Мейоздың фазалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
I.Мейоз(грек.meіosіs - кішірею,азаю)-хромосомалардың екі есе азайта отырып,эукариотты жасушаның ядросын бөлу процесі. Мейоз жасушаларда жүреді және гаметалардың пайда болуымен тығыз байланысты.
Өмір циклінде мейоз нәтижесінде хромосомалар санының азаюымен диплоидтік фазадан гаплоидтік фазаға ауысу жүреді. Жалпақтықты қалпына келтіру (гаплоидті фазадан диплоидты фазаға ауысу) жыныстық процестің нәтижесінде болады.
Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді.

2.1 Мейоздың пайда болу тарихы
Мейоз алғаш рет 1876 жылы неміс биологы Оскар Гертвигпен теңіз кірпілерінің жұмыртқаларында зерттелген және сипатталған.
Мейоздың жекелеген фазаларын жануарларда В. Флемминг (1882), ал өсімдіктерде - Э. Страсбургер (1888), содан кейін ресейлік ғалым В. И. Беляев сипаттады. Осы уақытта (1887) А. Вайсман теориялық түрде мейоздың хромосомалардың тұрақты санын қолдау тетігі ретінде қажеттілігін негіздеді.

2.2 Мейоздың фазалары
Мейоз процесі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялы бөліну, екінші кезең эквационды бөліну деп аталады.(6-сурет)
Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады. Редукциялы бөліну митоз сияқты төрт фазадан тұрады:
1)профаза I
2) метафаза I
3)анафаза I
4)телофаза. I
Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады:
Липтотена(1-сурет)- жіңішке жіпшелер сатысы. Бұл мейоздың I профаза кезеңінің алғашқы сатысы. Мұнда хромосомалар ширатылып, жарық микроскопы арқылы ұзын әрі жіңішке түрінде әрең көрінеді Хромосомалардың саны екі еселеніп, шұмақ түзеді.

1-сурет. Липтотена сатысындағы жасушаның көрінісі
Зиготена(2-сурет)- қосарланған жіпшелер сатысы. Жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін қосатын саты. Гомологті хромосомалар конъюгацияланып,яғни бір-біріне жақындасып, бивалент түзеді. Бивалент - бұл екі еселенген гомологті хромосомалардың жұп қосылыстары, яғни әрбір бивалент төрт хроматидтен тұрады.

2-сурет. Зиготена сатысындағы жасушаның көрінісі
Пахитена(3-сурет)- жуан жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалардың ширатылуы мен олардың қысқаруы сияқты процестермен қатар гомологтік хромосомаларда айқасу немесе кроссинговер процесі жүзеге асады, яғни сәйкес бөліктерінің айқасып алмасуы жүреді. Мейоздық профаза сатысының ішіндегі ең ұзаққа созылатыны - бұл пахитена сатысы. Кроссинговер кезінде жұп хромосомалар ішінде генетикалық ақпарат алмасады. Ерекше айта кететін жайт, мейоз кезінде әкесі мен шешесінен алынған жұп хромосомалардың жақындасуы жүреді. Соның нәтижесінде, кроссинговер кезінде бір гаплоидті хромосомаға ата - анасының екеуінің де қасиеттері мен белгілері беріледі.

3-сурет. Пахитена сатысындағы жасушаның көрінісі.
Диплотена(4-сурет) - жіпшелердің бір - бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір - бірінен ажырай бастайды. Гомологиялық хромосомалар бір - бірінен ажырап алыстағанда, Х тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды. Бірақ кроссинговер өткен аймақтар, хиазмаларда өз байланыстарын үзбейді. Диплотена сатысында хромосомалар біршама қысқарып, конденсацияланады, нәтижесінде, оның 4 жіпшелі құрылымы анық көрінеді. Хиазма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оогенез және сперматогенез
Жыныстық және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктері және биологиялық маңызы
Клетканың органикалық заттары
Казахстанская 3 сортынынан алынған мутантты линияларға цитогенетикалық талдау
Митоз кезеңдері
Жасушаның алуан түрлілігі
Жыныстық дамуындың бұзылуына байланысты қыз баланың кариотипін зерттеу
Шерешевский - Тернер синдромына сипаттама
Генетика пәні бойынша дәріс кешені
Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда клеткалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады
Пәндер