Автокөлікті бағалаудың қағидаттары


Кіріспе
ҚР Азаматтық кодексінің 117 - бабына сәйкес бекітілген: «Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен-теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі . Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал - жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91 сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар
Жылжымaйтын мүлiк объектiсiн бaғaлaу үрдici мeншiк иeлeрiмeн жәнe бacшылaрмeн кeлiccөз жүргiзудeн бacтaлaды. Бaғaлaушы oбъeктiдe бoлғaн кeзiнде бaғaлaнaтын oбъeктiгe тeксeру жүргiзiп, жaғдaйы турaлы кeңeйтiлгeн aқпaрaт жинaуы тиiс.
Тeксeру жүргiзу aлдындa oбъeкт бoйыншa қaжeттi тeхникaлық құжaттaрмeн тaнысып, эксплуaтaциясынa жaуaпты техникaлық қызмeт көрсeту өкiлдeрiмeн сұхбaт жүргiзу кeрeк.
Техникaлық құжaттaрмeн тaнысу кeзiндe, жoбaдa бoлғaн өзгeрiстeр, қaйтa жөндeулeр бoлды мa, aғымды жәнe күрдeлi жөндeу өткiзгeн күнi, oбъeктiдe aпaт бoлды мa, aпaт сaлдaрын жoю үшiн қaндaй шaрaлaрдың жүзeгe aсырылғaнын aнықтaу кeрeк. Oбъeктiнi oның тeхникaлық жaғдaйынa жaуaпты өкiлдeрiмeн бiргe қaрaу кeрeк.
Бaғaлaу әдiсi-жылжымaйтын мүлiктiң нaрықтық, кaдaстрлық жәнe бaсқa дa құнын aнықтaудa қoлдaнылaтын зaңдық, қaржылық-экoнoмикaлық әрeкeттeрдің жиынтығы бoлып тaбылaды.
Жылжымaйтын мүлiк oбъeктiсiн бaғaлaу кeзiндe жaлпы бeлгiлeнгeн нoрмaғa сәйкeс нeгiзгi үш әдiс қoлдaнылды:
- Сaтулaрды сaлыстыру әдiс;
- Тaбыстық әдiс;
- Шығындық әдiс
Сaтулaрды сaлыстыру әдiсi дaмығaн жeр нaрығы бaр eлдeрдe кeң қoлдaнылaды болып табылады. Ол бaғaлaу жүргiзу сәтiне ұқсaс сaтылғaн жeр учaскeлeрiнiң мәлiмeттeрiн сaлыстыру жәнe сәйкeстeндiругe нeгiздeрiнe нeгiздeлгeн. Мұндa нaрық жaғдaйлaры aғымды сaту бaғaлaры aрқылы бeлгiлeнeдi, бiрaқтa сұрaныс пeн ұсыныстың нaрықтық бaғaлaрын eскeрiп бaғaлaу жүргiзугe болaды. Міне, қораптың барлығын алу үшін жасай алатын бірнеше нәрселер бар, содан кейін оң жақ көрсеткі түймешігін басыңыз. Сoнымeн бiргe кeлiсiмдeрдiң бaғacынa eрeкшe әсeрлeрдi дe eскeру мaңызды болып тaбылaды:
- Нeсиe кeлiсімнiң шaртын oрындaмaғaн жaғдaйда кeпiлдiктi aлып қoю қaупi;
- Жылдaм сaту нeмeсe сaтып aлу мұқтaждығы;
- Жергiлiктi eрeжeлeрдiң өзгeруi.
Көбінece сoнымeн қaтaр oблыстық жәнe жeргiлiктi бacқaру oргaндaрымeн
Тaбыcтылық көрсeткiштeрiн көбiнeсe бiр нaрықтa қaжeт сaлыстыру бaсқaсы жoқ бoлғaндa eрeкшeлeнeтiн нaрықтa сaлыстыру үшiн қoлдaнылaды.
Кoмпьютeрлiк тaлдaу жүргiзу мәлiмeттeр бaғасы мен сату саны болуы жобаланады. Олар объектілердің максималды саны бoйыншa жинaқтaлaды. Тaлдaудa мaңызды бoлып тaбылaтын пaрaмeтрлeр тaлдaнaды. Мәлiмeттeр бaзaсының қaлыптaсуынaн кeйiн жәнe мaңызды фaктoрлaрдaн aуыспaлылaры құрылғaннaн кeйiн үлгi түрi тaлдaнaды. Кeлeсi дeңгeйдe үлгi идeнтификaциялaнaды, мұндa бiрнeшe әдiстeр қoлдaнылaды:
1. Сaтудың жүп тaлдaуы;
2. Көптi рeгрeссивтi тaлдaуы;
3. Адaптивтi бaғa тaлдaуы.
Сaтудың сaлыстырмaлы әдiсiнiң құрaмa бөлiгi бoлып тoптaстыруғa болaтын түзeтулeр aнықтaмaсы бoлып тaбылaды, oны үш түргe тoптaстыруғa болaды:
-ғимaрaт сипaттaмaлaрынa түзeту;
-oрнaлaсу oрнынa түзeту;
-келiсiм тaлaптaрынa түзeту.
Бұл этaптa фaкторлaрдaн тәуeлдi oбъeкт құнының мaтeмaтикaлық мaғынaсын aлaмыз (aуыспaлы жaғымeн көрсeтiлгeн) . Нәтeжиe aприoрлы бoлып тaбылмaйды (әсiрeсe түзeтудiң сaндық мaғынaсындa ) жәнe критикaлық әдiстi тaлaп eтeдi.
Жылжымaйтын мүлiктiң нaрықтық құнын eсeптeу үшiн сaтулaрды сaлыстыру әдiсi. Мүліктің әділ құнын түзету үшін активтерді қадағалау әдісі. Мүліктің әділ құнын түзету үшін активтерді қадағалау әдісі. Мүліктің әділ құнын түзету үшін активтерді қадағалау әдісі.
Сaтулaрды сaлыстыру әдiсi сoңғы уaқыттa сaтылғaн oбъeктiнiң бaғaсын салыстыруға негізделген. Қолтаңбаларды жазу әдісі ағымдағы шоттың ағымдағы бағасын салыстыруға негізделген.
Сaтулaрды сaлыстыру әдiсiнiң принциптeрi:
1. Сұрaныс жәнe ұсыныс;
2. Алмaстыру принципi;
3. Прoпoрциoнaлдық;
4. Тәуeлдiлiк принципi
Тaбыстық әдiс бaғaлaу құнының тaбыс үрдiсiн көрсeтeдi, жылжымайтын мүлiктiң бaғaсы aғымдық тaзa тaбыстың бaғaсынa тiкeлeй бaйлaнысты бoлaды. Бaсқa сөзбeн aйтқaндa, жылжымaйтын мүлiктi қaзiргi бағaмeн aлып, oсы oбъeктiдeн бoлaшaқтa тaбыс aлуғa ( мысaлғa, жaлға бeру) құқығы бaр бoлып тaбылaды. Алайда, сатуға меншік құқығының иесі жоғалып кетті және жұмысқа орналасу құқығы толықтай бас тартылуы керек.
Тaбыстық кaпитaлизaция әдiсiн қoлдaнудa мүлiкпeн мeңгeрудeн бaғaлaу тaбыстың aғымды құны бaғaлaнaды. Тaбыстық aғымдaр жәнe қaйтa сaтудaн пaйдa болғaн aғымдық жaлпы құнғa кaпитaлизaциялaнaды.
1. Автокөлікті бағалаудың әдістемелік негіздері
1. 1. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары
ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес бағалау мақсаты үшін құнның негізгі түрі нарықтық құн болып табылады . Автокөлік құралдарын бағалауда, бағалау қызметі туралы заң талаптарына жауап беретін құнның негізгі түрлерінің аты мен анықтамалары төменде көрсетілген :
Автокөлік құралының нарықтық құны - автокөлік құралының бәсеке жағдайында ашық нарықта өткізілуі мүмкін ықтимал баға, мұнда мәміле жақтары ойланып, шешім қабылдайды, барлық қажетті ақпарат ашық болады, ал мәміле бағасының көлеміне қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Шектеулі нарықтағы автокөлік құралының құны - автокөлік құралының ашық нарықта сатылуы мумкін емес немесе қосымша шығынды талап ететін құны. Ол конструктивті немесе экалогиялық қауіпсіздік, арнайы функционалды бағыттағы және т. б. критерийлер бойынша қабылданған заңдарға сәйкес автокөлік құралдарын эксплутатциялау шектелген немесе мүмкін болмайтын кезде бағалау процесінде қолданылады.
Автокөлік құралының белгілі бір жағдайда және оны қолдану мақсатына байланысты құны - автокөлік құралының белгілі бір жағдайға және оны қолдану мақсатына байланысты анықталатын құны. Жаппай эксплуатацияланатын автокөлік құралдарынан елеулі айырмашылығы бар, пайдалану шарттары мен мақсаттары ерекше автокөлік құралдарын бағалауға арналған. Негізінен раритеттік автокөлік құралдарын бағалауға қолданады.
Автокөлік құралының бағалау құны - есептік (анықталатын) көрсеткіш. Автокөлік құралын бағалауда әр түрлі кезеңдердегі құнның түрлері анықталады:
♦ автокөлік құралын өндіріске дайындап, игеру - жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн;
♦ автокөлік құралын эксплуатациялау - бастапқы (толық бірінші) құны, бастапқы баланстық құны, қалпына келтіру құны, баланстық құны, қайта өңдеу
құны, ауыстыру құны, қалдық құны, нарықтық құны, кедендік құны, сақтандыру құны, жөндеу бойынша құны (қалпына келтіру бойынша), жойылу құны;
♦ эксплуатациядан шығып қалу - утилизациялық құн.
Жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн - автокөлік құралдарының болжамды нарықтық құны, ол бизнес-жоспарды игеру, инвестициялық және өндірістік жобаны қабылдауда, автокөлік құралын шығару бойынша жаңа өндірістік қуаттылықты ойлап табудың технико-экономикалық құжаттарында көрсетіледі.
Бастапқы (толық бірінші) құн - автокөлік құралдарын кәсіпорынға қабылдау құны, яғни ол автокөлік құралының сатып алу мерзіміндегі нақты шығындардың жиынтығымен анықталады.
Бастапқы баланстық құн - кәсіпорын балансына тіркегендегі автокөлік құралының бастапқы құны, ол есептік бухгалтерлік құжаттарда көрсетіледі. Эксплуатациядағы автокөлік құралының негізгі қорды келесі қайта бағалау мерзімі немесе оны қайта жабдықтауды ресми тіркеу мерзімі келгенге дейін, бастапқы құны ескеріледі.
Қалпына келтіру құны - алдын ала сатып алынған автокөлік құралының қазіргі жағдайда бағалар мен тарифтердің өзгеруін ескергендегі, қайта өндіру құны немесе ауыстыру құны. Негізгі қорды қайта бағалағанда, толық қалпына келтіру құны анықталады, яғни алдын ала өндірілген автокөлік құралының қайта бағалау уақытына бағалар деңгейін (тозуды қоспағанда) ескергендегі бастапқы құны. Жалпы жағдайда негізгі қордың толық қалпына келтіру құны шығындардың толық құнын анықтайды, бұл шығындарды оны иемденетін ұым өтейді, оған автокөлікті ұқсас жаңа, нарықтық бағалары және тарифтері бойынша объектіге ауыстырудың мүмкін шығындары, тасымалдау, объектіні орнату (монтажы), шетел объектілері үшін кедендік төлемдер және т. б. кіреді.
Баланстық құн - бухгалтерлік есепте көрсетілген автокөлік құралының құны, ол не бастапқы баланстық құнға, не автокөлік құралының қалпына келтіру құнына тең.
Қайта өңдеу құны - автокөлік құралының бүгінгі күнгі сатылып жатқан немесе өндіріліп жатқан нақты көшірмесінің құны.
Ауыстыру құны - ұқсас функционалды және конструктивті сипаттамалары бар, бағаланып жатқан автокөлік құралы аналогының құны.
Қалдық құн - бастапқы баланстық құннан немесе толық қалпына келтіру құнынан қалдық құнын анықтау мерзіміндегі жинақталған тозу сомасын алып тастағанға тең.
Жойылу құны - автокөлік құралының ұқсас автокөлік құралдары тұрақты қызмет көрсету уақыты аяқталғандағы, аталған автокөлікті пайдаланудан шығарып тастау қажет болғандағы құны.
Утилизациялық құн - автокөлік құралының оның агрегаттарының, тораптарының, бөлшектер жүйесі мен эксплуатациялық материалдарының, оған олардың утилизациялау шығындары қосылады, нарықтық құнына тең құн.
Кедендік құн - автокөлік құралдарын шығарған мемлекеттегі нарықтық құны, оған кіргізілген кедендік территорияға дейін әкелу шығындары (тасымалдау құны, тиеу шығындары, түсіру, қайта тиеу, сақтандыру сомасы), сонымен қатар сатып алушының комиссиондық және брокерлік сыйақыларға кеткен шығындар кіреді, оған тек автокөлік құралын сатып алуға байланысты комиссиондық сыйақыларкірмейді. Автокөлік құралдарының кедендік құнын бағалау кедендік төлемдер мен айыпқұлдарды, сонымен қатар көлемі автокөлік құралдарының кедендік құнына байланысты болатын басқа да төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі.
Сақтандыру құны - автокөлік құралының сақтандыру шартына отыру уақытындағы нарықтық құны. Шарттың осы түрінің негізгі талабы болып табылады.
Автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны - автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны, оған еңбек және материалдық шығындар, құжаттық шығындар, салықтар және басқа да міндетті төлемдер, сонымен қатар табыс.
Автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) құны - автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін ең ықтимал бағасы, мұндай жағдайда мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді, және мәмілесіне бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдарының құны - автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдардың бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді. Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің еңбек сиымдылығының бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарыққа осы бағамен шығарылуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді. Жаңа немесе ұсталған автокөлік құралдарын бағалауға байланысты нарықтық құн автокөлік құралдарының бірінші немесе екінші нарықтағы құнына бөлінуі мүмкін . Бірінші нарықтағы құн - бірінші рет сатуға шығарылған автокөлік құралдарының нарықтық құны. Екінші нарықтағы құн - мемлекеттік тіркеуден өткен және сатуға ұсынылған, ұсталған автокөлік құралының нарықтық құны.
Автокөлік құралдары конструктивті күрделі құрылым екенін ескеріп, оны бағалауды 2 кезеңде жүргізу қажет .
Бірінші кезең - автокөлік құралының техникалық құрамын айқындап алу. Техникалық құрамы - бұл автокөлік құралының, буындары мен бөлшектерінің техникалық жағдайының қозғалыс және эксплуатация қауіпсіздігі шарттарына, талаптарына сәйкестігін анықтау. Бұл кезеңде автокөлік құралының функционалдық іс-әрекетін орындау мүмкіндігі айқындалады, яғни жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру. Егер автокөлік құралының функционалдық мүмкіндіктері қауіпсіздік және эксплуатация талаптарына сәйкес болса, онда ол зерттеудің екінші кезеңіне өтеді.
Екінші кезеңде экономикалық құрамы айқындалады. Экономикалық құрамы - бұл автокөлік құралының тауарлық (сандық және сапалық) қасиеттерін және бағалаудың жалпы әдістері негізінде оның құнын, объектінің өзгерген қасиеттерінің оның тұтыну құнына әсерін анықтау.
Бірінші және екінші кезеңдерде орындалатын іс-әрекеттер автокөлік құралдарын бағалау қызметінің жалпы мақсаттары болып табылады. Автокөлік құралдарын бағалауда жалпы мәселелерді шешумен қатар, жеке моменттерін де анықтап алу керек:
◊ ұсынылған автокөлік құралының сипаттамасы (моделі, шығарылған жылы, техникалық жағдайы және т. б. ) ;
◊ ұсынылған автокөлік құралының қандай да бұзылған бөлшегінің сипаты;
◊ ұсынылған автокөлік құралының бұзылу көлемі;
◊ амортизациялық тозу көлемі;
◊ лакобояулық жабынның сипаттамасы (компоненттер жағдайы) ;
◊ қалпына келтіруге, жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер;
◊ қандай да қосалқы бөлшектердің құны;
◊ автокөлік құралын жөндеуге қолданылатын материалдардың құны;
◊ қалпына келтіру шығындарының құны;
◊ жөндеу нәтижесінде автокөлік құралының тауарлық түрінің жоғалу құны;
◊ ұсынылған автокөлік құралының жойылу құны;
◊ ұсынылған автокөлік құралын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемі және сипаты;
◊ жөндеудің техникалық-экономикалық жөндігі;
◊ нормативті (амортизациялық) тозуды ескергендегі, автокөлік құралының толық қалпына келтіру құны;
◊ сақтау, тасымалдау, эксплуатациялау және т. б. процесі негізнде, автокөлік құралының жағдайы мен қасиеттерінің өзгеруі нәтижесінде арзандату көлемі.
Автокөлік құралдарын бағалау қызметінің объектісі жеке және заңды тұлғалар мүліктік жауапкершілікке ие болатын, автокөлік құралдарының тұтыну қасиеттері болып табылады . Бұл мәселені шешуге автокөлік құралдарын бағалау әдістемесі келтіріледі, ол ғылыми рекомендацияларға сәйкес, халықаралық тәжірибемен қатар, қазақстандық нарықта жылжымалы және жылжымайтын мүлікке баға белгілеу ерекшеліктерін ескеріп жасалынған.
Автокөлікті бағалаудың мақсаты- бағалау қызметінің негізгі мақсаты жылжымайтын мүлікті, машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын иемденуі бойынша, билік жүргізуге және пайдалануға, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет араларында құқықтық қатынастардың туындауында байланысты жылжымайтын мүлік обьектілердің машиналар мен жабдықтардың, көлік құралдарының құнын анықтау болып табылады.
Машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын бағалаудағы сұраныс келесі жағдайларда туындайды:
1) «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қорларды қайта бағалау;
2) экспорттау және импорттау барысында кедендік құнын анықтау;
3) жекешелендіру;
4) сатып алу-сату, соның ішінде аукционды;
5) кепілді рәсімдеу;
6) жалға беру және лизингтік операциялар;
7) жарғылық капиталына салымдар ретінде рәсімдеу;
8) акционер салымдарын қоғамнан шығу барысында бөлу;
9) жоғалу, жою немесе зақымдану жағдайларынан сақтандыру;
10) зақымдану кезінде зиян құнын бағалау;
11) иелердің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) сыйға беру (салық салу мақсаттары үшін) ;
13) мұрагерлік (салық салу мақсаттары үшін) ;
14) сот тәртібі бойынша мүліктерді бөлісу;
15) айырбастау шарты және бартерлік мәмілелер;
16) мүліктерді тәркілеу;
17) есептен шығару және қосымша пайдалану.
Құн түрін бағалау мақсаты мен ахуалына байланысты таңдалады. Бағалау мақсаты мен дәлелдері бағалау объектісін таңдауына ықпал етеді, бағалау әдістерінде қолданады, бағалау құнының түрін анықтау және анықталу әдістері. Осыған байланысты әр бір бірдей құрылғылар жиыны бағалау мақсатына байланысты әр түрлі бағалануы мүмкін және жалпы жиынның құны да әр түрлі болады.
Дүние жүзілік тәжірибеде келесідей бағалау мақсаты мен құн кезеңдері ұсынады:
- Меншік құқықтарын беру - дәйекті нарықтық құн;
- Қаржыландыру (несие беру мақсатымен және т. б. ) - дәйекті нарықтық құнын тоқталмай пайдалануы (бұл құн көбінесе өте жоғары нәтиже береді), дәйекті нарықтық құнның ауысуы, ликвидацияны ретке салу құны, тездетілген ликвидациялық құн;
- Табыс салығы - пайдалануда дәйекті нарықтық құн, қондырылған құрылғылар дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Мүлік салығы - көбінесе батыс заңдары дәйекті нарықтық құнды қолдануға бет бұрған, себебі бұл құн кезеңдері ең жоғары көрсеткішті көрсетеді;
- Сақтандыру - физикалық тозудан толық қайта өндіру немесе ауыстыру құнын алып тастау. Кейбір мемлекеттерде - тоқталмай пайдаланудың дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Лизинг - қаржэылықтағыдай көп нұсқалық есептеулер болуы мүмкін;
- Серіктестікті бұзу (мысалы, ажырау) - қолдануда дәйекті нарықтық құн, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Сату бағасын үлесу - 99% жағдайда дәйекті нарықтық құнды пайдалану;
- Ставка мен тарифтерді анықтау - кәсіпорын коммуналды қызметтерде қолданылады (электр-энергие, жылу және телефон желісі), көбінесе толық қайта өндіру құны, толық ауыстыру құны немесе ары қарайпайдаланудағы дәйекті нарықтық құн.
Жалпы ережеде алғанда, бағалаушы керекті құн кезеңін және бағалау мақсатын теңестіруі міндетті. Ол ликвидациялық құнды анықтауға тікелей қатысы болып келеді. Бұл жағдайда тапсырыс беруші нақта ликвидациялық құнды анықтауын талап ете алады және бағалаушы оны орындауы тиіс.
Бағалау объектісінің мақсаты мен дәлелдеріне байланысты мынадай болуы мүмкін:
- Жекеше, бір ғана машина немесе құрылғылар, нарықтық құн, салыстыру құны, ликвидациялық құн, жалға беру құрылғылар құны, утилизациялық құн анықтаған жағдайда;
- Көптеген шартпен бір бірі тәуелсіз бірлік машиналар мен құрылғылар, қалпына келтіру құны анықталған жағдайда;
- Машина және құрылғылар комплексін өндіріс - техникалық ақпаратпен тіркеу, комплекстік бөлек элементтерімен және олардың арасында, бір жағынан оны қоршаған инженер - техникалық инфраструктурамен, ал екіншіден нарықтық құн анықталған кезде, ликвидациялық құн, инвестициялық құн.
1. 2 Автокөлікті бағалаудың қағидаттары
Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі қағидаттарды пайдаланады. Бағалаудың төрт қағидат топтары бар:
- сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген;
- өндіріспен байланысты;
- нарық айналасымен байланысты;
- неғұрлым тиімді пайдалану.
Арнайы объектіні бағалаған кезде жоғарыда келтірілген қағидаттардың бірнешеуі пайдалануы мүмкін.
Сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген қағидаттар:
Пайдалылық қағидаты - бұл объектіні иеленушінің қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті. Пайдалылық - бұл потенциалды иеленушіге объектінің табыс әкелу қабілеті.
Алмастыру қағидаты - бұл сатып алушының пайдалылығы және сапасы бірдей объектінің біреуіне көп төлемеуіне негізделген. Бұл қағидат бағалаудың үш амалында да қолданылады.
Күту қағидаты - бұл құнның болашақта түсетін табысқа байланысты құрылуы. Бұл сатып алушы - инвестордың логикасын анықтайтын маңызды принцип болып табылады. Қазіргі уақыттағы объектіге салынған ақша, болашақта ақталатын табыс ретінде қайтарылуы керек. Бұл қағидатқа бағалаудағы табыс амалы негізделген.
Өндіріспен байланысты қағидаттар:
Салым қағидаты -жеке компоненттің құны объект құнына салынған салым арқылы өлшенеді.
Баланстанған қағидат - объектіден түсетін табыс максималды болуы үшін, барлық өндіріс факторлары қатынаста болуы қажет.
Нарық айналасымен байланысты қағидаттар:
Сәйкестілік қағидаты - объектінің құны нарықтың талаптарына сәйкес құрылады.
Сұраныс және ұсыныс қағидаты - объектінің бағасы сұраныс жоғарлаған уақытта өседі, ал ұсыныс жоғарлаған уақытта төмендейді.
Бәсекелестік қағидаты - бірнеше сатушылардың арасында болатын бақталастық. Бәсекелестік - максималды табыс пен экономиканың дамуының негізі.
Өзгеріс қағидаты - объектінің құны уақыт өткен сайын және экономикалық факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады.
Барынша тиімді пайдалану қағидаты:
Белгілі бір уақытта объектіге жоғары таза табысты қамтамасыз ететін нұсқауды пайдалану. Физикалық мүмкін, жеткілікті дәлелденген және қаржылық жүзеге асыру мүмкіндігі бар және объектінің құнын жоғарлататын нұсқауды пайдалану. Бұл қағидат жан - жақты болып келген және бағалау қызметіне жататын барлық қағидаттарды байланыстырады.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады:
- иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
- нарықтық ортамен;
- мүлікті эксплуатациялаумен.
Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие болып табылады: пайдалылық, орын басу, күту.
Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық - берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz