HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары


Кіріспе
Қазіргі кезде Web - парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language - гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады, яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады .
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер - Ли ұсынды.
Бұл оқу құралы жазушылардың басы артық лирикасын ұнатпайтындар үшін аса қажетті . Оқу құралы компьютерлік желі Интернет үшін басылымды құруға арналған . Мұнда HTML тегтерінің көмегімен электрондық құжаттарды құру технологиясы және оларды басылымдау әдістері қарастырылған. Теориялық білім мысалдар арқылы қолданысы анықталған. Сонымен қоса, оқулықта HTML-де қолданылатын тегтер қызметі мен арнайы символдар жайында қарапайым тілде түсінікті етіп баяндалған. Оқу құралын пайдалана отырып, сіздер Интернет үшін басылымдарды құру мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі командаларды меңгере отырып, өзіңіздің Web- сайтыңызды құруыңызға болады. .
Жаңа технологиялардың дамуы, оларды пайдалануын ескерсек Web парақтарды құруда қарапайымдылығы мен әмбебаптығымен ерекшеленетін HTML тілін меңгерудің маңызы зор.
HTML -ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын қызметі, командалары .
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер - Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді, құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML тілінің атқаратын қызметі .
Web - парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web - парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі - ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
Тег атрибуттары .
Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар - тег атауының және бір бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылытын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбауға да болады.
Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер - комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. HTML тілі комментарийлері арнайы символдардан басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады.
Берілген тапсырмалар:
- HTML - гипертексті тілін пайдаланып сайт құрастыру.
- HTML - ге қолданылған тегтарға анықтама беру, скриншот арқылы қызметтерін көрсету.
Жасалған жұмыс
![]()
![]()
HTML туралы қысқаша түсінік
HTML (ағылш. H yper t ext M arkup L anguage - «еренмәтін белгілеу тілі») - вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі.
HTML - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
Жалпы түсінік
HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.
Браузерлер
HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай құжаттар әдетте . html немесе . htm форматында болады ) мәтіндік құжаттар форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейспен және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Яндекс, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.
Нұсқалары
- HTML 0. 9
- RFC 1866 - HTML 2. 0, стандарт ретінде 1995 жылдың 22 қыркүйегінен бері танылған;
- HTML 3. 2[1] - 1997 жылғы 14 қаңтарда;
- HTML 4. 0[2] - 1997 жылдың 18 желтоқсаны;
- HTML 4. 01[3] (басты және маңызды өзгерістер) - 1999 жылдың 24 желтоқсаны;
- ISO/IEC 15445:2000[4] (ISO HTML деп аталатын, HTML 4. 01 Strict нұскасы бойынша жасалған) - 2000 жылдың 15 мамыры.
- HTML 5[5] - 2014 жылдың 28 қазаны;
- HTML 5. 1- 2012 жылдың 19 желтоқсаны.
HTML-тегтары
Яғни, бұл жердегі <html>, </html>, <head></head>, <title>, </title>, <body>, </body> дегендер де HTML тегі деп аталады.
Бұл жерде - HTML тегтері жұптасқан, яғни ашылатын, жабылатын тегтері бар және жалғыздара тег болып екіге бөлінеді.
<html> - парақшаның басын, ал </html> аяғын білдіреді.
<head> - бұл жерде парақшаның тақырыбы, қанадай кодировкада(кирилица ма әлде басқа тілде) сипаталатыны, жүктелетін басқа комекші программалар тізбегі т. с. сияқтылар жазылады. шаблонның бұл бөлігі сайт бетіне шықпайды. </head>
<body> - бұл тег парақшаның денесі деп аталады яғни бұл жерде HTML тегтерімен не жазылса сол сайт бетінен көрініс табады. </body>
Ал title - бұл сіздің web парақшаңыздың тақырыбы.
Оны да өте мұқият таңдау керек, себебі ол кейін сіз сайтыңызды Іздеу сайттары арқылы интернет бетіне шығарғанда адамдардың назарына тек ілігіп қана қоймай оны осы сіздің сайтыңызға кіретіндей қызығушылығын тудыруы керек.
Бұл жұмысты сақтағаннан кейінгі шығатын қортынды :
Әрине бұл ең қарапайым сайттың түрі. Сайт бұнымен тоқтап қалмайды. HTML-дің тегтарын қолдану арқылы сайтымызды одан әрі дамытып, келесідей нәтижеге жетсек болады:
Бұл сайтты жасау барысында, мен <H1>, <H2>, <H3>, <H4>, <div>, <li>, <ul>, <p>, </p> <a href="#"><span>2GIS</span></a>, <header>, <article>, </article>, <img src="#">, <br>, </script>, <img weigth=”200px”>, autostart, autoplay секілді және тағы басқада тегтарды, атрибуттарды, гиперсілтемелерді қолдандым.
Бұл жерде H1, H2, H3, H4, H5, H6, p не үшін қолданады?
Мұндағы h1-h6 тақырыптарды белгілеу үшін, ал p абзац жазуға арналған.
Яғни, ағылшынша аттары айтып тұрғандай, сол өз мақсаттарында қолданылады. "H" деген ағылшынша "Header"деп, яғни қазақша тақырып дегенді білдіреді. Ал "p"- "Paragraph", яғни бізше абзац дегенді білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz