МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙ КЕН ОРНЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАЖАНБАС МҰНАЙ КЕН ОРНЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

0.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер

Қаражанбас кен орны Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы территориясындағы Бозащы түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Облыс орталығы Ақтау қаласы болып саналатын жерден 210 км қашықтықта орналасып, қаламен асфальтті жолмен байланыста тұр. 150 км қашықта орналасқан темір жол станциясы бар ең жақын мекенді қоныс Шетпе ауылы болып саналады. Бозащы түбегінің солтүстік-батыс бөлігі абсолюттік белгісі минус 19-дан плюс 28 м шектелген жазықтық жер болып келеді. Жергілікті ландшафттың аса танымал белгісі, автотранспорттың өтіп жүруіне кедергі жасайтын көптеген сорлардың болуы. Жер бедері пішіндері бархан және байырғы жыныстардан тұрады. Аудан климаты күрт контитентальді. Ауа температурасы қыста минус 30º-дан жазда плюс 45º-ке дейін жетеді. Атмосфералық жауын-шашын күз және қыс мерзімдеріне сай келеді.
Қаражанбас кен орны Бозащы түбегінің солтүстік-батыс аймағында орналасқан. Түбектің ойпат жазығы аккумулятивті теңіз жазықтар типіне жатады. Түбек Каспий маңы ойпатының бөлігіне кіреді де, онымен геоструктуралық палеографиялық қатынаста болады. Ойпаттың солтүстік бөлігі эол құмдар массиві және сор беткейі бар дефляциялық жағдайларда пайда болған ұсақ арынсыз ойыстары бар толқын тәріздес абразивті-аккумулятивті жазық болып келеді. Оңтүстік бөлігі ірі түйірлі-тізбекті денудациялы-еңісті, жыралармен қатты тілінген жазықтық ретінде көрсетілген. Құм массивтері дөңестерінің салыстырмалы биіктігі 3-6 м болатын кішкене дөңесті рельеф құрады.
Кен орын Бозащы түбегінің солтүстік-батысында орналасып, ауданы 7777,48 га алқапты алып жатыр. Бұл адам қоныстарынан қашық орналасқан теңіз деңгейінен 22-27 м төмен орналасқан шөл дала. Жұмысшылардың мекенді қонысы кен орынның игеріліп жатқан орталық аймағынан жобалап 15 км қашықтықта орналасқан. Жұмысшылардың тұратын жерінде тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени кешендер, қоймалар, жылыту құрылғылары, тағы басқа көмекші құрылыстар. Санитарлы қорғау бақылауы бар зоналар аймағында тұрғылықты мекенді қоныстар, одан басқа да арнайы табиғи қорғау жағдайларын талап ететін түрлі нысандарда да кездеспейді. Негізгі өндіріс нысандарының орналасуы негізінен өндірістің оңтүстік-шығыс бөлігіне келеді. Аудан климаты күрт қоңыржайлы, жауынсыз, өте құрғақ, ыстық, ұзақ жазымен және салқын, қысқа қары аз зысымен ерекшеленеді.
Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында ғана газ-мұнайлы шоғыр орналасқан. Коллекторлар құмтастар мен алевролиттерден құралған, ашық кеуектері 27-29%, өткізгіштігі 0,0136-0,351 мкм2, қалыңдығы 2-126 м сазды жыныстар жаппа қызметін атқарады. Блоктардағы мұнай шоғырларының биіктіктері 3,9-75,4. Коллекторлардың жалпы қалыңдығы 1,5-26,1 м, тиімді қалыңдығы 4-18,6 м, мұнайға қаныққан қалыңдығы 2-14,6 м. Газ-мұнай шоғырындағы коллекторлардың газға қаныққан қалыңдығы 2,4 м. Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0,63-0,75. Мұнайдың тығыздығы 0,939-0,944 гсм3, 1,6-2,2% күкірт, 0,7-1,4% парафин бар, шайырлығы жоғары. Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3-5,75 МПа аралығында, температура 25º С-тен 37ºС-ге дейін өзгереді. Мұнайлардың шығымы 1,2-76,8 м3тәулік. Құрамында ванадий мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы жағынан хлоркальций типті, тығыздығ 1,03 гсм3, минералдары 40-76 гл, бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орны 1980 жылдан игерілуде.

0.2 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы

Қаражанбас кен орнында іздеу, барлау және пайдалану ұңғымаларымен полеогенді, неогенді және төрттік шөгінділерімен қимасы ашылды.
Шөгінділер кешенінің шекараларының арасы үлкен үзілістермен және шұғыл бұрыштық келіспеушілікпен сипатталады.
Төменгі триас шөгіндісі көптеген ұңғымалармен толық ашылмаған. Жыныс жасы оленеке ретінде анықталады. Триастың төменгі құмтасты қимасы шартты түрде индты ярусқа жатады. Кен орынның жинақтауыш бөлігінде триасты жыныстар төменгі бор шөгінділерінің астында шоғырланған.
Бұрғылау кезінде орта юра шөгінділері тек переклинальдарда және қанаттардың жүктелген аймақтарында құрылымының 390 м-ден 500 м-ге дейінгі тереңдігінде кездескен, ал жиналымның үлкен бөлігінде көтерілімдер шайылған. Ашылған шөгінділер байос және батс ярусына жатады және максимальды қалыңдығы 125 м (ұңғыма 105).
Төменгі бор жаппай таралған стратиграфиялық бұрыштық келіспеушілікпен төменгі триас және юраның әр түрлі горизонттарының шайылған беттік жағында шоғырланған. Шоғырлану тереңдігі 20 м-ден 480 м-ге дейін құбылып тұрады. Ұңғымалармен ашылған қимада неокомды жасты шөгінділер бар (берриас-валанжин, готерив, баррем) жалпы қалыңдығы 170-190 м және апта шөгінділері (қалыңдығы 75-90 м) және альба (қалыңдығы 140 м-ге дейін барады).
Қаражанбас кен орнында іздеу, зерттеу және пайдалану ұңғымалары көмегімен төменгі триас, орта юра және төменгі мел шөгінділері бар тілімдері алынған.
Шөгінділер комплексі арасындағы шекаралар шөгін жинаудағы үлкен үзілістермен және үлкен бұрыштық келіспеушіліктермен сипатталған.
Төменгі триас шөгінділері көп ұңғымамен толық қалыңдықта алынбаған. Шөгін жыныстары оленектік деп алынған. Төменгі, триас тілігінің анағұрлым құмды бөлігі, шартты түрде инд ярусына жатқызылды. Кен орынның күмбезді бөлігінде триас шөгінділері тікелей төменгі мел шөгінділері астында орналасқан.
Орта юралық шөгінділер бұрғылау кезінде тек переклинальдарда және 390 м-ден 500 м-ге дейінгі тереңдіктегі структура қанаттарының терең учаскілерінде кездескен, ал күмбез көтерілуінің көп бөлігінде олар дұрыс көрінбеген. Ашылған шөгінділер байос және бат ярустарына жатады. Олардың максималды қалыңдығы 125 м-ге дейін (105 ұңғыма).
Төменгі мел шөгінділері стратиграфиялық және бұрыш келісімсіздіктерімен жергілікті таралады. Олар төменгі триас және юра әр түрлі горизонттарының бұзылған беттерінде жатыр. Жату тереңдігі 20 м-ден 480 м-ге дейін орналасқан. Ұңғылар көмегімен алынған тілім құрамында 170-190 м қалыңдықтағы неоком жасының (берриас-валанжин, готерив, баррем) шөгінділері, сонымен қатар апта (қалыңдығы 75-90) және альба (қалыңдығы 140) шөгінділері кездеседі.
Алынған нәтижелердің нақты зерттелуі бойынша 1992-93 ж және кейін алынған тереңдіктегі сынақ мұнайлары барлау және сынақ игеру мерзімі кезінде алынған мұнайға қарағанда газ құрамының азаюы және қанығу қысымының төмендеуі байқалды. Игеру үдерісіндегі қабаттағы мұнайдың газ құрамының азаю себебі, қысымның қанығу қысымынан төмен түскендегі қабат мұнайының газсыздануы, немесе ұңғы өнімдерінің жаппай сулану үдерісі бұл кезде мұнай газының бір бөлігі жолаушы алынып жатқан суда ериді. Бұл екі үдеріс те Қаражанбас кен орнының учаскілерінде қолданған оның бәрі қарқынды игеріліп жатқан аймақтарда қабат мұнайы күрт өзгерген және бастапқы мұнай қалпымен мүлдем сәйкес келмейді.
Қазіргі кездегі, әсіресе кен орынның шығыс учаскілеріндегі, жаңа учаскілердегі қарқынды бұрғылаулармен және газсызданумен кен орынның аз бөлігі аумақталғандықтан әсіресе кен орынның шығыс учаскілеріндегі, жаңа учаскілердегі қарқынды бұрғылаулармен және газсызданумен кен орынның аз бөлігі аумақталғандықтан I және II нысандарындағы қабат мұнайының қасиеттері бастапқы жағдайларға да, пайдалану кезіндегі жағдайларға да орнықты.
Қаражанбас кен орнының мұнай қоры бір рет қана бағаланбаған еді. 1977 ж қорды есептеу жүргізілген іздеу-барлау жұмыстарының материалдары бойынша жүргізілген. 1993 және 1997 жылдары қор 1500 ұңғыманы эксплуатациялық бұрғылау нәтижелерінен алынған.
Шығыс бөлігі үшін 1997 ж-мен салыстырғанда 25 жаңа ұңғыма бұрғылау материалдары бойынша геологиялық құрылымын нақтылау нәтижесінде өзгерістер пайда болды. Мұнай қоры қайта есептеліп 01.01.2001 ж жағдайы бойынша жалпы кен орынның қоры өзгерген.
Кен орынның игеріліп жатқан бөлігі бойынша мұнай қоры В категориясы бойынша бағаланады, ал барлау ұңғыларының алып жатқан аймағында С1 және С2 категориялары бойынша бағаланады. Сонымен қатар, Б және В қабаттарында өндірістік өнімділігі бекітілмеген жерде, ГКЗ КСРО есептеулерінің варианты сақталған, мұнайдың өндірістік ағындары алынатын аймақтарда С1 категориясы бойынша бағаланады, басқа аудандарда - С2 категориясы бойынша.
Әртүрлі қанығу аймақтары мен жалпы кен орынның бастапқы және қалдық балансты мұнай қоры ... . кестеде келтірілген.

... -кесте. Қаражанбас кен орны. Мұнайдың геологиялық қоры
фронт,
қабат
Қор
категория
2012 ж бағалау бойынша мұнайдың балансты қоы, тыс.т

Игеріліп жатқан қабат
Игерілмеген қабат
Барлығы игерген+игерілмеген

бастапқы
қалдық
01.01.2011
бастапқы
бастапқы
Қалдық
01.01.2011
А1
В
С1
С2
13914
0
0
12779
0
0
0
43709
4102
13914
43709
4102
12779
43709
4102
А2
С1
0
0
2500
2500
2500
Б
В
С1
С2
12473
0
0
11533
0
0
0
10987
8690
12473
10987
8690
11533
10987
8690
В
В
С1
С2
10958
0
0
10630
0
0
0
5845
10819
10958
5845
10819
10630
5845
10819
I нысан бойынша барлығы
B
C1
C2
37345
0
0
34942
0
0
0
63041
23611
37345
63041
23611
34942
63041
23611
Г+Гп
В
С1
С2
70904
0
0
5967
0
0
0
26251
14342
70904
26251
14342
59617
26251
14342
Д
В
С1
7195
0
6352
0
0
552
7195
552
6352
552
I нысан бойынша барлығы
В
С1
С2
78099
0
0
65969
0
0
0
26803
14342
78099
26803
14342
65969
26803
14342
Ю-I
В*
С1
С2
4532

0
3893

0
0

1753
4532
35425
1753
3893

1753
Ю-II
В*
С1
С2
4465
0
0
4376
0
0
0
15967
6516
4465
15967
6516
4376
15967
6516
III нысан бойынша барлығы
В
С1
С2
8997
0
0
8269
0
0
0
51392
8269
8998
51392
8269
8269
51392
8269
Кен орын бойынша барлығы
В
С1
В+С1
С2
В+С1+С2
124441
0
124441
0
124441
109180
0
109180
0
109180
0
141236
141236
46222
187458
124441
141236
265677
46222
311899
109180
141236
250416
46222
296638

0.3 Тектоникасы

Қаражанбас кен орны, тектоникалық тұрғыдан қарағанда Бозащы көтерілімінің күмбезді бөлігінде орналасқан және субендік жатыста тұрған антиклинальдік қатпарына жатқызылды. Тұйық изогипса контурындағы құрылым көлемі минус 330 м көтерілу амплитудасы 90 м кезінде 23*4,2 км құрайды. Қатпардың оңтүстік қанаты солтүстіктігіне қарағанда жазықтау және қанаттарындағы жыныстардың құлау бұрышы сәйкесінше 2-4 құрайды.
Қатпар екі күмбезбен: батыс және шығыс және түрлі ориентирдегі дизъюнктивті бұзылыс қатарымен: ендіктен меридиндыққа дейін.
1977 жылғы мұнай қорларын есептеу жұмысында көтеру әр түрлі қанығу сипаттамасымен толықтырылған өнімді қабат тілімі бар жеті тектоникалық блокқа бөлінген тектоникалық бұзылулармен көрсетілген. Көп жағдайларда шартты болып саналатын, бұзылулардың негізіне мұнай су жапсарысының байланыссыздығы болады. 1993 жылы мұнай көтерудің анағұрлым қарапайым түрі қабылданды, ал көршілес ұңғылардағы бір гипсометрлік деңгейдегі аттас қабаттар қанығу сипаттамасының келісімсіздігі, мұнай су жапсарысының еңістігімен түсіндіріледі. Бұл екі вариантта да мұнаймен қанығу бағасы бірдей болады деп санағанда, 1997 ж қорлар есебінде ең қарапайым екінші вариант қабылданды.
Қаражанбастағы мұнай көтеруіне қабылданған варианттың құрылымы бойынша, құрылым тектоникалық жарылыстармен жеті емес, төрт блокқа бөлінген. Блок I, II, III, V блоктарын біріктіреді, 1977 ж. Схемасы, блок II, IV-ке сәйкес келеді, блок III-VII блогына және блок IV-VI блогына.
Мел кешенінің көтеру құрылыстар блоктарын қарапайымдатумен қатар, юра дәуірінің шөгінділер құрылымына да көзқарас өзгерді, себебі 1977 ж әр түрлі шөгінділер кешендер арасындағы бұрыштық келісімсіздіктер есепке алынбайтын және орта юралық шөгінділер планы төменгі мен шөгінділер планымен сай келеді.
Жаңа ұңғылар 5019 және 3175 (шығыс периклиналь) бұрғылау көмегімен алынған коллекторлардың қанығу сипаттамасы туралы ақпараттар және 120 м жететін өнімді қабат горизонттар тереңдігінің күрт өзгеруі, Қаражанбас кен орнының IV блогын Солтүстік Бозащы кен орнынан бөліп тұрған жарылыс бұзылуының орнын өзгертуге ықпалын тигізді. Одан басқа 5109 скважинасындағы А,Б,В,Г горизонттарының барлық коллекторлары су қаныққан болып шықты және тәжірибеде де су алынып шықты. ГИС берген ақпараттар бойынша 3175 ұңғымада өнімді болып А (2,2 м), қабаттың тек үстінгі жағы еді, қалған горизонттар су қаныққан.
Тектоникалық жағынан Қаражанбас кен орны Бозащы көтерілімінің жинақтауыг бөлігінде орналасқан және суб ауқымды жайылымның антиклинальді қатпарына ұштастырылған. Құрылым мөлшері тұйықталған изогипс контурында минус 330 м және амплитуданың 90 м-ге көтерілген кезде 234,2 км құрайды. Қатпардың оң қанаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысы өнеркәсібінің облыстың физикалық-географиялық жағдайына әсері
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Мұнай өндіру процесі
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
Өзенде бұрғылау шебері
Маңғыстау өңіріне физикалық-географиялық сипаттамма
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Пәндер