Тілдің сөздік құрамы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Тілдің сөздік құрамы

Мамандық цифры
Оқу бөлімі
Мамандық цифры: 5В011700
Оқу бөлімі: Күндізгі

Орындаған: Кокенова Мадина ҚБ-71

Тексерген: аға оқытушы Мусин Л. К

Көкшетау, 2019

Тілдің сөздік құрамы

I Кіріспе.

  1. Сөздік құрам және оның дамуы
  2. Кірме сөздер
  3. Терминдер мен терминология

II Негізгі бөлім.

2. 1 Сөздердің көнеруі мен тың сөздердің жасалуы, сөз тудыру тәсілдері

2. 2 Әртүрлі тілдерден сөздердің ену сипаты

2. 3 Терминдердің жасалу жолдары

III Қорытынды.

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Cөздiк құpам жәнe oның дaмyы.

Тіліміздің бүкiл сөз бaйлығы- сөздік құрамға eнeдi. Айқын, мәлім бір тілдегі сөздердің барлық қосындысы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Тілдің сөздік құрамы немесе лексикасы төл, байырғы сөздер мен өзге тілдерден енген (кірме) сөздерді де, ғылыми-техникалық терминдер мен жеке сөздің эквиваленті ретінде пайдаланатын фразеологизмдерді де тұтастай қамтиды. Сөздік құрамның ең негізгі және орнықты бөлшегі-негізгі сөздік қор. Сөздік құраммен салыстырғанда, негізгі сөздік қордың ауқымы шамалы болады, бірақ ол тілдегі түбірлік сөздердің барлығын қамтып, туынды сөздердің жасалуына ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарады. Барлық лексикалық байлықтың басты тірегі, негізгі ұйытқысы-Негізгі сөздік қор. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, осындай сөздер енеді: 1. табиғат құбылыстарына байланысты атаулар : су, жер, көл, тас, жел, ай және т. б; 2. еңбекке байланысты атаулар : ору, жағу, кесу, пісіру, жырту және т. б ; 3. еңбек құралдары : күрек, орақ, біз, айыр және т. б ; 4. мал атаулары : жылқы, сиыр, құлын, өгіз, түйе, бота, қой, ешкі және т. б; 5. аң-құс аттары : қоян, қасқыр, түлкі, қарға, бүркіт, тоты, үйрек, тауық және т. б; 6. анатомияға байланысты атаулар : бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, тіс, жақ, арқа және т. б; 7. отбасыдағы адамдарға, туыстық қатынастағы атаулар: әке, ата, шеше, ана, ұл, қыз келін, аға, құда және т. б; 8. тамаққа байланысты атаулар : ет, сүт, май, айран, кеспе және т. б; 9. тұрғын үй және тұрмыс-тіршілікке байланысты атаулар: үй, есік, терезе, еден, киіз, босаға, уық, шаңырақ, қақпа, қазан, төсек, жастық, көрпе және т. б; 10. заттардың сапасын, сынын, белгісін білдіретін сөздер : ақ, қызыл, қара, сары, көк, ыстық, суық, жылы, ащы, тұщы, ауыр, жеңіл және т. б; 11. қимыл, іс-әрекеттің сындық белгісін, мезгілін білдіретін сөздер : жылдам, ақырын, ерте, кеш, бұрын, қазір, күндіз және т. б; 12. сан атаулары : бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жиырма, елу, жүз және т. б; 13. Есімдіктер : мен, сен, сіз, біз, ол, сол, сонау, өз, кім? не? және т. б. сөздер жатады.

Негізгі сөздік қордың көлемі, әрине, осы сөздермен ғана шектелмейді, оның құрамына осыларға ұқсас басқа да көптеген сөздер енеді. Негізгі сөздік қор көптеген замандар бойында өмір сүреді де, орнықтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын өзгереді, алайда оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, бәсеңдеу болады. Ол замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады да, соның нәтижесінде негізгі сөздік қорды әр ұрпақтың өкілдері пайдалана отырып, байланыс жасауына мүмкіндік туады. Негізгі сөздік қорды белгілі бір тілде сөйлеуші адамдардың барлығы бірдей қолданады. Негізгі сөздік қордағы сөздер адамдардың кәсібі мен мамандығына және білім дәрежесіне байланысты болмай, олардың барлығына қарым-қатынас жасауда, пікір алысуда бірдей қажетті сөздер болып саналады. Ал ғылым мен техниканың әр саласына қатысты терминдерді (бұлар тілдің сөздік құрамына енеді) адамдардың барлығы бірдей емес, әдетте, сол саланың мамандары қолданады. Негізгі сөздік қордағы сөздерді жалпы ұлттық әдеби тілде сөйлеушілер ғана емес, сонымен бірге белгілі бір диалектіде сөйлеушілер де қолданады. Олар (негізгі сөздік қордағы сөздер) тілдің барлық стильдік тармақтарында, әдебиеттің бар жанрында жаппай жұмсалады. Сонымен, негізгі сөздік қордағы сөздер жаппай және жиі қолданылушылық қасиетімен сипатталады. Тіл өзінің сөздік құрамы арқылы адамның өндірістік іс-әрекетімен және оның (адамның) барлық жұмыс саласындағы басқа да іс-әрекеттерімен тікелей байланысты. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады. Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген (көнерген) сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы мүмкін. Мұның есесіне сөздік құрамға уақыт озған сайын туынды (жаңа) сөздер қосылып отырады және ондағы сөздер мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу процесінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру процесі тілдің лексикасына өте-мөте тән процесс болады.

2. 1 Сөздердің көнеруі мен тың сөздердің жасалуы, сөз тудыру тәсілдері.

Көнерген сөздер. Тіл-тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын 2 түрі бар. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірде қолданылудан қалады да, осының нәтижесінде олардың атаулары-сөздер де көнеріп, активті сөздіктен шығып қалады. Мұндай сөздер историзмдер деп аталады. Мысалы :сәукеле, қорамсақ, болыс, атқа мінер, ояс, жарапазан, киіт кию, сауын айту және т. б. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Мысалы, Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай, Қыстың басы бірі ерте біреуі жай (Абайдан) деген сөйлемдегі қараша-қазірде октябрь деп аталатын айдың бұрынғы, ескіше аты да, желтоқсан-ноябрь айының ескіше аты (архаизм) . Демек, әрбір архаизмнің қазіргі тілде синонимі болады. Бірақ мұндай синонимдердің архаизм сыңары, жоғарыда аталғанындай, активті сөздіктен шығып қалады.

Көнерген сөздер көркем шығармада қолданылғанда, өткен өмір шындығын реалистік тұрғыдан суреттеу және одан белгілі бір мағлұмат беру мақсатында қолданылады. Көнерген сөздер әсіресе жастар үшін түсініксіз, мағынасы күңгірт болады. Жазушылар көнерген сөздердің осы жағын ескеріп, кейде оларға сөз арасында түсінікте (комментарий) беріп отырады. Бұл ретте М. Әуезовтың «Абай» романының мына бір үзіндіні мысалға келтіреміз:

«Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып, бір суық жел білінуші еді.

-Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты, суық болатын әдеті ғой!-деп, Қарабас қыстыгүні қар болатының айтқандай, мерзім айтты.

-Неге Сәуір-қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе?Жылда бүйтеді деймісін?

-Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы жұлдызша не дейді?

-Апрель дейді.

-Ендеше, сол апрелін-осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жас шықпайды дегені, -деп Қарабас Абайға айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен.

Сәуір-бұл айдың арабша аты. Қазақша-мамыр. Одан соң маусым . . . Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды» («Абай»романы, I кітап, 146-бет)

Жазушы Өкіл күйеу деген көнерген атауды қолдана отырып, оған мынадай түсінік береді:

«Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес болып жүріп, өкіл күйеу болғанда, екі жүз қой киіт киген.

-Өкіл күйеуі қалай?

-Өкіл күйеуі шын күйеуі емес, тамыр есепті.

-Онда «тамыр» деп неге аталмайды?

-Тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісі мен жасы кіші кісі тамырласам десе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады («Абай»романы, I кітап, 155-бет) .

Шығармада қолданылған архаизмдер мен историзмдер сөздіктің активті тобынан шығып қалған, күнделікті қарым-қатынас жасауда қолданылмайтын сөздер болып табылады. Олар қолданыла қалған күнде, өткен дәуірдегі құбылыстардан хабар, мағлұмат беру мақсатында немесе белгілі бір стильдік мақсатта көркем шығармаларда ғана қолданылады.

Неологизмдер. Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Мысалы:космонавт, жердің жасанды спутнигі, космодром, планета аралық корабль және т. б. Неологизмдер-тың сөздер ретінде қаралады да, көнерген сөздерге (историзмдер мен архаизмдерге) қарама-қарсы құбылыс болып саналады.

Жаңадан жасалған сөздер тың екендігі аңғарылып тұрған кезінде ғана неологизмдер ретінде танылады. Уақыт озған сайын олар да әбден сіңісіп кетеді, бұрыннан бар сөздер сияқты жиі қолданылады, үйреншікті сөздерге айналады да, неологизм болудан қалады. Демек, неологизмдер тілдегі өткінші құбылыс болып саналады.

Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму күйінде болуы дедік. Әрбір тілдің сөздік құрамының дамуына ең алдымен сол тілдің негізгі сөздік қоры ұйытқы болады. Сөз тудырудың әртүрлі тәсілдері арқылы негізгі сөздік қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасалып, тілдің бүтіндей лексикасы толығып, дамып отырады. Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар.

1. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі. Сөздің мағыналық жақтан даму барысында көп мағыналары бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі тіл-тілдің бәрінде де кездеседі. Орыс тіліндегі «дүние жүзі», «әлем» деген мағынадағы мир сөзі мен «бейбітшілік» деген мағынадағы мир деген екі сөз (омонимдер) бір ғана сөздің (мир) семантикалық жақтан дамуы нәтижесінде жасалған. Қазақ тілінде «өсімдіктің тамыры» деген мағынаны білдіретін тамыр деген сөз бен «өте жақын дос»деген мағынаны білдіретін тамыр сөзі де бір сөздің әртүрлі мағыналарынан алшақтап, ақырында, әр басқа ұғымдардың атауы болуының нәтижесінде жасалған. Түркі тілдерінің бәрінде дерлік көк сөзі «аспан» дегенді және белгілі бір түсті «синий» білдіреді. Бұл екеуінің де шығу тегі бір болғанмен, қазір де екі басқа мағынасы бар әртүрлі сөздер ретінде ұғынылады. Семантикалық тәсіл арқылы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл-өте баяу болатын құбылыс. Сөзжасам процесінде үлкен орын алатын лексика-семантикалық тәсіл лексикалық қорды байытушы бірден-бір құралдардың бірі саналады, әрі ең тиімді, эффективті, динамикалық әдістің бірі. Мәселен, ағылшын тіліндегі «capital» сөзі алғашқы уақыттарда «ең маңызды, басты, басшылық» тәрізді мағынаны берген, ал бүгінгі таңда бұл сөз «Астана, басты қала» тәрізді нақты конкретті мағынаға ие болған. Алайда, бұл ұғымдардың барлығы бір мағынадан тарағанын байқауға болады-басты, негізгі тәрізді лексикалық мағынаның дамуынан пайда болған. Көптеген жағдайда сөз мағынасының дамуы көпмағыналылыққа (полисемияға) әкеледі деген пікір бар.

2. Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да, сөз тудырудың бұл тәсілі морфологиялық тәсіл деп аталады. Морфологиялық тәсіл өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл болып саналады. Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы, қарлы, достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір, өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, басқарма, басшы, басшылық, бастау, бастама және т. б сөздер енеді. Орыс тілінде морфологиялық тәсілдің аффикстік түрінен (орысша суффиксиальный тип) басқа префикстік деп аталатын түрі де сөз тудырады (мысалы, орысша : выбросить, высказать, расхвалить) . Сөз тудырудың морфологиялық (оның ішінде аффикстік) тәсілі тіл-тілде ең өнімді тәсіл болып саналады.

3. Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі. Бұл тәсіл арқылы күрделі біріккен сөздер (мысалы : басқұр, отағасы, шекара, көлбақа, тасбақа, әркім және т. б), күрделі-құрама сөздер (мысалы : асық жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, боз қырау, боз торғай, қара торғай және т. б) күрделі қос сөздер (мысалы : әке-шеше, ауыл-аймақ, қас-қабақ, алыс-жақын, үлгі-өнеге т. б) сөздер жасалады.

Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әртүрлі тәсілдері арқылы туынды сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы кеңейіп отырады.

  1. Кірме сөздер

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас нәтижесінде бір тілден екінші тілге көшкен бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б. ) . Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге іріктелініп бөлінеді. Кірме сөздердің кейбіреуінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің меншігіне жататыны белгілі болып тұрса, ал баяғыдан қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін анықтау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені бәрімізге белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - көне замандарда қытай тілінен ауысқан лексема болып табылады.

Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады деп:

1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с. ; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. б

2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с. ; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б. ) осы топқа жатқызуға болады.

Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүниежүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен байланысты. Фарсы тілінің лексикасында араб тілінен енген көптеген сөздер бар. Ал ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Ағылшын тілі лексикасында ағылшындық төл сөздер 30 % шамасында ғана, ал өзгелері басқа тілдерден енген. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздердің саны өте көп. Мәселенің осы жағын ескерте келіп, көрнекті тюрколог Н. К. Дмитриев : «Болгар сөздігі мен тілінің қалыптасып жасалуында түрік тілінің атқарған қызметі роман тілдері элементтерінің ағылшын тілінің жасалуында атқарған қызметінен кем емес», -деп жазды. Мұнымен бірге, Н. К. Дмитриев шығысты зерттеуші батыс Европа ғалымдарының богар тіліндегі тюркизмдерді тек осман түріктерінің тіліне теліп коюы мүлдем қате, олардың ішінде басқа да түркі тілдерінің, мысалы, қыпшақ тобындағы түркі тілдерінің сөздері бар деп, әбден дұрыс көрсетті.

2. 2 Әртүрлі тілдерден сөздердің ену сипаты

Түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың (әзірбайжан, қазақ, қарақалпақ, татар тува, түрікмен, өзбек, ұйғыр, хақас, якут т. б) тілдерінде орыс тілінен енген көптеген сөз бар. Ол сөздердің ішінде Қазан революциясынан бұрын енгендері де, кейін енгендері де жиі кездеседі. Түркі тілдеріне сөздердің ұлы орыс халқының тілінен көптеп енуі, әсіресе кеңес дәуірінде болды. Кеңес дәуірінде енген сөздердің басым көпшілігі ғылым мен техниканың, мәдениет пен әдебиеттің сан алуан салаларына байланысты терминдер, кеңестік өмір шындығынан туған сөздер. Мысалы : Совет, колхоз, совхоз, звено, ферма, самолет, бригадир, агроном, инженер, комсомол, депутат, индустрия, автомат, кочегар, токарь, станок, бассейн, институт, роман, повесть, поэма, либретто, вольт, оптика, атом, гидромеханика. Орыс тілінен түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тілінен, ертеректе еніп қалыптасқан сөздердің сіңісіп кеткені соншалық, олардың басқа тілдік сөздер екені бірден аңғарылмайды. Мысалы:доға, қамыт, бишік, жәшік, самауыр, бәтеңке, әшмөшке, бөтелке.

Осы сияқты түркі тілдерінен де орыс тіліне бірсыпыра сөздер ауысқан. Зерттеушілер орыс тілі лексикасындағы мына сөздерді шығу төркіні жағынан түркі тілдерінің сөздері деп есептейді : арба, арбуз, аргамак, арык, алтын, аршин, бай, баклажан, балык, барыш, башмак, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксаул, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, тау-сағыз, урюк, утюг.

Түркі тілдерімен орыс тілінің бір-бірімен жоғарыдағыдай сөз алысуы бұл тілдерде сөйлейтін халықтардың жүздеген жылдар бойына қоныстас, көршілес елдер болып, экономикамен мәдениет саласында қарым-қатынас жасап келуінің нәтижесінде болды.

Шет тілдерден сөздердің ену сипаты түрліше болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттармен мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты. Мысалы, орыс тілінен түркі тілдеріне енген Совет, Савхоз, Колхоз, Комсомол, Звено, Бригада, тәрізді сөздерді осы сөздер арқылы белгіленген жаңа ұғымдардан бөліп қарауға болмайды. Бұл жаңа сөздердің жаңа ұғымдармен бірге енгені әркімге аян.

Сөздердің жаңа заттар немесе жаңа ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілде сөз алмасудағы басты және дағдылы құбылыс болып саналады.

Алайда сөздердің ену жайы әрқашан осылай бола бермейді. Кірме сөздердің (Заимственные слова) өзімен бірге жаңа ұғымдарды ала келуі әр уақытта шарт емес ; кейде олар қабылдаушы тілде бір тектес ұғымды білдіретін сөздермен бірге өмір сүреді. Мұндай жағдайда кірме сөз бен төл сөз өзара синонимдік қатынасқа түседі. Мысалы, орыс тіліндегі аргумент-доказательство, довод; мораль -нравственность; компромисс-соглашение; натуральный-естественный; позитивный-положительный деген синонимдік қатарлардың әрқайсысының алдыңғы сыңарлары-шет тілдік сөздер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің сөздік құрамы
Лексикология
Табу және эвфемизмдер жайлы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сөз және мағына
Лексикологияның салалары. Ономосиология. Семасиология. Фразеология. Этимология. Лексикография
Кірме сөздер
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz