КОРЕЙ ЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 398. 3

КОРЕЙ ЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Сайлаубекова Мөлдір Бейсембекқызы

s1moldir@mail. ru

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық қатынастар» факультетінің «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі - Абжаппарова Бибіхадиша Жүрсінқызы

Қазіргі танда әр халықтың сенетін ырым - тыйымдары бар. Ырым - ол еш білімге негізделмеген сенім. Бұрынғыда адамдар кез келген істі бастауда бір белгі болуын қалап, ырымдарды қолданатын болса, қазір ол ырымдарға сенушілер аз. Ырымдар ата-бабамыздың өмірінде адамның күнделікті мәдениетінің ажырамас бөлігі болды. Бұл, ең алдымен, ғылыми білімдердің болмауына байланысты. Әр түрлі құбылыстарды түсіндіруге тырысып, адамдар жиі тылсым дәлелдерге сүйенген болатын. Бірақ кейбір ырымдардың дұрыстығын да мүлде жоққа шығаруға болмайды, өйткені олардың көпшілігінің түсіндірмесі орынды келеді. Бұл көбінесе ауыл шаруашылығы және тұрмыстық белгілерге қатысты болады.

Корея қазіргі дамыған мемлекеттердің бірі болса да, даму тенденцияларымен қоса дәстүрлеріне өте қатты мән беріп, ырымдарын ұстанып келеді. Бірақ бұл тыйымдар өздерін дұрыс түсінуді қажет етеді. Егер олардың шығу тарихына назар салатын болсақ, ырымдар арқылы халықтардың психологиясын, идеяологиясы мен ұлттық құндылықтарында орын алатын маңыздылығын анықтауға болады. Осы мақсатпен корей ырымдарының шығу тарихы мен олардың маңыздылығына үңіліп, зерттеп көрейік:

빨간색으로 이름을 쓰면 죽는다 - қызыл түспен атыңды жазсаң, қайтыс боласың [1] . Қызыл түс әр түрлі халықтың мифологиясы мен мәдениетінде жаңа өмірдің, туу мен жаңарудың, сүйіспеншілік пен құмарлықтың оянуымен байланысты болды. Кейбір мифологияларда бұл түспен Күн мен барлық құдайларды, қару-жарақтар мен батыл жауынгерді бейнелейді. Қытайда қызыл түс бақыт пен сәттілік әкеледі деп саналса, корей халқында бұл түспен адам атын жазуға болмайды. Бұл түс тікелей қанмен , қызыл түспен жазылған аттың иесі қайтыс болады деп сенеді. Сол себепті, корей халқы қызыл түспен ешқашан адамның атын жазбайды.

숙자 4는 죽음을 의미한다 - 4 саны өлімді білдіреді [2] . Корей халқы ұзақ уақыт бойы қытай жазба тілін өз жазуында қолданып келді. Қытай мен корей тілдерінің фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты, әр түрлі қытай иероглифтерінің корейше оқылуы бірдей болуы мүмкін. Осыған байланысты, қытай тіліндегі 4 [四] санының иероглифы мен өлім [死] сөзінің иероглифтарының дыбысталуы ұқсас келеді, екеуі де корей тілінде 사 [са] деп оқылады. Сол себепті, бұл ырымның шығу тарихы корей тіліндегі омонимдерге байланысты деп айтуға болады. Корей халқының ырымшылдығы соншалықты, олардың үйлерінде төртінші нөмерлі бөлме, төртінші нөмірлі қабат кездеспейді. Көп қабатты үйлердің, ауруханалардың лифттарында 4-ші қабат F әрпімен алмастырылады немесе мүлде кездеспейді. Бұл 4 санынан қорқу тетрофобия деп аталады.

밤에 휘파람을 불면 뱀이 나온다 - түнде ысқырсаң, жылан шығады [1] . Бұл ырыммен түнде немесе кеште ысқыруға тыйым салып тұр. Ал бізге бұған қатысты «Ысқырсаң - ақша болмайды» деген ырым таныс. Бірақ бұл жердегі мәселе «не болатынында» емес, «не үшін» деген сұрақта. Түнде ысқыратын болса, бұл кезде адамдардың көпшілік бөлігі ұйқыда болады. Сондықтан, бұл ырымның түп негізіне үңілсек, түнде басқа адамдардың мазасын алмау, тыныштық сақтау үшін этикет болып табылады.

나비나 나방을 만지고 눈 만지면 실명한다 - көбелекті ұстап, қолыңды көзіңе тигізсең - соқыр боласың [3] . Көбелекке қатысты әр түрлі ырымдар бар. Мысалы, терезеден көбелек үйге кіретін болса, ақ некеге немесе отбасының ұлғаюына алып келетін жақсы жаңалықпен хабардар етеді дейді, ал кейбір ырымдарда көбелек жағымсыз болып есептеледі. Бұл жағдайда көбелекті өлген адамның жанына ұқсатып, оны үйге келген басқа әлемнің қонағы деп есептегендіктен, көбелекті еркіндікке жібереді. Ал жоғарыдағы ырымды тікелей түсінетін болсақ, көбелекті ұстауға болмайды деген сенім пайда болады. Бірақ бұл жерде неге көбелекті айтып тұрғанына назар аударуымыз керек. Өйткені олардың қанаттарында бактерия, таза емес заттар жиналуы мүмкін. Бұл тек көбелекке ғана қатысты емес. Көбелек бұл жерде тек ғана мысал болып тұр. Сондықтан, бұл ырымның негізгі мағынасы тазалыққа мән беруде.

중요한 시험을 보는 날에는 미역국을 먹으면 안된다 - маңызды емтихан алдында миёккукты жеуге болмайды [3] . Миёккук - теңіз балдыры, туралған сиыр еті мен соя тұздығынан жасалатын корей дәстүрлі сорпасы. Миёккуктың құрамындағы теңіз балдырлары ағзаға пайдалы көптеген қоректік заттарға толы болғандықтан, миёккук жаңа босанған анаға берілетін алғашқы тағам болған. «Шығыс медицинасының айнасы» деп аударылатын Чосон кезенінің ең әйгілі «Тоный Погам» (동의보감, 東醫寶鑑) медициналық мағлұматнамасы бойынша, теңіз балдырлары ащы және құрамында улы заттар жоқ болып келеді. Шын мәнінде, теңіз балдырлары - төменгі калориялы, витаминдер мен минералдарға қаныққан тағам. Корей халқының сенімі бойынша, бұл тағамды адам өз туған күнінде жесе, бір жыл ішінде оған сәттілік пен өркендеуге кепілдік береді. Ал оны емтихан алдында жеуге болмайды дегенге келсек, миёккук сырғақ болып келеді. Бұның түп мағынасы - сырғақ жерде адам тайып құлау қаупі бар. Осы оймен, корей халқында миёккукты жесең, емтиханнан құлайсың дегенге сенім қалыптасқан. Бұл ырымның бір қызығы, туған күні миёккукты таңертең жейді, егер емтиханды туған күніңде тапсыратын болса, бұл сорпаны емтихан тапсырып болған соң ғана жеуге болады.

문지방을 밟으면 복이 달아난다 - табалдырықты бассан, бақыт кашады [1] . Бұл ырым бұрынғы жерлеу рәсімдерінен пайда болған. Адам қайтыс болғанда, оның денесін үйден табалдырық арқылы шығаратын-ды. Корей ата-бабалары табалдырықты арғы өмір мен осы өмірдің шекарасы деп есептеген. Табалдырықта тұрсан, қайтыс болған адамдардың жаны үйге кіріп кетеді деп сенеді. Ал үй тек тірі адамдарға арналған мекен болғандықтан, табалдырықты басуға болмайды деген ырым пайда болған.

다리를 떨면 복이 달아난다 - аяғынды селкілдетсең, бақыт кетеді [3] . Көп адамдар шыдамсыздық, қобалжу және тағы басқа әр түрлі себептермен отырған кезде аяқтарын қимылдатып отырады. Корейліктердің ойынша, бұлай істегенде адам өз байлығын шашады. Ал ырымның шығу тегіне назар аударсақ, бұл да әдепке байланысты. Егер адам аяғын селкілдетіп отыратын болса, бұл ерсі көрінеді. Осы ырыммен адамға үстел басында отырудың ережелерін, адамның өзін дұрыс ұстап, этикетке сай жүру ережелерін жеткізуге тырысқан. Сонымен қатар, адам аяғын қимылдатып отырса, бұл оның бір нәрсеге толыққанды назар салып, көңіл аудара алмайтындығын көрсетеді. Бір уақытта белгілі бір жұмысты істеп, терең ойлану қиынға соққандықтан, бұл физикалық және ақыл-ой белсенділігіне кедергі келтіретін жаман әдетке айналады. Ал өз ісіне толығымен беріліп, жұмысын бар ынтасымен жасамайтын адам не байлыққа, не атақ-абыройға жетпейді деген пікір де бар.

아침에 먹는 사과는 금 (金), 저녁에 먹는 사과는 ‘독(毒) 사과’다 - таңертең желінген алма - алтын, түнде желінген алма - улы [3] . Бұл ырымды қалай сараптауға болады? Неге таңертең желінген алма - алтын, түнде желінген алма улы деседі? Сонымен қатар, батыстағы “An apple a day keeps a doctor away” (Күніне желінген бір алма дәрігерден алшақ қылады) деген мақалға қарағанда, корей ырымы алманы күннің кез келген уақытында емес, белгілі бір кезде жеу керек екендігі көрсетеді. Ырымды тікелей түсінетін болсақ, түнде алма улы болады деп сеніп, мүлдем жемес едік. Ал корей, қытай халықтарының неге осылай айтатынына зер салсақ, олар адам денсаулығының қыр-сырын біледі, денсаулықа қатты мән береді. Бұл елдерге медицина қарқынды дамыған. Сол себепті, бұл ырымның мағынасы қарапайым жолмен түсіндіріледі. Алма - фруктозаның қайнар көзі. Ол біздің ағзамызға энергия бөлетін көмірсулар болып табылады. Түнде, адам ұйқыға жатқанда, адамның ағзасында артық энергия болатын болса, ол майға сақталады. Адам денесінде көп майдың болуы семіздікке және одан туатын басқа да ауруларға алып келетіндіктен, оның жолын алу үшін корей халқы алманы түнде жеуге тыйым салады. Ал неліктен бұл жемісті таңертең жеу керектігіне қарасақ, бұның да нақты себебі бар. Алма - көптеген пайдалы элементтерге бай. Таңертең желінген алма асқорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіріп, құрамындағы қант пен қышқылдар энергияның көзі болғандықтан, таңертең оянуды тездетіп, күні бойы ағзаны қажет қуатпен қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Заң саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде Кореядағы әйелдің гендерлік мәртебесі
Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі
Корея мәдениеті
Шығыс елдерінің (Араб елдері, Қытай, Жапония, Корея) мәдениеті ерекшеліктерінің қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық-саяси қызметіне әсері және олардың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа деген қызығушылығы
ҚAЗAҚСTAH МЕН КОРЕЯ PECПУБЛИКАСЫ APACЫНДAҒЫ ҚAЗIРГI ҚAPЫМ-ҚATЫНАС ЖAҒДAЙЫ
Жарнама мәтінінің функциялары
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz