Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасау


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БӨЖ
Тақырыбы: «Дамыта оқыту технологиясы»
Орындаған: Қонысбек Ж.
Тобы: 102-16
Қабылдаған: Сауытбаева И.
Шымкент
Жоспары:
- Дамыта оқыту технологиясы
- Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасау
- Қорытынды.
Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы - бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты - оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
М. Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
Белсенді оқыту әдісі - бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс. Белсенді оқыту, ең бастысы мұғалімдердің дайын білімдерін олардың жаттап алуы және қайта айтып беруінің мазмұнынан емес, ал белсенді тәжірибелік әрекеті және ойлау әрекеті процесінде оқушылардың қабілеті мен білімдерін өзіндік меңгеруі сияқты әдістер жүйесін ұсынады.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері тәжірибелік және ойлау әрекеттерін тудыруға бағдарлануында. Белсенді әдістердің көрінуі және дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қойылғанымен сәйкестеледі: оқушыларға тек қана білім бермей, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамыту және шығармашылық ойлауын жетілдіру танымдық белсенділік және танымдық өзіндік сапа оқуға деген оқушылардың дара қабілеттерін көрсетеді.
Бүгінгі күнде дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек. Технология бір-бірімен байланысты мынадай принциптерден тұрады:
- Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
- Мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
- Жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
- Теориялық білімнің жетекші рөлі.
- Материалды жылдам меңгеру.
- Оқу процесінің өзін оқушының мойындауы.
- Жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
- Оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігі.
Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істей алу үшін мұғалімге не қажет? Бұл технолгияның өзі дамушы білім беру кеңістігіндегі арнайы ұйымдастыруды ұсынады. Әдіскердің міндеті әр түрлі бағыттарды меңгеру үшін жағдайлар құру, әдіснамалық әдебиеттердің көп түрлілігіне педагогтарды бейімдеу. Дамыта оқыту жүйесін меңгеруде арнайы тәжірибелер бар мұғалімдерге жиі туындайтын бірталай мәселелер қатары берілген:
- Көптеген сұрақтарда жоғары білімділік таныту үшін, мұғалімдерге білім көлемі жеткіліксіз, өйткені сабақ шеңберінен шығу байқалады: материалдың көптігі, оның жан-жақтылығы, пәнаралық байланысы.
- Дамыта оқытуға сай, мұғалім жұмыс жағдайын құра алмайды. Сабақ мазмұнындағы тапсырмалардың құнды мүмкіндіктерін көрмейді, шындықты анықтауға, талқылауға сыныпты жұмылдырмайды.
- Сабақтың кіріспе бөлімі жиі бұзылады, өйткені оқу мазмұнының мағынасы толық мойындалмаған, оқушылардың өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алатын сезім ортасына шығу жоқ.
- Мұғалімдер оқулықтарға, бағдарламаларға сенбей көбінде өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сеніп, жұмыс стилін өзгертіп, дәстүрлі әдісті енгізеді де жаңа жүйе бойынша жұмыстың ерекшелігін мойындамайды.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин) ; оза отырып оқыту (С. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков) ; тірек және тірек конспектілері арқылы окыту (В. Шаталов) ; саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz