Профессор К. Ж. Қожахметованың ғылыми еңбектеріндегі жастардың рухани - адамгершілік құндылықтардың өзін - өзі тану пәні мазмұнында көрінісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Профессор К. Ж. Қожахметованың ғылыми еңбектеріндегі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтардың «өзін-өзі» тану пәні мазмұнында көрінісі»

Ә. Т. Зиядинова.,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: К. А. Есенова.,

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушы

ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері» айрықша атап көрсетілген[1] .

Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп айтқан еді. Біздің ел - азаттық алған, тәуелсіздікке қол жеткізген, еркін ел. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп, еліміздің болашақ бағдарын белгілеп берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білімнің маңыздылығын былайша айқындап берді: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді[2] ».

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы адамгершілік, имандылық, тазалық, ізгілік тақырыбында ой толғаған «Өмір әдебі» («Өмір әдебі», 2003 жыл) деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарларымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтынын» айтады[3] .

Сондай-ақ Сара Алпысқызы «Руханияттың кәусар бұлағына апаратын жолды іздеу - бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз» екенін көрсете келе, «Жаңа ғасырдың басында ересектер өміріне қадам басқан жас жеткіншектер бұрынғыдай емес, мүлде басқа өмірге бейім болуы керек. Білімді адам санатында аталуы үшін қазіргі жасөспірімге негізгі пәндерді жан-жақты игеру және жақсы талдау қабілетінің болуы аздық етеді. Ол өмірдің барлық шытырмандарын пайымдай білуі, кез келген тығырықтан парасатпен абыройлы шыға алуы тиіс» деп, өзін-өзі тануда, өмірді тануға жаңаша бағытта қарау керектігін меңзейді[4] .

Ғылымды өзара сабақтастықта зеріттеп, ондағы ой-пікірлерді мазмұндық-құрылымдық жағынан интеграциялық тұрғыда қарастыру, қазіргі оқыту мен тәрбиелеудегі ұстанымдардың бірі дейтін болсақ, К. Ж. Қожахметованың соңғы жылдары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен айналысуы мұның айғағы болмақ. Ол жоғары мектепте «Өзін-өзі тану», «Өзін-өзі тану: теория және практика», «Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі» оқу курстарының типтік оқу бағдарламаларын дайындап, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алушыларға дәріс оқып, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде болашақ мамандарға кәсіби білім берудің озық үлгісін танытты[5] .

Оқу жоспарына дербес «Өзін-өзі тану» оқу пәнін енгізу идеясының өзектілігі, адамның рухани мәні мен оны тануға мүмкіндік беретіндіктен тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәнін егжей-тегжейлі талдауға бағыттайды.

Осы орайда К. Ж. Қожахметованың тұжырымдамасында бұл мәселеге жаңа тұрғылар негізінде рухани-адамгершілік тәрбиенің мәнін қайта ұғынуға талпыныс жасалынады. Бұл тұжырымдамада:

∙ рухани-адамгершілік тәрбие процесінің өзіндік мәні және оның басқа да әлеуметтік-біліми процестерден ерекшелігі;

∙ көптеген әлеуметтену факторлар жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбие процесінің орны мен қызметтері;

∙ технологиялық ережелер мен тиым салуларға айналатын рухани-адамгершілік тәрбиенің құралдары анықталады.

К. Қожахметова өзін-өзі тану пәнін этноәлеуметтік-рөлдік тұрғысы жағынан қарастырады. Оның маңыздылығы адамды жастайынан бастап, өмірінің соңына дейін этноәлеуметтік рөлдерге тарту болып табылатындығын баса назарға алады. Негізгі құралдары - салттар мен этноәлеуметтік рөлдердің мазмұны.

К. Ж. Қожахметованың тұжырымдамалы тұрғысына сәйкес әр адам белгілі бір этностың өкілі ретінде этноәлеуметтік рөлдерді игерудің арқасында өзінің дамуында бірнеше этникалық сатылардан (инкультурация) өтеді. Әрбір этноәлеуметтік рөл белгілі бір этнос өкілінің берілген тұлғалық сапасы мен қызметі, осы рөлді орындауға қатысты міндеттерінің «жиынтығы» болып табылады.

Педагогикалық көзқарас тұрғысынан этноәлеуметтік-рөлдік тұрғы этникалық тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Этноәлеуметтік рөлдік тұрғы идеясын қолданып, қазақ халқының этникалық тәрбиесінің ерекшеліктері мен маңыздылығын анықтай отырып, этноәлеуметтік рөлдік тұрғы қазақ халқында ерте заманнан-ақ бар екендігіне және оның дұрыс нәтиже беретіндігіне көз жеткізген. Этнопедагогтардың міндеті - этноәлеуметтік рөлдердің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оның белгілі бір дәстүрлер мен салттарға қатынастарын тереңірек зерттеу.

Қазіргі қазақ мектебіндегі тәрбие жүйесіне этноәлеуметтік тұрғы өте қажет. Ал, өзін-өзі тану пәніне кешенділік жағынан талап қойса, онда бір этноәлеуметтік рөлді меңгеру оның меңгерілуі мен іске асырылуы аясында төмендегі мәселелерді кешенді түрде шешеді деп тәрбиенің алты түрін 1-кестеде көрсетеді[6] :

1-кесте

1
адамгершілік тәрбиесі
  • міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;
1: 2
адамгершілік тәрбиесі: ақыл-ой тәрбиесі мен дүниетаным қалыптастыру
міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;:
  • мақсатында -әрбір рөл тек қана табиғат заңдарын ғана емес, сондай-ақ, қоғамдық өмір, әлем заңдарын қатаң сақтай білуді ұсынады;
1: 3
адамгершілік тәрбиесі: дене тәрбиесі
міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;:
  • мақсатында - әрбір рөл белгілі бір жас деңгейінде тәнін жетілдіруде межеге ұмтылуды ұсынады. Ер балалар үшін бұл - атқа міну, садақ ату, ал қыздар үшін - әсем де сыпайы жүріс-тұрыс, сымбаттылық;
1: 4
адамгершілік тәрбиесі: еңбек тәрбиесі
міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;:
  • мақсатында әрбір рөл сәби жастан бастап белгілі бір іскерлік пен дағдыларды игеруді қарастырады;
1: 5
адамгершілік тәрбиесі: эстетикалық тәрбие
міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;:
  • мақсатында - рөлді игеру адамның сыртқы бейнесінде ғана көрінетін әдемілікті қалыптастыру емес, сондай-ақ өзін-өзі ұстауда, тіл табысуда, кез келген істі орындауда, деннің саулығы тек қана тәннің емес, сонымен қатар моралдық салауаттылық қалыптастыруды пайымдайды;
1: 6
адамгершілік тәрбиесі: елжандылық тәрбие
міндеттері- адамилық, бітімгерлік, байсалдылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау;:
  • мақсатында - рөлді игеру туған жердің экологиялық жағдайын ойлау, оны жауығушылардан, сонымен қатар сезімсіздік қатынастардан қорғауды ұсынады.

Қазіргі таңда өзін-өзі тану пәні арқылы этноәлеуметтік рөлдермен әлеуметтендіруді диалектикалық бірлікте байланыста қарау, әлеуметтік рөлдерге: адамзат, еңбекқор, отбасы мүшесі, Отан қорғаушы ретінде меңгерту мен орындауға дайындау өте қажет.

Сонымен К. Ж. Қожахметованың тұжырымдамасында адамның рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мазмұны қарастырылған.

Рухани адамгершілік тәрбие - тәрбие мазмұнындағы бірнеше бағыттардың жалпыланған тақырыбы. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына адамгершілік, руханилық, этикалық, елжандылық, этникалық, көпмәденилік және саяси тәрбие кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Өзін - өзі тану пәні барысында оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазақ елінде жастарға ұлттық тәрбие беру идеяларының мазмұндық ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану қажеттігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz