Азотты тыңайтқыш
Қазіргі таңда басты проблемалардын бірі топырақтың құнарсыздығы,
азық-түліктің жетіспеушілігі мен сапасының төмен болуы. Осыған орай қосалқы проблемалар туындайды: халық денсаулығынын нашарлауы, экологиялық апатқа әкелуі. Қазақстан Республика аграрлық мемлекет болғандықтан ауыл шаруашылыққа көп көңіл аударуымыз керек. Жер аумағы бойынша тоғызыншы орында орналасқан елміз. Сол ұланғайыр жерді ұқыпты пайдалануымыз керек. Әлі күнге дейін біз азық түлікті импорттайтын елміз. Өзіміздің елімізді толығымен сапалы, бағасы қолайлы азықпен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл проблеманы шешу үшін жердің құнарлығына көп көңіл бөлуіміз керек. Өйткені жер астындағы байлығымыз таусылат, суымыз сарқылат осы күн жеткенде біз дайын болуымыз керек. Ал жерге қанша есе көңіл бөлсек, шығымы да соншалықты болмақ. Әлемде қазіргі таңда азық түліктің жетіспеушілігінен қаншама адамдар қырылуда. Бұл қауіп қатер біздің елімізді болашақта күтуде. Егерде осы кезден бастап назар аудармасақ. Өмірде кез - келген зат бір - бірімен тығыз байланыста. Еліміз аграрлы ел болғандықтан сапалы асыл тұқымды малдың санын арттырумуыз керек. Малды асырау үшін жем шөпті сапалы әрі қысқа уақытта дайындап алумыз керек. Малдан алынатын өнімдерден: сүт, ет, тері, жүнен біз әлем тұтынатын азық пен тауар өндіруіміз керек. Өйткені шет мемлекеттен келетін сүт пен еттің сапасы нашар, оларды таза өнім деп айтуға да болмайды. Өз еліміздің жағдайын біз ойламасақ, кім ойлайды ?! Елімізде 5 млн жуық мал бар. 1,4 млн егінді алқаптар бар. Оған қоса қосалқы органикалық қалдықтар мен өндірістік органикалық қалдықтар елімізде жеткілікті. Бұл байлықты біз ұқыпты пайдалануымыз керек. Кеңес үкіметі кезінде әр елді мекенде совхоз бен колхоз ұжымдары болатын. Жыл сайын егінді алқаптардың құнарлығын арттыру үшін қыс, күз айларында тыңайтқыш ретінде 6 - 12 ай жатқан мал нәжістерін тасыған болатын. Соның арқасында орташа есеппен дәнді дақылдарды ( бидай, сұлы ) гектарына 20 - 25 центнер алынған болатын. Ол кезде білімнің жетіспеушілігі, техниканың өнімділігі аз болуы, химиялық дәрілердің жоқтығы есебінде де осындай жетістікке жеткен болатын. Қазіргі таңда мықты мамандардың баршылығы, техника өнімділігі жоғары, соңғы технологиялар арқылы топыраққа анализ жасау мүмкіндігіне ие. Сонымен қоса азотты, фосфорлы тыңайтқыштар мен арам шөптерге қарсы химикаттар (гербецид, пестецид) қолданылуда. Осы жағдайлармен қазіргі таңда гектарына орташа есеппен 15 - 22 центнер алынуда. Осы анализ арқылы қазіргі таңдағы жердің құнарлығы төмен деңгейде екенін байқауға болады. Жер құнарсызданған сайын құм тектес массаға айналады. Құнарлығын толығымен жойғанда ешбір өсімдік тектес организм өспйді. Сол жер аумағы шөлейтке айналып, желді күндер болғанда тағы бір экологиялық проблема құмды дауылға айналады.
Статистикаға сүйенсек 1 гектар жерге Беларус мемлекеті 200 кг, Украина 100 кг дейін, Ресей 50 кг дейін тыңайтқыштар қолданады. Ал біздің мемлекетте бұл көрсеткіш 4 кг дейін жетеді. Осыдан біз жер құнарлығы мәселесіне мүлде назар аудармайтынымызды байқауға болады. Егінді алқабымыз 1960 жылдан 2018 жылға дейін 2,3 млн гектардан 1,4 гектарға дейін азайған. Оған қоса 1 гектар жерден елімізде 400 $,АҚШ - 1500 $ Германия мемлекеті - 2800 $, Франция - 3200 $ пайда алады. Осы салыстырумен техникалық парктің ескі болуы, аграрлы білімнің төмен болуы, органикалық тыңайтқыштарды мүлде пайдаланбайтынымыз байқалады. Еліміздің Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде жердің деградациясы айқын байқалады. Құнарлығын төменгі нормаға 1,5 см қалыпқа келтіру үшін 50 жыл, толығымен 40 см келтіру үшін 900 жылға дейін уақыт қажет етеді.
Сондықтан қолда бар байлықтан мүлдем айырылып қалмас үшін қазірден бастап қамдануымыз керек. Елімізде әр ауылды мекендерде, аграрлық компаниялардың филиалдарында, фермаларда өзінің қажеттілігін жабатын вермифермалар ашуы міндетті. Осындай әдіспен біз басқа мемлекеттермен бәсекелесе аламыз. Органикада өсірілген өнімнің сапасы мен саны өсіп, импорттайтын елден экспорттайтын елге айналамыз. Өзіміздің халқымызды сапалы әрі арзан азық түлікпен қамтамасыз етсек, елді әл ауқаты жақсарады. Дерт пен індет саны азаяды. Қазіргі таңда пайда болып жатқан аурулардың көпшілігі экологияның нашар болуы, ауыз судың лас болуы, азық - түліктің құрамында ГМО болуы әсерінен болатындығы жалпыға мәлім.
21 ғасырда экология мен азық түліктің сапасына аса мән беру керек. Себебі заман нарықты болып кетті. Құны арзан, сапасыз өнімдер саны
жылдан - жылға көбеюде. Осы барлық проблемалардың шешімі вермикомпостеу процесі болып табылады. Бұл процес табиғатта бар құбылыс, бірақ жағандық өзгерістер әсерінен табиғат өз балансын жоғалтты. Табиғи процес арқылы жердің құнарлығы 300 жыл - да ғана қалыпқа келеді. Ал вермикомпостеу процесі арқылы бұл жағдайды 30 жылдың ішінде қалыпқа келтіруге болады. Бұл проблеманы сезінген дамыған алдынғы қатарлы мемлекеттер Германия, Франция, Япония, Китай т.б вермикомпостеу ісін бұдан 50 жыл бұрын бастап кеткен. Ал бізде барлық жағдай жасалынған, жеріміз кең, ауамыз таза, ауыз суымыз баршылық. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып керексіз жатқан миллиондаған органикалық қалдықтарды жауын құрттар көмегімен өндіріп, топырақ құнарлығын арттыруымыз керек. Ойткені келешек жер анамыздың қолында. Қалай біз күтсек сонша есе ол ниетін төгер.
Тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар - бойында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктің толығымен жетілуіне қажетті элементті қоректік элемент деп атайды. Өсімдіктің өсіп, жақсы өнім беру үшін қоректік элементтердің маңызы зор. Фотосинтез процесі арқылы өсімдік өз бойына 50 - ден астам элементтерді алады.
Тыңайтқыштар шығу тегіне қарай бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді. Ал агрегаттық күйіне қарай сұйық ( амиак суы ), қатты ( фосфор тұздары, селитра ) болып бөлінеді. Олар өсімдіктің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын минералды және органикалық заттар болып бөлінеді. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану ауыл шаруашылық дақылдардың түсімін арттырып, өнім сапасын жақсартады.
Жерімізде өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдардан мол өнім алу үшін агротехникалық шаралардан басқа, тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану, маңызы зор болып табылады.
Егіншілік практикасында химияландыру кеңінен қолданылады, соның әсерінен кейбір проблемаларды шешуде. Мысалы, астық дәніндегі ақуыз мөлшерін азотты тыңайтқыш арттырады, зығыр талшығының сапасын фосфорлы тыңайтқыш жақсартады, қант қызылшасының қант, картоп құрамындағы крахмал мөлшерін калий тыңайтқышы арттырады.
Топырақ құрамында өсімдікке керекті минералды заттар көбінесе сіңірілмейтін күйде болады. Мысалы, топырақта азот қоры жеткілікті, осы қордың тек 2 пайызы ғана сіңірілетін күйде болады.
Елімізде топырақ түріне қарай, физикалық, химиялық, энергетикалық болып бөлінеді. Энергетикалық жағынан 3 класқа жіктеледі: бірінші, екіншіге қара топырақ, үшінші класқа сұр топырақ болып.
Түрлі аймақтардағы климаттық жағдайын байланысты топырақ әр түрлі болып келеді. Еліміздің солтүстік өңірлерде қара шірік мөлшері мол, ал оңтүстік, батыс өңірлерде қара шірік мөлшері аз болып келеді. Осыған байланысты өсімдік популяциясы солтүстік жерлерде әлдеқайда көбірек болады. Өсімдік саны көп болғандықтан ауасы да таза болады. Жердің бетіндегі барлық органиканы қара шірікке айналдыратын микроорганизмдер болып табылады.
Сұр топырақ қара шірік құрамы жағынан қара топырақтан кедей болуына қарамастан, сұр топырақ құрамында микроорганизмдер саны әлдеқайда көп болады. Микрооганизмдер саны көп болудың себебінен мол өнім алуға болады. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижесінде топырақтағы негізгі минералды қоректі заттар - фосфор, калий, азот т.б. Егер топырақта өсімдікке сіңімді түрде фосфор көп болса, фосфорлы тыңайтқышты еңгізуден егіннің түсімі артпайды. Егерде топырақта керекті элементтердіар ң біреуі жетіспесе, өсімдік екінші элементті дұрыс пайдалана алмайды. Бұл жетіспеушілік әсерінен өсімдік ақырын өсіп, егіннің түсімі аз болады.
Өзі өсімдіктер қоректік заттарды пйдалану жағынан 2 топқа бөлінеді.
oo Минералды тыңайтқыштарды көп пайдаланатындар - қант, мақта, картоп, жүгері күріш.
oo Минералды тыңайтқыштарды аз пайдаланатындарға: арпа, сұлы, жаздық және күздік бидай.
Құрамына қарай тыңайтқышминералды, органикалық, органикалық - минералды, бактериялық болып бөлінеді.
Азотты тыңайтқыш.
Құрамында қоректік элементі болып азот табылады. Азот - өсімдіктің тіршілігі үшін керекті элементтердің бірі. Азот жетіспегенде жапырақ түсі бозғылт болып келеді. Мысалы, орамжапырақ жапырағы жұқа, шырыны аз болып келеді. Өсімдік өсіп жатқан топыраққа азотты еңгізсе, оның дамуы мен өсуі жақсарып өнім беруі артады. Топырақ арқылы өсімдік азотты амоний ионы NH4+ және нитрат ионы NO^ түрінде сіңіреді. Азотты тыңайтқыштар органикалық және минералды болып бөлінеді. Калий, натрий және амоний нитраты, селитра азотты тыңайтқышқа жатады. Олардың түстері ақ, өздері суда жақсы еритін кристал түрінде болып, құрамында 15 - 16 % азот болады. Кейбір жағдайда аммоний сульфатында азоттын құрамы 21 % құрайды.
Жауын құрттардың ауыл шаруашылық саласына қосатын үлесі.
Жауын құрттары жердің шіріген органикалық қалдықтары мол, ылғалдылығы сәйкес келетін орталарда мекен етеді. Олар тек қана түрге, типке бөліне қоймай, жейтін қорек түріне қарай да бөлінеді.
Жердің беткі қабатында: қурап қалған шөппен, ағаштан түсіп қалған жапырақпен, қара шірікке айналған бұтақтармен қоректенетіндер болып.
Топырақпен, қарашірікпен қоректенетіндер болып бөлінеді.
Калыпты жағдайда жауын құрттар қазушы түрінде өмір сүру салтын ұстанады. Дымқыл ауа райында түнде немесе күндіз топырақтың бетіне шығады. Құрттар жер қабаттарының барлық деңгейлерінде мекен етіп, қара шірікпен қоректенеді. Асқазан арқылы топырақ бір немесе бірнеше рет өтіп, жердің құнарлығын арттырады. Құрттың денесі арқылы өткен фракциялар минералдарға бай, патагенді микрофлорасыз, қара түсті гранула( копролит ) түрінде болып шығады. Олар күніне озінің салмағына тең қарашірік көлемін өндіреді. Шұбалшанның сырты сілекейленген, сол арқылы олар жер қойнауында кедергісіз жүре алады. Өзіне тамақ іздеп ол 4000-7000 кмга із салады, сол арқылы ауа алмасу, ылғал сіңірі процестері жақсарады. Тағы бір ерекшелігі шұбалшаң денесінен арнайы бездерден әктас бөлінеді бұл топырақ қышқылдығын нормаға келтіреді. Құрттар топырақ құрамындағы гумустың концентрациясын 52-56 есе арттыруды қалыптастырады. Копралит құрамында азот, фосфор, калий концентрациясы мол. Бұл элементтер өсімдік үшін өте қажет және шұбалшаңнын бір ерекшелігі бұл элементтерді сіңірілмейтін түрден қолжетімді түрге айналдыруы. Копралиттің ішіндегі заттар өсімдікке керек кезде ғана босаңсып, сыртқа шығады да ұзақ мерзімде өсімдікті қамтамасыз етіп отырады.Егерде егінді алқаптарда жауын құрттар көп болса, бұл қуанарлық жағдай, ал аз болатын болса онда қарашірікті мүдірмей еңгізу керек.Тағы бір жағдай, егерде ауыр техникамен жыртып ылғалдылықты жоғалтса, химиялық дәрілерді қолдану арқылы топырақ тіршілік иелерінің көзін құртса, органикалық қалдықтарды еңгізу ешқандай нәтиже бермейді.
Өндірістік жауын құрт түрлері.
Калифорниялық қызыл құрт - 1959 жылы АҚШ-да Калифорния штатында әртүрлі тұқымдарды гибридизациялау арқылы алынған, органикалық қалдықтарды өңдеу үшін арналған жаңа түр болып табылады. Оның жабайы қандастары жылына 4-6 есе көбейсе, ол жергілікті климатта 18-26 есе, арнайы жағдайда 500 есе көбейіп субстраттың тез өңделуіне септігін тигізеді. Алайда бұл үшін арнайы қолайлы жағдай керек. Оның ұзындығы 10 см дейін,
диаметрі - 3-5 мм, ал массасы 10 г дейін жетеді. Ересек тұлғалары 10-15 жылға дейін өмір сүреді. Жас тұлғалар жыныстық жетілгенде 1 г дейін саламақ болады.
Құрт биомассасында биологиялық бағалы заттардың толық кешені бар.
Дене тұрқы 67-72 % ақуыздан, 7-19 % майдан, 18-20 % көмірсудан, 2-3 % минералды заттан, барлық аминқышқыл жиынтығынан тұрады. Бірде бір өсімдік пен жануар құрамы бәсекелесе алмайды. Калилфорниялық қызыл құртты өндірістік жағдайда және ұйде ұстауға болады. Құстарға, жануарларға, балықтарға тағам ретінде шикі түрде, пісірілген түрінде де қолданыла береді. Тағам құндылықтары құрт биомассасын қосқанда 20-25 % ұлғаяды. Құрттарды ақуызды ұн түріне айналдырып, құрамы 67 % ақуыз бен 20 % майы бар ұнтақ алады. Ұнтақ басқа аминқышқылдарды санамағанда аса бағалы: лизин - 8 %, метионин - 3 % құрамынантұрады.
Калифорниялық қызыл құртты асырау жағдайлары:
Арнайы органикалық қосылыстарға бай орта: қи, компост, органикалық қалдықтардың барлығы топырақтар басқасы.
16 жыл көлемінде өмір сүріп, 1 маусым ішінде 20 кокан дүниеге әкеледі.
Тәулігіне өзінің салмағына тең органикалық қалдықтарды өңдейді.
Қыс мезгілінде жылы орында ұстау керек, әйтсе де 4 - 40 градус аралығында тіршілігін сақтап, 15 - 25 градус аралығында белсенді жұмыс істейді;
Субстраттың ылғалдылығы міндетті түрде 70 - 80 % болу керек.
Ылғалдылықты сақтау үшін компосттың үстін 30 - 50 см сабанмен жабу керек.
Құрттардың тағамына жұмыртқа қабығының ұнтаңын немесе әкті қосу керек, себебі құрттар қышқылды ортаны жақтырмайды.
Старатель атты жауын құрт - ресейлік жергілікті құртпен қырғыстандық жергілікті құртты лабораториялық будандастыру арқасында пайда болған түр.
Старательді тұқым қылып шығарған ресейлік профессор А. М. Игонин. Бұл құрттың басты айырмашылығы болып органикалық қалдықтарды тез әрі сапалы өндіруінде. Басқа өндірістік құрттардан айырмашылығы, ауқымды 8 - 10 градус аралығында да кокон сала береді.
Старательдің бір құрты жылына 1500 дей ұрпақ қалдырып, 100 кг дейін биогумус өндіреді. Әдетте 1 тонна компостан 600 кг биогумус, 10-15 кг құрт алады.
Бірақ ең басты айырмашылығы болып бір тағамнан екінші тағамға ауыртпалықсыз ауысуы болып табылады. Олар көптеген тағамдық субстраттарға бейімделген. Мысалы: қи ( ірі қара малдың, жылқының, қойдың, құстардың, т.б. ) , ас үй қалдықтары, ағынды су қалдықтары, қағаз, былтырғы ағаш жапырақтары және т.б.
Субстраттың бір бірлік көлемінде құрттар тығыз коныстанса да, тіршілігін сақаиап, органикалық қалдықтарды өндіру қарқынын бәсеңдетпейді. А. М. Игониннің зерттеулері бойынша бұл құрт түрі өздігінен жануар және өсімдік негізді нематодадан құтылады. Осы айырмашылық негізінде старатель құртын тауықтың, үйректің, қаздың балапандарына және тоғандағы балыққа жем ретінде беруге болады. Құрттар өте пайдалы ақузды тағам ретінде пайдаланып тез салмақ қосуға септігін тигізеді.
Дене тұрқы ұзынша келген, дененің орта жағы дөңестеу, бөлімдерге бөлінген. Алдынғы бас жағы жуаң, бұлшық еттері дамыған қоңырқай түсті. Артқы жағы жіңішке келіп бозғылттау түске боялған. Барлық денесінің бетін түк басқан. Түктері мүлде көрінбейді бірақ, артқы жақтан алдыға қарай саусақпен жүргізетін болсақ сезуге болады. Жауын құрттың барлық денесі эпителимен жабылған, оның құрамы бездер мен комбиальді клеткалардан тұрады. Соның арқасында дене тұрқы майланып, жұмсақ болады да қозғалыс кезінде ешбір қиындықсыз субстратты шарлайды.
Ересек тұлғада денесінің ортасында жуаң бөлімі болады. Ол 24 пен 32 - і сегмент аралығында орналасады. Сол жуаң бөлімде кокон қалыпасады.
Жауын құрты гермафрадитті жануар болып табылады, бірақ көбею үшін екі тұлғаның жұптасуы орын алу керек ( копуляция ) . Олар тек қана жұмыртқалау арқылы көбейеді. Оптимальді жағдайда 5 - 7 күнде бір рек жұмыртқалайды.
Кокон дөңес келген, лимон түстес серпімді капсула болып келеді. Түсі жаңа пайда болғандардың ақшыл сары болып, піскендердің қоңыр болып келеді. Диаметрі 2 - 4 мм аралығында болады. Әр коконда ұстау жағдайына байланысты 2 - 20 жұмыртқадан болады. Жаңа дүниеге келген құрттар 1 мм,
6 - 7 күн өткеннен кейін 4 - 7 мм өлшемді болады. Олар жіп сияқты жіңішке болып келеді. Айырмашылығы болып белдік тамырдың айқын көрінуі. Коконнан шыққаннан кейін олар қоректене бастайды.
Арнайы дем алу мүшесі жоқ. Құрттар бүкіл денесімен тыныс алады.
Құрттармен өндірілген органикалық қалдықтар артқы канал арқылы түйіршік ретінде болып шығады. Бұл түйіршіктер - копролит деп аталады. Копролит құрамы гуминді заттардан (гуминді қышқылдан, тұздан, гуматтан ) тұрады. Осы заттардың арқасында топырақ суды жақсы сіңіріп, ыстық күндері ылғалды ұстап тұру қабілетіне ие болады. Айрация процесі қалыпқа келеді. Топырақ механикалық өзгерістерге тұрақты әрі құнарлы болады. Оған қоса, копролит - микроорганизмдерге бай болып келеді, ал жауын құрт ас қорыту жолы микроорганизмдер генерациясын туғызады. Біз білетіндей микроорганизмдер өлі тіндердің бұзушылары болып табылады.
Өмір сүру ұзақтығы 4 - 16 жыл.
Тәжірибе бойынша культивирленген құрттар түрі ауырмайды, әр түрлі ауруларға төтеп береді. Олардың популяциясын тек қана ұстау технологиясын бұзған жағдайда құртып алуға болады.
Субстратты дайындау вермитехнологиядағы басты бөлім болып табылады. Себебі субстрат құрамынын алуан түрлігі, компоненттердің дұрыстығы құрт биомассасының тез өсуіне, копролит санына, құрттың жағдайына әсерін тигізеді. Субстрат құрттар үшін өмір сүру мекені мен азықтанатын тағамы болып табылады. Өндірітік кәсіп орын үшін осы екі құрт түрі кеңінен қолданылады.
Құрттарға арналған азықты - компостты дайындау ережелері.
Құрттар үшін жақсы шикізат ретінде қара малдың, жылқының, құстың
6 - 12 ай ашық жерде жатқан қилары кеңінен қолданылады. Компостың сапасын оған ұнтақталған жұмыртқа қабығын, ұнтақталған органика негізді ас хана қалдықтары, көкөністі өсімдіктердің және ағаштың жапырақтары, оған қоса 1 тоннаға 20 кг әк пен шымтезек қосу арқылы арттыруға болады. Ағаш жапырақтары, шөп, сабан, тағамдық қалдықтар ұнтақталған гранула түрінде бола вермикомпостирования процесі тезірек жүреді. Құрттар белгілі бір субстратқа үреніп қалады. Оларды басқа тамақ түріне аударғанда абай болу керек немесе ақырындап қосып жағдайларын қадағалау керек. Өйткені субстрат қышқыл немесе құрамында химикаттар көп мөлшерде болса, толығымен популяциядан айырылуға болады. Субстрат ретінде жаңа қиды қолдануғ болмайды себебі құрттар тіршілігін жояды. Компост дайындау тағам дайындау сияқты іс. Тағамды біз адамға дайындасақ, компосты біз құрттарға дайындаймыз. Компост минералды заттарға бай, байытылған болу үшін, оның мәзірі де өзгеше болуы керек. Алдымен параметрлеріне тоқтала кетсек. Мен өндірістік жағдайды қарастырғаннан, өлшемдері үлкен болады. Ені - 2 м, биіктігі 1 - 1,5 м, ұзындығы 10 м ден бастап. Мәзіріне көшетін болсақ, онда компоненттер мөлшері бірдей көлемде болуы керек. Ақуызды және көмірсулы компоненттері біркелкі мөлшерде бірінен соң бірі болуы шарт. Компостың атынғы жағы дренаж ретінде болуы керек. Дренаж ретінде біз шіру процесіне ұшыраған ағаш бұтақтарын қолданамыз, бірақ олар ұсақталған күйде болсын. Себебі тез арада микроорганизмдер әсерінен қарашірікке айналады. Келесі қабат жаңа піскен қидан болуы керек. Себебі ол компосттың жылу беру генераторы болып табылады. Оның үстіне себелеп құмды себелеп шығамыз. Құм құрттардың асқазанын тазартып шығатын заты болып табылады. Құмды қабат үстіне біз жапырақтарды 10 - 15 см көлемде салып шығамыз. Жапырақ көмірсулы компонент болып табылады. Жапырақ үстіне кәдімгі топырақты салу керек. Топырақ нитрализатор ретінде қолданылады. Әр 2 - 3 қабат сайын сумен құю керек, ылғалдылығы 80 - 90 % болуы тиіс. Су құйып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz