қабдықайырұлы, Т. Т. Ғалиев, Ж. У. Кобдикова, Б. О. Қуанбаева және т. б. жұмыстарында қарастырылған.

Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуде қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы танымдық белсенділікті арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен ізлдену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласында байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері С. Пейперт, В. Я. Ляудис, Г. И. Дацюк, И. В. Роберт, Ж. А. Қараев, Ғ. Ө. Кариева, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Ғылыми жұмысымызда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі физика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, физика сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру көкейкесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми - зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Физика сабағында компьютерлік техниканы пайдалану мәселелері В. А. Извозчиков, А. С. Кондратьев, В. В. Лаптев, И. М. Низамов, А. Н. Верник, Е. Е. Минина, А. К. Немцев, Э. В. Бурсиан, В. Е. Ильин, Л. В. Гурьева, А. Атабаев, Н. Н. Керімбаев және т. б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылған. Компьютерлік технологияны оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми - теориялық негіздемесін Ж. А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияның педагогикалық, бағдарламалық - ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуальды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттары жиыны анықталмағандықтан, біз өз дипломдық жұмысымызды осы аталған мәселелерді зерттеу жұмысының басты міндеттері етіп алдық.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми - әдістемелік тұрғыдан әлі де жеткіліксіз зерттелуі «компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері» атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты : Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу нысаны : Жалпы білім беретін мектептердегі оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны пайдалану негізінде арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері.

Зерттеудің міндеттері :

  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны пайдалану арқылы қалыптастырудың деңгейлерін, көрсеткіштерін негіздеу;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын айқындау;
  • оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда физикадан түрлі сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауға қажетті талаптарды анықтау және оны мектепте оқу үрдісіне енгізудің жолдарын белгілеу, нәтижесін айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер оқушылардың танымдық іс - әрекетіне компьютерлік технологияны педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артады.

Зерттеу әдістері : мемлекеттік деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу; зерттеу бағыты бойынша ғылыми - әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата - аналармен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, берілген әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау; педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

  • оқушылардың танымдық белсенділігін технологиялық, жеке тұлға - қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негізі анықталды.
  • Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері негізделді;
  • Танымдық белсенділікті арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;
  • Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушыларды танымдық белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;
  • Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технология көмегімен арттыруға арналған бағдарламалық құралдар пакеті физика пәнінің негізінде жасалып, оқу үрдісінде тиімділігі дәлелденді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Тарау 1. Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.

1. 1. Танымдық белсенділікті арттыру - жеке тұлға - қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу және адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектуалдық дамыту міндеті көзделген. Демек, жастарды еңбектің барлық саласында білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмейтін, терең білімді, белсенді ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық, белсенділік бағыт ұстанып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажет болып отыр. Қазіргі таңда білім беру ісін реформалау «ізгілендіру парадигмасы» негізінде білім берудің мазмұны - әдістемелік негізгі жүйені өзгертуін ғана емес, сонымен бірге логикалық - әдістемелік жаңартуды анықтауды, педагогикалық жүйенің жаңа парадигмасын жетілдіруді қажет етеді.

Жалпы білім беретін мектептегі қайта құру, оның мақсатын, мазмұнын, оқыту тәсілін және құрал жабдықпен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Басты мақсаты - өзіндік танымдық әрекет ете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми - техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына тікелей байланысты. Демек, оқушы ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс - әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқу барысында оқушылардың іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Танымдық іс- әрекет ұғымы және танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Танымдық іс- әрекет - шәкірттің білім алуға деген ақыл - ой қызметі. Ол танымдық қажеттілік, мақсат, танымдық мотив және орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.

Танымдық іс - әрекеттің, оқушылардың білімге деген ынтасының негізінде, олардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығы қалыптасады. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.

Ежелгі Грецияда мен Римде, Антикалық дәуір мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай - ақ Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бұл теорияда ақыл -ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамтыуға ерекше мән берілді.

Сократ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен іс - әрекетін арнайы басқаруға көп көңіл бөлді. Ол оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын арнайы оқыту әдісін эвристикалық әңгімелесуді алғаш болып қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын - ала дайындай отырып, танымдық белсенділігін оқыту құралы ретінде қарастырылды.

Демек, антикалық дәуірдің өзінде - ақ педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродиктивті және эвристикалық әдістерді дұрыс қолдану мәселесіне көңіл бөлгені байқалады. Оқушылардың танымдық іс - әрекеті мен белсенділігін оқытуды жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо. К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И. Г. Песталоцци, И. Кант және т. б. еңбектерінде айтылды.

Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін Я. А. Коменский қалады. Ол дидактикалық ұстанымдарды ұсына келіп, танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөлі туралы жазған болатын. Ол: «Таным бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой - өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек» - деп айта келіп, «Мен өз шәкірттімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын», - деген болатын.

Я. А. Коменский оқытудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп біледі. Ол «Ұлы дидактика» «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін» дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажеттігін ерекше атап өтті.

Я. А. Коменскийдің белсенділік туралы осы пікірін Д. Локк одан әрі дамытты. Ол оқу әрекетіндегі мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы іздемпаздылықтың маңыздылығын атап көрсетті.

Ж. Ж. Руссо тәрбиенің мақсаты баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектігін айтты. Ол алғаш рет оқу үрдісіне белсенділік, іздемпаздылық ұғымдарын енгізеді.

Американдық психолог, педагог Джон Дьюи оқушының белсенді танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы айта келіп, негізгі дидактикалық мақсат білімді, материалды беру, түсіндіру емес, ол өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту қажет, тума қабілеттерінің дамуына жағдай жасау қажет деген пікір айтты.

Танымдық белсенділік жөнінде Т. И. Шамова, Е. Б. Ястребова, М. И. Махмутов, Н. А. Половникова, И. Я. Лернер, Г. Н. Кулагина, Я. А. Коменский, А. П. Аристова құнды пікірлер айтқан.

Қазіргі таңда елімізде танымдық әрекет, танымдық белсенділік, іздемпаздық мәселелерді өз зерттеулерінде ғалымдарымыз: Ж. А. Қараев, Т. С. Сабыров, Р. С. Омаров, А. С. Мустояпова, А. Е. Әбілқасымова, Р. Садыкова, Н. Д. Хмель және т. б. көтерсе, оқушылардың өз бетімен білім алу мәселелері жөнінде А. Ғ. Қазмағамбетов, С. С. Смаилов, Ж. Т. Даулетбекова және т. б. зерттеген.

М. И. Махмутов
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»
М. И. Махмутов: И. Я. Половникова
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Танымдық белсенділік оқушының өз күшімен білімді игеруге ұмтылысы»
М. И. Махмутов: И. Я. Лернер
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: Танымдық белсенділік жеке тұлғаның бітімі, индивидтің қабылеті арқылы өзінің танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруды және жаңа танымдық мәселені шешуде қолдану
М. И. Махмутов: Г. Н. Кулагина
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Мұғалімнің танымдық белсенділігі тек қажетсінуді, іс -әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруге саю дұрыс емес, себебі, бұл мұғалімнің мазмұнын тарылтады».
М. И. Махмутов: А. Е. Әбілқасымова
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Оқу әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив, танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдандан бастап, күрделі шығармашылық әрекеттің қалыптасуымен анықталады».
М. И. Махмутов: Ж. Т. Дәулетбекова
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Белсенділік адамға тән қасиет ретінде рухани қажеттілікті өтеп, субъектіде ерекше қанағат сезімін тудырады. Белсенділіктің бағытын анықтайтын мотив болғандықтан, оның мазмұндық жағы баланың қажетіне барып тіреледі».
М. И. Махмутов: А. Ғ. Қазмағанбетов
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Өзіндік жұмыс - жеке тұлғаның белсенділігінің маңызды көрсеткіші. Белсенділік ол танымдық, құқықтық т. б. болуы мүмкін».
М. И. Махмутов: Я. А. Коменский
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын дамыту білім берудегі жетістікке жету құралы».
М. И. Махмутов: А. П. Аристова
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: Танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына субъектінің жаңаруы, өзгеруі әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырады.
М. И. Махмутов: Т. С. Сабыров
«Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет»: «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті».

1- сурет. Танымдық белсенділіктің анықтамасы берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Ақпараттық технологияларды қолдану
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz