Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
КІРІСПЕ
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарт түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі- бұл мемлекеттің міндеттері мен функциялары жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жұйесі.Мемлекет аппараттың, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиімді ұйымдасуы мен тиімді қызмет ету қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады.
Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық күш,мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Мемлекеттік аппрат - басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіктерге ие органдар жүйесі. Мемлекет механизмі түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар,сондай-ақ мемлекеттік материалдық қосымшалары ( қарулы күштер, полиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлкет аппараты ретінде тұрақтылықта алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органдардың маңызы, құрылу тәртібі, құзыреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызыметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады.
I. МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ
1.1. Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Мемлекет механизмі - мемлекет әрекетінің негізгі бағыттырын жүзеге асыратын, қоғамдағы басқаруды жүргізетін , белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:
- ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелген жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары, өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары, сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, полиция, қарулы күштер және т.б. кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрады;
- оның біртұтастығы ортақ мақсаттар менміндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды.
- мемлекет механизмінің негізгі элеменьі ретінде биліктік өкілеттіктерге ие мемлекеттік органдартанылады;
- мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші, құралы болып табылады.
Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады. [1. 25б.]
Мемлекеттік аппарат қызметі келесі нысандарға бөлінеді:
1) тікелей басқарушылық- бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар- құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері яғни, олар барлық субъектілір үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік - міндетті салдарды тудыындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуынбақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғалардың заңды жауапкершілікке тартумен байланысты қызмет.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіреді. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдарының орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталықта бағындыратын- патшаның билігі орнаған Парламенттік республика негізгі функциялары парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізінде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік мендеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынандай принциптерген негізделеді: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі ,тиімді болуы.Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс . Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуынаң демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады. Конституцияның 33 бабына Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдары құрылуы мен жұмыс істеуіжөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану; референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық, мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі, өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдерінің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі. [2. 35б.]
1.2. Биліктің бөлінуі мен мемлекеттік аппарат
Билік бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармаққа бөлінуі Конституцияда белгіленген негізгі принциптерінің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, себебі бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бірін-бірі шектейді.
Заң шығарушы орган - Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.
Атқарушы билік - "биліктің тармақталуы" заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді.
Сот билігі - қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекет органдарының қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметіне бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы - қатағ тәртіпті, субординацияның, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі, құқықорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсыатқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады. [3. 78б.]
Мемлекеттік аппарт қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қорғауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға, өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, бекітілген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажет ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
1.3. Мемлекет механизмнің құрылымы
Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1) өздерінің тікелей биліктің функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланысты және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар.
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажет ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерденн тұрады:
1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олармемлекеттік- биліктік өкілеттіктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға президент, парламент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады.
2) мемлекеттік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизмінің материалдық қосымшалары деуге де болады, олар мемлекетті қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштер, полиция, салық полициясы және т.б. жатады.
3) мемлекеттік мекемелер- мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіктері болмайтын әлеуметтік, экономика, білім беру,мәдениет, денсаулық қорғау, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалықәрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның қатарынан кітапһаналарды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми- зерттеу институттарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды және т.б. көруге болады.
4) мемлекеттік кәсіпорындар- бұлар да әкімшілік есепке алмағанда билік өкілеттігі болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлеке механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады.
5) мемлекеттік қызметкерлер- басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандар.
6) ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.
Мемлекет тетігі -- мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында мемлекет тетігі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген оргаңдарды жатқызады, ал мемлекет тетігі түсінігіне мемлекеттік аппараттың материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне -- қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.
Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан.
Сенат -- Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.
Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар -- өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консульдар -- ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор -- төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар -- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар -- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және адамгершілік жөнінде бақылау кызметін жүргізген.
Квесторлар -- әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған.
Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық -- өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай ма-ңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық -- өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері -- Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болады.Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратты құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік зандылық, социалистік жоспарлылық, есеп және тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.
Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.
Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.
4)Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
5)Заңдылық принцип -- барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.
Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.
Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар атқаруы мүмкін.
Мемлекеттік органның түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің тетігі, арнайы құрылымдағы және өздеріне тән қызметтерді орындайтын әртүрлі бөліктерден тұрады. Тетіктің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.
Мемлекет органдары -- мемлекет тетігінің бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, бір тұтастықты құрады.
Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгеніндей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:
-мемлекет тетігінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;
-мемлекеттік органдар тек құқықтық актылар негізінде құрылып әрекет жасайды (Конституция, заңдар);
-тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандармен әдістерді пайдаланады;
-билік өкілдігі берілген және қажетгі кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;
-алдына қойған мақсатқа жету үшін, құрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;
Міндетін жүзеге асыру үшін, өзіне сай құрамы, материалдық негізі және финанс құралдары бар.
Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлық және басқа тексеру-бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz