КҮЙ ӨНЕРІ - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
КҮЙ ӨНЕРІ- ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Орындаған: Жанбобеков С.Р.,
Мәдениеттану, 1курс
Жетекшісі: Құлсариева А.Т., филос.ғ.д., профессор
Алматы 2019
Күй өнері- халық қазынасы
Күй өнері -- шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде.
Күй біздің-мәдинетіміз бен тарихымыз. Сондықтан да қазіргі заманда жастардың бойына осы рухани байлығымызды жеткізе білу күйшілердің парызы бола бермек. Ол біздің ана тілімізбен қатар ұлттық мәдениетімізді сақтай білуіміз.
Қазақтың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындардың есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қала бермек.
Жалпы қазіргі кезде қарапайым тыңдармандар: Күй өнерін аса қатты түсіне бермейді, домбыра не дейді, не айтқысы келеді дейді ішінен. Әрине бұл өнер көрініп тұрғандай сурет емес, әнде емес, сөзі бар жырда емес. Қазіргі кезде күй өнерін теледидар, радиолардан да аз беріледі, сондықтан да тыңдармандар мен көрермендерді бұл өнерден алыстатып жібергеніде сезіледі. Себебі қазіргі кезеңді эстрада әндерінің шарықтау кезеңі десекте болады.
Менің бүгінгі айтайын деп отырған мәселем - Күй өнері дегеніміз не? Күй адамға не бере алады? Күй өнерінің мәні, күйшінің ішкі табиғаты-деген сұрақтар көп туындайды.
Күй өнері-тарихтың өткені мен бүгінгісі. Күй өнері салт-дәстүр мен қоғамдық өмірді реттеп отырады десекте болады. Атақты жырау Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов айтқандай Сөз айта алмайтын заман болғанда, айтатын ойдың бәрі барып аспаптың көмейіне тығылады- деген. Мінекей күй-халықтың тұрмысы, тарихын,тағдырын жеткізе білу болып табылады. Мына қазіргі кезеңде жақсы мен жаманды ажырата алмай қалған заманда, жастарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, махаббатқа толы жырларымызды тыңдатсақ, қазақтың тарихын айғақтайтын күйлерін тыңдатуымыз керек. Сол кезде ұлт ретінде мәңгі сақталып қала береміз.
Қазіргі кезде жер бетінде өз тәуелсіздігін ала алмай жүрген қаншама ұлт бар. Ал біз болсақ өз егемендігімізді алдық, тіліміз мемлекеттік тіл болды, шекарамыз сызылды, Астанамыз Сарыарқа төрінен ойып тұрып орын алды. Сондықтан да ұлттық өнеріміздің мәртебесін түсіріп алмайық.
Қазақ халқы күй өнерін ерекше кие тұтып, күйшісін айрықша қастерлеген. Жалпы күй өнерінің дамуы 18-20 ғасырлар десекте болады. Осы күй жайлы көп еңбек жазған Ақселеу Сейдімбек ағамыз екені баршамызға мәлім. Күй-шежіресі, Қазақтың күй өнері және т.б еңбектерін атап өтсек болады.Бұл кітаптардың құңдылақтарын атап жеткізуге сөз жетпейді.
Халық даналығында тік күй, қоңыр күй, бойлаулық күй деген атауларды күйшілік мектептерде көп қолданбайды; қоңыр күй, тік күй және бойлауық күй атаулары әрбір жеке күйдің саз сарынын анықтайды, мәселен, қоңыр күйлер философиялық ойға құрылып, көбінесе өмірдің мән мағынасын зердеге ұялатады.
Соңғы деректер бойынша ғалым-зерттеушілерге қазақ халқының бес-алты мыңдай күйі белгілі. Бұл, әрине, бес-алты мыңдай күйімен қосарлана айтылатын аңыз-әңгімесі де соншама. Сондықтан да күй мен күй аңызын бір-бірінен бөлмей қарау қажет. Ғалым-зерттеуші Ә. Марғұлан күйдің тарихи кезеңдерін бес кезеңге бөледі:
Бірінші кезең күйлері б.з.д VІІІ - V ғасырлар мен біздің заманымыздың VІ ғасыр аралығын қамтиды. Бұған Евразияның ұлы даласындағы көшпелілер арасында ислам діні тарағанға дейінгі қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлер жатады. Мәселен Қос мүйізді Ескендір, Көк төбет Аққу т.б. күйлерді атауға болады. Бұлардың қайсысы болмасын көне саз-сарындарымен ғана емес, қосарлана айтылатын аңыз-әңгімесімен де алыс замандарды меңзейді.
Екінші кезең оғыз-қыпшақ VІ - XІІ ғғ. күйлері. Бұл кезеңге Қорқыт атаның сарындары Абыз толғауы, Саймақтың сары өзені, Малжыңгер сияқты күйлер жатады. Бүл кезең күйлеріне тән арқау болған тақырыптар өмірдің мәні, бақыттың баяндылығы Қорқыттың мәңгілік өмірді іздеуі. Оғыз-қыпшақ кезеңінен жеткен күйлер өзінің аңыз-әңгімесінің тарихи сәйкестілігімен де Қорқыт сияқты тарихи тұлғаның өмір шежіресімен де рухани мұрамыздың генезисін нақтылай түседі.
Үшінші кезең, ноғайлы кезеңнің XІІІ - ХVІ ғғ. күйлері. Оғыз-қыпшақ заманының аласапыранынан кейінгі қазақ даласындағы рулық-тайпалық тұтастану, Алтын Орда сияқты мемлекеттің бой көтеруі осы кезеңдерге тұспа-тұс келеді. Тек ол ғана емес, ілгері ғасырлар талқысында тарихи тағдырын ортақтастырған далалық ру-тайпалардың саяси одақ құрып Қазақ деген мағыналы этникалық атаумен тарих сахнасына шыға бастаған кезі де осы кез.
Ноғайлы кезеңінде туған музыкалық мұраларымыздың санатына Жошы ханның жортуылы, Шора батыр Қамбар күйі сияқты халық күйлерімен бірге Кетбұғаның Ақсақ құлан, Асан Қайғының Ел айрылған, Қазтуғанның Сағыныш күйлерін жатқызуға болады. Бұл күйлер саз-сарынының ширыққан динамикасымен де, қосарлана айтылатын аңыз-әңгімесімен де, тарихи тұлғалардың көрініс табуымен де сол заманның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани күйін айқын бейнелейді.
Төртінші кезең, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ХVІІ - ХVІІІ ғғ. күйлер. ХVІ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап қазақтар мен ойрат феодалдарының арасындағы бәсеке-бақтастық осы екі халықтың екі ғасыр бітпес дауына, бітпес шайқасына ұласты. Бұл кезең күйлері өзінің өр мінезімен, тарихи оқиғалармен сабақтастығымен, нақтылы тұлғалар өміріне, қызметіне деректілігімен баурайды. Мұның музыкалық мұрамыздағы орны ретінде Елім - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz