ЖОО оқу үдерісінде интегративтік тәсілді қолданудың теориялық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 372. 8:62

ЖОО оқу үдерісінде интегративтік тәсілді қолданудың теориялық мәселелері.

РЫСҚҰЛОВ А. Қ. ПОШАЕВ Д. Қ. МҰСАҚҰЛОВ Қ. Т.

Бұл мақалада ЖОО оқыту үдерісіндегі интегративтік тәсілдің қолданудың теориялық мәселелері зерттелінді, өйткені білім алу барысында білімнің интеграциялануына қажетті алғышарттар жасайтын көп пәндік пәнаралық байланыс орын алады. Осы пәнаралық байланыс арқылы білімгерлерде ақпараттарды жүйелі жинақтау, өңдеу және пайдалану жүреді.

Осындай дидактикалық байланыс негізінде білім беру орындарында болашақ оқытушыларды даярлауды жетілдірудің қосымша резервтерін, тимділігін артыруға ықпал етеді. Білім берудің интегративтік қызметі - заманауи оқыту үдерісінің атрибуты ретінде жоғарғы оқу орындары дидактикасының міндеті болып табылатын, мақсатқа бағытталған, сенімді және ыңғайлы тәсіл болғандықтан, басқарылатын интеграцияланған білімді алға тартамыз.

Кілт сөздер: Білім беру мекемесі, көркем еңбек, білімгер, интеграция, интегративтік тәсіл, оқытушы.

Қазіргі кезде «Адамзат пен қоғамның алдына аса күрделі міндеттерді қойып отырған жаһандану мен жаңғыртудың əсерінен айналадағы əлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мəдениет өкілдерімен серіктестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, мүмкіндіктер мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін жəне серіктестікте жұмыс істеуін қажет ететін əлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мəселелерге байланысты болатын əлемде өмір сүруге жəне жұмыс істеуге дайындауы керек.

Сол себепті қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Осыған орай білім беру мекемелерінде қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Білім беру мекемелерінің білімгерлері жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде білімгерлерде тұтас көз қарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда білімгер санасында дұрыс көз-қарас қалыптастыру үшін білім беру мекемелерінде оқу пәндері арасында интеграциялық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.

Осы орайда білім беру мекемелерінде оқу үдерісін интегративтік байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көз-қарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ал, білім беру мекемелері тәжірибесінде пәндер арасында интегративті байланысты жүзеге асыруда оқытушылар біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды, бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, білімгерлердің танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа, мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Бірақ соңғы кездері оқыту үдерісінде интегративті тәсілді қолдану өзекті мәселе ретінде көтерілгендігін байқадық. Дегенмен, жалпы білім беретін мекемелерде бұл мәселе әлі толық өз шешімін таппағанын байқаймыз.

Оқу үдерісінде интегративті тәсілді білім беру мекемелері оқытушылары өз тәжірибелеріне сүйеніп жүргізеді, сондықтан да оқулық пен құралдарындағы тапсырмаларда интеграциялық байланыстың жете қамтылуын жүйелі ойластыру қажет.

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болу керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамуы жаңару прцесіне тікелей ықпал жасайды.

Қазірде оқыту мен тәрбие үдерісінде бұл мәселелерге және білімге пәнаралық байланыстар ретіндегі мәселенің маңызына және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негіздегі зерттеулерге: И. Д. Зверьев, М. Р. Львов, Р. Г. Лемберг, В. А. Сластенин, Ю. А, Дмитриев Т. Оспанов, Т. Сабиров, А. А. Бейсенбаева, Э. Ж. Әлімқұлова және т. б. үлес қосты.

Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзіне тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалды.

Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірлеріне қарағанда, білімгерлердің түрлі пәндердегі білімдермен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауы олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

Сонымен қатар бізді қоршаған нақты өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп, қалыптастыруға көмектесетін интегративтік тәсілдің, көзқарастың үлкен рөлін атап көрсетті. Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогы, артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған, халқының адал перзенті Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектерінде орыс тілін үйренуге басшылық» деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұны дидактикалық қағидаларға сай негізделеді. Оқулықтар балалардың ойлауын, сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға, ықпал жасайтын табиғат құбылыстары, айнала қоршаған тұрмыс-тіршілік көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттер тағы басқа материалдар алынған.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан прцесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы негізінде құруды талап етіп отыр. Осыған орай, интеграциялық байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы, ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.

Интегративтік тәсілдің философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара интегративтік байланыстылықты танып білу.

Интеграциялық байланыс кезінде материалдардың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, эканомикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ белгілерін бір-бірімен салыстыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Білімгерлердің меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша, қоғам, табиғат, адам арасын интеграциялық байланыс негізінде оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек ұлы педагог ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М. Орынбеков Абай философиясының негізі адам мәселесі екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағаны- адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі бақылауы, ұлттық, парасаттылық, Абай аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғарғы деңгейге көтеру. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі негіздер, оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді. Осы арада пәнаралық байланыстың дүниеге көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы білімгерлерде диалектикалық-матералистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды көздейді. Осыған сәйкес білімгерлер білім және тәрбие берудің, дүниетанымын қалыптастырудың аса маңызды құрылымының бірі-интегративті байланыс болғандықтан, баланыстың негізгі міндеттерін көрсетсек;

  1. Білімгерлердің оқыту үдерісіндегі интегративтік тәсілді түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
  2. Оқу пәндерінің білімгерлерге білім мен тәрбие беру, интеграциялық байланысты орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін білім беру мекемелерінің оқу жоспары мен бағдарламаларына талдау жасау. Барлық оқытушылардың пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалану.
  3. Білім беру мекемелерінен тыс және мекемеден тыс жұмыстардың интеграциялық байланыста жүргізілуі. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.
  4. Интегративтік байланыс оқу пәндерінің арасындағы өзара байланыстың дамуына және танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады.
  5. Интегративті тәсіл білім беру мекеме оқытушыларының жүргізетін педагогикалық әрекетін ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруына себепкер болады.

Интегративті тәсілден философиялық негізде дүниедегі барлық затттың, құрылыстың бір-бірімен өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір-бірімен байланысты болады, сондықтан оны танып білетін ғылымдарда өзара байланысты.

Ғылыми әдебиеттерде интегративтік тәсілдің дидактикалық негізіне оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығына, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олардың қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім, іскерліктерге арналған материалды және білімгерлердің жалпы таным объектілерін бір жүйеге келтіреді.

Қазіргі білім беру мекемелерінде жалпы білім беру мазмұны, оның ішіндегі оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің, шығармашылық еңбек етуші оқытушылардың ізденістері жүйеленген қорытындыланған жаңа пәндердің оқу-тәрбие үдерісінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Оқу үдерісінің барысында білімгерлер танымдық, тәжірибелік, мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда интеграциялық байланыс іскерлігі қалыптасады.

Интеграциялық іскерлік білімгердің бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілетінен көрінеді. Мәселен, «Көркем еңбек» пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, тіл-әдебиеті, тарих, математика т. б. пәндерді оқып ұйренуде қолданылады. Сол сияқты білімгердің бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең, жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.

Интеграцияланған білімнің ең негізгі дидактикалық міндеті - ол оқыту үдерісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.

Сонымен интегративтік тәсілдің маңызына мыналар жатады:

  1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы-ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
  2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
  3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасайды.

Білім беру мекемелері сатысында жекелеген пәндер, ең алдымен білімгерде мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруға, яғни оның жеке тұлғасын тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, білім мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл тұтастық үш түрлі ұстаным негізінде жүзеге асырылады.

  1. «Қосарлана ену заңы» ұстанымы-білімнің базистік салалары жалпы білім мазмұнына екі түрлі жолмен: 1) жеке курс (пән) және, 2) басқа пәндер мазмұнының бөлінбес бір бөлігі түрінде енгізіледі. Мысалы, «Көркем еңбек» өз алдына жеке пән, әрі оқушы қол өнерін дамытады, әрі сурет салу, сызба қорын байытады.
  2. Зерттеу нысанасының немесе әдісінің ортақтығы, «Түпкі мақсат-түрлі мақсат бірлігі» ұстанымы.

Мысалы, қазақтың киіз үйі жаратылыстану пәнінде халықтың көшпенді өміріне тән тұрмыс-тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, «Көркем еңбек» пәнінде-архитектуралық ғимарат, киіз үйдің ши тоқу, киіз басу, кілем тоқу, әртүрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктерін меңгертудің нысаны ретінде қарастырылады; олардың өлшемдерін, мөлшерін, құрамын, қасиеттерін, пішінін белгілеуге математика, химия, биология, физика қатысады. Ал, оқу әрекетін қалыптастыру тәсілдері барлық пәнде жүргізіледі.

  1. Бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, яғни кәдімгі интегративтік тәсіл ұстанымы қарастырылады.

Мысалы, жаратылыстануда жыл мезгілдері туралы алған ғылыми түсініктерді көркем еңбекте «Күз бояулары», «Жапырақ мозайкасы», т. б. ауылшаруашылығы еңбегі сияқты тақырыптарда пайдалану, байланыстыру болып табылады.

Білім білімгердің табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр-алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге асыратын білімгердің қажетті білім алуына, ауыз-екі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем бейнелеу немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға кеңінен жол ашатын, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші пәндер ретінде қарастырылады. Білім білімгердің табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, әр-алуан әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жеке өзіндік тұлғалық қарым-қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан өзара тығыз байланысты мынандай компоненттерден тұрады:

  1. қоршаған ортаны біртұтас ғылыми бейнесі туралы ілім;
  2. қоршаған ортаны логикалық-танымдық және ғылыми тұрғыда зерделеп білудің әдіс-тәсілдері туралы білім;
  3. білімгерде қалыптасуы тиіс әрекет түрлері туралы білім.

Білім мазмұнының біртұтастығы интегративтік және пәнаралық байланыс ұстанымдары арқылы қамтамасыз етіледі.

Ең басты нәрсе-білім мазмұнын, құрылымын, оны оқытудың дидактикалық-психологиялық негіздерін оқытушының терең білуі шарт. Интегративтік тәсіл білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды, әрі білімгерлердің әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Тақырыптық байланыстың негізіне пәндер, құбылыстар, фактілер туралы оқытудың міндеттері мен шарттарына байланысты әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту үдерісі
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Кіріктірілген оқыту принциптері
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz