Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру


ЖОСПАР:
І. Латын тілін диахрониялық аспектіде қарастыру мәселесі.
- Латын тілі - көне тілдердің бірі (генеология)
- Латын графикасына негізделген әліпби (1929-1940)
- Латын тілінің ежелгі ғылымдардағы орны
ІІ. Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру.
2. 1. Әлем мәдениетінің тарихындағы латын тілінің маңызы
2. 2. Ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдерді дамытудағы латын тілінің рөлі.
2. 3.
ІІІ. Рухани жаңғыру: Қазақстандағы латын тіліне көшу мәселесі
3. 1. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - жазу реформасы
3. 2.
3. 3.
Кіріспеге қажет
Диахрониялық және синхрониялық тіл білімдері
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, оның тарих бойында өзгеруі мен дамуын зерттейді. Тіл, тілдік құрылым уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз, сонымен қатар тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Тілді шығу тарихы мен тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі диахрониялық тіл білімі деп аталады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгеруі мен дамуын білу оның қазіргі күйін, қыр-сырын жете танып білуге мүмкіндік береді.
Тілді белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан зерттеп, сипаттама беретін тіл білімі синхрониялық тіл білімі деп аталады. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады.
Тілді зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру қажет және ол өте маңызды болып табылады.
1. 1. Латын тілі - көне тілдердің бірі (генеология)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. [1]
Уақыт сыннан өткен өміршең латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін және әлемдік ақпараттардың 70 пайызы дерлік осы таңбамен таратылып отыратынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер мен формулалардың да негізі осы латын таңбасымен белгіленетінін ескерсек, латын ғарпінің зор мүмкіндіктерге ие екенін мойындау керек. [2]
Казіргі уақытта латын тілі филолог-классик үшін ғана емес, гуманитарлық ғылымдар салаларынада жұмыс істейтін кез-келген тұлға үшін үлкен қызығушылық тудыруда. Латын авторларын оқу, антиктік мәдениетті тану антиктік тақырыптарға жазылған немесе антиктік әдебиеттер сюжеттерін пайдаланылған көптеген орыс және шетел әдебиеттері шығармаларын түсінуді жеңілдетеді. Еуропа халықтары интернационалдық сөздіктерінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу лингвистикалық ой-өрісті кеңейтіп, тілдік материалды мейлінше дұрыс бағалауға игі ықпал етеді, жаңа батысеуропалық тілдерді үйренуді жеңілдетеді. [3]
Адам баласы ежелгі Мысырлықтардан бастап бүгінгі күнге дейін түрлі таңбалар, әріптер арқылы өздерінің өмірге деген көзқарастарын білдіруге тырысып келеді. Латын тілі ( Latin: lingua latīna; lingua сөзі «тіл» ұғымын білдіреді) Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі. Латын тілі балтық, герман, славян, роман және басқа да тілдер тобына енетін үндіеуропа тілдері семьясына жатады. Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-ҮндіЕропалық тілдің жалғасы. Эртруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апенин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Кейбір тарихи деректерге сүйенсек, алғашқыда (б. з. дейінгі 1-мыңжылдықтың басы) латын тілінде Тибра өзенінің төменгі ағысы бойымен орналасқан Лациум облысы Апеннин түбегінің орталық бөлігінде қоныстанған аз мөлшердегі латын тайпалары сөйледі. Бұл облыстың орталығы аңыз бойынша біздің заманымызға дейінгі 753 жылы негізі қаланған Рим (Roma) қаласы болды. Римнің бой көтеруімен бірге оның айналасында біріккен итальян тайпалары латын тілін қабылдап, римдіктер аталына бастады. Соның салдарынан латын тілі Рим империясының едәуір бөлігіне таралды. Алайда Грецияда - мәдениеті жоғары дамыған елде басқыншылардың тілі тізе бүккендердің, яғни жеңіліс тапқандардың тіліне орын беруге мәжбүр болып: грек тілі империяның екінші тілі болды. Латын және грек тілдерінің ұзақ уақыт бірге өмір сүруі, римдіктердің грек мәдениетімен және ғылымымен тығыз қатынаста болуы грек сөздерінің, сөйленістерінің және грамматикалық тұлғаларының кірмелерін сіңістіру арқылы латын тілін байытты. [4]
Латын тілінің диахрониялық аспектісін қарастыра келе, қазіргі әлемге таныс латын таңбаларының пайда болуы, қолданысқа ену барысындағы өзгерістері туралы айтатын болсақ, латын тілі мен латын жазуы өте баяу және бірте-бірте өзгерістерге ұшырай отырып ұзақ дамыды. Көптеген өте көне латын жазбаларында жазу оңынан солға қарай бағытта жазылған. Б. з. дейінгі IV ғ. ғана жазудың үзілді-кесілді дағдылы бағыты орнайды.
Классикалық латын әліпбиі 23 әріптен, оның 21-і эртруск тілінің ықпалымен пайда болғандар. Ортағасырларда таңбалардың біршама түрленуі орын алу салдарынан заманауи ағылшын алфавитінің негізін қалаған латын ғарпінің 26 таңбасының қалыптасуы мен бекітілуіне ықпал еткен. Бір қызығы кейбір еуропалық тілдердің латын таңбасындағы K және W таңбаларын пайдаланбайтындығы немесе өздерінің диакритикалық белгілерінің болуы. Мысалы: Á, É, Ô және Æ, Œ лигатурасы.
Ең ежелгі латын әліпбиімен таңбаланған жазу ретінде б. з. дейінгі VII ғасырдағы алтын тереуішке ойып жазылған жазуды айтуға болады.
Латын әліпбиінің түпнұсқасы:
A B C D E F G H I K L M N O P Q R S T V X
сияқты таңбалардан тұрған. Елді Цицерон мен Цезрьдің басқаруы тұсында, жоғарыда келтірілген тарихи деректерге сай, латын тіліне көптеген грек тілінің сөздері ауысып келу себебімен әліпбидегі алғашында грек сөздерінің транслитерациясы үшін ғана пайдаланылған «Y» мен «Z» таңбалары енгізілген. Елдегі шоқындыру саясатынан кейін латын әліпбиі құрамында 23 әріп болды.
A B C D E F G H I K L M N O P Q R S T V X Y Z
Кейіннен заманауи жазу үрдісін бекітіп латын әліпбиіне қосымша тағы да «I» сияқты «J», «V»-ға ұқсас «U» әріптері қосылды. Англосаксондық [W] дыбысын беру мақсатында нормандық кітап жазушыларының ұсынысы бойынша «W» әрпін қосу арқылы қазіргі қолданыстағы 26 әріптен құралған әліпби қалыптасты.
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
Орта ғасырлардағы Орталық және Солтүстік Еуропаның Рим Католиктік шіркеулері тарапынан шоқындыру саясатына ұшырауы герман, словян және фин-угор тілдерінің түрленуіне әкеліп соқтырды. Кейіннен роман тілдерінің дамуы кезеңі жаңа дыбыстардың пайда болуымен қатар олардың жазу мәдениетіне енгізілуі орын алды. Осылай неміс тілдерінде ü, ä, ö, португал және француз тілдерінде cedilla - ç, испан және португал тілдерінде ñ, ã, õ тильдалар пайда болды.
Ал қазіргі латын әліпбиінің түпбейнесінің пайда болуы туралы сөз етсек, бастапқыдағы таңбаланулардың біз білетін таңбалардан сәл басқа болғанын аңғаруға болады.
- Алеф. Бастауын мысыр иероглифтеріндегі бұқаны белгілейтін таңбадан алады. Грек тіліне әріп «А» (Альфа) дыбысын таңбалау үшін алынған.
- Бет. Бұл таңбаның «Үй» мағынасын беретін фин символынан алынған деген деректер бар. Араб тілінде және ивритте әріп өзінің дыбыстық сәйкестігін сақтап қалған (ب - "ба", ב "бет") және грек тіліне «Бета» түрінде енген.
С - латын тілінде гректің ескі жазуындағы «Гамма» таңбалануы ретінде пайдаланылды. Кейіннен «С» әрпі «К» дыбысын бере бастады. Көне замандарда «э», «и» әріптерінің алдында тұрып «Ц» дыбысын берген болатын.
- Делт. Басында балық бейнесінен пайда болса да, фин тілінде «есік», «кіру» деген мағынаны білдірген. Грек тілінде «Дельтаға» түрленген.
- Хе. «Е» әрпі алғашында көкке қолын көтеріп тұрған адам бейнесіндегі таңбаны білдірсе, кейіннен фин тілінде «терезе», «дем шығару» мағынасында қолданған. Грек тіліне «Эпсилон» түрінде енген.
«F» әрпінің шығу тегі белгісіз. Латын тіліне бұл әріп гректің «Фи» дыбысынан келген.
- Гиммель. Бұл әріптің бумеранг немесе түйе бейнесінен жасалған деген болжам бар. Түйе бейнесіндегі деген болжамы шындыққа жанасады. Грек тіліне бұл «Гамма» түрінде енген.
- Хей. Бұл таңбаныңда фин әрпінің алғашқы бейнесі мен мағынасына байланысты түрлі болжамдарды атауға болады. Дегенімен ол латын әліпбиіне сенімді түрде «Н» әрпінде енді.
- Йод. Қолды бейнелейді. Грек тілінде «Йота»-ға дейін жеңілдетілген, римдіктер «І» түрінде пайдаланып, кейіннен жазылуда «J» нұсқасын қосып алған.
- Каф. Фин тіліндегі «алақан» мағынасында. Грек тілінде «Каппа» ретінде беріліп, латын тілінің «К» әрпіне ауысқан.
- Лямед. Финдіктер үшін әріптің прототипі бақташының асатаяғы болған. Жай таяқ емес мәдениетті түрдегі асатаяқ. Грек тілінде әріп «Лямбдаға» өзгеріп, латын тіліндегі «L» әрпіне ауысқан.
- Мем. Әріптің пайда болуына теңіз толқындары түркі болған делінген. Грек тіліне «МЮ»(Ми) түрінде еніп, латын тіліндегі «М» әрпіне айналған.
- Нун. Латынша «N» гректін «Ню»(Н) әрпінен ауысқан, алғашында фин тілінің жылан, балық немесе жыланбалық бейнесінде болған деседі.
- көз. Грек тіліндегі нұсқасында «Омикрон» болып, кейіннен қосымша «Омега» нұсқасын теліп алды. Римдіктер әріпті өзгеріссіз қалдырып, бүгінгі күнге «О» таңбасымен жетті.
- Пе. Алғашында ауыз бейнесінен жасалған фин таңбасы грек тіліндегі «Пи» п, латынша «Р» болып бекітілді.
- Коф. Бұл таңбаның түрленуі туралы пікірлер ғалымдар арасында пікірталас тудырған. Бірі алғашында бұл таңбаның бастауы маймыл бейнесі десе, енді бірі түйін бейнесінен бастау алған деген болжам жасады. Дегенімен Коф-тың дыбысталуы қазақ тіліндегі «Қ» дыбысына өте ұқсас келген. Гректер бұл фин әрпін 90 санын көрсету үшін қолданған. Ал эртрусктер мен римдіктер әріпті «Q» түрінде сақтап қалған.
- Рош. Бас. Грек тіліндегі баламасы «Ро» болған. Римдіктер «Р» әрпінен айырмасы болсын деп қосымша сызық қосу арқылы «R» түрінде енгізіп сақтаған.
- Шим. Тіс. Басында пияз бейнесінде болуы да мүмкін. Грек әліпбиінде «С» дыбысы «Сигма» (Σ) таңбасын білдірсе, ғасырлар өте келе римдіктер әріптің жазылуын жеңілдету арқылы «S»-ға дейін жеткізіп бекіткен.
- Тав. Финдіктер де қазіргі заманның адамдары секілді бұл белгіні таңбалау (крест, есепке алыну) мағынасында қолданған. Кейіннен грек тілінде «Тау» әрпі пайда болып, оның баламасы ретінде латын әліпбиіне «Т» әрпі енгізілді.
- Уау. Ілмек немесе шоқпар бейнесі. Гректер осыған ұқсас белгілерді 6 санын жазу үшін, ал эртрусктер «V» дыбысын көрсету үшін қолданған. Гректің «Ипсилон» (Ү) таңбасы латын тілінің «V» таңбасынан түрленіп, «U» нұсқасына дейін түрленген. «W» таңбасы VІІ ғасырдағы Англияда «Waw» дыбысын бейнелеу кезінде пайда болған деген болжамдар бар.
- Самех. Бұл белгі ежелгі египеттік «Джэд» (Djed - «шатыр», «демеу») иероглифіне ұқсайды. Гректер оны «Кси» (Ξ) ретінде қолданған. Латын әліпбиінде бұл әріп «Х» түрінде сақталған.
- Зайн. Финдіктер бұл белгі арқылы найза, қылыш немесе басқа да қару түрлерін белгілеген. Грек әліпбиіне бұл «Зета» түрінде еніп, римдіктер өз әліпбиінің соңына қойып әліпбиді қорытындылаған екен. [5-9]
Латын тілінің таңбалану тарихы көптеген өзгерістерді өткере отырып, жазу мәдениеті қалыптасқаннан кейін әдеби тілі де қалыптасты. Латын әдеби тілі мен рим әдебиеті тарихы үш кезеңге бөлінеді:
- Классикалық кезеңге дейінгі (б. з. д. ІІІ-ІІ ғғ. ) ;
- Классикалық кезең (б. з. д. І ғ. ) ;
- Классикалық кезеңнен кейінгі (б. з. І-V ғғ. ) .
Бірінші кезеңнің авторлары арасынан шығармалары бізге мейлінше толықтай жеткендері деп Плавтты Теренцияны және Катонды атап өтуге болады. Классикалық кезең әдебиеті бізге айтарлықтай толық түрде жетті. Бұл кезеңге аса танымал ақындар мен прозашылардың шығармалары жатады. Цезарь мен Цицерон проза саласында, Вергелий мен Гораций латын әдеби тілін жасауды аяқтай отырып, поэзия саласында көпшілік мойындаған канондарды туғызды. Алайда нақ осы классикалық кезеңде әдеби тіл мен тірі ауезекі сөйлеу тілінің арасының ажыратылуы айтарлықтай күшейді. Бұл ажырау классикалық кезеңнен кейін әсіресе айқын сезіле бастады. Тірі ауызекі латынша сөйлеу тілі Жерорта теңізі бассейні мен Еуропаның оңтүстік-батыс бөліктеріндегі тізе бүккен облыстарда (қазіргі Италия, Испания, Португалия, Франция және басқалары) өте жылдам таралды, мұнда жергілікті тілдердің ықпалымен латын тілі негізінде роман тілдері пайда болды (итальян, француз, испан, португал, румын, молдован және басқалары) . Әдеби тілдің, рим қоғамы басшылығы тарапынан жасалған тілдің тағдыры өзінше өзгеше болды. Оның тазалығы рим мектептерінің арқасында жасанды түрде сақталып тұрды. Феодалдық дәуірдің өркендеп, ұлттық мемлекеттердің әлі қалыптаспаған, ал ұлттық тілдердің буыны бекімеген кезеңінде латын тілі Батыста әдеби тіл рөлін атқарды. Ортағасырлық латын әдеби тіл, ғылым тілі, халықаралық байланыстар тілі ретінде кеңінен таралды. Қайта өрлеу дәуірінде жазушы-гуманистер Цезарь мен Цицеронның тілін қайта жаңғыртуға талпыныс жасады. Осы жаңа латын әдебиетінің көрнекті өкілдері антиктік (ежелгі) үлгілерге еліктеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Алайда классикалық латын тілінің жаңа заманның жалпы идеологиялық және мәдени өмірінен алыс болғаны соншалық, оған тіпті тірі ауызекі сөйлеу тілі ретінде де латын тілі жаңа Еуропаның ұлттық тілдеріне өз орнын бере бастайды. Алайда XVIII ғасырға дейін латын тілі ғылым тілі және ресми-іскери хат тілі бола отырып, өзінің халықаралық мәртебесін сақтайды. Батыстағы барлық елдерінің мектептері мен университеттерінде оқу латын тілінде жүргізіледі. Тек ұлттық мемлекеттердің көбеюімен бірге буыны бекіген ұлттық тілдер латынды ғылым мен мәдентиеттің барлық салаларынан толықтай дерлік ығыстырды. Алайда медицина мен жаратылыстануда, тарих және филология ғылымдары салаларында латын тілі өз мәртебесін бүгінгі күнге дейін сақтап келеді. Батыста Ньютон және Линий, Ресейде Ломоносов және Эйлер сияқты көптеген ғалымдар өз еңбектерін латын тілінде жазды.
1. 2. Латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиі (1929-1940 жж. )
Кеңес өкметінің алғашқы кезеңінде қазақ даласында оқу араб әріптері бойынша жүргізіліп келген болатын. Бұл шара балалардың тездеп сауат ашуына, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін үйретуге, сондай-ақ мектеп оқулықтарын жасауға көп қиындықтар келтірді. Сондықтан қазақ халқына араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшудің қолайлылығы түсіндірілді. Латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме Қазақстанда 1923 жылдың аяғында Мәскеу, Орынбор, Ташкент тәрізді ірі қалалардағы зиялы азаматтар мен сол жерлерде білім алып жүрген қазақ жастары тарапынан көтерілді. Бұл мәселенің көтерілуінің негізгі себебі, сол кезде Кеңес Одағының жүргізіп отырған саясатына орай КСРО құрамындағы барлық түркі халықтарында латын жазуына өту жайы сөз бола бастаған еді, сандай-ақ өркениетті Еуропа елдерінің латын жазуын қолдануы, Түркия латын әліпбиіне көшуі де себепші болды. Олар өз ойларын баспасөзде жариялап, араб жазуын қазақ әліпбиіне ауыстыру жөнінде Қырғыз (қазақ) білімпаздарының 1924 жылы жазда болатын тұңғыш съезінде талқылауды ұсынды.
Съезге латын әліпиінің үш жобасы дайындалып (Н. Төреқұлов (Москва), Х. Досмұхамедов (Ташкент), Мурзин (Орынбор), талқылауға Н. Төреқұловтың жобасы ұсынылды. Жалпы жазу жүйесі, орфография жайлы жасалған баяндамаларда түркі халықтары қолданып жүрген әліпбилер сарапқа салынып салыстырылды, мәселен профессор Л. В. Щерба әліпбидің төрт түрлі жүйесі:
- дыбыс жүйелі әліпби (қазақ пен қырғыз емлесі) ;
- туыс жүйелі әліпби (орыс емлесі)
- тарих жүйелі әліпби (араб жазуын өзгертпей қолданушылар, ағышлын, неміс, француз емлелері)
-таңба жүйелі әліпби (қытай, шумерлер) болатынын көрсетіп, «бұлардың ең жақсысы - дыбыс жүйелісі» десе, Ә. Ибраймұлы «Емле түзеу жүзінде түрік жұрттарының алдыңғысы - қазақ» - деп қазақ әліпбиінің басқаларға қарағанда биік тұратынын атап айтады.
1927 жылы Қызылорда қаласында «Жаңа әліпбишілер қоғамы» (ЖАҚ) құрылды. Бұл қоғам республикадағы латын әліпбиінің мүддесін қорғайтын тұңғыш ресми ұйым еді. Осы жылдың жазында Жалпыодақтық жаңа түркі әліпбиі Орталық Комитеттің бастығы Ағамолдаоғлы Қазақстанға келіп, латын әліпбиіне көшу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жаңа түркі әліпбиі комитеттің екінші Пленумы 1928 жылы 7-12 қаңтар аралығында Ташкент шаһарында өткізді. Бұл мәжілісте Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Якутия және Солтүстік Кавказ республикасындағы жаңа әліпбиге өту процесінің барысы жайлы баяндамалар тыңдалды. Осы пленумда белгілі лингвист-ғалымдар-академик Е. Д. Поливанов, профессор П. Ф. Яковлев тіл ғылымының, яғни лингвистиканың даму (эволюционная лингвистика) қағидалары жайлы баяндама жасады.
Жазба тіл қалыптаспаған немесе жазу жүйесі болғанымен сол тілдің дыбыстық ерекшеліктерін толық қамти алмайтын әліпбилерді қолданып жүрген түркі халықтарында латын жазулы жүйеге өту дау-дамайсыз іске асырылды. Ал, ана тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне, табиғатына сай араб әліпбиінен реформаланған, тілдік қажеттілікті толық өтей алатын төл әліпбиі бар қазақ халқында бұл мәселе үлкен айтыс-тартыс туғызды. А. Байтұрсынов бастаған М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Е. Омаров, С. Садуақасов тәрізді қазақ зиялылары қазақ әліпбиін латын жазуы негізінде жасалған жаңа әліпбиге көшіруге үзілді-кесілді қарсы болды. [10, 40-42]
А. Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ыңғайлап, графиканы жетілдіреді. Ол қазақ зиялыларының арасында қызу қолдау тауып, ерекше ілтипатпен қабылданады. А. Байтұрсынұлы реформалаған қазақ əліпбиінің ережелері мен принциптері алғаш рет 1924 жылғы 12-18 маусымында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданады.
Профессор Е. Д. Поливанов А. Байтұрсынұлы əліпбиін: « Эту последнюю форму, которую приняла казак-киргизская графика в 1924 году, я, во всяком случае, считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, которым с полным правом могут гордиться киргизские (казахские- автор) деятели просвещения- создатели реформы, как крупным культурным завоеванием » - деп, жоғары бағалайды. Бірақ осы кезде басқа түрік елдерінде латын графикасына көшу мəселесі қозғалып жатқан болатын. Қ. Жұбанов: « Мұнан бас тартып, латын əліпбиін қабылдауымызға ұйтқы болған Қазақстан емес, Бүкілодақтық орталық жаңа Алфавит комитеті Ғылыми кеңесінің қысымы… Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне əбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тəн деп қарауға болмайды), қазіргі алған жаңа əліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ жəне дəл сондай-ақ əліпби біткенге бірдей үйлесімді », - дейді [5, 22-б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz