Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «2050-стратегия» жолдауында ата-ана және бала тәрбиесі туралы былай деп. Айтып кеткен: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты». Бала бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ақыл-ойының дұрыс дамуына әсер етіп, еңбекке деген қызығушылығыноятып, бала денсаулығын сақтай отырып жұмыс жүргізу ата-ана мен тәрбиешінің алға қойған мақсаты болуы тиіс. Ата-анамен балабақша бір мақсат қабірге жұмыс істер болса ұлт қамын ойлайтын болашақ ұрпақ саналы болары сөзсіз. Қоғам үшін әркезеңде, әр отбасынд аөсіпкеле жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуаталатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы -өмірге сәби әкеліп, он тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасы - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмен дегі міндеттерді шешеді. Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне -өзі қызмететуге үйрету. Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету. Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен баста отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Бала әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің болашағы. Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап, оның келешек қоғамының бет бейнесін көруге болады . «Бала келешек жеке тұлға емес, ол - осы күннің өзінде- ақ жеке тұлға. Балалар бізді толғандыратын барлық сезімдер мен ойлардың бастауына негіз болатын тіршілік иелері, бұл бастауларға жетекшілік етуде нәзіктік пен мейірімділік таныту керек». Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша - бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы - балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу. Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру қызметін күшейту сондай-ақ қоғам институттарын жетілдіру тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің қажеттіліктерін негіздейді. МДҰ өкілдері мен ата-аналардың бірлескен жұмысынан мектепке дейінгі баланың одан әрі дамуы байланысты. МДҰ жұмысының сапасы ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне байланысты, ал, осыған орай, балалардың отбасылық тәрбиесінің деңгейі де бар. МДҰ маңызды міндеті - отбасы тәрбиесі мен білім беру аясында педагогикалық қарым-қатынасты пайдалану. Мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының қалыптасуында отбасы тәрбиесі әрқашанда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ бала тұлғасының дамуына оның ортасы әсер етеді, ол орта мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Баланың мектепке дейінгі баланың болуы ережелер мен талаптардың тұтас жүйесіне бағынады: ұйымдастыру және өмір ережелері, ұжымдағы құрдастарының қылықтары және тағы басқалар. Кез келген ұйым, оның ішінде мектепке дейінгі ұйым, кез келген отбасы сияқты, белгілі бір қалыптасқан жүйесі бар (бұл жағдайда - жүйе баланы тәрбиелеу, оқыту, дамыту) сонымен бірге принциптер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. Бұл құндылықтар бір-бірімен тек қана сәйкес келемейді, кейде толығымен бір-біріне қарама-қарсы. Тәрбие қызметі әртүрлі, бірақ мектепке дейінгі баланы жан-жақты дамыту үшін олардың өзара қарым-қатынасы қажет. Осыған байланысты МДҰ мен отбасы арасындағы тығыз байланысты қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Қазіргі отбасы мектепке дейінгі жастағы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда басты институттардың бірі. Баланың мүддесінің даму тек қана, отбасы өкілдері (тек ата-аналар ғана емес) және МДҰ педагогтары өзара тығыз қарым-қатынаста болғанда ғана табысты болады. Бұл мектепке дейінгі баланы жақсы білуге, оны әр түрлі жағдайларда түсіну, сезіну, көруге мүмкіндік береді, демек, бұл баланың дамуының тамаша траекториясы.

Зерттеудің өзектілігі- МДҰ мен тәрбиеленушілердің отбасыларының арасында өзара әрекеттестік, үлкен тәрбиелік және білім әлеуетін құрайды. Ол мұғалімдер мен отбасылар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатуға, педагогикалық білімді насихаттау үшін, отбасы зейінін балаға, оның проблемаларына, оның салдарларын жария ету көмектеседі.

Зерттеу объектісі: тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының қарым-қатынасы.

Зерттеу пәні: тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасы

Зерттеудің мақсаты: тәрбиешінің ата-аналармен өзара ынтымақтасуын қарастыру.

Зерттеудің міндеті:

  • тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету.
  • тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасына педагогикалық-психологиялық тұрғысынан сипаттама беру.
  • тәрбиеші мен ата-аналар арысындағы жағымды қарым-қатынасты орнату әдіс-тәсілдерін, жолдарын айқындау.

Зерттеу гипотезасы:

Төмендегідей тұжырымдалады:

- егер ата - анамен тәрбиеші бала тәрбиесіне тең дәрежеде жауапкершілікпен қарап, балабақша мен ата - ананың тәрбиелік көзқарасы бір деңгейде тәрбиелеу әдіс - тәсілдері бір арнаға құйып жатса бәсекеге қабілетті шығармашыл, білімді тұлғаны дайындап шығар едік. .

Зерттеу базасы. Көкшетау қаласы, Б. Әшімов к. 137, МККҚ №4 «Еркемай» балабақшасы. Тәжірибелік - іздестіру жұмыс барысында, барлығы 2 тәрбиеші және20 тәрбиеленушінің 32 ата-аналары қатысты.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: отбасы мен МДҰ өзара қарым-қатынасындағы құралдары, әдістері мен технологиялары жинақталған.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тәрбиешілер мен атан-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.

Алынған зерттеу нәтижелері: тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмыс істеу кезінде МдҰ-ның барлық педагогтарының жұмысына қатысады.

Зерттеу әдістері: әдебиетті талдау, қорыту, бақылау, МДМ-де тәрбиеші және ата-аналардың өзара қарым-қатынасында диагностикалық әдістемесін үйрену.

1-тарау. ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

Отбасының да, балабақшаның да мақсат - мүддесі біреу - ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя - отбасы, ата - ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата - анасының өнегесі, өнері балаға үлгі, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқандада сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.

«Баланы жастан» деген халық даналығына сүйенсек, тәрбиенін бесіктен басталатыны әркімге аян. Сәбиінің өнерлі, талантты еңбек сүйгіш болып өсуін мақсат еткен ата - ана бесік жырының, негізгі арқауын да ой өнеріне, қол еңбегіне арнағанын мына бір үзік ойдан анғару қиын емес.

«Таңдайларын тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің,

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?» . . .

Баланы мақтап, көтермелеп, бағыт беріп отыру, оның интеллектуалдық ой - өрісін дамытып, ойлағанын еркін - батыл жеткізуге мүмкіндік береді. Ата - анамен арадағы мейірбандылық нығайып, баланың жеке басының шығармашылық деңгейі артады. Ата - ананың аузынан шыққан сөз балаүшін өмір, тіпті заң болып та есептеледі. Бала өте сезімтал байқағыш, оларға ерінбей дұрыс жауап беру түсіндіру, тура жолға бағыттау, ой-өрісін ұштау, ата - ана мен тәрбиешінің парызы. Балабақшада, ата - ана мен тәрбиеші айтылған, көрсетілген нәрсеге баланың ықылас зейін қойып тындауға ерекше зер салғаны жөн. Отбасы, балабақшада үнемі өнегелі, ұлағатты сөздер айтып, өзін әдепті ұстап, ізетт ілік жасауды түсіндіріп отырған жөн. Сәбиге ерте бастан сәлемдесу, қоштасу, үлкенге «сіз» деп сөйлеу, қарсы жолыққан кісіге жол беру, үлкенге орындық ұсыну, қателігі үшін кешірім сұрау, рұқсатсыз біреудін затын алмау, өзінен кішіге қамқорлық көрсету сияқты әдептілік қағидаларын үнемі есіне салып түсіндіріп санасына сіңіріп отырса, баланың ақыл - ойының, мінез қалпының өнегелі жаққа ойыса беруіне ықпалы нәтижелі болмақ.

Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата - ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата - ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата - ана және үстаз болып үйрету керек». Ендеше «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елінің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлт жанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта құру жүргізілуде, ол барлық білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы болды. Негізгі мақсат қоғам мүшесін тәрбиелеу емес бала тұлғасының еркін дамуы деп танылады. Балабақшаның негізгі міндеті - баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу - тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш - жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең - байтақ гүлжазира даласы, тау - тасы, өзен - көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т. б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Мектепке дейінгі жас бала дамуында жаңа әлеуметтік жағдайлардың пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін қоршаған адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады . Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың ересектермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс- әрекет ересек адамның нұсқаларын дербес орындаумен алмасады . Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігіне баланың құрдастарымен арнайы өзара қарым - қатынасының пайда болуы «Балалар қоғамының» құрылуы жатады . Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менінің» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен үлкендердің ішкі дүниесіне олардың іс -әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады. Еліміздің болашағы -бүгінгі балалар . Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау- қазіргі балабақша мектептерге, тәрбиеші мұғалімдерге тікелей жүктелетін жауапты жұмыс. Қоғамдағы ауқымды өзгерістер, жүйені реформалау, білім беру, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай қазіргі әлемде МДҰ-да тәрбие мен білім беру жұмысының міндеттерін жүзеге асыру үшін жаңа тәсілдерді іздестіру және әзірлеу қажеттілігін талап етеді. Қазақстан Республикасының білім беруді жаңғырту тұжырымдамасы сәйкес білім беру саясатының белсенді субъектісі отбасы болуы тиіс. Стратегиялық білім берудің мақсаты тек, ата-аналар мен тәрбешілердің өзара қарым-қатынасы тығыз болғанда ғана жүзеге асады. Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру - парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.

1. 1. МДҰ-дағы тәрбиеші мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы: маңызы, мақсаттары, міндеттері

Отбасы рөлі қоғамдағы басқа да әлеуметтік институттардың бірде-бірімен салыстыруға келмейді, өйткені отбасында тұлға қалыптасады және дамиды, мектеп жасына дейінгі бала әлеуметтік рөлдерді меңгереді. Байланыс отбасы адам өмір бойы сезінеді. Отбасында жеке тұлғаның адамгершілік негізі қаланады, нормалар қалыптасады, жеке қасиеттері, қабілеттері ашылады. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі - ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы.

2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.

4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас, деген дана халқымыз. МдҰ-ның отбасы өкілдерімен өзара қарым-қатынасының мәні туралы айта отырып, мектепке дейінгі білім берудің барлық жүйесін жаңарту маңызды болып табылады деп қарасақ болады. Белсенді іздеу жүргізілуде, жұмыстың жаңа нысандарын қолдану үшін ата-аналар психологиялық-педагогикалық көмек түрінде ғана емес, сонымен қатар МДҰ-ға өмірге қатысуға тарту қажет. Мектепке дейінгі жастағы баланың үйлесімді дамуына мұндай жұмыс көп ықпал етеді. Өзара байланыста бір-біріне әсер ете отырып, тәрбие мәселелері шешуге көмектеседі. Мектепке дейінгі балаларға тәрбиеде ықпал етудің құнды тәсілдері, яғни бір-біріне байланысты және толықтыратын жалпы әрекеттер.

Е. В. Коротаеваның айтуынша, қазіргі заманғы педагогикалық өзара қарым-қатынас, оның ерекше түсінігіне негізделеді. білім беру объектілері мен субъектілерінің байланысы, эмоциялық-эмпатиялық және ұйымдастырушылық-іс-әрекет бірлігі мен ұйымдағы сапалық немесе сандық өзгерістерге әкеп соғатын педагогикалық үдеріске негізделген.

Педагогикалық қарым-қатынастың өзгеруінің нәтижесінде бұзғыш және дамытушы сипаты болуы мүмкін, педагогикалық қарым-қатынастың, осылайша деструктивті және конструктивті түрлері болады. Педагогикалық өзара іс-қимылдың маңызды сипаттамалары өзара түсіністік, өзара қарым-қатынас, өзара тану, өңдеу, өзара әрекеттесу, үйлесімділік. Олар әр түрлі жағдайларға байланысты көрінеді, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әрекеттесудің көптеген түрлері туралы айту. Оларды жіктеу үшін әртүрлі негіздер бар. тәрбиеші мен балалардың бірлескен іс-әрекетінде белсенді қатысу дәрежесіне бағытталған жіктемені А. С. Белкин бойынша қарастырайық.

- қамқорлық, оның ішінде балаларға көмек көрсетуде және оларды қорғауды анықтаудағы басты рөл ересек адамға беріледі, ересек тәрбиеленушіге көмек көрсету;

- серіктестік, мұнда " қызметтің табысы бірлескен күш-жігердің салыстырмалы теңдігі»;

- тәлімгерлік, оның ішінде басты рөл ересектерде қалады бірақ тәрбиеленушілердің ынтасы артады;

- ынтымақтастық, мұнда " бір-біріне көмек көрсетуге деген ынта»;

- достастық (ересек балалық шақ кезеңі) "ынтымақтастықтың жоғары түрі, екі тарап жеке, іскери қарым-қатынастар негізінде".

А. С. Белкин ұсынған жіктеу негізі - бұл міндеттер мен құқықтардың арақатынасы-ол тұлғалық-бағдарлы, дамытушылық және гуманистік білім беру процесс талаптарын толық көрсетеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдары
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
Тәрбиенің тал бесігі-балабақша
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Тәй - тәй технологиясы негізінде баланың даму ерекшеліктері
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz